Қазақтың ұлттық ойындары туралы


Қазақтың ұлттық ойындары
Жаяу көкпар
Ойын күні бұрын белгіленген орында өткізіледі. ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Ойнаушылар көмбеде бір сызықтың бойында қатарға тұрады. Ойын жүргізушінің берілге белгісі бойынша көмбеден 10 адымдай жерде жатқан көкпарды (түйілген орамалды) екі жүз, төрт жүз, әрі кеткенде бір шқырымдай жердегі екінші көмбеге кім бұрын жеткізсе, сол ұтқан болып есептеледі. Егерде бір ойыншы көкпарды алып бара жатқан баланы орта жолда қуып жетіп, басып озатындай шамасы болса, көкпар оған ешбір қарсылықсыз беріледі. қуып жеткен бала ілгері оза береді. Көкпарды кім мәреге бұрын жеткізсе, сол жеңімпаз аталады.
Жаяу көкпар (II-түрі)
Бұл ойын жаз не қыс күндері жазықты не залда ойнауға болады. өтетін жер көлемі 50-60м көлденеңі 25-30м болыуы керек, кәдімгі залда ойналатын фотбол алаңы болады. Алаңның екі шетіне варата қойылады. Ойынға басқарушы тағайындалады. әр камандада 7-8 адам болыуы керек. Ойынға фотбол немесе баскетбол қолданылса болады. Басқарушының берген белгісінен кейін ойын басталады. әр команданың ойыншысы допты қолмен ұстап алып жүреді. Мақсат қарсы жақтың варатарына доп кіргізіу. Бірақ белгіленген алаңнан шығып кетпеуі тиіс. Қай команда көп ұпай жинаса, сол команда жеңген болады.
Бұл ойын балалардың дене күшін жетілдіруге, көбінде тринропкідан бұрынғы дене қыздырыу арекетінің орынына қолданылады.
Орамал тастау
Орамал тастау ойынына қатынасушылар араласа шеңбер құрып отырады. Ойын бастаушының қолындағы орамал шиыршықталған, ұрыуға ыңғайлы болады. Ойнаушылар ән немесе әңгіме айтып отырғанда ол олардың сырттарынан айналып, біреуді белгілеп қолындағы орамалын тастап кетеді. Егер қайта айналып келгенде егер әлгі адам өзінің сырыт жағында қалған орамалды байқамаса, басқарыушы оны орамалмен ұрғылайды. Ал егер отырған адам өзінің сыртына орамал түскенін байқаса, бастаушыны қуыуға тиіс. Ойыншдан қашып жұрген бастаушы босап қалған орынға келіп отырады. Бұл жастарды сақтыққа, қырағы болуға тәрбиелейді.
Орамал тастау (II-түрі)
Ойынға 15-20 адамдай қатыссада болады. Ойыншылар шеңбер жасап отырады. Бір ойын бастаушы болады. Ойынға қатысушылар ән айтып отырады. Ойын бастаушы орамалды (түйшлген шытты) өзінің оң жағында отырған адамға береді, ол ойыншыда жанында отырған адамға береді, осылай жалғаса береді, кенеттен ойын басқарыушы әнді не муызканы тоқтатқанда. Орамал кімнің қолында болса, сол жеңілген болып. Ортаға шығып көптің ұйғарыуы бойынша ән не тағы басқа ойын көрсетеді.
Бұл ойынға кішкентай доп не басқа нәрселер қолдансада болады, ал музыканаң орынына думбақ қолдануға болады.
Аңшылар
Бұл ойын екі топтық командалардың жрысы ретінде де ойналады, бұдан шыққан топ ойыннан ұтылған болады (жалғыз қалған ойыншыға силық беріуге болады) . Ойын жүргізіуші күні бұрын сызылған шеңбердің бойынна үш жерге үш ойыншыны тұрғызады, оларға бір-бірден доп беріледі, бұлар “аңшылар”. Қалған балалар - “үйректер” - шеңбердің ішіне орналасады. Ожүргізіуші “тоқта” деген кезде, “үйректердің” бәрі орындарында қозғалмай тұра қалады. Осы кезде “аңшылар” қолдарындағы доптармен “нйректерді”көздеп ұра бастайды. “үйректер” доптан бұлтара қашып, оны өздеріне тигізбеуге тырысады. Ойыр “үйректердің” бәрі ойыннан шыққанша созылады, келесі ойында “үйректер” мен “аңшылар” орын ауыстырады .
Аңшылар(II-түрі)
Ойыншылар екі топқа тең бүлінеді. бір тобы «үйректер» шеңбердің ішінде қалады. «аңшылар» шеңбердің бойымен қатарға тұрады. әр адамға бірден фотбол керек. Мақсат үйректерге доп тигізіп, ойыннан шығарыу. допты қолмен емес аяқпен теуіп үйректерге тигізіуі тиіс. ойын бастаушы белгісінен кейін аңшылар үйректерді доппен атып ала бастайды. Доп тиген үйрек ойыннан шығады. Ойынды белгіленген уақыт мөлшерінде ойнау керек. Уақыт екі жаққада тең белгіленеді. Белгіленген уақыт біткеннен кейін аңшылар үйректермен ауысады. Ойын соңында белгіленген уақыт ішінде үйректі көп атып алған аңшылар тобы ұтқан болып есептелінеді.
Допты аяқпен тебуге болмаса қолмен лақтырып ойнаса болады.
Қап киіп жарысу
Ойын ашық алаңда немесе спорт залда өткізіледі, ойын ашық алаңда өткізілсе, оған қатысушылардан 50 метірдей жерден мәре жасайды, ал ойын залда өткізілетін болса, мәре бар мүмкіндікке қарай жасалады. Жарысатын қашықтықтың ені 1, 5 метірдей болады және ол жерге 4-5қатар жолақ жол сызылып қойылады, сол жолдың қақ ортасына жарысатын адамдардың санына сәйкес етіп қаптың аузын ашып қою керек.
Ойын басқарушының командасы бойынша жүгіру сызығына келіп қатарласып тұрған ойыншалар жүгіре жөнеледі, әр қайсысы жолында жатқан қапқа жетісімен, екі аяғын қапқа тез кигізіп, екі қолмен жоғары жағынан ұстап, ілгері қарай секіректей жүгіреді.
Осы ретпен ойын қайталана береді, оған барлық талапкерлер кезектесіп қатысады. Ойынның мақсаты-мәреге өзгеден бұрын жетуге тырысу арқылы жылдамдықты арыттыру.
Қап киіп жарысу(II-түрі)
Бұл ойында бір командада он дай адам және 3-4 команда болса болады, екі адам бір қапта болады, аралығы 10-20метір жерге екі жалау шаншылады, талап:ойыншылар көнбеден шығып келесі жалауды айналып келеді, сосын екінші ойыншылар бастайды, ойыншылар көнбеге келмей түрып келесі ойыншылар жүгіруге болмайды, ойын төреші ысқырығынан кейін басталады, осылайша ойын жалғаса береді. Ойында ең алдымен аяқтаған команда жеңімпаз аталады.
Бұл ойын балаларды бірігіп жумыс жасауға, жылдамдықы дамытуға, ептілікке тәрбиелейді.
Сиқырлы таяқ
Ойыншылар қол ұстаса шеңбер жасап тұрады, қолында таяғы бар ойын жүргізуші шеңбердің ортасына шығады да ойыншыларды бірден бастап түгел нөмірлеп шығады, сонан соң ойынның ережесін түсіндіреді, ойынның шарты бойынша ойын жүргізуші қолындағы таяғын шеңбердің ортасында тік ұстап тұрады да, бір нөмерді атап, таяқты жібере салады, ал аталған нөмерлі бала таяқты құлатпай ұстап қалуы керек, ойынды одан ары жалғастыру немесе жалғастырмау ойыншылардың еркінде. Ойыншылардың саны көп болса, ойын қызықты өтеді.
Сиқырлы таяқ немесе доп (II-түрі)
Ойыншылар қол ұстаса шеңбер жасап тұрады, қолында добы бар ойын жүргізуші шеңбердің ортасына шығады да ойыншыларды нөмерлеп шығады, ойынның шарты бойынша ойын жүргізуші қолындағы добын ұстап тұрып бір нөмерді атап допты мәлім мөлшерде жоғары қарай лақтырады, ал аталған нөмерлі бала допты жерге тұсірмей ұстап алуы керек, егер ұстай алмай қалса, көптің талабын орындайды ән немесе басқа өнер көрсетеді . сосын өзі ойын жүргізуші болады, ойын осылай жалғаса береді.
Бұл ойын балаларды ептілікке, жылдам қимыл жасауға, аңғарымпаздыққа тәрбиелейді.
Дүмпілдек
өте көне ойындардың бірі-дүмпілдек. Шилі, тырбық қарағанды, жыралы жерлерде ойналатын болған, жиналған ойыншылар екі топқа бөлінеді, бір тобы 'қойлар' екінші азырақ тобы 'қасқырлар' болады, қасқырлар, қойларды аңдиды, ал қойлар, қасқырлардың көзіне түспеуге, ұстатпауға тырысады, ойын қасқырлардың, қойларды түгелдей ұстауымен аяқталып, қайта жалғасып отырады. Ойыншылар орын алмастырады.
Дүмпілдек (II-түрі)
Жиналған ойыншыар екі топқа бөлінеді, бір тобы қасқырлар, екінші тобы қойлар болады, қойлар көп қасқырлар аз болуы керек, бұл ойын көп бөлмелі ұйлерде ойналады, ойын шарты бойынша қойлар әр жерге тығылады, қасқырлар, қойларды іздейді, жасырынған қойлар, қасқырларға білдірмей орындарын ауыстыруға болады. Ойын қасқырлардың, қойларды түгелдей ұстауымен аяқталады. Ойын қайта жалғасып отырады.
Бұл ойын балаларды қырағылыққа, сезгірлікке баулиды.
Қыз қуу
Қыз қуу ойыны бір тегіс, жұмсақ топырақты жазық жерде өткізіледі. Мәренің қашықтығы 300-400 метірдей, ені 30-40 метірдей жер болуы шарт. Ойын өтетн алаңның қарама-қарсы жағында, бұрылыста жалауша қағылған бақылау пункті болады. Қыздар мен жігіттерден екі-екіден жүптар жасақталады. Сөре сызығында қыз жігіттен 15метірдей алда түрады. Төрешінің белгісі бойынша ойыншылар бір мезетте сөреден шаба жөнеледі. Ойынның шарты бойынша қыз бұрылысқа бірінші болып жетуі керек. Егер жігіт бұрылысқа дейін қызды қуып жетсе, жеңімпаз ретінде қызды құшақтап сүюге міндетті. Егер жігіт оған үлгірмей қалса, бұрылыстан қайта шапқанда қыз көрермендердің гүлеп қостауы үстінде шабандоз жігітті қамшының астына алады. Екеуіде осы жарыс үстінде өздерінің тапқырлығын, сынаптай сырғыған ептілігін, шабандоздық шеберлікті таныта білулері керек.
Қыз қуу (II-түрі)
Қыз қуу жазық жерде не залда өткізуге болады, мәренің қашықтығы 30-40 метірдей болуы керек, ені 10-15 метір болады. Ойын өтетін алаңның қарсы жағында жалауша қағылады, онда бақылаушылар болады. Ойынға үш жігіт бір қыз қатысады. Екі жігіт бір бірін арқасына мінгізеді, ал қалған бір жігіт қызда арқасына мінгізеді де бес метірдей алда тұрады. Төрешінің белгісінен кейін ойыншылар жүгіре жөнеледі, ойын шарты бойынша қыз бұрылысқа бірінші жетуі керек. Егер жігіт бұрылысқа дейін қызды қуып жетсе бетінен сүюге міндетті. Егер жігіт оған ұлгірмей қалса бұрылыстан қайта жүгіргенде қыз көрермендердің қостауы үстінде жігітті қамшысының астынан алады. Екеуіде жарыста өздерінің тапқырлығын, ептілігін таныта білуі керек.
Дәл басу
Бұл ойыншының көп аздығына қарамай жиналғандардың қатысуымен ойнала береді. Балалар жиналып болғансоң, бір бала тас не кішкене орындық сықылды затты тікесінен қойып, осыны дәл басу үшін балалардың көзін кезекпен байлап, 15-20 қадамдай жерге апарып тұрады, көзін байлаған бала қадамдап келіп, тігулі тұрған нәрсені дәл төбесінен басуы керек. Баса алмаса, айып тартады. Кім дәл басса, сол бала жеңіп шығады.
Ойын көгалда, жазық алаңда, тегіс аулада өткізіледі. Ойын бағдарлай білуге, сезімталдыққа үйретеді.
Дәл басу немесе сызу (II-түрі)
Ойыншылар екі үш топқа бөлінеді. Бұл ойын залда, класта ойнала береді, ойыншылар ойын бастаушының берген белгісінен кейін докаға барып мысалы: адамның басы сызылса соның қалған бөлігін, мүрын, көз, құлақтарын сызуы керек. Доскамен ойыншы ара қашықтығы он метірдей болуы керек. Кім дұрыс сызса сол жеңген есептеледі. Ойын осылай жалғаса береді.
Бұл ойын балаларды сезгірлікке, ептілікке, аңғарымпаздыққа тәрбиелейді .
бүғнай
ойын жүргізуші ойынға қатысушылйрды айнала отырғызып, жағалап жүріп, бірінші бүғнай, екінші бүғнай, үшінші бүғнай, т. б. деп бас-басына реттік санмен атап шығады да. Кез-келген бірін, мәселен, онжетінші бүғнайды дауыстап шақырады. Аты аталған бүғнай орынынан үшып тұрып, келесі біреуін шақыруы керек, әдетте малдас құрып не жүресінен отырған балалар бірден тез тұра алмай қалады, ал кейбір сасқалақ ойыншы аты аталмасада, орынынан атып тұрады. Мұндай ойншылар айыпты саналып, көпшіліктің ұйғаруы мен ортаға шығып, өнер көрсетеді .
бүғнай (II-түрі)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz