Ерік туралы түсінік

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Ерік туралы түсінік . . . 4

Еріктің амал кезеңдері . . . 5

Шешімдердің бөліну теориясы . . . 6

Ерікті тәрбиелеу . . . 8

Қорытынды . . . 9

Қолданылған әдебиеттер . . . 10
Кіріспе

Ерік - адамның өз мінез құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе - мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет деп атайды. Адамның іс-әрекеті екі түрлі. Оның бірі - еріксіз әрекеттер. Мәселен, жөтелу, көздің жұмылып-ашылуы, шашалу, түшкіру т. б. мұндай әрекеттерде белгілі мақсат не ниет жоқ. Екінші - ерікті әрекеттер, қозғалыстар. Мысалы жерге түсіп кеткен затты көтеріп алу. Бұл - мақсатты қозғалыс. Адамның мақсатты қозғалыстары әрқилы кедергілер мен қиыншылықтарға ұшырып отырады. Алайда, адам алдына қойған белгілі мақсатын оындау үшін оны ерікті әрекетімен жеңуге ұмтылады.

Адамның мақсаты, қалауы, әр түрлі істерді орындауға ұмтылу, жалпы алғанда, ниеттерінің жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша айтқанда, бұл - адамның бағдарлы әрекеті. Сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы әрекеті, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты, әлі жете анықталмаған істеріі де жатады. Ниеттерді орындауға тіршілік үшін маңызды да, мәні аз да істер кездесіп отырады. Ниет өрісі өзгергіш, әрі қозғалғыш, сондай-ақ сыртқы жағдайлардың өзгеріп отыруына орай айнымалы болып келеді. Алға қойған мақсатқа сәйкес неттің мазмұны да айқындала түседі. Осы тұрғыдан алғанда, адам ниетінің мәні жекеменшікті не менмендікті, өрісі тартоғышарлықты не өрісі кең қоғамдық сипатты білдіреді. Адам ниетінің өрісі белгілі бір мақсатқа бағытталып, оның азаматтық қасиеті мен іскерлігін, адамгершілік сапаларының өзгеруі мен түр сипатын білдіреді.

Әрбір жеке адамның ерікті іс-әрекеттерінің өзіндік сипаты бар. Бұл сипат қоғамдық маңызды жұмыстарды орындау үшін мәні аз іс-әрекеттерді соғын бағындырып, өзінің жеке мақсатынан бас тартып отырады. Ерік - адамның қарқынды іс-әрекетін білдіретін процесс. Сөйтіп, адамның мінез құлқы мен әрқилы істерді орындауға ұмтылуы маңызы зор, мақсатты істерді орындауға бағытталады. Адам еркінің көрінісі оның саналы түрдегі іс әрекетінен байқалады. Қиын қыстау жағдайлардан жол тауып шығуға жетелейді, соны жүзеге асыруға қажетті құрал табады. Тарихта болған белгілі адамдардың өмір жолына назар аударсақ, олардың алға қойған мақсаттарын орындау орасан зор күш жұмсап, рухтанып, қиыншылықты ерікті істермен жеңіп шыққанын көреміз. Бұған мысал ретінде «Шығыстың қос жұлдызы» Әлия мен Мәншүктің Ұлы Отан соғысындағы ерлігін айтуға болады. Ел басына күн туған шақта туған жерге деген сүйіспеншілік осынау пән нәзік қазақ қыздарының бойына күш жігер, рух береді. Олар ерлік пен батылдықтың өшпес үлгісін көрсетіп, Отан үшін жанын пида етті. Бұл да - адам еркінің бір көрінісі.

Еріктің амал кезеңдері

Ерікті әрекеттер мен амалдар - мәнісі мен құрлымыжағынан өте күрделі процесс. Немесе ерікті амал, бұл - мазмұны тұрғысынан өте күрделі психологиялық әрекет. Бұ әрекет бірнеше кезеңдерден не сатылардан тұрады. Сол сатылардың ретін мынадай сызбамен көрсетуге болады:

Еріктің амал кезеңдері

Ерікті амал кезеңдері бұл мәселенің мәнін психологиялық тұрғыдан ашып көрсетеді. әрбір ерікті әрекетте белгілі мақсат бар. Адам қандай да болмасын белгілі бір істі орындау, өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін өз жағдайын соған бейімдейді. Бұл - алға мақсат қойып, соған ұмтылу, яғни мақсатты әрекет немесе не себептен адам осындай қажеттілікті орындауға тиіс, ол не үшін қажет деген тілек білдіру. Содан кейін осы тілектің орындаудың жолдары мен әдістері іздестіріледі. Олардың ішінен аса қажетті және маңызды дегені таңдап алынады. Айталық, мамандықты өзгерту керек, не экспедицияға бару керек болады. Бұл кезеңде адам алдына қойған тек қалап қана қоймай, оның мәнін түсінеді, ақыл-ой талқысына салады. Сөйтіп оған қалайда жетуге әрекеттенеді. Бұл - ерікті әрекеттің интелектуалды кезеңі.

Нағыз ерікті әрекет адамның алдына қойған мақсатына жету үшін белгілі тоқтамға келіп, шешім қабылдауынан көрінеді. Бұл да - жауапты кезең. Мұның өзіндік психологиялық сипаты бар. Бүгінде ерікті амалдағы шешімге келу кезеңі психологияның ғана емес, экономикалық, әлеуметтік ғылымдардың да зерттейтін объектісіне айналып отыр.

Шешімдердің бөліну теориясы. Ғылым бұл теорияның маңызын зерттеумен ғана шектеліп қалмай, оны математикалық электронды есептеу машиналарына да бейімдеді. Бұл теория көптеген проблемалық мәселелердің тетігін табуға, соның ішінде тәуекел проблемасының дәрежесін зерттеуге де пайдалануда. Кейбір зерттеулердің пайымдауынша, шешімдердің бөліну теориясы адамдар мен ұйымдардың күрделі мәселелерді тиянақты шешіп отыруға ұйытқы болатынын ерекше атайды. Сондықтан бұл теория орындары мен шаруашылық мекемелерінде, бғылыми бірлестіктерде және мемлекеттік орындарда, жоспарлаушы ұйым істерінде кеңінен қолданылады.

Әрине, адам белгілі бір шешім қабылдап, оны жүзеге асыру жолдарын жоспарлап алғанымен, көптеген объективті, кездейсоқ т. б. қиыншылықтарға ұшырайды. Мұндай жағдайларда қолайлы жағдай туғанша, адамның өзі қабылдаған шешімін қоя тұруынна тура келеді. Дегенмен осы шешімді іске асыру оның көкейтесті мәселесі болып қала береді. Осы жағдайға орай адам енді барлық ерік жігерін өзі көксеген ісін орындауға жұмылдырады. Осы кезеңде кездескен қиыншылықтарды жеңу үшін адам стрестік жағдайға ұшырауы да мүмкін. Алайда, қажеттілігін қалайда орындау үшін ол оған барлық саналы еркін бағыттайды. Күш салуда адам: а) мақсатына жете алмағанына қайғырады, уайымдайды, бұл - мінездегі ерікті әрекеттің көрінісі. ә) іштей ойланып, бойын мақсатына жетуге деген борыштық сезім билейді, ал борыштық сезімның күшеюі - азаматтық сана. Дегенмен, адамның уайымы жекеменшіктік сезім мен қоғамдық мақсаттың арасында ауытқу тудырады. Сөйтіп бұл жердегі ниет күресі адамның осы екі бағыттың қай жағына қарай ауытқитындығын анықтайды.

Ерік - қайратының күшеюі мен талпыну тек шешім қабылдау барысында ғана емес, оны орындау кезінде де әр түрлі ауытқу мен уайымға ұшырауы мүмкін. Бұл ретте сыртқы кедергілерді жою қажет болады. Мысалы талапкердің күндегі әдеті бойынша серуенге шықпай, режимін бұзып емтиханға даярлану. Алға қойған мақсатқа жету үшін адам өз мінезіндегі бұрыннан қалыптасқан мүддесін, сенімін, өзін-өзі бағалай білуін, ерік-қайрат қасиеттерін талдап, оларға бақылау жүргізе білуі керек. Мұндай әрекет адамның еркін білдіретін психологиялық сапа болып табылады.

Ерікті тәрбиелеу

Адамның ерік сапалары мен ерекшеліктері оның маңындағы өзге адамдар ықпалынан бөлек, өз алдына мақсат қойып, іс-әрекеттерді орындауы нәтижесінде қалыптасады. Ерікті әрекеттер үстінде адам өз еркін меңгеріп, өз бойындағы күш-қуатын қиын жұмыстарды орындауға, бастаған ісін аяқтап шығуға жұмсап, оларда қалайда жүзеге асыра алады. Сөйтіп, өз еркін шыңдап, қалыптастырады. Адамның ісі мен мінез құлқын меңгеру және оның азаматтық қасиеттері ерікті қимыл қозғалыстарынан және істеген жұмыстарынан айқын байқаланады.

Адамның даралық қасиеттері барлық психикалық процесстер ішінен еріктен анық көрінеді. Соған орай адам өміріндегі аса маңызды кезең - өзінің іс әрекеттерін бақылап, ерік-жігерін дамыта білу кезеңіболып табылады. Мұндай кезең - адам өміріндегі елеулі бетбұрыс. Ло оның мінез-құлқындағы ұнамды әрі жағымды сапаларды қалыптастырады.

Еркін тәрбиелеу үшін адамға өз алдына ірі-ірі мақсаттар қою міндетті емес, ұсақ-түйек нәрселерден-ақ бастауға болады. Мысалы, темекіні көп тартатын адам оның зиян екенін түсінеді де, тастап кетеді. Немесе студент бос уақытын қалайда пайдалы істермен шұғылдануға жұмсайды. Ерікті әрекеттерді дамыту үшін белгілі істі орындап, оған дағдылану керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерік - адамның ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мақсатқа жетуге бағытталған, саналы түрде жүзеге асатын әрекет
Психологиядағы ерік түсінігі
Психикалық құбылыстардың топтастырылуы
Ерік жөнінде түсінік
Мәміле
Саналы әрекеттің еріктің қалыптасуындағы рөлі
Ерік туралы жалпы түсінік
Қылмыс субьектісінің белгілері
Құқық нормаларын жүзеге асыру және талқылау мәселері
Психология
Пәндер

Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz