Аңырақай шайқасының маңызы



Өткен мен бүгіннің арасындағы терең тағылымды төл тарихымыз күннен-күнге толыға түсуде. Әсіресе, Отанымыздың бұрын көлеңкеде ысырылып қалған, елдігімізді айқындататын, сөйтіп, қоғамдық пікірді толыққанды қалыптастыратын тұстарымыз әлі көп. Қазақ жұртының еркіндігімен азаттығы үшін қаны мен жанын аямаған, есімдері аңызға айналған батырлардың ғажайып ерлігі барша қауымға жария етуде әзірге ол қылықтарымыз да жеткілікті.
Әсіресе, кейінгі 5-6 жылда халқымызды терең ойға шомдырған бір құбылыс – еліміздің көне замандағы орнықтылығын, саяси дербестігін қорғау жолындағы азаттық күрес туралы пікір жаңғырығы қатты естіле бастады. Соның бірі – Аңырақай шайқасының тарихы. Бұл соғыс, ондағы алып қашпа пікірлер, кейбір жағдайда тіптен тарихи шындықты бұрмалаған жәйттер, түрлі сауалдар туғызатынын байқап жүрміз. Мәселенің анығына көз жеткізу бұрынғы және шаң басқан архив құжаттары негізіндегі жаңа мәліметтерді сыни көзбен қарап, сараптауды талап етеді.
Аңырақай жеңісі бір ғана шайқастағы халық күресінің нәтижесі емес. Тарихтан белгілі, 1723-1727 жылдары «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы ел тағдырындағы моңғол шапқыншылығынан кейін қайталанып көрмеген жантүршігерлік қасірет болса, екінші жағынан, бұл оқиға қазақ хандарының көзін ашты, батырларының тізесін қосты. Тек қана халықтың қорғаныс мүмкіндіктерін бір уысқа шоғырландыру ғана жойқын апаттан елді құтқаруға жол ашатынын байқатты. Қазақ халқын жоңғар шапқыншылығынан аман алып қалу мақсатында Ресей еліне Әбілхайырдың бас июін, орыс үкіметінің қамқорлығын қабылдаумен түсіндіретін ескі тұжырым тарихи шындықтан тым алшақ. Алайда, монокоммунистік өктем идеологиялық нұсқа басқаша, әсіресе, оны әлсірететін, не жоққа шығаратын ғылыми ой-пікірдің қоғамдық санада орын алуына жол бермегені түсінікті.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Аңырақай шайқасының
маңызы
Өткен мен бүгіннің арасындағы терең тағылымды төл тарихымыз күннен-
күнге толыға түсуде. Әсіресе, Отанымыздың бұрын көлеңкеде ысырылып қалған,
елдігімізді айқындататын, сөйтіп, қоғамдық пікірді толыққанды
қалыптастыратын тұстарымыз әлі көп. Қазақ жұртының еркіндігімен азаттығы
үшін қаны мен жанын аямаған, есімдері аңызға айналған батырлардың ғажайып
ерлігі барша қауымға жария етуде әзірге ол қылықтарымыз да жеткілікті.
Әсіресе, кейінгі 5-6 жылда халқымызды терең ойға шомдырған бір құбылыс
– еліміздің көне замандағы орнықтылығын, саяси дербестігін қорғау жолындағы
азаттық күрес туралы пікір жаңғырығы қатты естіле бастады. Соның бірі –
Аңырақай шайқасының тарихы. Бұл соғыс, ондағы алып қашпа пікірлер, кейбір
жағдайда тіптен тарихи шындықты бұрмалаған жәйттер, түрлі сауалдар
туғызатынын байқап жүрміз. Мәселенің анығына көз жеткізу бұрынғы және шаң
басқан архив құжаттары негізіндегі жаңа мәліметтерді сыни көзбен қарап,
сараптауды талап етеді.
Аңырақай жеңісі бір ғана шайқастағы халық күресінің нәтижесі емес.
Тарихтан белгілі, 1723-1727 жылдары Ақтабан шұбырынды оқиғасы ел
тағдырындағы моңғол шапқыншылығынан кейін қайталанып көрмеген
жантүршігерлік қасірет болса, екінші жағынан, бұл оқиға қазақ хандарының
көзін ашты, батырларының тізесін қосты. Тек қана халықтың қорғаныс
мүмкіндіктерін бір уысқа шоғырландыру ғана жойқын апаттан елді құтқаруға
жол ашатынын байқатты. Қазақ халқын жоңғар шапқыншылығынан аман алып қалу
мақсатында Ресей еліне Әбілхайырдың бас июін, орыс үкіметінің қамқорлығын
қабылдаумен түсіндіретін ескі тұжырым тарихи шындықтан тым алшақ. Алайда,
монокоммунистік өктем идеологиялық нұсқа басқаша, әсіресе, оны әлсірететін,
не жоққа шығаратын ғылыми ой-пікірдің қоғамдық санада орын алуына жол
бермегені түсінікті.
