Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы қазақ мәдениеті



1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

2. 20.40 жылдардағы қазақ мәдениетінің өсу дәрежесі.

Оқу . ағарту ісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

3. Қазақстанда ғылымның дамуы, қазақ мәдениетінің өркендеуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

4. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

5. Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
Халық даналығының мерей – мақтанышы - мәдениетінің мыңдаған жылдық тарихы,бел-белестері, қалыптасу кезеңдері бар. Оларды талдап, таңып түсіну үшін алдымен, мәдениет дегеніміз не,соны анықтап алуымыз керек. Мәдениет- халқымыздың ар иманының айнасы,ұзақ жылдар ішіндегі сұрыпталып жинақталған асыл да ардақты қазынасын құрайтын рухани игілігі,салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, таным сенімі саналылық танытатын көз қарастар жүйесі, әлеуметтік топтың,ұлттың, халықтың өмірдегі бет бейнесі, зиялылығы, біліктілігі, басқа бір ұлттаң, халықтан, нәсілден ерекшелеп көрсететін,айырып ажырататын тыныс – тіршілігінін, ғұмыр нәрінін бұлағы.Ол әдебипетті өнерді, адамның шығармашылдық,көркемдік ,эстетикалық талғамдарын қалыптастырып дамытатын рухани өмірдің барлық салаларын қамтиды.
1. А.К.Акышев «Қазақстан тарихы» Алматы;1994 жылы

2. Х.Маданов « Қазақ мәдениетінің тарихы» Алматы;1998 жылы

3. Х.Маданов« Қазақ халқының арғы-бергі тарихы»
Алматы;1995 жылы

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы қазақ мәдениеті.

1. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3

2. 20-40 жылдардағы қазақ мәдениетінің өсу дәрежесі.

Оқу – ағарту ісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4

3. Қазақстанда ғылымның дамуы, қазақ мәдениетінің
өркендеуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8

4. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
10

5. Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..
11

Кіріспе

Халық даналығының мерей – мақтанышы - мәдениетінің мыңдаған жылдық
тарихы,бел-белестері, қалыптасу кезеңдері бар. Оларды талдап, таңып
түсіну үшін алдымен, мәдениет дегеніміз не,соны анықтап алуымыз керек.
Мәдениет- халқымыздың ар иманының айнасы,ұзақ жылдар ішіндегі сұрыпталып
жинақталған асыл да ардақты қазынасын құрайтын рухани игілігі,салт-
дәстүрі, әдет-ғұрпы, таным сенімі саналылық танытатын көз қарастар
жүйесі, әлеуметтік топтың,ұлттың, халықтың өмірдегі бет бейнесі,
зиялылығы, біліктілігі, басқа бір ұлттаң, халықтан, нәсілден ерекшелеп
көрсететін,айырып ажырататын тыныс – тіршілігінін, ғұмыр нәрінін
бұлағы.Ол әдебипетті өнерді, адамның шығармашылдық,көркемдік
,эстетикалық талғамдарын қалыптастырып дамытатын рухани өмірдің барлық
салаларын қамтиды.
Қазақ халқының мәдениеті- оның ұлттық тарихының өнімді өзегі,
құрамдас бөлігі,маңызды саласы.Сондықтан оны игеру,өз алдына ғылым
ретінде танып, оқып үйрену қазақпын дейтін әрбір адамның азаматтық
парызы, қасиетті борышы, тұрмыс тіршілігінің таусылмас талабы,
қажеттілігі.
Қазақстан жерін мекендеген халықтар, қазақ халқы өзінің көп
ғасырлық тарихында,ерте заманнан күні бүгінге дейін жүріп өткен мезгіл
ішінде адамзат қоғамының өсуіне әлемдік өркениеттің қанатының қатаюына,
мәдениетінің дамуына үздік үлес қосты, оларды өз сана салтының игі
істеріменен нәрлі нәтижелерімен байытты.

20-40 жылдардағы қазақ мәдениетінің өсу дәрежесі.Оқу – ағарту ісі

Қазаң төңкерісінен кейін Қазақстанның мәдени дамуында кейбір
ілгерілеушіліктің болғанын айту керек. Оны тұтастай бір мәдени төңкеріс
деп атайық.Бұл төңкеріс қилы-қилы жағдайлардың барысында мүмкін
болды.1921 жылды маусымда Қазақстан партия ұйымының бірінші
конференциясы қазақтан шыққан сауатты қызметкерлердін көбі мүмкіндігінше
саяси – ағарту жұмысына жіберілсін өйткені қазақ тілін білетін адамдар
болмаса, бұл жұмыс бәрі бір істелмей тұра береді деп көрсетті. Сөйтіп,
жергілікті ұлттардың өкілдерінен жергілікті халықтын тілін психологиясын
білетін адамдардан мәдени – ағарту қызметкерлерін, басшы кадрларды
даярлау ісіне маңыз берді. Ғасырлар бойы отарлық езгі мен кіріптарлықта
болып кеген ұлттық мемлекеттігінен айырылған қазақ еліне,оны аяқ асты
болған ұлттық мүддесін қорғайтын, яғни жоғын жоқтап қиюы қашқан
шаруашылығымен қамқоршысы жоқ мәдениетіне сүйеніш, қорған бола алатын
мүлдем жаңа сападағы мемлекет құру үшін әрине, маңызды еді.
Мәдени-ағарту жұмысының ошақтары- кітапханалар, мұражайлар,
театрлар, жұмысшы клубтары, халық университеттері,көшпелі және жартылай
көшпелі аудандардағы қызыл отаулар, қызыл керуендерден тұрды. 1922 жыл
көктемінде республикада 77 орталық және 90 аудандық клуб, 33 аудандық
халы үйі, 221 оқу үйі жұмыс істеді.
Мәдени ошақтар жалпы жұртшылыққа қызмет етумен бірге қазақ
әйелдерінін еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға, олардың арасында
ағарту жұмысын жүргізуге, сауаттарын ашуғаназар аударды. Бұқараның
көркемдік творчествосын өрістетіп, көркем өнер паздықты дамытуға ат
салысты. Еңбекшілерді саяси және мәдени жағынан ағарту ісінде
кітапханалардың маңызы зор болды. Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда
жалпы қоры 98000 кітабы бар 139 кітапхана болса,1925 жылы олардың саны
300-ге жетті.1929 жылы республикада 494 оқу үйі,74 қызыл отау,11 театр,9
мұражай болды.Ал бірінші бесжылдықтың соңына қарай республикада 3569
кітапхана жұмыс істесе,1937 жылы олардың саны 2073-ке жетіп,қорында 2,5
миллион кітап болды.Ауылдық жерде 1747 кітапхана жұмыс істеді.Бірақ бұл
кітапханалармен оқу үйлері жөнді басқалқасы жоқ, қарабайыр жағдайда өмір
сүрді.Олардың жұмысын жүргізуші адамдардың сауаттары да, кәсіптік
дәрежесі де төмен болды.Тіпті қалалардың өздерінде мәдени ошақтарда
істейтін адамдардың білім деңгейі көбінесе төмен болатын.Бірақ білімге,
мәдениетке деген халықтың құштарлығы, ынта – тілегі мәдени ошақтарының
қарапайым формада болса да көбейе түсуіне жол ашты.
Республикада мерзімді баспасөз және кітап шығару ісі дамып келе
жатты. Степная правда ( қазіргі Казахстанская правда)және Еңбекші
қазақ,Қазақстан журналы шыға бастады.Кеңес өкіметінің алғашқы
жылдарында газеттер мен журналдар көбінесе мемлекеттік, кәсіподақтың,
кооперативтік қордың есебінен жаздырылып алыңды және мәдени - ағарту
мекемелеріне желісіне,кеңестік және кооперативтік ұйымдарға келіп
тұрды.Газеттер көп жұрт жиналатын жерлерге ілінді,оларды дауыстап оқып
беруісі ұйымдастырылды.Қазақстанның белгілі көптеген мәдениет
қайраткерлері өздерінің шығармашылық жолын осы газеттерде жалғастырды.
1920 жылы жергілікті Халық ағарту бөлімдерінің жанынан
сауатсыздық жөнінде комиссиялар құрылды,олар сауатсыздардың есебін алуды
ұйымдастырумен,педагог кадрларды даярлаумен,курстар мен мектептерді
ұйымдастырумен,көмекші оқу құралдарын басып шығарумен
шұғылданды.Кейінірек бұл жұмысты Бүкілодақтық Сауатсыздық жойылсын
қоғамының жергілікті бөлімшелері жүргізді. Жер-жердің бәрінде лекциялар
оқылып, бір күндіктер, үш күндіктер айлықтар өткізілді.
Өткен уақыттың бұл ауыр зардабын жоюда жастар неғұрлым күшті
белсенділік көрсетті.Олардың инциативасымен 1928 ж. Мәдени шеру
өткізілді.Кейінірек бұл сауатсыздықпен күрестің түріне айналды.
Сауатсыздықты жою қиын жағдайда жүргізілді: қаржы
жетпеді,мұғалімдер,оқулықтар,көмекш і құралдар,жазу құрал-жабдықтары
жетпеді.Ойланылмай жасалған алфавиттік реформалардың жүргізілуі де істі
қиындата түсті.20-жж. аяғында қазақ жазуы араб әріпінен көшірілді.Сөйтіп
бір адамның үш рет қайта сауат ашу үшін оқуына тура келді.
30-жылдардың екінші жартысында жаппай сауатты аудандар, колхоздар
мен совхоздар пайда болды.1939 жылы Қазақстан халқының сауаттылық
дәрежесі 83,6 пайызға жетті. Әріп танымайтын сауатсыздықты толық жоюға
Ұлы Отан соғысы кедергі жасады.
1920-1930жжЖ.Аймауытовтың,С.Торайғы ровтың,М.Жұма-
баетың,А.Байтұрсыновтың,И.Жансүгіро втің,Ш.Құдабердиев-тің,С.Сейфуллинн ің
Б.Майлиннің шығармалары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XX ғ. 20 -30 жж. Қазақстандағы демографиялық мәселелер
Қазақстан кеңестер одағы құрамында
ХХ ғ. 20-30 ж.ж. мәдени құрылыс
20-30 жылдардағы мәдениеттің жалпы жағдайы
Қазақстандағы музей ісінің тарихы
Қазақ жастары мерзімді баспасөзінің тарихы (ХХ ғасырдың басы – 1940 жж.)
1920—1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір
Дінмен ымыраға келмейтін күрес саясаты
Зерттеу жұмысын жазу барысында соңғы жылдары Отандық тарих ғылымында болып жатқан түбегейлі өзгерістерді негізге алдық
Мәдени жаңғыру қарқыны
Пәндер