Жердің құрылысы



Жердің ішкі құрылысы. Жердің ішкі құрылысы туралы мәліметтер әлі жете зерттелмеген аса күрделі ғылыми мәселе болып табылады. Өйткені зерттеу барысында жер қыртысының бар болғаны 15 км-ге дейінгі тереңдікте ғана бұрғыланып (Қола түбегіндегі ұңғыма), оны құрайтын жыныстардың нақты үлгілері алынған. Жердің бұдан тереңде жатқан бөліктері, оны құрайтын жыныстардың құрамы мен қасиеттері жайлы түсінік, негізінен, жер сілкіну кезінде пайда болатын толқындардың қозғалу жылдамдығын, арнайы геофизикалық және сейсмикалық барлау нәтижелерін саралау мен талдау негізінде қалыптасады.
Жердін ең беткі жұқа қатты қабығы — жер қыртысы. Оның орташа қалыңдығы мұхиттар астында 5 — 10 км, материктерде 35 — 40 км, ал биік таулы аудандарда 70 км-ге дейін жетеді.

Жердің құрылысы

Жердің ішкі құрылысы. Жердің ішкі құрылысы туралы мәліметтер әлі жете
зерттелмеген аса күрделі ғылыми мәселе болып табылады. Өйткені зерттеу
барысында жер қыртысының бар болғаны 15 км-ге дейінгі тереңдікте ғана
бұрғыланып (Қола түбегіндегі ұңғыма), оны құрайтын жыныстардың нақты
үлгілері алынған. Жердің бұдан тереңде жатқан бөліктері, оны құрайтын
жыныстардың құрамы мен қасиеттері жайлы түсінік, негізінен, жер сілкіну
кезінде пайда болатын толқындардың қозғалу жылдамдығын, арнайы геофизикалық
және сейсмикалық барлау нәтижелерін саралау мен талдау негізінде
қалыптасады.
Жердін ең беткі жұқа қатты қабығы — жер қыртысы. Оның орташа қалыңдығы
мұхиттар астында 5 — 10 км, материктерде 35 — 40 км, ал биік таулы
аудандарда 70 км-ге дейін жетеді.
Кейбір ғылыми болжамдар бойынша, материктердегі жер қыртысының болғандығы
250 км-ге дейін жетуі мүмкін. Жердің келесі қабаты—мантия (грекше тапtіоп —
жамылғы) 2900 км-ге дейінгі тереңдікте орналасқан. Ол жер қыртысынан жұқа
Мохоровичич қабаты арқылы бөлініп жатыр, оны 1909 жылы Югославиялық
сейсмолог А.Мохоровичич анықтаған. Бұл қабатта тығыздық 2,9-дан 3,5 тм3-ге
дейін жоғарылап, ал сейсмикалық толқындардың өту жылдамдығы 6,7-ден 8,2
кмс-қа дейін күрт артады. Мантия Жер көлемінің 83%-ын, жалпы салмағының
67%-ын кұрайды.
Мантия тығыздығы — 4,5 тм3, температурасы 220°С болатын жогарғы манпшяга
және тығыздығы — 5,7 тм3, температурасы 3600°С-қа жететін төменгі мантияға
жіктеледі. 900 км-ге дейін созылып жатқан жоғарғы мантияның 250—300 км
терендігінде қаттылығы мен беріктігі төмендеу, тұтқыр қабат орналасқан, оны
астеносфера деп атайды. Астеносфераны құрайтын жыныстар онша тығыз емес,
тұтқыр әрі майысқақ болып келеді сол себепті жер қыртысында болатын
қозғалыстарды және магматизм мен метаморфизм құбылыстарын күшейтеді.
Астеносферадан жоғары орналасқан жоғарғы мантия мен жер қыртысы литосфераны
құрайды. Литосфера қабығы жекелеген литосфералық тақталар жиынтығынан
құралатыны сендерге мәлім. Олар неміс геофизигі А.Вегенердің литосфералық
тақталар теориясына сәйкес, үнемі қозғалыста болады; бұл қозғалыс
астеносфераның тұтқыр бетіңде сырғу нәтижесінде жүзеге асады. Мантияның 900-
ден 2900 км-ге дейінгі аралығын төменгі мантия алып жатыр. Температураның
өте жоғары болғанына қарамастан, жоғары қысымның әсерінен мантия заттары
(магма) иленген тұтқыр күйде болады.
Мантиядан төмендегі, 2900-ден 6370 км аралығында орналасқан Жердің ішкі
өзегін ядро деп атайды. Құрылымы жағынан ядро бірін-бірі көмкере орналасқан
екі бөліктен тұрады. Сұйық металдардың (темір, никель және т.б.) қоспасынан
тұратын, 2900-ден 5000 км-ге дейінгі аралықты алып жатқан сыртқы ядро бір-
шама қозғалмалы болып келеді. Оның тығыздығы орташа есеппен 10 — 15 тм3,
температурасы 4000°С шамасында болады. Ал ішкі ядрода температура күрт
жоғарылап, 6000°С-ка жетеді, тығыздығы 15 — 20 тм3-ге артады. Күшті жер
сілкінулер нәтижесінде Жердің ішкі өзегі арқылы өтетін сейсмикалық
толқындардың таралу сипатын зерттеген америкалық геофизиктер Р.Кохе мен
Л.Штихруде ішкі ядроның біртұтас қатты темір шар екендігі туралы болжам
жасады. Электрөткізгіштігі жоғары болатын темір, температураның күрт
айырмашылығы әсерінен сыртқы ядроны да жылдам айналымға түсіреді. Соның
нәтижесінде құйынды магнит өрісі пайда болады. Бұл магниттік өріс Жер шары
шеңберінен шығып, ғарыш кеңістігіне де таралады, тіпті Күннен келетін
зарядталған бөлшектерді кері тебеді.
Құрамы мең қасиеттері түрліше болатын Жер қабаттарының жіктелуі —
бастапқы салқын заттың ұзақ геологиялық уақыт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жертану пәнінен дәрістер кешені
Геродоттың еңбектері
Жердің құрылысы мен пішіні
Жер жайлы жалпы мәлiметтер
Қапшағай қаласының орталық аумағы
Жер ғылымдардың негізгі бағыттары болып келетін ғылымдар
Жер туралы
Жердің тарихы, жердің ішкі құрылысы
Жер қабаттары (геосфералар)
Жердің пайда болуы
Пәндер