Маңғыстау облысының туристік – экскурсиялық мүмкіндіктері


МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК - ЭКСКУРСИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Маңғыстау өлкесінің мүмкіндіктері өте бай . Бұл теңіз жағасында орналасқан тамаша жасыл Ақтау қаласы және онымен байланысты демалыс ; өлкенің украин ақыны Т . Г . Шевченко болған бай тарих ; VІІ -ХVІІ ғ . Қазақ халқының дәстүрі, салты, өткен өмірі туралы, суреттейтін, архитектуралық ежелғі ескерткіштердің үлкен саны, шөл далада пайда болған ерекше жасыл шөп бұрыштары, сирек кездесетін аңдарға лицензиялық аңшылыққа кең қолайлылық, балық аулау кәсібі, желкенді қайықпен қыдырыс, аң және өсімдік әлемімен танысу . Тур фирмалардың өңделуімен әрбір сапар желісіне туристердің келуіне байланысты керекті уақыт анықталған . Маңғыстау жеріне саяхат арқылы, сіз өткен күннің тынысын сезініп, Маңғыстау құпияларын ашып, табиғат сұлулығының куәсі боласыз .
Маңғыстау облысы 167, 7 км ² орын алады . Облыста үш қала : Ақтау - облыс орталығы, Жаңа - Өзен, Форт - Шевченко ; төрт район : Маңғыстау район орталығы Шетпе поселкесі, Бейнеу район орталығы Бейнеу поселкесі, Қарақия район орталығы Құрық поселкесі, Түпқараған орталығы Форт - Шевченко қаласы бар . Ауа - райы құбылмалы, өте құрғақ . Жауын - шашын жылына 110 - 140 мл . , ал буланғыштық жылына 900 мл . Жылына 100 - 120 күн ауаның ылғалдығы 30 пайыздан төмен . Жазғы температураның орташа көрсеткіші +33 - 33º, қысқы көрсеткіші - 30 º . Тәулік температурасының амплитудасы 25 - 30 º жетеді . Облыс Маңғышылақ түбегінде, ол Қазақстанның оңтүстік - батысында, Каспий теңіз жағалауында орналасқан . Шығыстан оны Үстірттің елсіз даласы қорғап тұр, ал үш жақтан теңіз шайып жатыр . Солтүстік, батыс және оңтүстік жағы сазды шөл дала, ал орталық жағы таулы Маңғыстау . Ең биік нүкте теңіз деңгейінен 562 метр . Солтүстік - батыстан - оңтүстік - шығысқа қарай Қаратаушық тау жоталары жалғасқан . Бұл таулы қыртыс сызығының екі жағынан тауларға қарама - қарсы солтүстік және оңтүстік Ақтау тау жоталары жіңішке алқап болып бөлінген . Маңғыстаудың оңтүстік - шығыс жағы батыс Үстіртке қарай жолы құмдармен, тақырлар, үлкен сорлар және дөңбектермен толған . Осының бәрі осы өлкеде болғандарды таң қалдыратыны соншалық, бұл сұлулықты ұмыта алмайды . Бұл өлке шырайсыз, бір қарағанда жансыз, шөл дала сияқты, әсіресе ыстық күндерде ; бірақ тереңірек назар аударсаңыздар, жансыз дүние тіріледі, қайнайды, әсіресе көктем мен жазғы жаңбыр келісімен . Сонымен қоса « Маңғыстау гүлдері » сапар желісі бар .
Облыстың өсімдік өсуі көбінесе бет - бедер мен жер құнарлығына байланысты . Кең әрі сазды жондарда және жазықтықта негізгі фонды жусан, бүйірген және сор жердің шөптер түрлері құрайды . Құмдарда ағаш және бұта : саксаул, тамариск және тағы басқа өсімдіктері мол болып өседі . Шығыс және оңтүстік - шығыс түбектерінде тіпті адам баспаған жерлерде саксаул қорлары бар, олар екі түрге бөлінеді : ақ және қара .
Бейнеу поселкесінің оңтүстік жағында және Каспий жағалауында, Саура поселкесінің районында тораңға өседі . Маңғыстау сүтқоректілер жануарлар дүниесі - шөл далалық . Көбінесе, барлық жерде кездесетіндер кеміргіш тұқымдастар . Тұяқты сүтқоректілер мұнда аңшылық обьектісі болып табылады . Киіктердің тобын Үстіртте және Бозашы түбегінде кездестіруге болады . Қарақұйрықтарда киіктер мекендейтін жерде кездеседі . Қаратау таулары мен Үстірттің батысында муфлондардың ( архар ) тобын кездестіруге болады . Жыртқыш аң сүтқоректілері - бұл ит тұқымдастар : қасқырлар, түлкі, қорсақтар ; мысық тұқымдастардан : бархан мысығын кездестіруге болады .
