Жарақаттар



1. Жарақат түрлерi
2. Алғашқы көмек
3. Жара.
Пайдаланған әдебиеттер
Барлық механикалық зақымдаушылар ашық және жабық деп бөлiнедi.
Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.
Алғашқы көмек дегенiмiз – зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты.
1. М.Мырзабеков. Жазатайым жарақат алсаңыз. Алматы, 1987 ж.
2. Қазақтан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi Агенттiгi. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөнiндегi материалдардың ақпараттық әдiстемелiк жинағы. (1,2,3 шығарылым), 2000 жыл.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖАРАҚАТТАР

Жоспар

1. Жарақат түрлерi
2. Алғашқы көмек
3. Жара.

Барлық механикалық зақымдаушылар ашық және жабық деп бөлiнедi.
   Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы
себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы
мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа
жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.
   Алғашқы көмек дегенiмiз – зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай,
оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап
қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен
патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi
алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты.
   Кез-келген жарақат бiр орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар ағзада
белгiлi бiр жалпы өзгерiстердi тудыруы мүмкiн (жүрек-тамыр қызметiнiң,
тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы). Бұл құбылыстар орталық жүйке
жүйесiнiң тiтiркенуiнен, қан кетуiнен, өмiрлiк маңызды органдардың
зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп
кеткен ауқымды зақымдану кезiнде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және
күрт нашарлайды.
   Ашық зақымдалу, немесе жара, кiлегейлi қабықша мен терi жамылғысының
тұтастығының бұзылуы - бұл сыртқы жара, ал iшкi жара қан кетумен
сипатталады (көкiрек, құрсақ қуысы, ми сауытында).
   Жараларды зақымдануына жарақаттаушы зат формасына, құрал түрлерiне
қарай бiрнешеге жiктеймiз.
1. Кесiлген жара (пышақ, әйнек, ұстараның жүзi т.б). Мұндай жараның
жиегi тегiс, тiк және қан қатты ағады. Бұл жарада ауру дәрежесi
басқа жарақат түрлерiне қарағанда азырақ.
1. Шапқылағанда, балтамен кесiп алғанда кесiлген жараға ұқсас бұдан
терең, тiптi кейде жарақат сүйекке дейiн жетуi мүмкiн.
   Шаншылған, тесiлген жара шаншылатындай заттардан: ине, шеге, пышақ,
үшкiр темiр т.б зақымданудан пайда болатын жара.
   Терiде аз ғана жара тесiгi болады, бiрақ ұлпаға тереңiрек еңiп
зақымдайды, кейде iшкi органдар да зақымдалуы мүмкiн. Сыртқы қан кету болар
болмас қана.
   Мыжылған жара снарядтың жарықшағынан зақымдалуынан және адам жүрiп
бара жатқан транспорттың астына түсуiнен т.б. болады. Мұндай жараның жиегi
тегiс емес, оның айналасындағы ұлпалар күштi зақымдалады. Қан кету өте көп
болмайды,бiрақ ауырсыну әр уақытта жоғары.
   Соғылған жара сыртқы түрiне қарағанда мыжылған жараға ұқсас.
Соғылған жара таспен (күштi ұрғанда) және дөрекi заттармен күштi ұрғанда,
көмiлiп қалғанда, күштi толқындар әсерiнен болады.
   Егер соғылған және мыжылған жара көлемi қан көлемдi ұлпаларды
зақымдаса, олар езiлген жара деп аталады. Соғылған, мыжылған, езiлген
жараларда инфекция түсу, даму мүмкiндiгi жоғары.
   Тiстелген жара адам мен жануарлардың тiстеуiнен пайда болады.
Тiстелген жараға ауыз қуысынан инфекция түсу мүмкiндiгi жоғары.Ол көбiнесе
iрiңдеп, баяу жазылады.
    Атылған жара оқ, снаряд жарықшағы түсуiнен т.б жара ол оқ және жарық
винтовка мен пистолет оғының әсерiнен болса, екiншiсi жарықшақты жара –
артиллериялық снаряд, мина, қол гранаты, авиабомба жарықшағы әсерiнен
болады.
   Жаралар, ату құралдарын қолданудан пайда болса олар мыжылған,
шаншылған, езiлген де болуы мүмкiн. Атылған жаралар ұлпаны қатты
зақымдайды. Жарықшақ пен оқ кейде сүйекке өтiп, оны бөлiп жiберуi мүмкiн,
ал сүйек (жарық) жарықшақтары жұмсақ ұлпаны зақымдайды.
    Адам денесiндегi атылған жараларда кiре берiс және шыға берiс
тесiктер болады. Бұл жараны өтпелi тесiк дейдi. Егер жарықшақ немесе оқ
адам денесiне өтсе, ұлпалар арасына батып кетсе оны соқыр жара деп атайды.
Соқыр жарада тек кiре берiс тесiк болады. Жарықшақты жарақатта көбiнесе
соқыр жара көп кездеседi, себебi, оққа қарағанда жарықшақ жеңiл. Сондықтан
ұлпаларға кiрiп кетедi.
   Оқ пен жарықшақ жанама өтiп, терiнi және ұлпаларды жарақаттап,
тереңге өтпесе оны жанама өткен жара деп атайды. Онда жараның каналы
болмайды.
   Кейде зақымдаушы заттар (кинжал, оқ, жарықшақ т.б.) дене қуысына
өтiп, ары қарай (көкiрек, құрсақ) өтпей, тұрып қалуы мүмкiн.
   Бұл кезде ол сол қуыстағы етке, iштiң қабырғалық терiлерiне тұрып
қалады. Мұндай жарақатты соқыр, кiре алмайтын жарықшақты жаралар деп
атайды. Кiре алмайтын жаралар ми сауыты көкiрек және iш қуысында болады да,
ол өте қауiптi..
    Егер адам бiр мезгiлде 2 немесе одан да көп жарықшақпен немесе оқпен
зақымданғанда ондай жараларды бiрнеше жарақат дейдi.
    Жарадағы инфекция.
    Микробтар жаралаушы затпен бiрге жараға түседi. Киiм бөлiктерi, ағаш,
жердегi заттар және ауада заттар жараға жанасса, оларда үлкен көлемде
микробтар болады.
   Жаралар, микробпен зақымдалса, бұл ауру жараға инфекция түсуден пайда
болады.
    Инфекция түскен жара бiрнеше сағат немесе күннен кейiн, бетi жабылып,
жиектерi iсiнiп, қоршалған терiсi қызарады, жарада ауру бiлiнедi.
    Терi температурасы көтерiледi, жарақаттанған адам көңiл күйi
төмендейдi. Жараның микроб саны көп болады. Ол микробтар лимфа тамырларына
енiп, одан лимфа түйiндерiне барып, ол iсiнiп ауырады, ал оның үстiндегi
терiсi қызарады. Егер iрiңдi инфекция қанға өтсе, қанның бұзылуы (сепсис)
басталады да, кейде өлiмге әкеп соғады.
   Жарадағы микробтардың дамуы ауаның қатысуынсыз жүредi. Оны анаэробты
деп атайды, ол аса қауiптi. Ол жерде, қида, дәреттерде болады. Микробтар
дамуына қолайлы жағдай көбiнесе төменгi аяқ, бөлiмi мен бөксе
бөлiктерiндегi мыжылған – езiлген және созылған жараларда туады. Бiрнеше
сағат немесе күннен кейiн өте ауыр ауру түрi анаэробты немесе газды
инфекция (газды гангрен) дамиды. Әуелi жарадағы ұлпалар жансызданады, сосын
ол еттiң қалыпты жағдайдағы денi сау аумағын зақымдайды. Ұлпаларда газ
көпiршiктерi пайда болады және едәуiр мөлшерде iсiнедi. Жараланушы жара
бөлiмiн ауырсынады. Тамыр соғуы төмендейдi, температура көтерiледi. Төменгi
бөлiмдерде жара көлемi ұлғаяды. Іскен бөлiкте саусақпен басып көргенде ол
қытырлайды. Жара құрғақтанады, төменгi бөлiктер суық, сөлсiз, сосын
көгередi. Терiде кейде қанды көпiршiктер пайда болады. Аурудың жағдайы
нашарлайды, кейде жедел өмiрiн сақтап қалу үшiн хирургиялық операция жасау
қажеттiгi туады.
   Жараға жерден немесе қилардан анаэробты микробтардың басқа түрлерi
түсiп, ауру туғызса, оны сiреспе деп атайды. Жараға түскен сiреспе
қоздырғышы бiрнеше күннен немесе аптадан кейiн шайнау еттерi талып, жиырылу
пайда етедi, одан кейiн ол шүйде және арқа еттерiнде. Бiрiншiден дененiң
барлық еттерiне оның iшiнде тыныс алу еттерiне тарайды. Талу кезiнде бас
артқа қарай шалқақтай бередi. Тыныс алу аяқ астынан тоқталуынан өлiмге әкеп
соғады.
   Газды инфекция және сiреспе – мұндай ауруларға арнайы персонал
бөлiнiп, төсек-орнын сода ерiтiндiсiне ылғалдап, 1 сағаттай қайнатады,
сосын жуады.
   Қолданылған хирургиялық құралдар 2 процент сода ерiтiндiсiнде бiр
сағаттай қайнатылады, металл таяқшалар отқа ұсталады. Ал ағаш таяқша,
таңғыштарды өртеп жiбередi.
   Жарадағы инфекцияның алдын-алу үшiн жараға өз кезiнде хирургиялық өңдеп,
өлген ұлпалар мен бөгде заттарды шығарып, тазартып отыру қажет. Ал ядролық
қару қолдану кезiнде бұл мүмкiн емес. Сондықтан қандай жағдайда болмасын
жарадағы инфекцияның алдын алуға антибиотиктер қолданылады.
   Кез-келген жара, тiптi кiшкентай жаралардың өзiнде әр түрлi
микробтардың дамуына қолайлы жағдай тууы, тiптi қан кетудiң әсерiнен адам
көп мөлшерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлардың жарақаттанулары және оның алдын алу
Доғал заттармен салынатын жарақаттар және олардың жалпы сипаттамасы
Механикалық жарақаттанудың түрлері
Сот медицинасы - сот істерін жүргізу кезінде туындайтын медициналық және биологиялық мәселелерді зерттейтін медицина ғылымының бір саласы
Жарақаттарды емдік дене тәрбиесі арқылы емдеу
Зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету
Жарақат ұғымы және түрлері
Жара
Ауылшаруашылық жануарларының жарақаттары
Адамдарға зақым алу күю және үсік шалған жағдайда көмек көрсету
Пәндер