Лаос


Лаос
Жоспар:
1. жалпы мағлұмат
2. маңызды тарихи оқиғалар
3. табиғаты
4. халқы
5. шаруашылығы
6. қолданылған әдебиеттер
1. Жалпы мағлұмат
Лаос Үндіқытай түбегінің ортасында орналасқан. Лаос солтүстіктен оңтүстікке, Меконга ағысы бойымен 1000 км созылып жатқан кіші-гірім мемлекет. Территориясы Ұлыбританияның территориясымен ұқсас - 237 шаршы км., халқы аз - 3, 5 млн. адам. Лаос Азиядағы сирек қоныстанған мемлекеттердің бірі. Солтүстігінде Қытаймен, шығысында Вьетнаммен, оңтүстігінде Таиландпен; солтүстік-батыста Бирмамен шектеседі.
1975 жылы желтоқсанда Лаос халықтық-демократиялық республика болып жарияланды. Мемлекет 13 провинцияға, бір қалалық округ және 1, 5 мың бан-ауылдарына бөлінген. Бан-ауылдардың басында халықтық-революциялық комитеті. Лаос астанасы - Вьентьян.
2. Маңызды тарихи оқиғалар
Қазіргі лаолықтар бұрынғы тайтілдес тайпалардың ұрпақтары. Олардың солтүстіктен ҮндіҚытай түбегіне қоныс аударуы б. з. б III-I ғасырда басталды да б. з. б XI-XII ғасырда өте қарқынды жүрді. Олар мон-кхмер және таи тайпаларын таулы жерлерге ығыстырып, Меконга жеріне қоныстанды. IX- XIX ғасырда басқа да халықтар (ман, мео және т. б. ) Лаосқа қоныс аударды.
XII ғасырдың аяғында қазіргі Лаос территориясында ерте феодалық мемлекеттер пайда бола бастады. Кейін XIV ғасырда олар орталықтанған Санг Хом Кхао атты күшті мемлекетке айналды. Оның атауы «миллион піл мен ақ қолшатыр мемлекеті» деген мағына берді. XVII ғ. Лан Санг өзінің шарықтау шегіне жетті. Бұл мемлекет өзінің көрші мемлекеттерімен мадени және экономикалық байланыста болды, әсіресе Үндістанмен. Біз бұны сол кездегі архитектуралық және әдеби ескерткіштерден көре аламыз.
Тарихшылар Лаоста буддизмның таралуы мен медениеттің гүлденуін дәл осы кезеңге жатқызады. XVIII- XIX ғасырдағы ішкі қарама-қайшылықтар Лаос мемлекетін әлсіретеді. Сол себепті Лаос жеке княжестваларға бөлініп кетеді. Олар басында өзінің мықты көрші мемлекеттеріне, яғни Сиама (Таиланд) мен Вьетнамға тәуелді болды. 1893 ж Үндіқытай одағына кіріп, француздар иелігіне қосылды. Кампуччи мен Вьетнамға қарағанда Лаостың отаршылдар үшін экономикалық қана емес, сонымен қатар стратегиялық маңызы өте зор болды.
Колонизаторлар экономиканың тек өздеріне қажетті салаларын ғана дамытты. Жолдар тек әскери стратегиялық мақсатта салынды. орта мектептерге бару барлық Лаостық азаматтарға рұқсат етілмеді. Табиғи ресурстарды өндіру оның алынуына және табатын пайдаға байланысты болды. Сол кезде Лаосты « золушка французкой колониальной империи» деп те атаға. Лаос халқы осындай жағдайда өмір сүргісі келмеді. Жарты ғасыр бойы Лаос халқы тәуелсіздік үшін күресті.
Бұл күрес Жапон оккупациясы кезінде 1941-1945 жылдары өте үлкен күшпен өрледі. Жау түгелімен қайта қайтарылып, француз империализмі мен тәуелсіздік үшін күрестің екінші кезеңі басталды. 12 қазан күні 1945 жылы Лаос тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. 1954 жылы Женева коференциясына Лаостың тәуелсіздігін бүкіл әлем мойындайды, бірақ патриоттық күштер мен ішкі және сыртқы реакцияшылдармен күрес 20 жыл бойы созылады. 1955 жылы «халықтық-революциялық» партиясы құрылады. Лаос халқының жетекшісі осы партия болды.
Лаостың егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін мойындау, оларға саяси және экономикалық жағдайда дамуға жол ашады. Бірақ бұл басқа шетелдік отаршылдардың көңілінен шықпады. Олар Лаосты өзіне мәңгі отарға айналдырғысы келді. Франциның орнына ақырындап АҚШ келе бастады. 1960 жылы АҚШ-тың әсерімен Лаоста азаматтық соғыс басталады. Иеилекеттің босаған жерлерін бомбылай бастады.
Сыртқы огрессия мен ішкі реакцияға қарсы Лаостың нағыз патриоттары бірігіп, үлкен күшке ие болады. Лаостағы соғысты тоқтатып, тәуелсіз және бейбіт мемлекет құрылуын талап еткен топтар пайда болады. Коалициялық үкіметтің бейбіт жариялаған күндері Лаостың халқы саяси-экономикалық мәселелерді шешге тырысты. 1960 жылы Лаос Совет Одағымен дипломатиялық келісімге қол қойды. әлемнің ең үлкен державалары Лаос мәселесін бейбіт жолмен шешуді қалады. Лаостың ұлттық-демократиялық революясына себеп болған, 1962 жылы Женева жиналысындағы Лаостың нейтролитеті жайындағы декларацияға декларация мен протоколға қол қоюы. Кейін Лаостың үш саяси топтың халықты біріктіріп үкімет құру мен әскери қозғалыстарды тоқтату жөнінде келісімге келуі болды. Көп ұзамай Лаоста әскери қозғалыстар қай та басталады.
1973 жылы Вьетнамда бейбітшілік жөніндегі келісімге қол қою шешуші рөл атқарды. келісім негізінде уақытша үкімен құрылады.
1974-1975 жылы Вьетнам жерінде демократия үшін қозғалыстар басталады. 1975 жылы қайта құрылудан кейін бүкіл билік халық қолына өтті. Ұлттық конгресс 1975 жылы 2 желтоқсанда республика жариялайды. Сөтіп Лаоста ұлттық-демократиялық революцияның шешуші кезеңі болады. Сол кезден бастап Лаос социалистік қоғам құра бастайды.
3. Табиғаты
Лаос - бұл өзендер мен тауларға толы жер. Өзен жағалаулары егіншілікке өте қолайлы, ал таулы жерлерде тұратын адамдар егіншілікпен айналысу үшін ормандарды өртеуге мәжбүр. Таулы жерлер көп болғандықтан Лаостың көп бөліктері өзара байланыссыз қалған.
Лаостағы халық сирек қоныстанған жер солтүстік бөлігі. Таулы қыраттары кей жерлерде 2000 м биіктікке дейін жетеді. Орталық Лаостағы таулардың максималды биіктігі - 2286 м.
Лаос пайдалы қазбаларға бай мемлекет.
В рельефе Центрального Лаоса преобладают средневысотные плато; наиболее обширное из них - известняковое плато
паемыми. Темір кендерінің негізгі шоғырланған жері ( 70 мың т шамасында) Кхаммуан. Жақында мырыштың кен орны табылды, ол Саваннакхета қаласының маңында. Сиангкхуанг маңында темір кен орны орналасқан. Ол жердегі темір шамамен 60-70 пайыз, бүкіл қоры шамамен 1 млрд. т. солтүстік және орталық Лаоста мыс, қорғасын, цинк, гипс, тас көмір, марганец бар. Мемлекеттің көп бөлігінде алтын мен әр түрлі асыл тастар жиі кездеседі. әсіресе сафир мен рубин.
Лаостың климаты тропиктік муссонды. Лаостағы ең суық айының температурасы +15 С, ең ыстық айында +4-28 С.
Лаостың таулы жерлерінде қыс айында кейде 0-ден төмен түседі. Орталық Лаоста қыста шамамен +23, +25, шілде айнда +30.
Лаоста көлдер өте аз, бірақ өзендер өте көп. Олардың көбісі Меконга бассейіне жатады. Құрғақшылық кезінде өзендерде су тартылып кетеді. Кейде су мүлде жоқ болып кетеді. Осыған байланысты күріш шаруашылығы құлдырайды. өзендер жергілікті халықты балықпен қамтамасыз етеді, бірақ балық шаруашылығы дамымаған.
Құрлық жолдары жақсы дамымағандықтан, өзен жолдары Лаостағы басты жолдардың бірі деп айтса болады. су көліктері өте коп қиыншылықтарды кездестіреді. Лаос өзендерінде сарқырамалар өте көп. өзендер ағысы өте қатты 4-5 м/с.
Мемлекеттің жарты бөлігіндей орман алып жатыр. Тау бөктерінде түгелдей талшын, емен мен қарағай өседі. Чыонг-шонс тауларында ылғалды-тропиктик ормандар шоғырланған.
Адам баспаған ормандарда ағаштың бағалы түрлері өседі. Тиктік ормандар солтүстік-батыс Лаос пен Меконга жағалауларында шоғырланған. Сиангкхуанг, Кхаммуан және Боло-венде өте әдемі қайыңдар өседі. Ағаштардан тіршілік үшін керек заттар алынады.
Лаоста аңдар мен жануарлардың көп түрі бар. Бұл жерде басқа мемлекеттерде жойылып кеткен жануарлар кездеседі. Лаостағы жануарлар тропиктік климатқа бейімделген. Джунглиде маймылдар, жыртқыштар - сілеусіндер, арыстандар, қабыландар, тибет аюлары және т. б. өмір сүреді. Ормандарда әр түрлі жыландар мен құстар да мекендейді. Лаостың оңтүстік бөлігін пілдердің негізгі мекен ететін орны. Пілдерді аулауға тыйым салынған. Оларды тек жүк тасу үшін қолданады.
4. Халқы
Тұрғылықты халқы оңтүстік монголоидтарға жатады. Лаос халқының тү-әлпеті бирмалықтар мен тайланддықтарға қарағанда ақшылдау, бойлары биіктеу, бірақ олардың шаштары бірдей қара.
Лаоста 60 тай ұлт өкілдері өмір сүреді. Көбісі кіші этникалық топтар.
Лаос тұрғындарының көбісі - тай тілдерінде сөйлейді. Аз бөлігі - австроазиаттық тілде. Тайтілдес халықтар - лао, тай тхай-дам, тхай-као, тхай-денг, лы, путай, тхай-ныа, тхай-фонг, тхо, нун, нян, каолан халықтары. Бұлар халықтың 73 пайызын құрайды. Осының ішінде лао 63 пайыз. Тайтілдес халықтар негізінде Вьентьян, Кхаммуан, Саваннакхет, Чампассак және Луангпхабанг деген жерлерде өмір сүреді.
25 пайыз австроазиаттық тілдес халықтар. Олар екіге бөлінеді: мон-кхмер және мео-ман.
Этномәдениеттік тұрғыда Лаос халқы үш топқа бөлінеді:
лаосунг, лаолум және лаотенг.
Шетелдік ұлтардан қытайлықтар мен вьетнамдықтар өте көп. 70-ші жылдары олардың әрқайсысынан 30 000-дай адам боған. Осы ұлттар қалалардың негізгі халқы болып саналады. Олар көбінесе сауда мен кәсіпкерлікпен айналысады.
Тәуелсіздік алғаннан кейін - лаос тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды.
Лаостағы негізгі дін - тхеравад буддизмі. Ол лао мен тайды уағыздайды. Лаос халқы өте тез өсуде, жылына 2, 2 пайызға. Халықтың көп бөлігі ауылшаруашылық саласында, тек 5 пайызы өнеркәсіп саласында жұмыс істейді. өзен жағалауларындағы халық тығыздығы 1 шаршы км 115 адам, ал жазық жерлерде 5 есе көп.
Соңғы 2 жылда Лаоста урбанизация процессі жүруде. Халық санының тез өсуі оралмандардың қайтып келуіне байланысты.
Ең үлкен қалалары - Вьентьян, Саваннакхет, Луангпха-банг.
Лаостың ең үлкен қаласы, астанасы - Вьентьян («ай қаласы»), 200 мыңдай халқы бар. Вьентьян - бұл Лаостың мәдени және сауда орталығы. Бұл қалада негізгі оқу орындары, мемлекеттік кітапхана мен археологиялық мұражай орналасқан. 60 жылдары астанада жаңа Ұлттық кеңес үйі, мемлекеттік лицей мен бірнеше кинотеатрлар салынған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz