Қазақтың ХХ ғасырдағы мәдениеті


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақтың ХХ ғасырдағы мәдениеті

Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сырын ХХ ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті ХХ ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азмя құрылығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда, Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, қазақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді.

Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. ХХ ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының Манифесі- «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол тұңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-демократтарға бірауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жастар төгіңуізпайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, қара халқы алты милиондық бір ұлы тайпа болып тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып - тозып кетер». (Оян қазақ! 10 б) . Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан көреді.

Қазақтың рухани мәдениетіде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі-Шәкәрім Құдайбердіұлы. Оның шығармаларының негізгі тақырыбы мораль философиясымен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім-Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орныныда оқымаса да араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан.

Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Оның ойынша, бұл азаматтық өтеудің басты шарты-туған елдің бүкіл тарихи мәдени құндылықтарын жоғалтпай оларды заман талабына сәйкес қолдану. Шәкәрім рухани ізденісінде ежелгі сақ түрік заманынан қалыптасқан ғашықтық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңірі, Нұр, Күн, табиғат - ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар.

Басты мәселе - ар ілімі, моралдың төңірегінде. Кәдімгі этиканы Шәкәрім «ар ілімі» деп атауында да үлкен мән бар. Себебі оның негізгі категориясы, мәдениеттің тірегі - ұждан. Бұл категорияны түсіну үшін Шәкәрімнен үзінді келтірейік: «Әрине жанның өлген соң тазарып, жоғарлауына нанған кісі өкініште болып біржола жоғалады-ау деп өлсе керек. Және ұждан, совесть жанның тілегі екеніне нанған кісі қиянант қылғанына қатты кейіп, жақсылық қылғанына жете қуанса керек. Олай болса нанбай, ұждан, совесть құр ғана көрініс үшін адамдыққа лайық деген кісіге жақсылық, қиянаттың көп айырмасы жоқ болса керек.

Ізін білдірмеудің айласын тапса болғаны, себебі өлген соңғы жан өміріне нана алмай ұждан, совесть, жан екі өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қайрара алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты. Кейбір діншілерді қорлыққа түсіріп жүрген шатақ дін, жалқаулық, әйтпесе жалқаушыда білім бар, өлген соң да бір түрлі жан тіршілігі бар. Жан екі өмірде де азығы - ұждан, совесть деумен еш нәрседен кемдік көрмейді. Тіпті бұл жоғарылаудың ең зор жарамды үш анық дегенім осы. (Үш анық. 44-45бб)

Шәкәрімнің ұжданы біз жоғарыда айтқан, ажелгі гректегі «каллокагатия», И. Канттың «кесімді императив» ұғымдарымен астас. Ұждан дегеніміз - ынсап, әділет, мейірім. Шәкәрім өз халқының жанқияр ұлы ретінде туған мәдениетіне өлшейсіз қызмет етті.

Тарих аумағынан қарағанда тым қысқа уақыт аралығында (70 жыл- бір адамның ғұмыры) қазақтың ұлттың ұлттық мәдениеті кезінде сан қырлы құбылыстарды өз басынан өткізді. 1916 жылдан басталғна күрес келесі жылы мақсаттарына жеткендей болды. Өздерін «демократтар» санаған уақытша үкімет өкілдері сөз ғұламасы Ә. Бөкейханов революция жасала сала «Жаңарған Ресейдің ерікті азаматтары - қазақтарға» деген өз үндеуін жариялады. Жалпы алғанда, қазақтың ұлттық мәдениетін ХХ ғасыр талаптарына сәйкес қайта құруда «Алаш» партиясының рөлі ерекше болды. Революцияның бастапқы кезіндегі маңызды мәселенің бірі мәселелерінің бірі ұлттық-мәдени автономияға қатысты еді. Ресей революциялық қозғалысының кадеттік, социалистік және коммунистік бағыттарының көсемдері бұл идеяға қарсы шықты. В. И. Ленин болсын, Ф. Керенский болсын территориялық федерацияны желеу етіп, бір орталыққа бағынғын Ресейдің империалдық мәнін сақтап қалуға тырысты. Большевиктер оған қоса өздерінің атышулы «барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер» ұранын басшылыққа алып, ұлттық мүддені шетке шығарып тастады.

1917 жылғы маусым айындағы басылымында «Қазақ» газеті осы мәселені тікелей қойды. Автономияның қазақтарға ауадай қажет екенін айтып, оның үш негізі бар екендігіне оқырман назары аудырылды (территория, мәдениет және ұлттық ерекшеліктер) . 1917 жылдың 21-26 шілдесінде Орынбор қаласында Бірінші бүкілқазақтық құрылтай өтті. Оның шешімдері бойынша «Алаш» партиясының бағдарламалары жарияланды. Бұл бағдарлама 5-12 желтоқсанда өткен Бүкілқазақтың екінші съезде құпталынып, осы құрылтайда ұйымдастырылған Алашорда үкіметінің негізгі заңына айналды. Сонымен 1917 жылддың аяғына таман Қазақстан прогресс жолында талай жетістіктерге жетті және ұлттық төл мәдениетті дамытуға мүмкіндік алды. Қазақ рухани мәдениетінің сол тқстағы деңгейінде «Алаш» қайраткерлері алдыңғы қатарда тұр. Кейін тоталитарлық жүйе оларға әдейі «контрреволюцияшыл-ұлтшылдар» деп жала жапқан.

Алайда, большевиктер орнатқан тоталитарлық жүйе қазақ халқының (Ресейдің юасқа халықтарынан да) азаттық алу, мәдени өркендеу мүмкіндіктерін құлдыратып жіберді. ХХ ғасырдағы ең сұмдық қылмыстардың бірі Кеңес Одағында жасалды. Тоталитарлық жүйе өз халқына қырғын салып (геноцид), оның этномәдени тұтастануына орасан зиян келтірді. Адамзаттың бүкіл тарихында ешбір саяси өзгеріс нақ осындай сүргінге әкелген жоқ. ХХ ғасырдағы екі социалистік эксперимент (фашисттік ұлттық социализм және коммунизм) 100 миллионнан астам адамды қырды. Этнобірігу және мәдени эволюцияна бекерге шығарып большевиктік идеология мен практика бұрынғы Ресей империясының топырағындағы халықтардың ғасырлар юойы жинақталған, әсіресе құндылықтарын талан-таражға салды. Бұл, әсіресе, қазақ тағдырынан анық көрінеді.

Ұлттық-мәдени тұтастануға кеселін тигізген төмендегідей большевиктік эксперименттерді атап өтейік:

  1. Демографиялық геноцид. Белгілі демограф Мақаш Тәтімовтың есептеуі бойынша, тоталитарлық жүйе кезінде қазақтар шетелдерге біржолата көшіп кеткендерін қоса санағанда 4, 5 миллион адамынан айрылған, яғни бүкіл халқының үштен екісін жоғалтқан. «Проценттік қатынаста, - дейді Тәтімов, - Қазақстан қасіреті Батыс Армения қасіретінен, Еуропадағы фашизмнің еврейлерді жоюынан, камбоджадағы зұлматтан да асып түсті» (Демографиялық кескін - Қазақ. 66-67 бб. ) .
  2. Этномәдени экспансия. Патшалық Ресей империясы бастаған миграциялық саясатты Кеңес өкіметі де дәйекті жүргізді. Геноцид нәтижесінде қаңырап бос қалған кең дала келімсектермен толтырылды. ХХ ғасырдың ортасында өз жерінде 92 %-ін құраған жергілікті ұлт өкілдері 1959 жылғы санақ бойынша 29 %-ке дейін төмендеді. Мұның өзі 1916 жылғы қырғынның, азамат соғысының, 30-шы жылдардағы аштықтың, тың және тыңыйған жерлерді игеруге сырттан жүз мыңдаған бөгделердің келуінің салдары екені белгілі. Этномәдени экспансия: «феодализмнен социализмге бірден секіру» ұшін аймақты индустрияландыру қажет, ал бұрынғы көшпелілер техникаға жетік емес, сондықтан орталық аудандардан кәсібилерді шақыру керек дегенді желеу еткен. Игранттардың көптеп көшіп келуі қазақтардың дәстүрлі мәдениеттерін шайқалтты, оның өрісін тарылтты. Әрине, этномәдени экспансияның жағымды жақтары да болды (білімділік деңгейінің көтерілуі, экономикалық даму, мәдени диалог т. б. ) . Алайда, таразының екі басы тең емес еді.

Қазақ кеңес мәдениеті туралы әңгіме еткенде оның тарихи ерекшеліктері мен өзіндік белгілеріне тоқталып өткен жөн. Егер брынғы қазақ мәдениетін дәстүрлі өркениет деп бағаласақ, онда тоталитарлық жүйеде ұлттық негіздерді жойып жіберуге бағытталған большевиктік шараларды ескеру керек. «Тағдыры ортақ жаңа қауым», «тарихта бұрын болмағанадамдардың жоғары бірлестігі - кеңес халқы», сондай-ақ «мазмұны пролетарлық және түрі ұлттық социалисттік мәдениет» ұрандарын басшылыққа алған идеологтар мен саясатшылар рухани мәдениеттің тамырына балта шапты. Ерте заманның өзінде атақты Аристотель мазмұн мен форманың бірлігін дәлелдесе, революционер марксистер мәдениеттегі ұлттық мазмұнды бекерге шығарды.

Шын мәнінде, ең алдымен, мәдени туындының мазмұны ұлттық болып табылады. Өйткені мәдени қайраткерлер өз шығармашылығында нақтылы ұлттық көкейкесті мәселелерді көтереді; қандай абстрактылы шығарма болғанымен, оның тамыры этностық фольклордан, халықтық педагогика, этика, дүниетанымнан нәр алады. Жоғарыдағы «социалистік» мазмұнды көмкерген ұлттық форманы Сталин тек тілге әкеп тіреген. Олай болса орыс тілінде жазған Ш. Айтматов пен О. Сүлейменов өздерінің ұлттық мәдениетінен тым алыс қалады. Әдеьи тілден басқа әр этностың өзіндік рәміздері, таңбалары, музыка, театр, көркемөнер тілі бар.

Әр этностың төлтума мәдениетіне үлкен нұқсан келтірген большевиктік «тәжірибелердің» бірі - ұлтаралық некелесуді дәріптеу. Әрине, табиғи-тарихи жағдайларда бұл - прогрессивті процесс, дүниежүзілік мәдени сұхбаттасу ағынының бір бұлағы. Әр түрлі этностардың, тіпті нәсілдердің араласуы нәтижесінде қазіргі әлемде көрнекті рөл атқаратын американдар, бразилиялықтар, мексикандар, үнділер сияқты халықтар қалыптасты. Этнобиологиялық және этноинтеграциялық тұтастануды оқшаулану деп түсінудің ауылы ақиқаттан алыс.

Алайда Кеңе Одағында бұл процесс өктемділікпен жүргізіліп, империядағы басқа халықтарды орыстандыру саясатына өтті. Саяси-идеологиялық ұрандардың желеуімен 200-ден астам этностар араластырылып жіберілді. «Нәтижесінде жүзге тарта төлтума мәдениет мәңгілік жоқ болып, жұмыр жердің мәдени-рухани болмысы солғын тартты. Осынау жойқын да жойдасыз қасіреттің орнында мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан төлтума мәдениетін әбден таптап, химериялық күйге жеткен 300 миллион тобыр қалды; басқа ұлтпен 60 миллион дүбара қалды; 60 мың тірі жетім балалар қалды (тіркеуге алынғаны ғана) ; абақтының тұрақты тұрғындарының саны 20 миллионға жетті» (Тарақты А. Ауызша тарихнама - Қазақ. 36-б. ) . шын мәнінде, Кеңес Одағы маргиналдар одағына айналды.

Әр ұлттың мәдени архетиптерін шайқалту Кеңес ОДағында мемлекеттік саясат дәрежесінде нысаналы түрде жүргізілді. Мысалы, 1951 жылы Орталық мұсылман халықтарының «Деде Қорқыт», «Алпамыс», «Манас». «Ерсайын», «Шора Батыр», «Қобыланды» сияқты эпостарын діншіл және ақсүйектік деп жариялап, оларға тыйым салды. Халықтық мәдениетті қудалаудың сорақы бір көрінісі- домбыраны феодализмге апарып тіркеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем мәдениет
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ ҰСТАНЫМЫ
Қазақ қоғамындағы білім жүйесінің даму деңгейі
Қазақ халық музыкасының тарихы
Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея - жанның мәңгілігі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қазақтың дәстүрлі мәдениеті туралы
Алаш әдебиеттануын совет кезінде дамытқан ғалым
Театр және музыка өнері
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz