Балалардың шартты рефлекстері


Балалардың шартты рефлекстері.
Балалардың шартты рефлекстерінің маңызы және олардың шартсыз рефлекстерден айырмашылығы. И. П. Павлов барлық рефлекстерді екі топқа шартты және шартсыз рефлекстер деп бөлгені айтылған. Шартсыз рефлекстер алғашқы кезде организмнің тірлігін сақтау үшін қажет. Балалардың шартсыз рефлекстерін туысыменен тексеру арқылы олардың жүйке жүйесінің дамуын анықтайды. Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, өздерінің орындалуы үшін ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейді. Тітіркендіргіш әсер етісімен шартсыз жауап пайда болады. Олар тұқым қуалайды, сондықтан организмнің әр түріне тән өздерінің шартсыз рефлекстері болады. Бұл рефлекстердің рефлекторлы доғасы жүйке жүйесінің төменгі дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері арқылы қалыптасады да ми сыңарларының қыртыстары қатыспай - ақ іске аса береді. Шартсыз рефлекстер негізінен ұрықтық кезеңде де, бала туғаннан кейін де қалыптаса береді. Айталық, қорғаныс рефлекстері туғанан - ақ болады, ал жыныс рефлекстері жыныстық жетілу мерзімінде пайда болады. Олардың рефлекторлы доғасы өзгермейді.
Шартты рефлекстер тұқым қуаламайды. Тек өмір тәжірибесінің негізінде, сыртқы ортамен байланыстың арқасында пайда болып отырады. әр кімнің өзінің тұрмыс жағдайына қарай әр түрлі шартты рефлекстері болады. Олардың рефлекторлы доғасы ми сыңарларының қыртысында қалыптасады. Сондықтан ми сыңарларының қыртысы болмаса, шартты рефлекстердің кейбіреуі пайда болғанымен, олардың тіршілікке маңызы онша емес. Шартты рефлестер пайда болған сыртқы ортаның жағдайы өзгергенде ол рефлекстер жойылады да, жаңа жағдайда жаңа рефлекстер туады, яғни олар тұрақты емес өзгеріп отырады. Бұған қоса, қандай да болмасын шартты рефлекс пайда болуы үшін сыртқы ортаның қосымша бір тұрақты белгілі жағдайлары болуы қажет.
Шартты рефлекстердің пайда болуына қажетті жағдайлар. Барлық шартты рефлекстердің қалыптасуы үшін сыртқы ортаның қосымша белгілі бір жағдайларын тудыру керек.
- әсер етуші шартты және шартсыз тітіркендігіштердің болуы.
- шартты тітіркендіргіштердің әсері шартсыз тітіркендіргіштердің әсерінен сәл бұрынырақ басталып, олар біраз уақыт бірге әсер етуі тиіс.
- тітіркендіргіштердің тұрақты ретпен әсер етуі.
- аталған жағдайлардың ұзақ уақыт көп қайталануы.
- шартты тітіркендіргіштің шартсыз тітіркендіргіштен әлсіз болуы.
- жүйке жүйесінің маңызды бөлімі - ми қыртысының қызмет қабілетінің дұрыс қалыпта болуы.
... жалғасыШартты рефлексті тудыру тәжірибесінде сыртқы ортаның белгілі бір
жағдайы шартты тітіркендіргіш ретінде пайдалана береді. Ал шартсыз тітіркендіргіш организм үшін маңызды әсер болуы керек. Ол шартты тітіркендіргіштің әсерін бекітетен болғандықтан көбінесе тамақты немесе ауру сезімін тудыратын әсерді пайдаланады.
Балаларда шартты рефлекстерді тудыру үшін үш жасқа дейін шартты әсер ретінде баланың ұнататын тамағын немесе ойыншықты қолданады.
Бала өсе келе оның екінші сигнал жүйесі дамыған сайын, шартты тітіркендіргіш ретінде сөздің әсері пайдаланылады. Сөз әсеріне шартты рефлексті тудыру үшін үш жасқа дейінгі балаларда негізінен үш жағдайды алғаш кезде сақтау керек. Сонда бала тез, уақаытында сөйлеп отырады.
Шартты рефлекстердің түрлері. Шартты рефлекстер рецепторлардың тітіркенуіне және пайда болатын қызметіне байланысты, қозу мен тежелуге және олардың кезеңдеріне, пайда болу механизміне байланысты көптеген түрлерге бөлінеді.
Экстерорецепті шартты рефлекстер шартты тітіркендіргіштер сыртқы сезім мүшелеріне әсер еткенде пайда болады. Көзге, құлаққа, иіс мүшесіне, дәм сезу мүшесіне, тері рецепторларына.
Проприорецепті шартты рефлекстер қаңқаның бұлшық еттерін тітіркендіргенде, яғни оның проприорецепторына әсер еткенде пайда болады.
Интерорецепті шартты рефлекстер ішкі мүшелерді тітіркендіргенде олардың рецепторларына әсер ету арқылы пайда болады. Бұл топқа қанға түрлі химиялық заттарды жібергенде туатын автоматты шартты рефлекстер де жатады.
Шартты рефлекстердің тежілуі және жас ерекшеліктері. Мидағы қозу мен тежелу бір - бірімен байланыста өтеді. Табиғатта организмнің қызметін ақырындатып немесе тоқтату қажеттілігі жиі кездеседі. Мұндайда мидағы тежелудің маңызы алға шығады. Қалыпты жағдайда мидағы қозу мен тежелу дәл қажетті сәтте организмнің қызметін не үдетіп, не баяулатып отырады.
Балалардың шартты рефлекстері ересне адаммен салыстырғанда анағұрлым күшті және берік болады. Сондықтан олардың жойылуына ұзақ мерзім қажет. Адамның миы өте ұқсас тітіркендіргіштердің әсерін ажырата алады. Адам баласы өте ұқсас дыбыстарды бір - бірінен ажырата алады. Ондай қабілет жануарларда да бар
Оқыту, тәрбиелеу барысында мұғалімдер балаларда кешікпе шартты тежелуде тудыру үшін көп еңбек сіңіріп, жаттықтырады. Мұндай тежелу, әсіресе бастауыш сынып оқушыларында қиындықпен пайда болады, көп және ұзақ жаттықтыруды талап етеді.
Оқыту, тәрбиелеу барысында балалардың ішкі және сыртқы тежелуінің пайда болу ерекшеліктерін жақсы білген жөн. Сыртқы тежелу 3 - 4 жаста жеңіл пайда болады. Сондықтан баланың ойын жағымды әсермен оп - оңай бөліп жіберуге болады.
Шартты рефлекстердің пайда болуы мен тежелуінің жас ерекшеліктері . Жаңа туған сәбидің біраз ғана шартсыз рефлекстері болады. Олардың көбі қорғаныс және тамақтану рефлекстері. Баланың алғашқы апталық өмірінен бастап оның шартты рефлекстері пайда бола бастайды. Алғашқы шартты рефлекстер өте баяу туады, олардың нервтік байланыстары тұрақсыз, оңай жойылады.
3 - 4 айлық жасында, кей кезде одан да ертерек, баланың ажырату шартты рефлекстері туа бастайды. 5 айлық балада шартты тежелу орын алады. Зерттеулерге қарағанда алдымен дыбысқа байланысты шартты рефлекстер тезірек пайда болады. 4 - ші айда дыбыс шыққан шақта басын бұрып, қолын созып гу - гулей бастайды. Содан кейін вестибулярлық шартты рефлекстер, содан соң ғана жарыққа деген шартты рефлекстер туады.
Баланың дамуында бағдарлау рефлекстерінің маңызы зор. Соның негізінде балада сырқы орта жайында алғашқы танымдар пайда болады. 3 - 4 айда оның бағдарлау рефлекстері қалыптасып, әрі қарай жасы өскен сайын жеңілденеді.
3 - 5 жас арасында шартты оң рефлекстердің бекуі қиындау, себебі бұл мерзімде баланың қорғану рефлекстері және шартты қорғаныс тежелуі жақсы болады. Қорғаныс тежелу ми қыртысында тез жойылады да, шартты оң рефлекстердің пайда болуына кедергі жасайды. Мектепке дейінгі жастағы балалардың комплекстік шартты рефлекстің пайда болуы қиындай түседі, негізінен олар комплексті тітіркендіргіштің жеке әсеріне ғана туады. Сыртқы ортаның әсерлеріне байланысты пайда болған шартты рефлекстер балаларда тұрақсыз, тез жайылады, шартты тежелуі байқалады. Бұл мектепке дейінгі жастағы балалардың қозуы мен тежелуінің әлсіз екенін көрсетеді.
5 - 7 жас арасында қозу мен тежелу күшейе түседі. Сондықтан бұл кезде, әсіресе 6 жаста, ішкі тежелуі жақсарады, ми қыртысының жұмысы артады. Бала 16 - 20 минуттай бір нәрсеге зейінін тоқтата алады. Сыртқы тежелудің маңызы төмендейді. Сондықтан 15 - 20 минуттай баланы оқытуға мүмкіндік пайда болады.
Баланың шартты рефлекстері тек ғана нақтылы тітіркендіргішке туып ғана қоймайды. Біртіндеп екінші сигнал жүйесінің дамуына қарай шартты әсер ретінде сөздің маңызы артады. 6 жасқа жақындағанда бала сыртқы ортаның жағдайын қорыта бастайды. Баланың сөзге байланысы санасы 5 - 7 жаста жақсы дамиды.
Бастауыш сынып оқушыларында шартты рефлекстердің тууы жеңілденеді, ішкі тежелудің маңызы арттады, сөзге байланысты төртінші, бесінші дәрежелі шартты рефлекстері пайда бола бастайды. Бұл кездегі нервтік байланыстар анағұрлым берік болады, баяу тежеледі. Сөзге байланысты шартты рефлекстерінің қасиеті өзгереді, ересек адамның сөздік шартты рефлекстеріне ұқсас келеді. Шартты оң рефлекстердің пайда болуы жеңілденеді. Баланың орталық жүйке жүйесіндегі қозуы мен тежелуі күшейіп, ми қыртысындағы қозудың маңызы артады.
Мектеп гигиенасы.
Сыртқы ортаның организмге әсері. Организмнің дұрыс дамып еңбек етуіне қажетті сыртқы ортаның қолайлыжағдайлары- оқушылардың денсаулығын сақтауға, күшейтуге арналған шаралардың бірі.
Адам организміне сыртқы ортаның көптеген жағдайлары әсер етеді. Олардың қалыпты шамада өзгеруі денсаулықты бұзбайды, себебі әрбір организм сол өзгерістерге нервтік және гуморальдық тетіктер арқылы бейімделіп отырады. Сыртқы ортаның әсерлерін дұрыс пайдалана отырып адамның денсаулығын жақсартып, оның қорғаныс және еңбек қаблеттерін күшейтуге болады. Мысалы суықтың әсерін дұрыс пайдаланып, организмді шынықтырып, оның салқынға төзімділігін арттыруға болады. Шынықпаған жағдайда сырқы ортаның жағымсыз әсерлері адамның сырқаттануына себеп болуы мүмкін.
Сыртқы ортаның әсерлерін химиялық, физикалық, биологиялық, психогендік, әлеуметтік әсерлер деп бірнеше топтарға бөледі.
Мектеп кешені мен жеріне қойылатын гигиеналық талаптар .
Мектептің орналасқан жер оқитын балалар санына байланысты 0, 8 гектарға дейін болады. Мектеп кешенінің құрылысы, жері қалалық және ауылдық әкімшілік үкімімен бекітіледі де, мектепке арналған жерді босату мерзімі шешіледі. Мектеп кешені оқушылар тұратын үйден қалада 1 - 2 км, ауылда 3км-ден аспауы керек.
Мектеп ғимараты ауланың түкпірінде, мектеп жерінің шетінде 15м қашықтықта салынады. Мектеп пен оның ауласы екпе ағаштармен қоршалады. Мектеп ауласы бірнеше аймаққа бөлінеді: қорғаныс, демалыс, оқу-тәжірибе, спорт және шаруашылық зоналары.
Мектеп ғимаратындағы оқу бөлмелері. Сынып бөлмелері мен кабинеттер кең коридор арқылы бір-бірімен және оқушылардың демалыс бөлмелерімен жалғасады. Бастауыш сыныптар мектептің жеке қанатында, ондағы бірінші, екінші сынып бөлмелері төменгі қабатта орналасқаны жөн. Сынып бөлмелері мен кабинеттерінің ауданы 50 - 60 м, яғни әр оқушыға 1, 25- 1, 50м есебінен анықталады. Оқушылардың денсаулығын сақтау үшін және қажетті еңбек жағдайларын тудыру үшін сынып бөлмесінің маңызы зор. Сыныптағы терезелер оқушылардың сол жағында орналасуы тиіс. Терезелер кең, күн сәулесі мол түсетіндей ашық әрі таза, шынысы біртегіс жұқа болу керек. Терезелердің алдына ұзын сабақты үй өсімдіктерін қоюға болмайды. Олар жарықты көлеңкелеп мөлшерін азайтады.
Мектепті жабдықтау. Сыныптағы жабдықтар оқушылардың бойы мен жасына сәйкес еркін жұмыс жасауға ыңғайлы болу керек. Олардың сырт көрініс, түсі көзге ұнамды бөлшектері тазалауға қолайлы, балалардың денесіне зиян келтірмейтіндей болып, сыныпта дұрыс орналасуы қажет. Жабдықтардың бояуының түсі оқушылардың көңілін жадыратып, жарықты аз сіңіріп, бөлмедегі жарық коэффициентін төмендетпейтіндей болуы тиіс.
Партада отыру ережесі. Оқушының партада отыру ережесі бойынша оқу жылының басында сынып жетекшісі оқушыларды дене ерекшеліктеріне сай отырғызады. Аласа бойлы балалар мен нашар еститін оқушылар алдыңғы қатарда, көзі нашар көретіндері терезеге жақын, ұзын бойлыларды соңғы қатарға отырғызады. Әр бір тоқсан сайын балалардың дене ерекшеліктерін ескеріп отырып, бірінші қатар мен екінші қатардағы, алдыңғы парталар мен соңғы парталардағы балалардың орнын ауыстырып отырған жөн. Бұл талаптар орындалған жағдайда оқушылардың денесі қисаймай дұрыс өсіп, тек жақыннан немесе алыстан көру жағдайының пайда болуына кедергі болады, яғни оқушылардың дұрыс өсіп жетілуіне қолайлы жағдай жасалынады. Партада дұрыс отырып үйренген жағдайда оқушылар сабақ кезінде шаршамай еркін отырады, көздері талмайды, бар зейіні сабақта болады. Егер дұрыс отырмаса, арқа, аяқ-қол еттері тез шаршап баланың сабаққа зейіні төмендеп, қозғалақтай береді.
Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарына қойылатын талаптар.
Мектептегі оқу- тәрбие жұмыстарының басты міндеті - жастардың ой -өрісін дамыту, сабақ үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру. Ол үшін мектептегі барлық жұмыстар баланың жасына лайық, организмдерінің ерекшеліктеріне сай жасалады. Оқу - тәрбие жұмыстарының ұзақтығы, ауырлығы оқушылардың жұмыс қабілетіне, жыл маусымдарының организмге әсеріне байланысты жоспарланады. Сондықтан бастауыш сыныптардағы оқу жылы жоғарғы сыныптарға қарағанда қысқа, жазғы демалыстары ұзақ болады.
Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан жылға күрделеніп отырады. оқу жылы ішінде әр тоқсан сайын оқушыларға демалыс беріп тынықтырады. жазғы демалыстан соң еңбекке біртіндеп үйрене бастайды. Бірінші тоқсанның басында оқушылардың сабаққа зейіні төмен болғандықтан оқу жылының алғашқы апталары өткен тақырыптарды қайталап, бекітуге арналады да, жаңа тақырыптарды өте бастайды. Оқу жылының барысында барлық пәндерден мектеп бағдарламасы біртіндеп қиындап, жыл аяғында балалар шаршаған кезде қайта жеңілденеді. Оқу жоспары балалардың жыл бойындағы еңбек қабілетін де ескереді. Қыркүйек айында және сәуір мен мамыр айларында еңбек қабілеті төмендейді. Яғни қыркүйекайында өткен оқу жылындағы, сәуір мен мамыр айларында жыл бойында оқыған материалдарды қайталайды. Қазан - наурыз айларының арасында еңбек қабілеті күшті болғандықтан негізгі матриалдарды, жаңа тақырыптарды өтеді.
Мектептегі сабақ кестесі. Сабақ кестелеріне қойылатын талаптар оқушылардың апталық, айлық, тоқсандық және оқу
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz