Әлеуметтік – экономикалық реформалар
Әлемде өркениеттің дамуы жылдарында шаруашылық жүйелерін реформалаудың мол тәжірибесі жинақталды. Батыс экономистері Э.Уилс, Д.Гордон және басқаларының пікірінше, оның себебі халықаралық іскерлік белсенділігі циклының төмендеу сатысына енуінде жатыр. Мұның өзі халықаралық коңюктураның өзгеруіне барабар қарекет жасауды талап етеді. Олардың пайымдауынша, экономикалық реформаның тереңдігі мен оның мақсаты ұлттық экономиканың әлемдік экономикаға кірігу дәрежесіне, жинақталып қалған макро және микроэкономикалық ұдайы өндіріс проблемаларын тиімді шешу қажеттілігіне, тұтас алғанда отандық экономиканың және оның жекелеген секторларының жай-күйіне тікелей байланысты.
Шаруашылық жүйелерін реформалау практикасына орай Халықаралық валюта қоры мен Батыстың басқа да қаржы ұйымдары шаралардың қоржынын жасап, оларды дамушы елдерге ұсынған.
Шаруашылық жүйелерін реформалау практикасына орай Халықаралық валюта қоры мен Батыстың басқа да қаржы ұйымдары шаралардың қоржынын жасап, оларды дамушы елдерге ұсынған.
Әлеуметтік – экономикалық реформалар
Әлемде өркениеттің дамуы жылдарында шаруашылық жүйелерін реформалаудың мол
тәжірибесі жинақталды. Батыс экономистері Э.Уилс, Д.Гордон және
басқаларының пікірінше, оның себебі халықаралық іскерлік белсенділігі
циклының төмендеу сатысына енуінде жатыр. Мұның өзі халықаралық
коңюктураның өзгеруіне барабар қарекет жасауды талап етеді. Олардың
пайымдауынша, экономикалық реформаның тереңдігі мен оның мақсаты ұлттық
экономиканың әлемдік экономикаға кірігу дәрежесіне, жинақталып қалған макро
және микроэкономикалық ұдайы өндіріс проблемаларын тиімді шешу
қажеттілігіне, тұтас алғанда отандық экономиканың және оның жекелеген
секторларының жай-күйіне тікелей байланысты.
Шаруашылық жүйелерін реформалау практикасына орай Халықаралық валюта
қоры мен Батыстың басқа да қаржы ұйымдары шаралардың қоржынын жасап, оларды
дамушы елдерге ұсынған. Бұлардың арасында: елдегі әлеуметтік-экономикалық
үрдістерді тікелей басқарудағы мемлекеттің рөлін шектеу, рыноктық тетіктер
пайдасына директивалық әдістерден бас тарту; бағалар мен жалақыны
ырықтандыру; сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру; экономиканың
мемлекеттік емес секторын дамыту және мемлекеттік меншікті жекешелендіру
үшін жағдайлар туғызу; мемлекеттік бюджет тапшылығын мейлінше азайту; елде
жүйелі институттық өзгерістерді жүзеге асыру; қаржы саласының тиімділігін
арттыру; инфляцияға қарсы қатаң күрес жүргізу және басқалары бар.
Бастапқы әлеуметтік-экономикалық жағдай мен институттық ерекшеліктерге
қарай бірінші кезеңнің өзінде макроэкономикалық тұрақтылыққа жету үшін
қаржы институттарының жәрдемімен экономикалық реформалар жүргізудің жеке
ұлттық бағдарламалары әзірленіп, іске асырылды. Алайда, талдау
көрсеткендей, реформаларға мұндай көзқарас тұтас алғанда ойдағыдай болып
шықпады. Әдетте, макроэкономикалық тұрақтылық, егер болғанның өзінде
едәуір кеш көрініс тапты. Қазақстан да бұдан сырт қалған жоқ. Халықаралық
қаржы ұйымдарының қатаң талаптарына бағыну, стандартты дағдарысқа қарсы
шараларды қарадүрсін қолдана салу бұрынғы кеңестік елдер үшін онша қолайлы
болмады.
Біріншіден, экономикалық жүйенің кеңестік түрін нарықтық түріне
өзгерту шын мәнісінде қоғамдық даму моделін эволюциялық жолмен ауыстыру
болып табылатыны ескерілмеді.
Екіншіден, шаруашылық жүргізуді жаңғыртудың кезеңдік кестесі де және
өтпелі экономика теориясының өзі де жасалмады. Оның міндетін дәстүрлі
нарықтық шаралармен, жай ғана қайталаумен шешу мүмкін емес еді.
Үшіншіден, белгілі бір әлеуметтік-мәдени ортада қалыптасқан едәуір
жоғары біліми деңгейі бар дәстүрлі әлеуметтік ықпалдастықпен байланысты
қоғамның нарықтық қатынастарға әлеуметтік жағынан икемделу қажеттілігіне
назар аударылмады.
Осынау үш фактордың пайымдауынша, өтпелі кезеңнің экономикасы жалпыға
бірдей, сондай-ақ ұлттық ерекшеліктерді ескеретін өзінің экономикалық
теориясына сүйенуге, оның экономикалық дағдарыстың әлеуметтік
ауыртпалықтарын жеңілдетуге қабілетті және кейіннен қоғам дамуының
стратегиялық мақсатына жету үшін тірек болатын өзінің әрекет ету тетіктері
болуға тиіс. Яғни, өтпелі экономика – ұзақ мерзімді әрі күрделі кезең,
шаруашылық пен қоғамды жаңғыртудан бастап, экономикалық моделді іске
асыруға және жаңа қоғамдық-саяси құрылғыны енгізуге дейінгі кезең. Оның
барысында кезең-кезеңімен әрі күрделілігіне қарай түптеп келгенде
экономикалық жағынан өсуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастарды
кіріктірудің алуан мақсаттағы міндеті шешіледі.
Әртүрлі экономикалық мектептер реформалаудың әртүрлі нұсқаларын
ұсынады. Көп ретте бұлар біріне бірі қарама-қайшы және қолдағы экономикалық
әлеуеттің айырмашылығы мен ерекшеліктерін және қоғамның рухани ортасын
ескерусіз қалдырады. Жоспарлы-әкімшіл кеңестік тұрпаттағы экономиканы
нарықтық экономикаға реформалау үрдісінің өтпелі кезеңнің заңдылықтарына
бағынатын өзінің ішкі даму қисыны болады. Осынау объективті заңдылықтарды
елемеу, сайып келгенде, ұтымды экономикалық саясатты іске асыруға бөгет
жасайды, сондай-ақ әлеуметтік нормалар жүйесінде ауытқушылықтар (құқық
бұзушылық, сыбайлас жемқорлық, дағдылы құндылықтардан бас тарту,
адамгершіліктің құлдырауы және т.б.) белең алады.
Өтпелі экономика үрдісінің мәні мен кезеңдерін қарастыра келіп, оның
басталуы мен сол кезеңнің ерекшеліктерін дәл айқындаған жөн.
Санаулы айлар ішінде-ақ ұнамды өзгерістер болып жатты. Шұғыл түрде
тәртіп жақсарып, еңбек өнімділігі артты, кәсіби шеберлікті арттыратын
әртүрлі үйірмелер мен курстар жұмыс істеді, жапондық кәсіпорындардың үлгісі
бойынша жобаларды, жұмыс істейтін нысандар мен шикізаттың, құрастырушы,
қолданушы технологиялардың сапасы мен беру мерзімдерін және басқаларын
сараптаудан бастап бүкіл өндірістік үрдісті бақылау жөніндегі комиссиялар
құрылды. Яғни, дамушы экономиканы мемлекеттік реттеу резервтерін іске қосу
жолымен шаруашылық жүргізуді біршама ырықтандыру әдістеріне сай келетін
жаңа жағдайға көшірудің алғышарттары жасалды.
1990 жылы республикааралық айналымға жалпы ұлттық өнімнің 20%-ға
жуығы түсті, ал Еуропалық Одақ елдерінде 14% ғана болатын. Таза
материалдық өнім үлесі Қазақстанда – 39,9%, Тәжікстанда – 41,8%,
Өзбекстанда – 43,2%, Қырғызстанда – 50,2%, Түркіменстанда 50,7% еді.
Ресейде бұл көрсеткіш төмен – 18% болды. Бірақ соның өзінде ол
Еуропадағыдан асыңқы еді. Әрине, осындай тереңінен ықпалдасқан және көлемді
экономикалық кеңістікті автономдық құрамдарға бөлу оның дәрменсіздігіне
әкеп соқты.
Қазақстан мен жаңа Орталық Азия мемлекеттері қайта ықпалдасу
үрдістерінен тысқары қалды. Сонымен, түбегейлі экономикалық қайта құрудың
бірінші кезеңі (1982-1991 жылдар) Кеңес Одағының құлауымен, әлеуметтік-
психологиялық күйзеліспен, тереңдеген саяси және экономикалық
дағдарыстармен, азаматтық соғыстың ықтималдығымен тәмамдалды.
Өтпелі экономиканың бірінші кезеңінің соңы мен екінші кезеңінің бас
шені Қазақстанда, әлбетте бүкіл бұрынғы кеңестік кеңістіктегі сияқты, нақ
күйзелісті жағдаймен сипатталады. 12 мемлекеттің үшеуі ғана 1991 жылғы
желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісімге қол қойды. Ал экономикасы тұтас
тізбекте әлі қалыптаспаған тоғыз мемлекет жалпы одақтық шаруашылық
жүйесінде төңіректеп бұл үрдістен тысқары қалды.
Реформалаудың екінші кезеңі Қазақстан егемендігі жариялануы және
шамамен өзінің ұлттық валютасын енгізуге дейінгі кезеңді (1991-1993 ж.)
қамтиды.
Келесі кезеңде (ІІІ) – “аялдамалармен бірге қозғалыс” ретінде
сипатталатын транзитивті кезеңде (1994-1998 жылдар) дербес
макроэкономикалық саясатты қалыптастыру басталды.
ІV шешуші кезең немесе экономика ғылымы пайымдайтындай, табалдырықты
кезең (1998-2000 жылдар).
Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі, Ресейдегі қаржы дағдарысы Қазақстанға
да соқпай кеткен жоқ. Бірақ 1996 жылдан бастап қатаң монетарлық саясат
жүргізу, бюджет тапшылығын төмен ұстау, жеке секторды дамыту және ең
бастысы – егемендік алғаннан кейін шын мәнісінде алғаш рет мемлекеттің
реттеушілік рөлінің көрініс табуы арқасында республика макроэкономикалық
тұрақтылыққа қол жеткізе алды. Экономиканың нақты секторының қарыштап
қарекет етуі үшін алғышарттар жасалды. Төлемдер жасамау проблемасы шешілді,
салықтардың түсуі – индикативтік жоспар шегінде, ауыл шаруашылығында
күйзелісті жағдайдан шығу белең алды, отын-энергетикалық кешен, басқа да
шикізат салалары дами түсті, кәсіпкерлік кызметті, соның ішінде шетел
инвесторларының қызметін реттеуші заңнамалық және нормативтік-құқықтық база
жетілдіріле бастады. Нақты жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны тұрақталды. 2000
жылға дейін Республиканың 2000-2005 жылдардағы даму кезеңі транзиттік
ретінде сипатталады. Еліміз ұзаққа созылған жүйелі дағдарыстан нарықтық
реформалардың онжылдығына қарай тұрақты даму жолына шықты. Бірақ бұл
жетістіктер оңайлықпен келмеді. Ішкі жалпы өнімнің көлемі 39 %-ға жуық,
өнеркәсіп өндірісі 50%-ға төмендеді. Химия және жеңіл өнеркәсібі, мәшине
жасау, құрылыс материалдары индустриясы іс жүзінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz