Қазақстан Республикасында инновациялық жобаларды қаржыландыру мәселелері



Бүгінгі ақпараттың, ғылым мен техниканың, технологияның қарқындап жатқан дәуірінде инновация - дамудың орталық мәселесіне айналып отыр. 2003 жылы ел Президентінің жарлығымен қабылданған дамудың инновациялық жолын таңдау туралы бағдарламаға сәйкес инновациялық іс-әрекетті қалыптастыруда қаржының мәні зор екендігі белгілі. Жалпы, дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей, дұрыс таңдалған инновация кез келген салада өз жемісін береді. Мысалы білім беру, денсаулық сақтау, банк жүйесі, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы. Алайда кез-келген инновациялық процесс сәтті аяқтала бермейді. Ал Қазақстанның жағдайында инновацияның қажеттігі экономиканың кез келген саласының өңдеу жүйесінен көрініп отыр. Өйткені экономикамызда біраз жылдар бойы үстемдік еткен дамудың шикізаттық бағыты соңғы жылдары өзінің тиімсіздігін, болашағының жоқтығын, жақын арада экономиканың дағдарысқа ұшырау ықтималдығын, ресурстардың шектеулі екендігін еске түсірді.
1. 2003-2015 жылдарға арналған Қ.Р. Индустриалды-инновациялық даму Бағдарламасы.
2. Қ.Р. заң актілерінің жинағы. (оның ішінде Ұлтық инновациялық қор туралы 223-құжат) Алматы 2004.
3. Ақиқат журналы 2004 №8
4. Мир финансов журналы 2005 №5
5. Финансы и кредиты журналы 2006 №3
6. Вопросы экономики 2005 №2

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қ.Р. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
Бүгінгі ақпараттың, ғылым мен техниканың, технологияның қарқындап
жатқан дәуірінде инновация - дамудың орталық мәселесіне айналып отыр. 2003
жылы ел Президентінің жарлығымен қабылданған дамудың инновациялық жолын
таңдау туралы бағдарламаға сәйкес инновациялық іс-әрекетті қалыптастыруда
қаржының мәні зор екендігі белгілі. Жалпы, дамыған елдердің тәжірибесі
көрсеткеніндей, дұрыс таңдалған инновация кез келген салада өз жемісін
береді. Мысалы білім беру, денсаулық сақтау, банк жүйесі, өнеркәсіп, ауыл
шаруашылығы. Алайда кез-келген инновациялық процесс сәтті аяқтала бермейді.
Ал Қазақстанның жағдайында инновацияның қажеттігі экономиканың кез келген
саласының өңдеу жүйесінен көрініп отыр. Өйткені экономикамызда біраз
жылдар бойы үстемдік еткен дамудың шикізаттық бағыты соңғы жылдары өзінің
тиімсіздігін, болашағының жоқтығын, жақын арада экономиканың дағдарысқа
ұшырау ықтималдығын, ресурстардың шектеулі екендігін еске түсірді.
Ғалымдардың пікірінше, дәл қазіргі темппен пайдаланылып отырған шикізат
ресурстары алдағы 25-30 жылға ғана жетеді екен. Осы орайда 2003 жылы 30
мамырда “Инновациялық қызмет туралы”Қ.Р. Үкіметінің қаулысы, сондай-ақ 2003-
2015 жылдарға арналған Индустриалдық-инновациялық Даму Стратегиясы
қабылданды. Стратегияда көзделген басты мақсат – елде инновациялық
белсенділікті дамыту, жаңашылдық аясындағы мүдделі тұлғаларға жағдай жасау,
осылайша дамудың шикізаттық бағытынан біртіндеп бас тарту. Қаулы бойынша
республикалық бюджет қаражаты есебінен 3 млрд. теңге мөлшерінде жарғылық
капиталы қалыптастырылған, 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен “Ұлттық
инновациялық қор” акционерлік қоғамы құрылды. Инновациялық қор – басты даму
институты болып табылады және коммерциялық пайда табу мақсатын көздемейді.
Қордың акционері Қ.Р. Үкіметі болып табылады. Қ.Р. “Акционерлік қоғамдар
туралы” Заңына сәйкес Қордың акция шығаруының мемлекеттік тіркелуі жүзеге
асты және Ұлттық банктің куәлігі алынды. Қор қызметінің мақсаты – елдегі
жалпы инновациялық белсенділікті арттыру, жоғары технологиялық және ғылымды
қажетсінетін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу. Бүгінде инновациялық қор
инновациялық іс-әрекеттер мен жобаларды басты ұйымдастырушы және
қаржыландыру көзі болып отыр. Қ.Р. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Қ.Р. Экономика
және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Қор акцияларының мемлекеттік пакетін
иелену және пайдалану құқығын тапсырған.
Қазірде инновациялық қызмет субъектілерімен , инвесторлармен қарым
қатынас қалыптастыру, дамудың басқа да мемлекеттік институттарымен іс-
әрекетті сәйкестендіру жұмыстарын дамыту өте маңызды. Сондай ақ венчурлық
қаржыландырудың нысандары мен тетіктеріне , ұлттық инновациялық
инфрақұрылым элементтерінің қызметіне байланысты талдамалық зерттеулер,
инновациялық қызметтің мәселелерін реттеп жүйелендіруді жолға қою қажет.
Қордың қызметінің негізгі бағыттарының бірі – венчурлық қорларды құруды
жүзеге асыру мақсатында халықаралыұ инновациялық қызметке талдау және
венчурлық қорлардың қазақстандық инвесторларының әлеуетіне бағалама
жасалды. Жасалған талдаулар қазіргі кезде венчурлық қорларды құру жөніндегі
әлеуетті инвесторлары мен серіктестері халықаралық қаржы ұйымжары, ірі
корпорациялар, сондай-ақ отандық қаржы институттары мен өнеркәсіп
компаниялары бола алатынын көрсетті.
Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асырудағы екінші
деңгейлі банктердің ролі жөнінде өткізілген дөңгелек стол барысында отандық
банктерге еліміздегі венчурлық бизнесті дамытуға қатысулары туралы ұсыныс
жасалды. Қазақстанда банктің қатысуымен венчурлық қор құруда жүзеге асқан
үлгі бар. Қор “Тұран Әлем секьюритис” АҚ бірлесе отырып инновация мен
жоғары технологияны қаржыландыру жөнінде венчурлық қор құрды, ол Әділет
министрлігі органдарында2004 жылы 26 мамырда тіркелді.
Әлеуетті инвесторлар тарту мақсатында шетелдерде презентациялар,
мониторингтер жариялау қажет. Дамушы елдерде венчурлық қорлар құрған
қаржылық институттар (мысалы халықаралық қаржы корпорациясы, Қайта жаңарту
мен дамытудың Еуропалық банкі және т.б.) қатысатын болса, венчурлық
өнеркәсіпке инвесторлардың сенімін арттырады, венчурлық қорларды басқару
ісінде озат тәжірибені игеруге көмек жасайды.

Ұлттық инновациялық қордың негізгі міндеттері:
- отандық және шетелдік инвесторлармен бірлесіп венчурлық қорлар құру,
инновациялық жобаларды венчурлық қаржыландырудың тетіктері мен
инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу;
- гранттар беру жолымен экономиканың коммерциялық тиімділігі мен
технологиялық даму көзқарасы тұрғысынан әлеуетті перспективалы болып
табылатын жаңа технологияларды, жұмыстарды, тауарларды, қызмет
көрсетулерді құруға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулер мен
тәжіибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру;
- инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына үлестік бақылаусыз
қатысу жолымен инновацияларды енгіуді қаржыландыру;
- ұлттық инновациялық инфрақұрылым (технополистер, технопарктер, бизнес
инкубаторлар, инновациялық орталықтар) элементтерін құруға қатысу;
- инновациялық технологияларды көшіру, қарызға алу, өсіру, оларды
коммерцияландыру және енгізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты
дамыту.

Қ.Р. Үкіметінің 2003 жылғы 30 жлтоқсандағы Байланыс пен хабар
таратудың ұлттық геостационарлық серігін жасау мен ұшырудың кейбір
мәселелері атты қаулысына сәйкес 2004 жылы басымдық бағыттар ретінде
мыналар таңдалды:
- өлшеуші техника, электроника және прибор жасау;
- ақпараттық жәнетелекоммуникациялық технологиялар;
- машина жасау және механотроника;
- жаңа материалдар мен нанотехнология;
- баламалы энергетика;
- биотехнология және фармацевтика;
- ауыл шаруашылық өнімдерін өңлеу.
Сонымен қатар, ғылыми техникалық өнім рыногының қалыптасуына
стандарттау процестеріне және интеллектуалдық меншікті қорғауға, жәрдем
көрсетуге, осы құқықтарды қорғауға кәсіпкерлерге көмек көрсету жүйесін
құруға бағытталған мемлекет саясатын жүргізу қажет.
Жалпы, бәсекеге қабілетті инновацияларды бағалаудың қаржылық
критерийі келесілерден көрінеді:
- инвестициялар мөлшері (өндіріске, маркетинг жұмыстарына, ҒЗҰКЖ
жобаларына)
- потенциалды жылдық табыс мөлшері;
- күтілетін таза табыс нормасы;
- ұйымда қабылданған капитал салымының экономикалық тиімділігі критерийіне
жобаның сәйкес келуі;
- жобаны жүзеге асырудың бастапқы шығындары;
- қажет сәтте қаржының қолда болуы;
- қабылданған жобаның басқы да қаржыны қажет ететін жобаларға әсері;
- жобаларды қаржыландыру үшін қарыз капиталын (несиені) тарту қажеттігі
және оның инвестициядағы үлесі.
Инновациялық жобаны жүзеге асыру кәсіпорынның инвестициялық,
құрылымдық және ғылыми-техникалық саясатының өзара тығыз байланысын талап
етеді. Алайда инновациялық жобаны енгізу ең алдымен кәсіпорынның қаржылық
мүмкіндіктеріне байланысты.Сондықтан да инновациялық жобаны бағалауда және
қаржыландыруда оны таңдауда инновациялық жобаның тиімділігінің мынадай
көрсеткіштеріне аса назар аудару қажет:
- коммерциялық (қаржылық) тиімділік, бұл оның тікелей қатысушылары үшін
жобаны жүзеге асырудың қаржылық салдарларымен түсіндіріледі;
- бюджеттік тиімділік, бұл мемлекеттік және жергілікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Венчурлық капитал
Венчурлік бизнестің даму мәселелері
Мемлекеттікбюджеттен тыс қорлар
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдерін дамытудың мүмкіндіктерін талдау
Индустриялық - инновациялық инфрақұрылымның теориялық негіздері
Қазақстандағы венчурлық бизнес
Қазақстан кәсіпорындарындағы инновациялық даму стратегиясы және «Атырау - нан» ЖШС-нің инновациялық-инвестициялық жоба капитал салымдары мен экономикалық тиімділігін анықтау
Кәсіпкерлік венчур ұғымы мен құқықтық мәселелері
Бизнестің жол картасы 2025 бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан ғылымының нәтижелері мен мәселелері
Пәндер