Қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы



1. Қоғамның әлеуметтік құрылымының проблемасы туралы ұғым.
2. Әлеуметтік қатынастар мен топтастырулар.
3. Әлеуметтік қауымдастықтардың тарихи типтері мен түрлері.
4. Отбасы аса маңызды кіші әлеуметтік топ (институт)
5. Әлеуметтік стратификация теориясының мәні.
Пайдаланған әдебиеттер
Қоғамдық қатынастар тепе-теңдік қатынас және теңсіздік қатынас болып бөлінеді.Мысалы, таптық-антагонисттік қоғамдардағы қоғамдық қатынастар теңсіздік қатынастарға жатады. Қоғамдық қатынастар тағы да ынтымақтастық және бәсекелестік, материалдық және рухани, мақсатты және мақсатсыз (стихиялы), жасампаздық және бүлдірушілік болып табылады.
Әлеуметтік құрылымдар қоғамдық құбылыстардың екінші, айтарлықтай маңызды түріне жатады. Олар күрделі әлеуметтік процестер мен әлеуметтік топтарға бөлінеді. Қоғам адамдардың күрделі өзара қарым-қатынасының жиынтығы ретінде онда алуан түрлі қатынастар мен байланыстар болып жатады. Солардың ішіндегі ең маңыздысы, -адамдардың материалдық өндіріс процесіндегі экономикалық қатынастары мен іс-әрекеті. Алайда қоғам өмірі бұлардан басқа да толып жатқан қатынас түрлерінен , қоғамдық мекемелер мен іс-әрекеттерден, идеялардан тұрады. Бұл құбылыстардың бәрі өзара байланыста және бірлікте болады. Сондықтан адамзат қоғамын ішкі және сыртқы байланысын , өзара тәуелдіктерін қатаң ескере отырып, біртұтастықта зерттеу қажет.
Бірақ, сонымен бірге, біртұтас қоғамдық қатынастарды құратын жеке құбылыстарды егжей-тегжейлі зерттеп білу үшін, оларды классификация жасап, талдау қажет, қоғамдық құбаластарды белгілі бір жұйеге келтіру керек. Бұл классификациялау, жүйелеу, оладың белгілі бір тұрғыдан алғанда маңызды болып табылатын мәнді белгілері бойынша жасалуы тиіс.
1) А.Қасабеков, А.Ақынжанов
Социология Алматы “Білім” 2001.

2) Арон Р.
Этапы развития социологической мысли М., 1993

3) Вебер М Основные социологические понятия:
Избранные произведения. М., 1990

4) История теоретической социологий. М., 1997

5) Современная западная социология:
Словарь. М., 1990.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қоғамның әлеуметтік құрылымы

Қоғамдық қатынастар тепе-теңдік қатынас және теңсіздік қатынас болып
бөлінеді.Мысалы, таптық-антагонисттік қоғамдардағы қоғамдық қатынастар
теңсіздік қатынастарға жатады. Қоғамдық қатынастар тағы да ынтымақтастық
және бәсекелестік, материалдық және рухани, мақсатты және мақсатсыз
(стихиялы), жасампаздық және бүлдірушілік болып табылады.
Әлеуметтік құрылымдар қоғамдық құбылыстардың екінші, айтарлықтай
маңызды түріне жатады. Олар күрделі әлеуметтік процестер мен әлеуметтік
топтарға бөлінеді. Қоғам адамдардың күрделі өзара қарым-қатынасының
жиынтығы ретінде онда алуан түрлі қатынастар мен байланыстар болып жатады.
Солардың ішіндегі ең маңыздысы, -адамдардың материалдық өндіріс
процесіндегі экономикалық қатынастары мен іс-әрекеті. Алайда қоғам өмірі
бұлардан басқа да толып жатқан қатынас түрлерінен , қоғамдық мекемелер мен
іс-әрекеттерден, идеялардан тұрады. Бұл құбылыстардың бәрі өзара байланыста
және бірлікте болады. Сондықтан адамзат қоғамын ішкі және сыртқы байланысын
, өзара тәуелдіктерін қатаң ескере отырып, біртұтастықта зерттеу қажет.
Бірақ, сонымен бірге, біртұтас қоғамдық қатынастарды құратын жеке
құбылыстарды егжей-тегжейлі зерттеп білу үшін, оларды классификация жасап,
талдау қажет, қоғамдық құбаластарды белгілі бір жұйеге келтіру керек. Бұл
классификациялау, жүйелеу, оладың белгілі бір тұрғыдан алғанда маңызды
болып табылатын мәнді белгілері бойынша жасалуы тиіс.
Қазіргі кезде социологиялық теориялардың бәрі қоғамдық құбылыстарды,
қоғамның әлеуметтік құрылымының өздігінше классификациялауға әрекет жасап,
құбылыстардың топтары арасындағы байланыстарды анықтауға тырысады, яғни
қоғамдық структура (құрылым) мәселесімен байланысты.
“Структура” термині латын тілінен алынған ол, жалпы алғанда,
белгілі бір заттың, құбылыстың элементтері арасындағы байланыстардың
айтарлықтай бір тұтастағын білдіретін термин.
Қоғамның эконмикалық базисін шын мәнінде келгенде бір-бірімен
айырғысыз байланыстағы екі элементтің-өндіргіш күштер мен өндірістік
қатынастардың бірлігі құрады, ал бұл екеуінің бірлігі өндіріс тәсілі болып
табылады.
Өндіріс тәсілінің элементтері: еңбек, еңбек құралы және еңбек
нәрсесі. Еңбек дегеніміз белгілі бір материалдық игіліктерді өндіруге
бағыттталған адамның саналы қызметі. Еңбек нәрсесі деп адамның өндіріс
құралының көмегімен өнделуге тиісті заттарды айтады. Еңбек құралы дегеніміз-
еңбек нәрсесін өндеу үшін қолданатын құрал-саймандар жиынтығы. Еңбек
құралы мен еңбек нәрселері, қоса алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары деп
аталады.
Бірақ еңбек нәрселері мен құралдарын адамның іс-әрекетінсіз “өлі
зат” деуге болады. Оларды қимылға келтіріп, өндіріс процесін жандандыратын-
адамның ”тірі” еңбегі, іс-әрекеті. Сондықтан өндіріс процесіне адам шешуші
фактор болып табылады- ол басты өндіргіш күш болып табылады
Қондырманың құрамына енетін қоғамдық құбылыстардың материалдық
игіліктер өндірісіне тікелей қатысы болмайды. Қондырманың құрасын екі
салаға: әлеуметтік-саяси қондырма мен қоғамдық сананың формаларына бөлуге
болады.
Әлеуметтік-саяси қондырмауға қоғамдық өмірдің түрлі формалары: ру,
тайпа, ұлт, мемлекет т.б және қоғамдық ережелер мен нормалар жатады.
Қоғамдық сана қоғамдық болмыстың бейнесі ретінде бірнеше формада көрінеді:
саяси, құқықтық, философиялық, діни, моральдық, эстетикалық және ғылыми
саналар формасында бейнеленеді. Қоғамдық сананың формалары өзара бір-біріне
әсер етеді және қоғамдық болмысқа кері әсерін тигізеді, ал базистің
қондырмаға тигізетін әсері сайып келгенде ғана шешуші рөл атқарады.
“Әлеуметтік топ” ұғымы жайлы бірыңғай пікір жоқ, сондықтан оның
анықтамасы да көп. Солардың ішінде, біздің пікірімізше, мына анықтама ең
дұрысы сияқты: әлеуметтік топ адамдардың белгілі бір қажетін қанағаттандыру
мақсатында өзара қарым-қатынас орната отырып, түрлі іс-әрекеттерді жүзеге
асыратын көптеген адамдардың үлкенді-кішілі жиынтығы. Бұл топ айтарлықтай
тұрақты, ортақ мүддесі бар және әдет-ғұрпы бірдей жиынтық, белгілі бір
тарихи қоғамда қалыптасады.
Бұл топтар белгілі бір маңызды белгінің егізінде: ұйымдасқандық
немесе ұйымдаспағандық, саяси, мәдени-идеологиялық т.б негізінде
классификацияланады.
Ғылыми-материалисттік социология әлеуметтік топтардың
классификайиясына тарихи принцип тұрғысынан қарайды, яғни олар белгілі бір
тарихи қоғамда, қоғамдық-экономикалық формацияда, қалыптасатын топтар деп
түсіндіреді; екіншіден, таптық қоғамдардағы ең негізгі әлеуметтік топтар –
таптар, қоғамдық өмірдің барлық салаларына, барлық басқа әлеуметтік
топтардың мінез-құлқына шешуші әсер ететін де осы таптық топтасу деп
түсіндіреді. Бұл материалисттік принцип әлеуметтік топтың ғылыми талдауының
негізін құрады.
Осы негізге сәйкес “Философиялық энциклопедиялық сөздікте”
әлекметтік топтар ірі, орташа, және кіші деп үшке бөлінеді.
Ірі (глобалдық) әлеуметтік топтарға жататындар: тұтас қоғам (ел)
көлеміндегі адамдар жиынтығы (алғашқы адамдар тобыры, ру, тайпа, халықтық,
ұлт сияқты этнографиялық топтар) әлеуметтік-экономикалық формациялар,
кәсіптік топтар, жасына қарай топтасу т.б. Жеке адам өзінің ірі топқа
қатыстығын саналы түрде білмеуі де мүмкін, өйткені ол сол топқа жататын
басқа адамдармен қатыспауы да мүмкін. Ірі топтардың қалыптасып, дамуының
екі негізгі сатысын айыруға болады: спонтанды түрде (өз бетінше) (мәселен
“өзіндік тап”) және ұйымдасқан түрде ; бұл екінші сатысында көптеген
адамдар өзінің сол топқа жататынын саналы түрде түсініп, сол топтың
мақсатын іске асыру үшін топтасып ұйымдасады.
Сондай-ақ толып жатқан ұсақ топтар-отбасы, бастауыш өндірістік
ұйымдар көршілердің ұйымы, мектеп кластары, курс, группалар т.б. бар. Ұсақ
топтың өзіне тән ерекшелігі сол, оның мүшелері бір-бірімен тікелей байланыс
жасыйды. Сыртқы ортаның әсеріне және топ мүшелерінің ішкі қарым-қатынасына
сәйкес қалыптасатын әрбір ұсақ топтың өзіне тән белгілі бір құрылымы
болады.
Түрлі әлеуметтік топтар өзара бір-біріне әсер етеді. Мәселен, таптық-
антагонистік қоғамдар жағдайында барлық топтардың (этникалық,
демографиялық, ұсақ топтардың т.б.) мінез –құлқы таптардың күресімен
анықталады, сондықтан мұндағы әлеуметтік топтардың бүкіл жүйесі (әлеуметтік
құрылым) конфликтілі сипатта болады.
Әрбір қоғамдық-экономикалық формацияда өндіріс тәсіліне сәйкес
иоптармен қатар адамдардың басқа да тарихи топтары болады.
Рулық- алғашқы адам тектестер тобырынан кейінгі бірінші адамдық
әлеуметтік топ, яғни тас дәуірінде өмір сүрген тобырдан кейінгі әлеуметтік
топ. Ру табиғаттың стихиялы күштеріне және жабайы аңдарға қарсы бірлесе
күресу мақсаты және шаруашылығы бір туысқан, қандас адамдардың тарихи тобы
болып табылады.
Рудың экономикалық негізі- өндіріс құралдарына деген коллективтік
меншік, оларды бірлесе пайдалану. Руды барлық ересек мүшелері қатысатын
кеңес басқарады. Осы кеңесте басшылар-ақсақалдар мен әскер басшылары-
сайланады немесе орнынан түсіріледі.
Халықтық- топтасу құл иеленушілік және феодалдық қоғамдық
формацияларға тән тарихи-әлеуметтік жиынтық болып табылады. Бұл әлеуметтік
топтасу бірнеше туысқан тайпалардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамның әлеуметтік құрылымы пәнінің зерттеу заты және объектісі
ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ ТУРАЛЫ
Теориялық және қолданбалы әлеуметтану.
Әлеуметтану ғылымының құрылымы мен қызметтері
Социологияның шығуына дейінгі әлеуметтік ой-пікірлердің қалыптасу эволюциясы
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметі
Қоғам философиялық таным обьектісі ретінде
Әлеуметтану ғылымының объектісі, оның пәні және әдістері
Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Пәндер