Тек елдің ішкі мүмкіндіктерін бір арнаға жүйелеу хандықтардың мұң-
мұқтаждығын қорғап қалатындығы, барша күш-қуатты жұмылдыра үйлестіру ғана
болашақ шайқастарда жеңісті қамтамасыз ететіні айқындалған еді.
1726 жылы Ордабасыдағы үш жүз өкілдерінің құрылтайы жауға бірлесіп
соққы беруді ұйымдастыру жөнінде өте ұтымды шешім қабылдады. Бұл жиын
тамыздың аяққы күндерінде өтті. Сонда Қанжығалы Бөгенбайдың Қашанға дейін
тазы ит соңынан қалмаған қоян сияқты боламыз деп намысқа шапқан сөзі жеке
ерлігімен көзге түскен, кең далада есімдері аңызға айналған жаужүрек
батырларға терең ой салды. Құрылтайда жоңғарлардың әскери өнерімен жете
таныс 36 жастағы Мұхаммедқазы баһадүр Әбілхайыр дара сардар ретінде
бірауыздан сайланды.
Әбілхайыр саясатшы, тамаша дипломат, ел билеуде табандылығымен көзге
түскен әккі билеуші ғана емес, сонымен қатар бүгін Орталық Азияда жаужүрек
қлбасшылығымен атағы кең танылған сардар. 1726 жылы көктемде Торғай
даласында, Бұланты өзені бойында, Қарасиыр деген жерде үш жүздің қолына бас
болған Әбілхайырға пара-пар болған қолбасшыны табу қиын еді. Атышулы
Қанжығалы Бөгенбай (сол заманның өзінде төрт қолбасшы Бөгенбай деген атпен
белгілі еді), Қаракерей Қабанбай, Малайсары, Баян, Шақанай, Бөлек, Ошақбай
т.б. жеке ерліктерімен алдарына жан салмаған батырлар болғанымен де үш
жүздің біріккен қолының қимылдарын сұрапыл ұрыс даласында үйлестіруде және
қан майданда салмақтылықпен басқаруда Әбілхайырдың жөні бөлек еді.
Айталық, сол Ордабасыда үш жүздің әскерін басқаратын үш қолбасшы
анықталды – Ұлы жүзде – Саурық, Орта жүзде – Қабанбай, Кіші жүзде – Тайлақ.
Тағы бір мәселенің басын аша кетсек, 1998 жылы күзде Алматы облыстық
әкімшілігі ұйымдастырған ғылыми-практикалық конференцияда кейіннен сол
ұрысқа басшылық еткен сардарлар қатарында Саурық батырдың есімін
атағанымызда белді жазушылардың бірі ғылыми мәжіліс мінбесіне көтеріліп,
бізді XIX ғасырдағы Кенесары көтерілісіндегі Саурық батырмен шатыстырды
деп байбалам салды. Қазақ даласында хандардың да, батырлардың да, би-
старшындардың да үш жүзде есімдері қайталанатындығы белгілі ғой. Мен ғана
білетін екі Әбілхайыр (тағы бір зерттеушінің мәліметінде одан да көп), төрт
Абылай,жеті Барақ (бір зерттеушінің кітабында 13), төрт Бөгенбай, үш Саурық
бар.
1993 жылы 30 мың данамен Қазақстан баспасында жарық көрген Кенесары
хан атты монографиада Ұлы жүздің басты қолбасшыларының бірі- Саурықтың
1837- 1847 жылдары көтеріліске белсене қатысқандығын әңгілегенбіз. Бұл
арада сөздің арқауы болып отырған басқа Саурық Осы мәселе басқа да
зерттеушілердің соңғы жылдардағы еңбектерінде пайымдалған.
Аңырақай шайқасындағы ұлы жеңістің басты кепілі, сөз жоқ, қазақ
хандықтарының өзара, ішкі ынтымақтықпен тізе қосып күреске шығуы еді. Әйтсе
де Кіші жүз ханы Әбілхайыр, Орта жүздің ханы Сәмеке (Қосмамбет) және Ұлы
жүздің ханы Болат болып тұрған тұста біздің әскерлердің қалмақтармен
соғыста аракдік жеңіліс табуына өз ара ауыз бірліктің болмауы әсер еткен де
жоққа шығара алмаймыз. Кейбір жағдайда сарбаздарымыздың ұтылып
отырғандығының басты себептерінің бірі де өзара түсінушіліктің уақытша
болса да іркілуінде еді. Әбілхайырдың бас хандыққа талпуын да, Сәмекенің
(орыс деректерінде Шемак немесе Шахмұхамед) жоңғарлардың жойқын жорықтарын
есептемей өз дербестігін күшейтуді ойлауы да, Жолбарыс хан (бір деректе
Әбілхайыр оның туған інім дейді) өлгеннен кейін Болат ханның Ташкент
бектерінен ымырға келуге тырысуда, Сәмекемен жеке бәсекелестігі де елдің
тұтас қорғаныс қабілетін әлсіретті. Тек орда басындағы құрылтай Тәуекенің
өлімінен соң үш хандық арасындағы тереңдеген жікшілдікті тоқтатпайынша,
қалмақ шабуылдарын қанды қырғыннан қазақтар ұшырай беретін ашық айтып,
оларды өзара бәтуластырды.
Аңырақай және басқа да ойраттар мен қанды шайқастарды салыстыра
сипаттағанда, қару-жарақтардың сапасына, оларды орыс даласына пайдалану
мүмкіндігіне ат үсті қарайтын сияқтымыз. Бұл мәселенің басын ашып
алмайынша, көшпенді халықтарын, соның ішінде қазақ-қалмақ тартыстарының
ұзаққа созылуы мен үсті үстіне қайталану ахуалының астарлары мен себептері
анықтау өте қиын.
Мәселен, 1710-1711, 1715, 1717,1723-1727 жылдардағы ұрыстарда
қалмақтардың мол қару-жарағы оларға едәуір басымдылық берді. Қалмақ
әскерінің зеңбіректердің барлық дерлік түрлерімен қамтамасыз етілуі олардың
тек қана қазақтармен ғана емес, XVII ғасырдың соңғы ширегінен XVIII
ғасырдың 20-жылдарына дейін Цин империясымен, Алтай халықтарымен, басқа да
елдермен шайқастарда жеңістеріне жетуіне себепші болған еді.
Қазақ-қалмақ соғыстарының қатпарларына үңілгенде, өкінішке орай,
біздің отандық зерттеуші-тарихшыларымыз осы жайды естен шығарып, ағаттыққа
ұрынады. Сыбан-Рабтан таққа отырғанға дейін де орыс зерттеушісі А.Титовтың
пікіріне жүгінсек, XVII ғасыр соңында қалмақ әскерінде зеңбірек пен
қарулары өте көп болған. Оның 1722-1724 жылдардағы Ұрғадағы (қазіргі Ұлан-
Батор) жазбаларына және қалмақ билейшісі Сыбан-Рабтанның ставкасында болған
орыс елшісі, капитан Иван Унковскийдің мұқият жинастырған жазбаларына
қарағанда, қазақтармен шекаралас аудандарда бірнешезеңбірек жасайтын
зауыттар жұмыс ісиеген. Мортира (ауыр зеңбіректер), сонымен қатар
артиллерияның басқа да түрлері қалмақ әскерінің соғысу қабілетін бірнеше
есе рет арттырған, 1709 жылы Полтава түбінде орыс тұтқынына түскен, 1716
қазіргі Павлодар маңында, Ямыш тұз көлі жанындақалмақтардың қолына ауысқан
шведтік шпикюнкері (артиллерия сержанты) Иоганн Густав Ренат зеңбірек
құятын өнерімен Сыбан-Рабтанның көңілінен шығып, қалмақтардың қытаймен
және қазақтармен күресіне белсенді қатысқан.Қытаймен соғыста, тіпті,
қалмақтардың бас қолбасшысы дәрежесіне көтерілген. Тек 1733 жылы ғана ол
Сібір арқылы Швецияға қайтып оралады.
Аңырақай шайқасының қарсаныңда соғыс өнерін салыстырып сипатамай,
бұл ұрыстың барысын, нәтижесінің негізін айқындау да қиын болар. Шыңғыс
ханның заманынан кейін оның немересі Бату мен Жошы хан басқарған
империяларының құрамына кіреген халықтарда соғыстың басты күші атты әскер
болатын.
Қалмақтар ірі тегеурінді ұрыстарды ұйымдастыруда мол тәжірибе
жинаған. ХVII ғасырдың соңы мен XVIIIғасырдың бірінші ширегінде
қалмақтардың Қытаймен жойқын қақтығыстары, басқа да елдермен тайталасы
олардың әскери өнерін шыңдады, ойраттар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі және аңырақай шайқасының маңызы
«Аңырақай шайқасы» және оның тарихи маңызы
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарындағы қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресі
XVIIғ Соңы мен XVIII ғ. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты
Аңырақай шайқасы және оның маңызы
Ғасыр шайқасы - аңырақай
ХҮІІІ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ
Қарақалпақтармен бірге қазақ жасақтары
Ж.Қ.Қасымбаевтың өскен ортасы мен еңбек жолының басталуы
Қазақ-жоңғар соғыстары. .ХҮІІІғ бірінші ширегіндегі қазақ-орыс қарым-қатынастары. Қазақстанның Ресейге бодандыққа өтуінің барысы
Пәндер