Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру: құрылымы, нысандары және жоспарлы техникалық қызмет көрсету


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру

1. Жөндеу қызметінің құрылымы мен құрамы

2. Жөндеу қоры

Өндiрiстегi ең iрi қосалқы шаруашылық - жөндеу шаруашылығы. Жөндеу шаруашылығының құрамына:

  • жөндеу-механикалық және басқада цехтар, немесе жабдық жөндеу шеберханалары;
  • жөндеу-механикалық немесе электра-механикалық учаскiлер кiредi.

Жөндеу шаруашылығының бөлiмiн бас механик басқарады. Әрбiр геологиялық барлау, бұрғылау, өндiру кәсiпорында жабдықты пайдаланумен байланысты көп көлемде жөндеу жұмыстарын өткiзедi. Сондықтан, жабдықтың iстен шығуын алдын-ала болдырмау, оны жөндеуге кеткен шығындарды қысқартудың, бiрден-бiр амалы жабдыққа техникалық қызмет ету немесе техникалық күту.

Техникалық қызмет ету - дегенiмiз әр сменалық күту, яғни механизмдердi (тетiктердi) уақтылы қалыпқа келтiру, майда бұзылыстарды жою, профилактикалық техникалық байқау өткiзу. Мұнын бәрi белгiленген уақытта өткiзiлiп, бұзылыстардың байқалып, қалпына келтiру мақсатымен атқарылады.

Жөндеу шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру, жабдықтардың үздiксiз, әрi тиiмдi пайдалануда маңызды жағдай болып келедi. Оны ұйымдастырудың үш нысаны бар:

  • Орталықтандырылған;
  • Орталықтандырылмаған;
  • Араластырылған.

1. Ұйымдастырудың орталықтандырылған нысанында жөндеулердiң барлық түрi - жөндеу-механикалық цехтың жұмысшыларымен атқарылады. Әртүрлi күрделiлiгi бойынша жөндеу жұмыстары әрбiр цехiнiң бригада күшiмен жүргiзiледi. Механикалық жөндеу базасы бөлiмшiлердiң тапсырысы бойынша қосалқы бөлшектердi шығару және күрделi жөндеу жұмыстарымен айналысады. Мысалы, ұңғыларды жерасты және күрделi жөндеу үшiн арнаулы бригадалар болса, ал жабдықтарды жөндеу және модернизациялау - орталық базаларда жүргiзiледi.

Базаларда бүкiл жұмысшылар тобы және жөндеу құралдары шоғырланған. Өндiрiс цехтарында тез тозғыш бөлшектердi ауыстыруымен байланысты жабдықты күту, бақылау, майда күнделiктi жөндеу жұмыстарын атқаратың тек кезектегi жұмысшы бригадалары ғана қалады. Жөндеу шаруашылығын ұйымдастырудың бұл нысанында жөндеушiлер механизация құралдарын пайдаланатын бiртектес жұмыстарда маманданады - бұл жөндеу мерзiмiң қысқартып, еңбек өнiмдiлiгн өсiрiп, жөндеу шығындарының азаюына әкеледi.

2. Ұйымдастырудың орталықтандырылмаған нысанында кәсiпорын-ның әр цехi жөндеу жұмыстарын өзi жасайды. Жөндеу-механикалық цех бұл жағдайда қосымша бөлшектерге тапсырыс алады және агрегаттардың күрделi жұмысын өткiзедi. Бұл нысаны тиiмсiз болып табылады, себебi мұнда жөндеудi атқарушы жұмысшылар мен жөндеу құралдарын орынсыз пайдалану, жөндеудi бiтiруi мен жөндеуге дайындалу мерзiмiнiң ұзаруы айқындалады.

Жөндеу қоры - негiзгi қорларды жөндеудiң барлық түрлерiн (күрделi, орташа, ағымдағы) жүзеге асыру үшiн кәсiпорындарда, бiрлестiктерде құралатын ақшалай қаражаттың арнаулы қоры. Өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) өзiндiк құны есебiнен норматив бойынша құрылады.

Араластырылған түрi бойынша жөндеу жұмыстарын цехтағы жөндеу қызметкерлерi және мамандандырылған жөндеу цехтары және ұйымдары жүргiзедi. Бұл нысаны бойынша цехтағы жөндеу қызметiн жабдықты күн-делiктi жөндеу, күту және қадағалау жұмысын, ал күрделi жөндеу жұмыстарынын көлемi ортақтандырылыған тәртiппен жүргiзiледi.

Өнеркәсiптегi жұмыс iстейтiн құрал жабдықтардың жұмыс қабiлеттiлiгi жоспарлы алдынала жөндеу (ЖАЖ) жүйесi арқылы қамтамасыз етiледi.

ЖАЖ-дың ерекшелегi:

  • алдынала және жоспарлы күту;
  • қызмет ету және жабдықты жөндеу шараларын жүргiзу;

ЖАЖ жүйесiне мына жұмыстар жатады:

  • жабдықтарды күту;
  • жөндеу аралық қызмет ету;
  • қарау, тексеру, жуу және майды ауыстыру;
  • кезеңдiк жоспарлы жөндеулер (шағын, орташа және күрделi) ;

Құрал жабдықтарды күту - негiзгi өндiрiс жұмысшыларымен жүргiзiледi. Жабдықтарды таза сақтау, мерзiмдi жұмыс бөлшектерiң сүрту, оларды реттi майлау.

Жөндеу аралық қызмет ету - жабдықтарды пайдалану, күту, уақы-тында ұсақ оқастарың жою. Бұл қызметтер жабдықтың жұмыс үзiлiсiнде жүргiзiледi.

Шағын және орташа жөндеулер ағымдағы (күнделiктi) жөндеу деп аталады.

Шағын жөндеу - бөлшектердi (детальдарды) ауыстыру және механизмдердi (тетiктердi) түзеу.

Орташа жөндеу - шағын жөндеу мен қатар, iшiнара ажырату, тозған бөлшектерiң ауыстыру және қалпына келтiру.

Күрделi жөндеу - агрегатты толық ажырату, тозған детальдарын, түйiндiлерiң ауыстыру. Күрделi жөндеу арқылы құрал жабдықтың қуаты бұрынғы қалпына келедi. Кейбiр жағдайда күрделi жөндеумен қатар жабдықты модернизациялауда жүргiзiледi.

Өндiру ұңғылардың жұмысы - жабдықтарың күту және оларды жоспарлы жөндеудiң өткiзуден тұрады.

Ұңғылардың жербетiндегi жабдықтарды жөндеуге шағын (күнделiктi), орта және күрделi жөндеулер жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жол жөндеу машиналары: құрылымы, жіктелуі және техникалық қызмет көрсету
Жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу: түрлері, кезеңдері, негізгі элементтері мен ұйымдастыру ерекшеліктері
Кәсіпорынның құрал-сайман, көлік, жөндеу, қойма және энергетика шаруашылығын ұйымдастыру мәселелері
Атыраунефтемаш ЖШС-тің мұнай-газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру
Газ тарату механизмінің құрылымы, диагностикасы және техникалық қызмет көрсету мен жөндеу әдістері
Автокөлік тасымалдауы мен жөндеу кәсіпорындарының өндірістік бағдарламалары: өнеркәсіптік көлікті ұйымдастыру және техникалық қызмет көрсету
Автокөлік кәсіпорнындағы техникалық қызмет көрсету және жөндеу өндірісін жобалау
Ішкі жану қозғалтқышының салқындату жүйесі: құрылымы, техникалық қызмет көрсету және күрделі ақауларды жөндеу
КамАЗ автокөлігінің жарықтандыру жүйесін жөндеу және техникалық қызмет көрсету технологиясы
Жол-құрылыс машиналарының құрылымы мен жіктелуі, салқындату жүйесін жөндеу және техникалық қызмет көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz