Кеден саясаты мен ұлттық қауіпсіздік


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ұлттық қауіпсіздік саласындағы басқару
2. Кедендік саясаттың дамуын шетелдік және отандық ғылымдардың зерттеу жұмыстары
3. Кеден саясаты мен ұлттық қауіпсіздікті зерттеудің концептуалды тәследері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 қарашадағы «Ұлттық қауіпсіздікті нығайту, ұйымдасқан қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен қүресті одан әрі күшейту шаралары туралы» Жарлығымен жемқорлықпен байланысты жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдардың, әскери қызметкерлердің, құқық қорғау органдары арнайы қызмет және сот қызметкерлерінің, сондай-ақ контрабанда және есірткі бизнесімен айналысатын қылмыстық қауымдастықтардың ұйымдасқан қылмысымен күресу өкілеттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беріледі. Соның нәтижесінде бұл органның қылмыстық қудалауды жүзеге асыру жөніндегі өкілетттігі айтарлықтай кеңейтілді. Сонымен берге сыртқы бақылау функциясы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзырынан алынды, мұның өзі ұлттық қауіпсіздік органдарының өзінің негізі жағынан құқық қорғау органдарына жақындатты.
Ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесін тікелей Қазақстан Республикасының Президентіне бағындырылады. Олардың қызметі заңдылық, дара басшылық, баршаның заң алдындағы теңдігі, азаматтардың құқығы мен бостандығын силау және сақтау, саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз болу принциптеріне сәйкес құрылады.
Ұлттық қауіпсіздік органдар жүйесін Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Комитеттің облыстық, республика қармағындағы қалалық, астаналық департаменттері, оларға бағындырылған қалалық бөлімдері, барлау органдары, арнайы жасақталған бөлімшелер, оқу орындары, ғылыми зерттеу мекемелері және басқа да ұйымдар құрайды Ұлттық қауіпсіздік комитетін Парламент Сенатының келісіммен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Оның орынбасарлары, қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес басқармалардан және бөлімдерден құралған аппараты болады.
1. Ұлттық қауіпсіздік саласындағы басқару
Қазақстанның әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуының қазіргі деңгейі көп жағынан ішкі нарықтың шетелдік инвесторлармен экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастардың басқа субьектілері үшін ашықтығына, сыртқы эклнлмикалық байланыстарды реттеуге мемлекеттің рөліне көп жағдайда тәуелді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің 2006 жылғы Қазақстан халқына «Қазақстанның әлемнің барынша бәсекеге қабілетті 50 елінің құрамына кіру Стратегиясы» атты ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асырудағы қарсы тұру керек қазіргі қауіптерді атап 2006-2010 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздігінің жаңа стратегиясында алтыншы басымдық ретінде атап көрсетті.
Есептеулердің маңыздылығы отандық өндірістік потенциалдың төмендеуіне алып келуі мүмкін, тауарлардың, капиталдың, қызмет көрсетудің экспорттық және импорттық ассортименттік біругуі, қазақстанның басқа елдерге қаржылық және технологиялық тәуелдігінің күшеюі, басқа сөзбен айтқанда елдің ұлттық қауіпсіздігінің экономикалық негіздерінің елеулі әлсіреуі.
Аталған мәселелер басқа мемлекеттермен байланыстарды реттеу жағдайымен байланысты болғандықтан, кеден саясатын терең әлеуметтік-философиялық зерттеу міндеті, ұлттық қауіпсіздікті нығайту мүддесінде оның өнімділігін іске асыру шарттары мен жетілдіру жолдары бірінші орынға шығады. Келесі факторлармен жағдайлармен қамтамасыз етілген.
Біріншіден, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасын барлық жиынтығымен ушығуымен, қауіптің мінездемесі өзгеріп, экономикалық сфераға ауысумен, ал оынң ішінде - Қазақстанның сыртқы және ішкі шаруашылық байланыстарды реттеу сферасы болып табылады. Бүгінгі таңда елдің ұлттық қуаттылығының арттыратын мемлекеттік кеден саясатының жаңа басымдылықтарын қалыптастыру қажеттілігі өзекті мәселе болып отыр. Кедендік саясаттың көпқырлы және көп сапектілі сұрақтарын бөлшектеп қарастырмаған соң, оны тек «елдің бюджетінеақша жинау механизмі» ретінде қарастыру, ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі рөлі мен орнын есепке алмау, бүгінде кедендік шешудің консептуалдық әдістерінің әлсіздігіне душар болдық.
Екіншіден, адамдар өмірін теңестіру экономикалық қылмыстарды теңдестірумен және оған тән заңдылықтарды, Қазақстандағымен Орталық Азияның басқа елдеріндегі ағымдар мен тәртіптерді таратумен қатар жүріп жатыр. Бүгінгі күнде бірқатар қылмыстық топтар маңызды халықаралық өткізу бекеттерін бақылайды және өздерінің қызметкерлерін ПМ, КБК құқық қорғау органдары мен тағы басқа мемлекеттік құрылымдарға енгізеді. Қылмыстық экономикаға тән белгі есірткі, қару-жарақ, балалар мен әйелдер, адамның дене мүшелерінің саудасы ұрланаған машмналарды экспорттау, табиғи шикізат ресурстарын шетке шығару, халықаралық құбырларды бақылау және т. б. Аталған ағымдар тікелей елдің қауіпсіздігіне, ұлттық қауіпсіздіктің басқа да құрамдас бөліктеріне әсер етеді жәнекеден саясатын жетілдіруде, жаханданумен экономикалық интеграцияныңөсуі жағдайында әр түрлі қауіптерден қоғам, тұлға, мемлекеттің қорғалу деңгейін көтеруді талап етеді.
Үшіншіден, елдің ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі кедендік саясаттың рөлін зерттеу өзектілігі Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы кіруіне және Батыстың шикізат көзі статусын ұстауға тырысумен шартталады. Осылайша, қазақстан мен ТМД елдерінің ДСҰ-ға енуі олардың ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында елеулі мәселелерді қояды.
2. Кедендік саясаттың дамуын шетелдік және отандық ғылымдардың зерттеу жұмыстары
ТМД елдері мен Қазақстан Республикасында кеден саясатының дамуы теориясын теоретикалық және тәжірибелік талқылаудың деректік негізінің барынша тар екенін көрсетеді.
Кеден саясаты мәселелерін талдау тек құқықтық және экономикалық жағынан іске асып отыр. Сондықтан біз егемен мемлекеттің кеден саясатының негізгі даму кезеңдерін, қазіргі қазақстандық қоғамның саяси жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде саясаттанулық талдау жасауға тырыстық.
Бірінші топқа бұл әлеуметтік философиялық, саясаттанулық және басқа зерттеулер, оларда мемлекетпен оның бөліктерінің ұлттық қауіпсіздігі мәселесінің өзі сарапталады.
Екінші топқа мемлекеттің кеден қызметі мен кеден саясатының қалыптасуы тарихын сараптауға арналған деректер жатады.
Үшінші топ кеден саясатының әлеуметті құбылыс ретінде арнайы мәселелерін зерттеу нәтижелерін бейнелейтін ғылыми мақалаларды қамтиды. Бұл жерде ең алдымен, Қазақстанның нарықтық қатынас кезеңдеріндегі экономикалық теориясын сараптау жүргізілген зерттеулер назар аударуға тұрады. Оған қоса, оларда кеден саясатының принципальды әлеуметтік-философиялық мәселелері жеткілікті түрде қаралмаған.
Төртінші топқа өз елдеріндегі кеден саясатының , кеден саясатының дамуы мен құрылуы кезеңдерін зерттеуші шетелдік авторлардың еңбектері кіреді.
Кеден саясаты, кеден ісін басқару мәселелеріне Еуропалық экономистер, сыртқы сауда теоретиктері Ф. Лист, Д. Рикардо, А. Смит сонымен қатар батыс ғалымдары М. Арах, Э. Хаос, А. Этцони және т. б еңбектерінде жалпылай тоқталған.
Кедендік саясаттың методологиясы қарастырылған еңбектер Ресей кедендік академиясының ғалымдарының В. Ю. Прясников және т. б еңбектері болды. Бұл иәселе жалпы және арнаулы әдебиетті сараптау кеден існде жүріп жатқан процестерді зерттеудің бастамасы болды, кедендік қызметті басқару жүйесін дамытуда заңдылықтар мен ағымдарды көрсетудің, кедендік құқықтың категорияларына негіз болатын.
Сондай-ақ Ресейдің атақты ғалымдары Е. Ф. Канкрин мен С. О. Николский зерттеулерінде осы мәселелер көрініс тапқан. Олардың жұмысында өндірісті кедендік әкімшіліктендіруге ғылыми бағыттың алғашқы элементтері көрінеді. Жеке алғанда С. О. Николский «кедендік қорғау» түсінігін енгізе отырып, кедендік әкімшілендіру қызметін көрсету және қолданудың алғашқы қадамын жасады.
Тәуелсіздік алумен байланысты Қазақстанда кеден саясатының қалыптасу мәселесінің саяси аспектісін жасау енді ғана басталып келе жатыр және де кеден саясатын қалыптастырудың саяси қырлары мәселелерін өңдеу ісі жаңадан қолға алынуда.
Елдің кеден саясатының жалпы құрылуының жалпы принциптері Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бірқатар еңбектерінде анықталаған.
қазақстандық ғалымдардың арасында кеден саласын жекелеген белгілерін зерттеумен тарихшылар, экономистер мен заңгерлер айналысты.
Кеден мәселесімен айналасушы қазақстандық саяси ғылымның өкілдерінің ішінде тек екі зерттеушіні атап көрсетуге болады. Саяси ғалымдар кандидаты Қ. Айтпаев «Қазақстан Республикасы кеден саясатының қалыптасуы» атты еңбегінде Қазақстан Республикасының өтпелі кезеңдегі ұлттық кеден саясатының қалыптасуы мәселесін кешенді зерттеу мен жетілдіруге талпыныс жасады.
Жеке алғанда, Қазақстан Республикасының кеден қызметін саяси жүйе институты ретінде зерттеуге елеулі үлес қоқан саяси ғылымдар докторы А. И. Шалтыков «Томоженная служба Казахстана: история и современность» атты өз монографиясында Қазақстан Республикасының кеден қызметінің тарихи мен оның әлемдік жаму, интеграция, жахандану контексіндегіқұрылуы кешенді сарапталады.
3. Кеден саясаты мен ұлттық қауіпсіздікті зерттеудің концептуалды тәследері
Кеден саясатын зертеудің теоретикалық методологиялық негізіне талдау жасалды. кеден саясатын зерттеудегі негізгі концептуалдық тәсілдері, кеден саясатымен ұлттық қауіпсіздік мәне және ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі кеден саясатының орны анықталды. Кеден саясатын саяси талдаудың қажеттілігі Қазақстанның халықаралық экономика және кеден ұйцмына қосылу сияқты негізгі обьективті себептермен түсіндіріледі.
Кеден оның терең түсінігінде жахандық және мемлекеттік инфрақұрылымның бөлігі, аймақ аралық реттеу мен үйлестірудің жахандық құралы, халықаралық экономикалық институттар клубының тең құқылы мүшесі. Кеден барынша тар мағынады - тауарлардың, көлік құралдарының, физикалық тұлғалардың, ұлттық экономиканың әлемдік нарықпен, әлемдік шаруашылықпен құқықтық бірлескен әрекеттестігімен трансшекаралық ағымын бақылау үшін мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және реттеуші институты.
Қазақстанның саяси ғылымы үшін ұлттық қауіпсіздік мәселелерін, оның ұғымын, негізгі құрылымдық құраушы, ұлттық қауіпсіздіктер мен қауіптерді зерттеу қызығушылық тудырады.
Саясаттанушы, ғалым А. И. Шалтыков қазақстан Республикасындағы ұлттық қауісіздікті қамтамасыз ету контексіндегі кеден қызметін қалыптастыру үрдісін кеңінен ашып, қоғамдағы саяси және экономикалық салаларындағы кеден қызметінің жүйелік тәсілдерін береді.
Қазақстанда ғалымдар мен зерттеушілер ұлттық мүддеге байланыстырады. Қазақстандық саясаттанушы М. С. Әшімбаев осы мәселені зерттеуде ұлттық қауіпсіздіктің факторы ретінде қамтамасыз ететін ұлттық мүде арқылы қарастыруымыз қажет екендігі атап өтеді.
Кеден саясаты мемлекеттің жалпы экономикалық саясаттың маңызды құрамдас бөлігі болады, бір жағынан, сырқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің құралы болса, екінші жағынан, ұлттық қауіпсіздік қамтамасыз етудің құралы болады.
Кеден әкімшілігіне өту мен басқарудағы халықаралық тәжірибені талдап қорыту, кеден саясатын зерттеудің модернизациялау мен реформалау, ұйымдастыру жолы арқылы теоретикалық негізі ретіндегі кеден логистикасы концепциясын қалыптастыру, оның, яғни кеден саясатының толықанды,, тұжырымын қалыптастыру керекті моделдерді өңдеуде қолайлы әдістердіанықтауға үлкен көмегі тиеді.
Кеден саясаты - мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі ретінде атты екінші бөлімшеде мемлекетіміздің жүргізетін сырқы және ішкі саясаттағы кеден саясатының алар орны туралы мәселе қарастырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz