Қазақстандағы Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жж.)



XIX ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау саясатын онан ары өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай хандармен жасасқан шарттардағы Қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек салық төлеу жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді. Қазақ жерінде әскери шептер, бекіністер салынып, шұрайлы жерлерге патша өкіметінің қол шоқпары болып келген казак-орыстарды қоныстандыру шаралары жұр-гізілді. Ресейдің қазақ жеріндегі әкімшілігі өзен-көлдерді, құнарлы жерлерді, орман-тоғайды өз қармағына алды, ал оны пайдаланған казақтарға салық салынатын болды.
Әкімшілік басқару жүйесін қайта құру барысында қазақ жерлері округтерге бөлінді. Бұл округтер Батыс-Сібір және Орынбор генерал-губернаторлығына қарады. Олар қазақ жерінде "бөліп ал да билей бер" деген отаршылдық қағиданы бұлжытпай іске асырды. Алдымен қазақ жерін сырты-нан құрсаулап коптеген бекіністер салынды. Іргелеп ішке кіріп айнала қоршау-құрсау орнатқан Ресей отаршылдары Абылай көз жұмғаннан кейін Қазақстанның ең бір шұрайлы жерлеріне бекіністер салуға кірісті. Сөйтіп, Ырғыз, Торғай, Ақмола, Көкшетау, Ортау, Қарқаралы бекіністері бой көтерді.
Қазақ жеріне кеулеп еніп келе жатқан патша өкіметінің отаршылдық саясатьша ашық қарсы шыққан Абылай ханның баласы Қасым болды. Ол патша өкімшілігіне хат жазып, кісі жіберіп, оларды түсінісуге, потуаға шақырды. Қазақтың ежелті қоныстарына бекіністер салуды, қазақ жерлеріне казак-орыстарды әкелуді, олар аркылы халыққа қысым көрсетуді тоқтатуын талап етті. Оның бұл хаттарына жауап болмады, жібергеп адамдары қайтарылмады. Сонда барып, Қасым патша окіметіне ашық қарсы шығуды ойлады. Ол бұл күресте Қоқан хандығына сүйенбекші болды. Патша өкіметі тарапынан қысым көре бастаған ол 40 мың үймен Қоқан хандығының қол астына кошіп барды. Оның діні бір, тілі бір қоқандықтардан күткен үміті

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстандағы Кенесары Қасымұлы
басқарған ұлт-азаттық қозғалыс
(1837-1847 жж.)
1. Кенесары басқарган ұлт-азаттық қозгалысьның басталу себептері және
барысы
XIX ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау
саясатын онан ары өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға
бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай хандармен
жасасқан шарттардағы Қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек салық төлеу
жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді. Қазақ жерінде әскери шептер,
бекіністер салынып, шұрайлы жерлерге патша өкіметінің қол шоқпары болып
келген казак-орыстарды қоныстандыру шаралары жұр-гізілді. Ресейдің қазақ
жеріндегі әкімшілігі өзен-көлдерді, құнарлы жерлерді, орман-тоғайды өз
қармағына алды, ал оны пайдаланған казақтарға салық салынатын болды.
Әкімшілік басқару жүйесін қайта құру барысында қазақ жерлері
округтерге бөлінді. Бұл округтер Батыс-Сібір және Орынбор генерал-
губернаторлығына қарады. Олар қазақ жерінде "бөліп ал да билей бер" деген
отаршылдық қағиданы бұлжытпай іске асырды. Алдымен қазақ жерін сырты-нан
құрсаулап коптеген бекіністер салынды. Іргелеп ішке кіріп айнала қоршау-
құрсау орнатқан Ресей отаршылдары Абылай көз жұмғаннан кейін Қазақстанның
ең бір шұрайлы жерлеріне бекіністер салуға кірісті. Сөйтіп, Ырғыз, Торғай,
Ақмола, Көкшетау, Ортау, Қарқаралы бекіністері бой көтерді.
Қазақ жеріне кеулеп еніп келе жатқан патша өкіметінің отаршылдық
саясатьша ашық қарсы шыққан Абылай ханның баласы Қасым болды. Ол патша
өкімшілігіне хат жазып, кісі жіберіп, оларды түсінісуге, потуаға шақырды.
Қазақтың ежелті қоныстарына бекіністер салуды, қазақ жерлеріне казак-
орыстарды әкелуді, олар аркылы халыққа қысым көрсетуді тоқтатуын талап
етті. Оның бұл хаттарына жауап болмады, жібергеп адамдары қайтарылмады.
Сонда барып, Қасым патша окіметіне ашық қарсы шығуды ойлады. Ол бұл күресте
Қоқан хандығына сүйенбекші болды. Патша өкіметі тарапынан қысым көре
бастаған ол 40 мың үймен Қоқан хандығының қол астына кошіп барды. Оның діні
бір, тілі бір қоқандықтардан күткен үміті ақталмады. Олар оның қайсар
ұлдары Саржан мен Есенгелдіні, кейінірек өзін өлтірді. Медрсседе оқып
жүрген ұлы Кенесарыны 1802 жылы туған Ташкент түрмесіне қаматты.
Қайырымды адамдардың көмегімен абақтыдан аман шыққан Кенесары ата
мекені Ұлытауға келіп қоныстанды. Осы Ұлытауда жүріп, ол ез өмірін қазақтың
тәуелсіз ел, дербес мемлекет болуы жолындағы күреске арнады. Ол Ресей
сияқты аса қуатты ірі мемлекетпен күресу - қазақтың үш жүзінің күштерін
біріктіруді, едәуір қүрбандықтарды, тек әскери ғана емес, сонымен бірге
дипломатиялық күш жігерді де талап ететіпін ой таразысынан откерді.
Кенесары Қазақстан патшалық Ресейге де, Орта Азия хандықтарына да тәуелді
емес, олармен тең қарым-қатынаста болу керек деп есептеді. Ол патша әкімдер
жазған бір хатында: Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың,
Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Ақият, Тоқзақ сияқты ата-бабаларымыз мұра еткен
жерлер қазіргі патша тұсында бізден тартып алынып, бекіністер салынды. Күн
сайын біздің жерлерімізді басып алып, әскери қамалдар салу арқылы халықты
ашындыруға жол берілуде. Мұның өзі біздің келешегіміз үшін ғана емес,
бүгіпгі тіршілігіміз үшін де қауіпті болып отыр деп көрсетті.
Патшаның жазалаушы отрядтары мен жергілікті сұлтандардың озбырлығы
туралы айта келіп тағы бір хатында ол былай деп жазды: "1825-1840 жылдар
аралығында олар біздің ауылдарымызды 15 рет тонауға, талауға салды. Мұндай
қысым мен тонауға, талауға, кісілерімізді өлтіруге шыдай алмаған біз
бетіміз ауған жаққа көшуге мәжбүр болдық. Бірақ, олар бізге мұнда да
тыныштық бермеді. Сондықтан мен, Қасымұлы қолыма қару алып халқымның ұлы
күресін басқаруға шықтым". Бұл хаттан Кенесарының пат-ша үкіметіне ашық
қарсы шыққанын көреміз.
Кенесары көтерілісінің басты мақсаты - патшалық Ресейдің құрамына
қосылып үлгермеген аймақтардың дербестігін сақтау, қазақ жерлерін
бекіністер мен жаңа округтік билеу арқылы жан-жақты отарлауды тоқтату еді.
Сондай-ақ Кенесарының тағы бір көздеген мақсаты - қоқандықтардың
тепкісіндегі Оңтүстік өңірдегі қазақтарды босатып, оларды Қазақ хандығына
қосу еді.
Кенесары Қасымұлының қозғалысы бүкіл Қазақстанды қамтыды. Он жылға
созылған көтерілістің басты қозғаушы күші - бұқара халық болды. Олар күшейе
бастаған отарлық езгіден, феодалдық топтардың қысымынан құтылуға тырысты.
Котеріліске сонымен қатар ақсүйек өкілдері де қатысты. Олар көтерілісті,
бір жағынан, өз мүдделеріне пайдалану, бұрынғы артықшылықтарын қайта алу,
екінші жағынан, көшпенді дсрбес феодалдық мемлекет құруды көздеді.
1838 жылы Кенесары туының астына мыңдаған сарбаз жиналған еді. Олардың
арасында үш жүздің қазақтары болды. Кенесарыны белсенді қолдағандардың
арасында Орта жүз бен Кіші жүздің белгілі рулары - Қыпшақ, Төртқара,
Жағалбайлы, Шекті, Алшын, Керей, Жаппас, Бағаналы, Тама, Табын, Арғын т. б.
ру тайпаларының жігіттері аз еместі. Олардың көпшілігі мал өсірген, егін
еккен. Осыған орай, жер шаруашылығынан зардап шеккендер кедей және орта
шаруалар болды. Кенесарының қол басқарған батырлары да халық ішінде аты
кеңінен мәлім адамдар еді. Олардың қатарында Шұбыртпалы Ағыбай, Қыпшақтың
батыры - Иман, Табынның батырлары - Бұхарбай, Тіленшіүлы Жоламан, Дулаттың
батыры - Бұғыбай, Шапырашты руының батыры - Сұраншы т. б., Кенесарының
інілері - Наурызбай, Әбілғазы, әпкесі - Бопай көтеріліске белсене қатысты.
Кенесары жасақтарында қазақтармен бірге қарақалпақтар, түрікмен,
қырғыз, өзбек, өкілдері де аз болған жоқ.
Дегенмен Кенесары оарлық әдіс-амалдарын қилданып іы-рысып бақса да,
кейбір феодалдық топтарды, үш жүздің ру-тайпалық бөлімдерін біріктіре
алмады. Көтерілістің ба-стапқы кезінен-ақ қазақ ақсүйектері бір-біріне
қарсы күре-суші екі жаққа бөлінді: патша өкіметі әлпештеген бөлігі
отарлаушы әкімшіліктің қолдауына сүйеніп, өздерінің саяси қарсыластарын
күйретуге күш салды. Кенесарының ымыраға келмейтін қарсыластары Ақмола
округінің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин, Кіші жүздің басқарушы
сұлтандары Ахмет пен Мұхаммед Жантөриндер, сұлтан Баймағамбет Айшуақов т.
б. болды. Кенесары Жетісуға өткеннен кейін көтеріліске қарсы ымырасыздық
позицияны Абылай ханның тұқымдары, яғни озінің туысқандары - Әли мен
Сыйықта ұстанды. Бірақ осыған қарамастан, Кенесары Қасымов өзінің туы
астында үш жүздегі қазақ руларының едәуір бөлігін топтастыра алды. Омбы
облыстық басқармасына қарасты сот-жазалау мекемелері жинастырған мәліметтер
бойынша тек Құсмұрын, Көкшетау, Ақмола, Қарқаралы және Баянауыл
округтерінде ғана көтерілісшілерді 80-нен астам сұлтандар мен билер,
ағамандар қолдаған.
1838 жылдың көктемінен бастап Кенесары жасақтары патша әскерлеріне
қарсы алдын ала жасалған жоспар бойынша дәйекті күрес жүргізді. Олармен
шайқаста Ақмола қаласын қиратып, Ақмола округіндегі патша әкімдерімен ауыз
жаласып жүрген Қоңырқұлжа сүлтанның ауылын шапты. 1840 жылы күзде
көтерілісшілер Ырғыз бен Торғай маңында патша әскеріне, орыс әкімшілігін
қолдаушы жергілікті бай-шонжарларға қарсы күресті күшейтті. Бұл түста
Кенесарыныц аты қазақ арасыида кеңінеп тарап, оның беделі бүкіл қазақ
даласі.шда дүрілдеп түрды. 1841 жылы қыркүйекте Кенесары үш жүзден адам
жинап, окесі Қасым ханның өлгенінс бір жыл толуыпа байланысты ас берді.Осы
астан кейін үш жүзден жиналған жамағат Кенесарыны ақ киізге салып, бүкіл
қазақ халқының ханы етіп сайлады.
Кенесары хан болып сайланғаинан кейін ел билеу тәртібі озгеріп, алым-
салық реформасы іске асырылды. Егіншілікті дамытуға, көрші елдсрмен сауда-
саттық байланысын орнатуға көңіл бөлінді. Керуеншілерді тоқтатып, олардан
салық алынатын болды.
Мемлекеттік құрылыс қайта өзгертілді. Хандық кеңес құрылды. Кеңесіп
шешетін жоғарғы органдарға ханға берілген батырлар, билер, сұлтандар,
ханның туысқандары кірді. Басқарудың негізгі тұтқасы Кенесарының өз қолында
қалды. Хандық кеңеске негізінен азаттық қозғалысының мүдделеріне адал, жеке
басының батылдығымен, дипломатиялық қабілетімен керінген адамдар енді.
Басқарудың арнайы қыз-меті хандық кеңес шешімдерінің, үндеулерінің
ауылдарда таратылуын, түсіндірілуін және орындалуын қадағалап отырды.
Әскери істе де Кенесары және оның көмекшілері бірқатар өзгерістерді
іске асырды. Батырлар мен төлеңгіттердің басқаруындағы көтерілісшілердің
әскери күші негізінен өз еркімен құралған жасақтар еді. Жасақтар
жүздіктерге, мыңдықтарға бөлінді. Әскер қатарында қатаң тәртіп орнатыл-ды.
Опасыздық жасағандар тек өлім жазасына кесілді.
Кенесары Ресеймен тату көршілік қатынас орнатуға ұмтылды. Бірақ Орта
жүзге билігін жүргізіп отырған Батыс Сібір губернаторы Горчаков,„ Орынбор
губернаторы Перовский Кенесарымен қарым-қатынаста екеуі екі түрлі
көзқараста болып, оның Ресей өкіметімен мәмлеге келуіне кедергі жасады.
Әсіресе, еркекірек Горчаков Кенесарыны менсінбей, оның орыс әкімшілігіне
деген өшпенділігін қоздырды.
1841-1842 жылдары Кенесары жасақтары Қоқан хандығына қарсы соғыс
жүргізді. Созақты, Сауранды алып, Қоқан хандығының елірме әуселесін басты.
Қоқандықтар келіссөз жүргізуге мәжбүр болды. Осыдан кейін барып соғысты
тоқтатқан Кенесары Торғай маңындағы ордасына қайтып оралды. Бір айтып
кететін жәйт, Кенесары Бүхара әмірімен және Хиуа хандығымен қарым-
қатынасындағы саясаты біршама өзгешелеу еді. Кенесары олармен өзара толық
сенімділік қатынас орнатты. Кейде Хиуа басқарушысы қазақ жасақтарын
зеңбіректерімен, ок-дәрімен жабдықтап отырды.
1843 жылы Орынбор генерал-губернаторы Перовский кетіп, оның орнына
Обручев келді. Кенесары мен Перовский бір-біріне сыйластықпен қарайтын.
Сондықтан көп мәселелер оділдікпен шешілетін. Енді Орынбор әкімшілігі-не
орыс патшасыпың Кенесарыға қаны қас тағы бір ұлығының келуі, оны
Горчаковпен бірігіп, Кенесарыны қуғындауына кең мүмкіндік жасады. Сөйтіп,
Горчаков пен Обручев Кенесары бастаған ұлт –азаттық көтерілістің
тұншықтыруға, Кенесарының кезін жоюға 1843 жылы 23 маусымда патша Николай
Біріншіден рұқсат алды. Соғыс шығынын өтеу үшін 14 мың сом, Кенесарының
басын кесіп әкелген адамға сыйға беру үшіи түтін салығы есебінен үш мың сом
қаржы бөлінді. Әскерлер соғысқа әзірлік жағдайына келтірілді.
Кенесарыға қарсы орыс әскерлерінің жорығы 1843 ж. 27 маусымда
басталды. Ырғыз өзенінің бойында патша әскерінің бір тобымен кездескен
Кенесары езінің патша өкіметімен келіссөз жүргізіп жатқанын айтып шайқасты
болдырмады. Бұл түста екі жақта әскери дайындығын мұқияттап жатты. Тамыз
айында Кенесарыға қарсы сұлтандар Жантөрин, Айшуақов, полковник Генс және
Бизянов бастаған бес мың әскер жіберілді. Омбы, Петропавл, Қарқаралыдағы
әскер күштері де Кенесарыға қарсы жорыққа ат-танды. 1 және 7 қыркүйекте
Кенесары жасақтары мен патша әскерлерінің арасында күшті шайқастар жүрді.
Көп адам шығынға ұшырады. Бірақ екі жақта жеңіске жете алмай, майдан
шебінен кері шегінді. Кенесары жасақтары енді ашық соғысқа бармай, байтақ
даланың әр түсынан керініп, тұтқындан тиісіп, жау әскерін мазалап берекетін
кетірді. Тынымсыз жорықтан шаршаған, үнемі қауіп-қатердің өтінде жүрген
патша әскерлері түні салқын, жауын-шашынды күз түсе бере ешбір нәтиже
шығара алмай бұрынғы тұрақтары Ор бекінісіне қайта оралды.
Қарулы күрестің кушейген кезеңі және оның жеңілуі,
1844-1845 жылдар қазақ даласындағы Кенесары бастаған ұлт-азаттық
қозғалысы орлеудің ең жоғарғы шегіне жеткен кезі еді. Оған Сыр бойының,
оңтүстіктің қазақтары қосылды. Кенесары өз әскерінің санын 20 мың адамға
жеткізді. Жасақтардың жауынгерлік дайындығын жетілдіруге, оларды дұрыстап
қаруландыруға көңіл бөлінді. Зеңбірек, мылтық, оқ-дәрі жасау, оларды сатып
алу, азық-түлік дайындау жұмысы жолға қойылды. Патша әкімшілігі әскерлеріне
тыңшы жіберу, барлау жұмысы ұйымдастырылды.
1844 жылдың жазында Кенесары жасақтарын құртуға, халық қозғалысын басу
үшін Ор бекінісінен, Ұлытаудан, Тобыл өзенінен патша әскерлерінің үш үлкен
тобы шықты. Олардың алдына Кенесары жасақтарын қоршап, шешуші соққы беру
міндеті қойылды. Осы міндетті ойдағыдай іске асыру үшін, олар Сібірден
Кенесарымен шайқас жүріп жатқан жерлерге бет алған генерал Жемчужниковтың
әскерімен күшейтілді. Кенесары бұл күштердің басын біріктірмеуге, сөйтіп
өзінің жасақтарын қоршап алуына мүмкіндік бермей, оларды бір-бірлеп құрту
тактикасын қолдануды жөн көрді. Сібір әскерінің алдынан шыққан оның шағын
тобы Ақмолаға қарай қаша соғыс салып, Кенесары күші Ұлытауға бет алыпты
деген лақап таратып, жау күшін осы жаққа тартты. Негізгі күшпен Ақмола
бекінісін шауып, Жантөрин шоғырын қоршап, ондағы 44 сүлтанды өлтірген
Кенесары мен оның батырлары 1844 жылы 14 тамызда Атбасар бекінісін тікелей
шабуылмен басып алды. Бұл оқиға патша әкімшілігін қатгы састырды.
Дуниковский, Жантөрин, Жемчужников әскерлеріне көмекке полковник
Ковалевскийдің отряды жіберілді. Жоғарыдағы айтылған шайқастардан кейін
Кенесары жасақтары Мұғалжар тауларына барып бекінген еді.
Кенссарының 1844 жылғы шайқастардағы табысы оның даңқын барлық
жерлсргс жайды. Бұхара әмірі мен Хиуа хандығы онымен тығыз байланыс жасауға
ұмтылып, оған сыйлықтар жолдады. Кенесары патша өкіметінен бітім сұрап,
даулы мәселелердің барлығын келіссөз арқылы шешейік деді. Патша әкімдері
оған онша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кенесары басқарған ұлт-азаттық көтерілістің басталу себептері мен барысы
Қазақ халқының ұлт азаттық жолындағы күресі
Қазақ шаруалары
Жай сөйлемнің түрлері
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы мен ұлт зиялылардың қызметі
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалысы
19 ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар
Ресейдің қазақ жерлерін басып көшуі
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстан
Пәндер