Ақш- тың банк жүйесі


АҚШ- тың банк жүйесі.
ХІХ ғасырдың соңына қарай барлық шетел мемлекеттерде орталықтанған банк жүйесі қолданылды. Ал АҚШ- ң банк жүйесі орталықтандырылмаған, көптеген жеке ұсақ банктерден құралды. 1913 жылға қарай мұндай банктердің саны 20 мыңнан астам болды, олардың 7 мыңға жуығы ұлттық эмиссиялық банктер болды, ал қалған банктер болса өз штаттарының банкілік заңына сай қызмет көрсетіп, ақша эмиссиясы құқығын иеленбеді.
АҚШ-тың алғашқы акционерлік коммерциялық банкі 1782 жылы 7 қаңтарда ашылды. Ал 1791 жылы 10 млн. доллар жарғылық капиталмен АҚШ- тың алғашқы Орталық банкі ашылды. Ол вексельдер эмиссясымен айналысып, Қазынашылыққа қызмет көрсетті. Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің бастапқы кезеңдері 1990 жылы қабылданған «ҚазКРО банктер және банктік қызмет туралы» заңнан басталды. Әрине АҚШ-пен Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуында 200 жыл айырмашылық бар. Бірақ, оған қарамастан Қазақстанның банк жүйесі АҚШ пен салыстырғанда онша да артта емес.
Барлық дамыған мемлекеттердегідей, сонымен қоса Қазақстандағыдай, АҚШ -тың банк жүйесі 2 деңгейлі болып табылады:
1-деңгейді 12 Федералдық резервтік банк құрайды.
2-деңгейді Федералды резерв жүйесінің мүшесі болатын коммерциялық банктер мен банктік қызмет көрсететін ұйымдар құрайды.
Ал Қазақстанда болса 1-ші деңгейге бір ғана Орталықтандырылған ҚР-ның Ұлттық банкі кіреді, және оның ақша эмиссиясына монополиялық құқығы бар. 2-ші деңгейге болса - барлық коммерциялық банктер жатады.
Соңғы 140 жылда АҚШ тың банктік қызметіне байланысты 100- ден астам заңдар қабылданды, олардың көбісі өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бүгінге дейін қолданылуда.
Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары 15 жылдық тарихы бар. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда.
90-шы жылдардың басында Қазақстанда 200-ге жуық банк болған, бүгін олардың саны 34 -ке дейін азайды.
АҚШ-тың банктік жүйесіне келесі депозиттік институттар кіреді:
- 12 Федералдық резервтік банктер- Орталық банк функциясын атқарады.
- Штаттардың банктері мен трасталық компаниялар - коммерциялық банктердің және трасталық операциялар жүргізеді.
- Ұсақ штаттық ұйымдар: ұсақ банктер, өндірістік банктер- бұлар депозит қабылдауға құқылы болып табылады.
АҚШ -тың банктік заңнамасы бойынша :
- Банктер өз қызметтерін тек қана бір территорияда атқара алады;
- Банктер қызметтерін филиалдар негізінде штаттың барлық территориясында жүзеге асыра алады;
- Банк өз филиалдарын штаттың ішінде шектелген географиялық аумақта ғана аша алады;
Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақстанда банктік ұйым және оың филиалын ашу әлдеқайда ыңғайлы болып келеді. Өйткені Қазақстанда банк ашу үшін берілетін лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда банктекрдің айналысатын қызмет түрі жазылады. ҚР-да берілетін лицензияның дамыған елдердегіден айырмашылыға - әмбебаптығы болып табылады.
ҚР-дағы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді. Банктік операцияны жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа ҚР Ұлттық банктен валюталық операция жүргізуге Бас лицензия алады. Бұл лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай ақ дамыған шет елдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.
АҚШ-тың банк жүйесінің маңызды бөлігін шетел банктері құрайды. Олар өз қызметтерін агенттіктер, коммерциялық банктер, инвестициялық компаниялар және Эдж корпорациялары арқылы атқарады. Федералдық резервтік жүйе Эдж корпорацияларын халықаралық банкілік операцияларды жүргізу үшін құрған. АҚШ- та шетел банктері федералдық немесе штаттық банктермен бірдей құқықта және бірдей принциптерді пайдаланады. Шетел банктері 1978 жылы қабылданған «Халықаралық банк операциялары туралы» заңмен реттеледі.
ҚР-да болса шетел банктерінің филиал дарын (банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме. ) ашуға тиым салынған, ал шетел банктерінің өкілдігін (банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, банктің тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі) ашу үшін Ұлттық банкке құжаттарды тапсыруы қажет.
1913 жылдың 23 желтоқсанында АҚШ президенті Вудра Вильсон «Федералды резерв жүйесін қабылдау туралы» заң (ФРЖ) қабылдады. Федералды резерв жүйесінің бас мақсаты болып Федералды резервтік банктерді (ФРБ) құру, ақша жүйесін тұрақтандыру, АҚШ- тың банк жүйесін қатаң қадағалауға алу болып табылады.
АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесін 1987-жылдан бері басқарып келген 80 жастағы Алан Гринспеннің орнына АҚШ президентінің экономика жөніндегі бұрынғы бас кеңесшісі Бен Бернанке 2006 жылдың 1-ақпанда қызметке кірісті.
ФРБ-тер акционерлік қоғам формасында құрылған заңды тұлға болып табылады. ФРБ-тердің барлығы 4 млн. доллар жарнапұлдық жарғы капиталымен құрылды.
Алғаш құрылған кезде «ФРЖ туралы» заңмен 12 ФРБ арасындағы қарым-қатынас қалай жүргізілетіндігі туралы қарастырылмаған еді. Сондықтан да бұл банктер арасында кейбір қайшылықтар болды. ФРБ-нің алғаш құрылтайшыларының бірі болып АҚШ Үкіметі қатысқан еді. Кейінірек мемлекеттің қаржылық- саяси тарапынан қолдауының қажеттілігі азая бастағаннан кейін Үкіметтің акциялары да сатылды. ФРБ -тер мемлекеттің қаржылық жүйесін орталықтан басқаруды ұйымдастыруға қарсы болып, ФРБ-тер ФРЖ-де жоғары орынды иеленді. Әр банк бөлек жұмыс істеп, өзі орналасқан округке қызмет көрсетумен айналысты.
Уақыт өте келе, ФРЖ-ның басқарушылар Кеңесі ФРЖ-дегі басшылықты иелене бастады. Оған 12 ФРБ бағынды және «ашық нарықтың федералды комитеті» мен «Федералдық консультациялық кеңес» ФРЖ құрамына еніп қызмет етті. Ал ФРЖ-дегі басқа банктер ФРБ-лерден кейінгі деңгейде болды.
Басқарушылар кеңесі :
- Ақша-несие саясатын жүргізу
- Банктердің міндетті резервтік нормасын белгілеумен
- ФРБ-мен қосылып есептік ставка деңгейін белгілейді
- ФРБ-ні басқарады; т. б.
Қазақстанның жүйесінде Басқарушылар кеңесінің және 12 Федералды резервтік банктердің функцияларын бір ғана орган- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі атқарады.
АҚШ-та федералдық және штаттық деңгейдегі банк қызметін бақылау жүйесі бүгін де пайдаланылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz