Ертедегі Шығыс философиясы



Ол біздің заманымызға дейінгі X ғасырда басталды, Бұл қола дәуірінен темір дәуіріне көшу, рулық-тайпалық құрылымның ыды-рауы, тауарлы ақша қатынасының қалыптасуы, мемлекеттің пайда болуы кезеңдері болатын-ды. Соңдай-ақ ертедегі Шығыс философия-сы соған дейін қалыптасқан мифологияны, одан соң діни көзқарасты сынаудан, ғылыми сананың қажеттігін сезінуден басталды. Ертедегі Шығыс философиясының қалыптасуы екі түрлі проблема төңірегінде жүргізілді. Бірі - Аспан, Ай, Күн, Жер, осылардың шығу тегі, өзара байланысы, элемдегі.барлық тіршілікке эсері жайлы болса, екіншісі адамгершілік, адамдық қатынас төңірегінде қалыптасқан. Бүл мәселе-лер мифологиялыкұ ғымдар негізінде де болды. Бірақ мифология олар-дың себептерін ашуға тырыспайды, тек сенуді қажет етеді. Филосо-фия қашанда олардың себептерін іздестіреді. Әрине, оны екі түрлі -материалистік және идеалистік тұрғыдан түсіндіруге болады. Ол - Ертедегі үнді философиясы
Ол брахманизмге оппозициядан басталды. Ертедегі Үндістан төрт кастаға бөлінген. Бірі - әскери, аристократиялық каста (кшатрий), екіншісі - абыздар кастасы (брахмандар), үшіншісі - басы бос қоғам мүшелері (вайшилер), төртіншісі - төменгі каста (шудралар). Шудра-лар теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларда меншік те болмады. Шудралар қоғам ісіне араластырылмады. Олардың теңсіздік жағдайы діни үғымдармен орнықтырылып отырды. Брахмандар эбден масай-рап, үстемдік қүрып кетті. Өйткені брахманизм мифологиялық көзқа-расқа негізделген, былайша айтқанда, оның төрт түрлі ведасына (дәрісіне), немесе құдайларды дэріптеу мен оларға арналған ғұрып-тарға тірелген болатын. Әрбір веда кейін өз алдына брахмандар да-мытқан кітапта жазылған діни араньянамға (тоғай кітабы) айналады, оны таратқан шайқылар, сондай-ақ упанишадтар (ұстаз қасында оты-рып дэріс тыңдайтын шэкірттер) болды. Бірақ веданың нағыз шын берілген қолдаушысы жоғары каста - брахмандар болды.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Ертедегі Шығыс философиясы
Ол біздің заманымызға дейінгі X ғасырда басталды, Бұл қола дәуірінен
темір дәуіріне көшу, рулық-тайпалық құрылымның ыды-рауы, тауарлы ақша
қатынасының қалыптасуы, мемлекеттің пайда болуы кезеңдері болатын-ды.
Соңдай-ақ ертедегі Шығыс философия-сы соған дейін қалыптасқан мифологияны,
одан соң діни көзқарасты сынаудан, ғылыми сананың қажеттігін сезінуден
басталды. Ертедегі Шығыс философиясының қалыптасуы екі түрлі проблема
төңірегінде жүргізілді. Бірі - Аспан, Ай, Күн, Жер, осылардың шығу тегі,
өзара байланысы, элемдегі.барлық тіршілікке эсері жайлы болса, екіншісі
адамгершілік, адамдық қатынас төңірегінде қалыптасқан. Бүл мәселе-лер
мифологиялыкұ ғымдар негізінде де болды. Бірақ мифология олар-дың
себептерін ашуға тырыспайды, тек сенуді қажет етеді. Филосо-фия қашанда
олардың себептерін іздестіреді. Әрине, оны екі түрлі -материалистік және
идеалистік тұрғыдан түсіндіруге болады. Ол - Ертедегі үнді философиясы
Ол брахманизмге оппозициядан басталды. Ертедегі Үндістан төрт кастаға
бөлінген. Бірі - әскери, аристократиялық каста (кшатрий), екіншісі -
абыздар кастасы (брахмандар), үшіншісі - басы бос қоғам мүшелері
(вайшилер), төртіншісі - төменгі каста (шудралар). Шудра-лар теңсіздік,
жұпыны жағдайда болды. Оларда меншік те болмады. Шудралар қоғам ісіне
араластырылмады. Олардың теңсіздік жағдайы діни үғымдармен орнықтырылып
отырды. Брахмандар эбден масай-рап, үстемдік қүрып кетті. Өйткені
брахманизм мифологиялық көзқа-расқа негізделген, былайша айтқанда, оның
төрт түрлі ведасына (дәрісіне), немесе құдайларды дэріптеу мен оларға
арналған ғұрып-тарға тірелген болатын. Әрбір веда кейін өз алдына
брахмандар да-мытқан кітапта жазылған діни араньянамға (тоғай кітабы)
айналады, оны таратқан шайқылар, сондай-ақ упанишадтар (ұстаз қасында оты-
рып дэріс тыңдайтын шэкірттер) болды. Бірақ веданың нағыз шын берілген
қолдаушысы жоғары каста - брахмандар болды. Ең алды-мен бұларға күмэндана
қарап, қарсы тұрғандар рахаттан безген диуа-налар еді. Біздің заманымыздан
бұрынғы VІІ-VІ ғасырларда брах-манизм ішінен түрлі ағымдар пайда болды.
Олардың ішіндегі басты-лары джайнизм мен буддизм еді. Кейін осылардың
негізінде тұңғыш үнділік философия қалыптасты. Джайнизм - этикалық ілім.
Оның негізі - адам жанын тэн қыспағынан, қүлқын құлдығынан босату. Джайнизм
- материяны жансыз дүние затына жатқызады, Әрбір зат (атом не атомдар
қосындысы) субстанция ретінде қаралады, оған ма-териядан басқа кеңістік,
уақыт, қозғалыс, тыныштық та кіреді. Ал жанның басты белгісі джайнизм
бойынша - сана. Жан мэңгі, оның мүмкіндіктері шексіз. Бірақ ол денемен
бірге өмір сүреді. Бүл оны шектегендік болып табылады. Материалдық
бөлшектер - дейді ол, -жанды белгілі бейнеге келтіреді. Кұмарлық, күштарлық
білмегендік болады. Олай болса, жанды бұғаудан босату негізі танымда жатыр.
Сондықтан джайнизмнің мақсаты - жанды денеден ажырату, оған еркіндік беру.
Джайнизмнің үстанған тэртібі буддизмнен де қатаң. Мэселен, ахинсы принципі.
Мэнісі - ешбір тірі жэндікке кішкентай да зиян келтірмеу. Ол жер жыртуды
қуаттамады, оған қарсы. Бұл аске-тизмге, тіршіліктен безуге әкеледі.
Буддизм - біздің заманымызға дейінгі ҮІ-Ү ғасырларда діни ілім ретінде
дүниеге келді. Ол брахманизмге қарсы, эділдік көксеген тап-тар арасында
пайда болды. Бірақ кейін үстем таптар оны өзінің қүралы ретінде қолдады.
Брахманизм беделді абыздарға сүйенсе, буддизм құлдық қоғам пайда болған соң
ірі үстем таптарға сүйенді. Буддизм христиан, ислам діндері сияқгы
дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Оның негізін салған - Сиддхартха Гаутама
Будда (б. з. д. 623-524 жж.). Ол Гималай таулары етегінде түрған шакья
тайпасы патшасы отбасын-да дүниеге келген. Кейін патша сарайын тастап, жеті
жыл жер кезіп, тоғай аралап, жападан жалғыз арып-ашып жұріп бір ағаш
түбінде шаршап отырғанда оның санасына даналық нүр енеді. Сол кезден бастап
ол будда дінінің негізін салушыға айналады. Бүл дін Шығыс елдеріне (Қытай,
Жапония, т.б.) кең тараған. Буддизм теориялық фи-лософиядан гөрі діни
этикаға негізделген. Мақсаты - адамдарды түрлі рухани азаптан босату жэне
оған жетудің жольш іздестіру. Буддизмде төрт басты мэселе бар: 1) өмір
азапқа толы; 2) ол азаптардың себебі бар (ол - қанағатсыздық, ұдайы бола
берсе деген қү_штарлық, ты-йымсыз әуестік); 3) азаптарды тоқтатудың
мүмкіндіктері бар; 4) азап-тан қүтылудың кезі бар. Олай болса, бүл дін
бойьшша, адам өмірі, оның рахат, лэззатқа ұмтылуы азаппен қабаттас болады
Буддизм пікірінше, азаптан құтылу о дүниеде емес, осы дүниеде болмақ. Ол
үшін адам талабын, нэпсіні тарту керек. Оны нирвана дейді. Буд-дизм кейін
бірнеше ағымдарға бөлінеді, Ертедегі үнді философиясын-да материалистік
ағым да болды. Оны локаята (немесе чарвактар) дейді. Локаята бү_л дүниеден
басқа о дүние бар дегенге сенбестік білдіреді. Табиғаттағы заттар ауа
(жел), от (сәуле), су, жерден түра-ды дейді. Өлген организм ыдырап,
алғашында өзін құрған бөлшек-терге айналады-мыс. Олардың түсінігінше,
лэззат пен азап бірлікте, азапты жою мүмкін емес, бірақ жеңілдетуге,
азайтуға болады. Локая-та ағымындағылар жұмақ, мүқ (тозақ) дегенге сенуді,
қүдайы беруді бос қиял, жалған сенім деп ұғындырады. Локаятаның шығу себебі
-ежелгі рулық қоғам ыдырып, таптық қоғамның, мемлекеттің пайда болуы.
Сонымен қатар жаңа элеумеггік топтарға - сауда, қолөнер, жер өңдеумен
айналысатындардың пайда болуы. Олар бұрынғы топ-тар: діни адамдарға
(брахмандар), эскери адамдарға кері бағытга пай-да болды. Сөйтіп, үнді
философиясы сол кезден бастап осы заманға дейін буддизм, джайнизм,
локаятадан басқа 6 бағдарда өмір сүреді. Олар: ведена, санкхья, йога, ньяя,
вайшешик, миманса. Мэселен, сан-кхья б. з. б. VI ғасырда пайда болды. Ол
философия бойынша дүние екі бастамадан тұрады: бірі - зат, екіншісі - жан.
Ол екеуі біріне-бірі себепкер, біріне-бірі бастама. Олардан басқа ешқандай
себепкер жоқ. Йога бағыты санкхьядан шығады. Бірақ олар дүниеде жанды,
рухты басты элемент деп есептеңді. Олар Құдай бар деп, соған сенеді.
Йогтар тән талабын басуды уағыздап, лэззаттан бас тартуға шақырады. Олар
адамның тынысын, демін, тамақтануын реттеу-дің ережесін жасады. Йогтар екі
түрге бөлінеді. Бірі - өмірден безу, екіншісі - этикалық қатаң тәртіпке
жүгініп, өзін тек қыспақта ұ.стау. Ньяя философиясы -таным ілімі, логикалық
қорытындыларға негіздел-ген бағыт. Олар дүниені тану, сезіну, оны логикалық
қорыту арқылы қалыптасады дейді. Жалпы алғанда ньяя философиясы - тұрпайы
ма-териалистік бағытқа жатады. Ол б. з. б. Ш ғасырда пайда болды. Вайшилер
философиясы б. з. б. ҮІ-Ү ғасырларда дүниеге келді. Ол атомистік теорияға
сүйенеді- Ньяя философиясы сияқты вайшилер философиясы да этикаға көбірек
мэн берді. Адамның меніне бос-тандық беру үшін оны рухани азаптан,
қыспақтан босату қажет дейді. Бүкіл элем - от, су, жер, жеЛ атомнан
құралады. Қозғалыс сапа емес, қасиет дейді. Бірақ бұл материалистік пікірді
олар идеализмге жендірді. Өйткені атомды да билейтін ырық, күш бар екенін
мойындайды.

Ертедегі Қытай философиясы
Ол біздің заманымыздай бұрынғы ҮІ-Ү ғасырларда пайда бол-ды. Оған
дейін Қытай идеологиясы мен саясатында екі бағыт ай-қындала бастады:
консерваторлық (не кертартпа) жэне прогресшілдік, бірі - мистикалық,
екіншісі - атеистік бағытгар. Алғашқы материа-листер пікірінше, эрбір зат
бес турлі бастапқы элементтен (металл, ағаш, су, от, жер) түратын болса,
керісінше, идеалистер пікірінше, та-биғатгың жаратылуы, дамуы даоға
байланысты. Ертедегі Қытай философиясында конфуцийдік бағыт басты рөл
атқарды. Оның негізін салған нақты адам - Конфуций (б. з. б. 551-479 жж.)-
Ертедегі Қытай мәдениетінің дамуында оньІҢ атқарған рөлі ерекше. Конфуций
қатаң тәртіп болуын жақтады. Өз өмір-тіршілігівде Конфуций төрт принципті
қатаң ұстады: 1) бос қиялға салынбау; 2) мен білемін дегендіктен аулақ
болу; 3) қасарыстық көрсетпеу; 4) өзінің жеке басы жайлы ойламау.
Конфуцийдің 3000 шәкірті болды, олардың 72-сі ерекше жақын, ал 12-сі мәңгі
қасында жүрді. Ол бірнеше кітаптар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Шығыс және Антикалық философия
Философияның тарихи типтері жайында
Философия, оның пәні, қызметтері және зерттеу объектісі
Қытай философиясы. Ежелгі Қытай философиясы
Көне дүниедегі мектеп және тәрбие, оқыту
Философияның пайда болуы мен дамуы, негізгі тарихи типтері
КӨНЕ ҮНДI ФИЛОСОФИЯСЫ. УПАНИШАД РӘСIМI. ВЕДАНТА ЖҮЙЕСI
Ертедегі Қытай философиясының пайда болуы
Ежелгі Шығыс философиясы туралы
Грек философиясының негізгі сұрағы
Пәндер