Маңғыстау облысын мекендейтін жануарлар : ұзынтікенді кірпі, үнді жабайысы, қарақал, гепард, киік, бархан мысығы, үстірт муфлоны Қызыл кітапқа енгізілген. Құстар дүниесі де алуан түрлі . Тек бозторғайдың өзі жеті түрге бөлінеді . Тұрғын пунктерінде қарлығаш, үй және дала торғайы мекендейді . Үкінің кәдімгі жапалақ және үй байғызы түрлері бар . Жыртқыш құстарды барлық жерде кездестіруге болады . Бұл дала қыраны, кейде бүркіт және тағы басқа . Тауларда кеклік сияты тауық тектес құстарды кездестіруге болады .
Каспий теңізі мен Үстірт жоны жылы жаққа ұшатын құстардың негізгі жолы болып табылады . Көктемгі және күзгі ұшатын уақытта Каспий жағажайында суда жүзетін барлық құстарды көруге болады . Кейде саны 15 мыңға дейін жетеді : барылдақ торғай, қызыл торғай, сары торғай, көгершіндер ; Қызыл Кітапқа енгізілген құстарды да - фламинго, қарақұс, бүркіт, құзғын, бұлдырлақ аққұйрық, орлан, аққу және тағы басқалары бар . Бұл құстардың барлығын Қаракөл көлінде көруге болады, аққулар Ақтау жағажайында қыстайды .
Облыс территориясында 3 түрлі Қызыл Кітапқа енгізілген жыландар түрі бар : су жыланы, төртсызықты жорғалағыш, стрелка . Сонымен қоса кесірткілердің көптеген түрлері бар .
Облыс территориясында бір ғана үлкен су обьектісі Каспий теңізі . Ол тек қана көлік магистралі емес, ауыз су қайнары да . Ақтау қаласы мен Форт - Шевченко қаласында теңіз суын тұщытатын қондырғылар жұмыс істейді . Каспий теңізі өзінің әртүрлі балық байлығымен белгілі, ең бастысы уылдырықты балықтармен ( ақ балық, осетр, қызыл - балық ) мұнда 90 % бүкіләлемдік қоры бар . Сонымен қоса Қызыл кітапқа енгізілген Каспий өгіз балығы бар .
Шаруашылық құндылығы бар балықтардың ішінде Каспий майшабағы мен қаракөзді айта кетейік . Қара теңізден Каспийге кефаль балығы әкелінді . Қазір бұл балықты кәдімгі балықтардың түрлеріне қосуға болады . Солтүстік - шығыс Каспийде сазан мен судакты кәсіп етеді . Жағажай бойында балықшылар қызығатын бұзаубас көп . Теңіз сүтқоректілеріне Каспийдің солтүстік - батысында мекендейтін Каспий итбалығын айтуға болады .
Туристік фирмалар туристерді облыстың жануарлар мен өсімдіктер дүниесімен таныстыруға және желкенді қайықпен су қыдырыстары мен балық аулауға мүмкіндіктер жасайды .
Облыс территорирясында Форт - Шевченко қаласынан 30 км . қашықтықта орналасқан « Тамшалы » әдемі жасыл бұрыш - арналары бар, Ақмыш - Қаратау тауларында, Сұлтан - Әпе шатқалы ( ескі Хива жолымен ) және т . б . Каспий теңізінің жағалауында .
Жануарлар және өсімдіктерді қорғау мақсатында Үстүрт мемлекеттік биосфералық ( 1980 жылы салынған ) және Ақтау - Бозашы ( 1982 жылы салынған ) , әлем мұхиты деңгейінен 132 метр төмен орналасқан Қарақия ойпаты бар Қарақия - Қаракөл ( 1986 жылы салынған ) заповедниктері құрылды . Маңғыстау алқабы көптеген архитектуралық, археологиялық ескерткіштер сақтаған . Олар ғалымдарға, археологтарға және әрбір мәдениетті адамға құнсыз мағнасы бар . Маңғыстау архитектуралық ескерткіштері 2 топқа бөлінеді : мемориалды табыт ескерткіштері және діни ғимараттар - мешіттер . Ескерткіштердің үлкен саны төрт түрге бөлінеді : Қошқар - мүйіз стильдік мүсін, табыт қоймаларының кіші формалары : құлпытас, қойтас, үштас және т . б. сағанатам, саркофаг, күмбез мавзолей - мазарлары . Қойтас - ескі ескерткіштердің бірі, оның жеке образдары ІХ - Х - ғ . ғ . қола дәуіріне жатады . Бұл тастан жасалған қой мүсіні және тастан қиып жасалған тағы басқа жануарлар мүсіндері бар табыттар ежелгі Маңғыстаудың тас өндіру техникасының қаншалықты екндігін айқын белгіленеді . Олар тас өндірісі қола дәуірінде және ерте ортағасырда жоғары нәтижеге жетіп тас шеберлері өнерінің туылуына себеп болды . Маңғыстау территориясының барлық жерінде ең көп тараған тастың түрі - құлпытас . Бұл ұзындығы 2 метр әшекейленген тас мүсіндері . Ою түрлері әртүрлі, шексіз, мың құлпытастың ішінде қайталанбайтын, тіпті бір - біріне ұқсамайтын түрлері бар . Олардың әрқайсысы тас көркем оюының кішкентай шедевр . Табыт ескерткіштерінің ең көп тараған түрі - саркофаг . Бұл тегіс тас плитасымен жабылған тас қорап . Саркофагтың сағанатпен түрі мен сыртқы көлемі бір болғанымен, формаларының әртүрлілігі және бай көркемділігімен ерекшелінеді . Ең тамаша некрополь ескерткіштері - бұл мовзолейлер . Маңғыстау мавзолейлері тамаша құбылыс . Мавзолей көлемінің алдыңғы беті 5 - 6 метрден, ұзындығы 7 - 9 метрден үлкен емес . Маңғыстау табыт ескерткіштерімен қос діни орындар - мешіттер бар . Масат - ата, Бекет - ата, Қараман - ата, Шопан - ата және тағы басқа сияқты жер - асты мешіттері жақсы сақталған . Освылардың ішіндегі ең тамашасы төрт камерлі ХІV - Х VІ ғасырдың Сарыташ шығанағының оңтүстік жағасындағы орналасқан таудан соғылған Шақпақ - ата жерасты мешіті . Шақпақ - ата мешітінің ерекшелігі ол Орта Азия және Қазақстанда табылған мешіттердің ішіндегі толық сақталған бір ғана мешіт . Бұл ескерткіштердің барлығында қазақ халқының барлық шаруашылық мәдениеті, өнері, дәстүрі бейнеленген . Маңғыстау және Үстірт мәдениет ескерткіштері қола дәуірінің ең маңызды ошақ мәдениеттері, ерте және кш темір ғасырларының қатынасын айқындайтын құжат болып табылады . Қаратау тауларындағы ежелгі мыс өндіру, көптеген шөл кургандары, Ақтау және Форт - Шевченко қалаларының мұражайларында сақталынған оюланған тоға Маңғыстау жерінде сақ ( скиф ) мәдениеті болғандығын, металлургияның дамығандығын дәлелдейді .
Ежелгі ескерткіштердің бірі Ұлы Жібек жолында сақталған керуен - сарайлардың құламалардың бекітілген мекендері мен ежелгі табыттарының кездесетін учаскісі болып табылады . Бейнеу поселкесінің оңтүстік шығысқа қарай алыс емес жерде, сонымен қоса Шетпе поселкесінде тағы бір керуен - сарайлары табылған . Кезінде Сарыташ, Кетік, Алта, Шерқала, Маңғышылақ сияқты Каспий теңіз жағасында көптеген үлкен көне - тарихи қалалар шулаған .
Олардың көбінің құламалары әлі - күнге дейін бар . Олар Түпқараған түбегінің оңтүстік жағасымен, Ираннан - Түркменстанға, Хивадан - Үстіртке жүргендіктен Маңғыстау ежелгі қалаларынан өте керуен жолы учаскілерін көп кездестіруге болады .
Б9л жолда ежелгі орындардың қалдықтары ерекше қызықтырады . Олар : Кентті Баба, Ақшора - Белторан, Сағындық, Қаракөз - Айым, Шерқала бекінісі және т . б. Облыста тарихи ескерткіштер, архитектуралар, археология мен табиғатты қорғау мақсатында белгілі жұмыстар жүргізілуде, олардың 139 республикалық және жергілікті қорғау категориясы бар мемлекеттік санауға алынған . Маңғыстау ескерткіштері өзінің архитектуралық және тарихи ерекшелігімен шет ел азаматтарын да қызықтырады . Саура, Тамшалы, Сұлтан - Әпе сайы және т . б . табиғи ескерткіштер туризм мен демалыстың ең тамаша кешені болады ; Бекет - Ата, Шопан - Ата, Қараман - Ата, Шақпақ - ата жер асты мешіттері табыну, иілу жері болады . Туристік фирмалары бұл демалыс және табыну жерлеріне сапар желісі дацындалған . Маңғыстау өзінің тарихы мен қазіргі заманымен бай . Бұл планда 1857 жылы туындаған ( қазіргі Форт - Шевченко ) бұрынғы Форт - Александровск слободасы тарихи әрі мәдени қызығушылық білдіреді . Қазіргі Форт- Шевченко қаласы осы жерлерде ( Новопетровск бекінісінде 1850 - 1857 жж . ) көп жылдар бойы қуғыншылықта болған украиндік Т . Г . Шевченко атымен байланысты . 1932 жылы Т . Г . Шевченконың атына оның іздеушілерден тығылып жазған, сурет салған, жанында шағын жері бар мемориалды мұражайы ашылған . 1850 жылы паркте Т . Г . Шевченкрның қатысуымен паркте отырғызған ағашы әлі күнге дейін бар, ол қазір заповедник болып табылады .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz