Автономды инверторлар



Автономды инверторлар (АИ) деп тұрақты токты жиілігі өзгеріссіз немесе реттелетін айнымалы токқа түрлендіретін және автономды (айнымалы ток желісімен байланысы жоқ) жүктемеге жұмыс істейтін құрылғыларды атайды.
Бұл автономды инверторлардың тұрақты токты айнымалыға түрлендіретін, бірақ айнымалы ток желісіне жұмыс істейтін жетектегі инверторлардан басты айырмашылығы. Автономды инвертор жүктемесі ретінде бірліктік тұтынушы (асинхронды қозғалтқыш, электрлік қондырғы) немесе тұтынушылардың тармақталған желісі (өз графигімен жұмыс істейтін бірнеше жүктеме) болуы мүмкін.
Автономды инвертордың қоректендіруші желісінде электр энергиясы көздерінің болмауы, жетектегі инвертордан айырмашылығы, айнымалы ток ЭҚК-і есебінен вентильдердің табиғи коммутациясын жүргізуге мүмкіндік бермейді.
Автономды инверторларда жүктеме фазаларын айнымалы ток тізбегінде қоректендіру көзінің оң және теріс полюстарына кезек қосып тұратын кілт функциясын орындайтын, толық басқарылатын вентилдерді қолдану қажет. Қарапайым (бір операциялық) тиристорларды қолданғанда тиристорлардың еріксіз коммутациясы (жабу) қажеттілігі туындайды.

Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Автономды инверторлар

Автономды инверторлар (АИ) деп тұрақты токты жиілігі өзгеріссіз немесе
реттелетін айнымалы токқа түрлендіретін және автономды (айнымалы ток
желісімен байланысы жоқ) жүктемеге жұмыс істейтін құрылғыларды атайды.
Бұл автономды инверторлардың тұрақты токты айнымалыға түрлендіретін,
бірақ айнымалы ток желісіне жұмыс істейтін жетектегі инверторлардан басты
айырмашылығы. Автономды инвертор жүктемесі ретінде бірліктік тұтынушы
(асинхронды қозғалтқыш, электрлік қондырғы) немесе тұтынушылардың
тармақталған желісі (өз графигімен жұмыс істейтін бірнеше жүктеме) болуы
мүмкін.
Автономды инвертордың қоректендіруші желісінде электр энергиясы
көздерінің болмауы, жетектегі инвертордан айырмашылығы, айнымалы ток ЭҚК-і
есебінен вентильдердің табиғи коммутациясын жүргізуге мүмкіндік бермейді.

Автономды инверторларда жүктеме фазаларын айнымалы ток тізбегінде
қоректендіру көзінің оң және теріс полюстарына кезек қосып тұратын кілт
функциясын орындайтын, толық басқарылатын вентилдерді қолдану қажет.
Қарапайым (бір операциялық) тиристорларды қолданғанда тиристорлардың
еріксіз коммутациясы (жабу) қажеттілігі туындайды.

1- суреті. Инвертор схемалары.
Еріксіз коммутацияның мәні тиристор арқылы кері ток өткізу есебінен
тура токты нөлге дейін төмендетіп (дәлірек айтқанда – ұстап тұру мәніне
дейін), сосын тиристорға оның жабу қасиеттері қалпына келуге жеткілікті
уақытқа теріс анодтық кернеу келтіруде.
Автономды инвертордың негізі – бірфазалы немесе үшфазалы (нөлдік
шықпасымен немесе көпірлік) схемаларымен орындалған вентильді ауыстырып-
қосқыш құрылғы. Біроперациялық тиристорлар қолданылса схеманы
тиристорлардың коммутациясы үшін қажетті элементтермен толықтырады. Басты
элементтердің бірі – конденсатор. Конденсаторлардың қолданылуы тек қана
тиристорларды жабумен шектелмейді. Конденсаторлар тиристордың шығыстық
кернеудің қисығын қалыптастыру, схемада өтіп жатқан процестер сипатын
анықтау үшін қолданылады. Сонымен байланысты автономды инверторлар
схемалары ток автономды инверторлары (ТАИ, 1-сурет,а), кернеу автономды
инверторлары (КАИ, 1-сурет,в) және резонанс автономды инверторлары (РАИ, 1-
сурет, д) болып бөлінеді.
Қоректендіру көзі Е бірфазалы көпірлік автономды инвертор схемасында (2-
сурет,а) кернеу көзі режимінде жұмыс істейді (мысалы, аккумулятор
батареясы). Схема түзеткіштен қоректенген жағдайда кернеу көзі қасиеттерін
беру үшін айнымалы кернеу бойынша коректендіру көзін тұйықтау мақсатымен
КАИ кірісіне сыйымдылығы үлкен конденсаторды қосады. Шығыстағы кернеу
қисығын қалыптастыру тиристорларды ауыстырып қосудың тиісті алгоритмін
пайдалану жолымен жүзеге асырылады.
Ең қарапайым алгоритм бойынша айқас орналасқан кілттер (вентильдер)
ауыстырылып-қосылады: алдымен К1, К2, сонан соң К3, К4 кілттері. Шығыстық
кернеу қисығының амплитудасы Е-ге тең екі полярлы импульстер тізбегінен
құрылады.
ТАИ-да конденсатор жүктемеге параллель қосылады, ал қоректендіру көзі
ток көзі режимінде жұмыс істейді. Бұл режим қоректендіру көзі тізбегіне
индуктивтілігі үлкен Ld дросселін қосу жолымен жүзеге асырылады.
Шығыстық кернеу қисығы диагональ бойынша орналасқан кілттердің кезек
өткізгіштігінен қалыптасады. Жүктемеге параллель қосылған конденсатор
шығыстық кернеу қисығын қалыптастыруға қатысады және тиристорлардың
жабылуын қамтамасыз етеді. Кернеу қисығы активті жүктемеде конденсатордың
заряд және разряд экспоненталарының бөлшектерінен құралған. Ток
инверторлары тек қана біроперациялық тиристорлармен орындалады.
РАИ-да конденсаторды жүктемемен тізбектес немесе параллель қосуға
болады. Кілттік схеманың басты тізбектерінде өтіп жатқан процестер сипаты
конденсатордың қайта заряд алуының тербелісті процесімен ерекшеленеді.
Сондықтан жүктеме тізбегіндегі ток формасы синусоидаға жақын. РАИ-лар
көбінесе біроперациялық тиристорлар негізінде орындалады. Жүктеме тогы
(кернеуі) қисығын қалыптастырудан бөлек конденсаторлар бұл жерде
тиристорларды жабу операциясын орындайды.
Автономды инверторларды қолданудың негізгі салалары:
1. энергия көзі ретінде жалғыз аккумулятор батареясы болатын
құрылғыларда (мысалы, борттық екіншіреттік қоректендіру көздері)
айнымалы ток тұтынушыларын қоректендіру және айнымалы ток
желісінің сөнгенінде жауапты тұтынушыларды резервті қоректендіру
(электр байланысы, есептеуіш техникасы);
2. контактті желіден немесе басқа бір тұрақты ток көзінен
қоректенетін және қарапайым, сенімді және арзан қысқа
тұйықталғанасинхронды қозғалтқыштарды қолданатын электр көлігі
(КАИ,ТАИ);
3. инвертор реттелетін кернеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кернеу түрлендіргіштері
Электрэнергетикадағы математикалық есептеулер және компьютерлік модельдеу
Үздіксіз қоректендіру көздерінің қуат бойынша классификациясы
Автономды типтегі айнымалы токты электр станциясының сұлбасы
Жел-энергетикалық станциясы
Электрқоректену параметрлері
Құрастырма электр жабдықтыру (ҚЭЖ) жүйенің автоматтандырылған басқару жүйесі
Асинхронды машина моделінің құрылымды сұлбасы
Күн электр станциясы
Қазақстанның ауыл шаруашылығының ЖІӨ
Пәндер