Қаржы нарығының экономикалық мәні мен ерекшелігі



1.Қаржы нарығының экономикалық мәні мен ерекшелігі
2.Қаржы нарығының құрылымы
3.Қаржылық ұйымдардың жағдайы
Пайдаланған әдебиеттер
Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады.Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап беретін олардың айналысының өзіндік аймағын қалыптастырады. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.
Сондықтан,қаржы нарығы – бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизінің жүйесі.Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын қаржы-несие институттарының жиынтығын білдіреді.Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар:
- реттеушілік – оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;
- ақпараттық – қаржы нарығына қатысушылардың барлығына ақпараттарға толық және теңдей қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
- бөлу – қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының айналымын экономиканың бір саласынан екіншісіне,нарықтың бір қатысушысынан екіншісіне,бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз ететін,қаржы ресурстарының бөлінуіне әсер етеді;
- коммерциялық – қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге қатысушылардың барлығына қандайда бір табыс әкеледі;
- баға белгілеу – қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.
1. «Деньги,кредит,финансы», Голицкая
2. «Экономика және бизнес» журналы №4-5(11),2005
3. Internet, google сайты.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ:

1.Қаржы нарығының экономикалық мәні мен ерекшелігі
2.Қаржы нарығының құрылымы
3.Қаржылық ұйымдардың жағдайы

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТІ

Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып
табылады.Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын
анықтап беретін олардың айналысының өзіндік аймағын қалыптастырады.
Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық
қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қаржы нарығы ұғымы
қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының
өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.
Сондықтан,қаржы нарығы – бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты
қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз
алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизінің жүйесі.Тәжірибеде ол
ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері
бағыттайтын қаржы-несие институттарының жиынтығын білдіреді.Қаржы нарығының
негізгі функциялары мыналар:
- реттеушілік – оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін-
өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;
- ақпараттық – қаржы нарығына қатысушылардың барлығына ақпараттарға толық
және теңдей қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
- бөлу – қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының айналымын
экономиканың бір саласынан екіншісіне,нарықтың бір қатысушысынан
екіншісіне,бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз ететін,қаржы
ресурстарының бөлінуіне әсер етеді;
- коммерциялық – қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге
қатысушылардың барлығына қандайда бір табыс әкеледі;
- баға белгілеу – қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін бәсекелестік
жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.
Мұндай нарықтардағы сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық
субъекті ретіндегі үш тобы бар:
- үй шаруашылығы
- меншік формасына қатыссыз барлық шаруашылық жүргізуші сүбъектілер;
- мемлекеттік басқару органдары.
Жоғарыда айтылғандарды түйендей келе, қаржы нарығының функциясын
анықтайтын алғышарттарға мына факторларды жатқызуға болады:
- қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін барынша азайту;
- монополияны шектеу және бәсекелестікті дамыту мақсатында барлық меншік
түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық дербестігін
қамтамасыз ету;
- бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін елдегі Орталық банктің ссудалық
қорын пайдалануды тоқтатып, бұл мәселелерді мемлекеттік займдарды яғни
облигациялар және басқа да міндеттемелерді айналысқа шығару арқылы шешу
қажет;
- бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін шаруашылық жүргізуші
субъектілер мен халықтың ақшалай табыстарын тұрақты өсуі.

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Әрбір елге мазмұны мен ерекшелігін мүмкіндігінше толық ашатын қаржы
нарығының құрылымы тән. Қаржы нарығының құрылымына қатысты ғалым-
экономистердің пікірлері әр түрлі.Сондықтан да оның ғалымдар ұынған кейбір
түрлерін қарастырып, содан соң Қазақстанға тән қаржы нарығының құрылымы
анықталады.
Қаржы нарығының құрылымы өзара байланысты және бірін-бірі
толықтыратын,дербес қызмет етуші нарықтардан тұрады.
1.Қолма-қол ақша айналысы мен қысқа мерзімді төлем құралдары функциясын
орындайтын нарық.Белгілі болғандай, ақша нарығы инфляцияның ықпалында
болады,егер соңғысы белгілі бір шектен аспаса,жағымды рөл ойнауы мүмкін.
2.Ссудалық капитал нарығы, яғни қысқа мерзімді арзан несие болған емес.
Елде қызмет ететін коммерциялық банктер оны сенімді қамтамасыз ету әрі
жоғары пайыз-шарттарымен ғана береді.Негізгі қорларды құруға және
жаңғыртуға қажетті ұзақ мерзімді несиені тек өзгермелі пайыз мөлшермесі
бойынша алуға болады.
3.Қазақстанда көптеген жылдар бойы бағалы қағаздар нарығы мүлдем болған
жоқ.Және 90- жылдардың бас кезінде басталған оның дамуы белгілі бір уақытты
талап етеді, өйткені ол меншік қатынастарын қайта құрумен және мемлекет
қаржы саясатының барлық сипатының өзгеруімен тікелей байланысты.Бүгінгі
таңда мемлекет бюджет тапшылығының орнын толтыру үшін эмиссиялық ақшалай
белгілерге емес,мемлекеттік бағалы қағаздарды, мәселен, мемлекеттік
қазынашылық қысқа мерзімді міндеттемелерді шығаруға жиі қадам
жасайды.Бағалы қағаздар нарығын екі ұстаным тұрғысынан бағалауға болады:әр
түрлі көздердегі ақша қаражаттарды тартудың көлемі тұрғысынан және бос ақша
қаражаттарды қандай да бір нарыққа жұмсау.

Қ.Р. мемлекеттік реттеу органдарының қаржылық есеп берулерді ұсынудың
белгіленген тәртібіне сәйкес қаржы нарығыың құрылымына: ақша нарығы,
депозит нарығы, несие нарығы,валюта нарығы,бағалы қағаздар нарығы.
Ақша нарығы. Ақша қаражаттар қаржының негізін құрайтындықтан, ақша
нарығының маңызы мен мәні алдыңғы қатарға шығады.Қолданысқа енген уақытынан
бері әр түрлі формадағы ақшалар операциялар нарығында жүзеге асқан барлық
ауыспалы айналымға қызмет етіп келеді және ол кез келген қаржы нарығының
бастапқы субстанциясы болып табылады.
Депозит нарығы. Халықтың табысы екі негізгі бөліктен:тұтынуға арналған
табыс пен жинақтауға арналған табыстан тұрады. Уақытша бос ақша қаражаттар
әр түрлі салым негізінде банкке және қаржы-несие мекемелеріне
тартылады.Осылайша,ақшалай депозиттерде трансформацияланады,банктер ақшаны
пайдаланғаны үшін иелеріне тиісті ақшалай сыйақы-пайыздар төлейді.
2006 ж. Банк жүйесіндегі депозиттік резиденттері бойынша депозиттің
жалпы көлемі 7,1%-ға өсті, яғни 2154,1 млрд. тг.Заңды тұлғалардың
депозиттері 8,2%-ға,яғни 1414,0 млрд тг. ал, жеке тұлғалардың депозиті-
5,2%-ға,яғни 740,0 млр. тг. дейін өсті.
Несие нарығы. Депозит түрінде банкке түсетін қаражаттың бір бөлігі одан
ары несиелер ретінде бөлінеді.Коммерциялық банктер уақытша бос ақша
қаражаттарды шоғырландыру арқылы әр түрлі мақсаттары үшін заңды және жеке
тұлғаларға несие беріледі.Осылайша,ақшалар нарықта несиелер ретінде
айналыста болады. Қарыз алушылар бұл несиелерді пайдаланғаны үшін банкке
тиісті пайыздар төлейді.
Банктің экономикаға қайтаратын нақты қарыздың көлемі 4,5%-ға, яғни
3116,2 млрд. құрайды.
Валюта нарығы. Қазақстан нарығында операциялардың бір бөлігі ұлттық
валютада,ал оның басқа бір бөлігі шетелдік валютада тжүзеге
асырылады.Осыған орай,қаржы құралдарының айналысы екі валюта түрінде жүзеге
асады.Валюта айырбастау бойынша операцияның рөлі үлкен.
2006 ж. Шілдеде ішкі валюталық нарықта теңгенің тұрақтылығы алғашқы 2 он
күндікте тұрақтылығы байқалды да, соңғы 10 күндікте керісінше әлсізденуі
байқалды.Теңге валюталық курсының динамикасы 2 факторы бойынша
айқындалады.
Біріншіден, 2006 жыдың 1 шілдесіне бастап, Ұлттық қорының қаражаттарын
пайдалану мен қалыптастыру механизмі өзгерді, тенденцияның өзгеруі салық
аптасынан кейін болды,соның нәтижесіне теңгеге деген сұранысы жоғарылап
кетті.Мүмкін, салықты төлегеннен кейін экономикалық субъектілер шетел
валютасына сұранысын жоғарлатты.Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының
Ұлттық банктің № 67 қаулысында Қ.Р. Ұлттық қордың активтерін конвертация
мен реконвертация туралы Ережелері құрылған болатын.Осы Ережелерге сай,
Ұлттық Банк шетел валютасын сатуымен қатар, оны сатып алу мүмкіндігі бар.
Тамызда Ұлттық Банк тарапынан шетел валютасын сатып алуына байланысты 3
операция жүргізілді. Барлығы 315,8 млн. долл. кетті.
Екіншіден, 12 шілдеден бастап, минималды резервтік талаптарға сай жаңа
ережелер жарияланып шықты.Сойтіп, екінші деңгейлі банктер өзінің резервтік
активтерін қалыптастырды.Ережелердің өзгерілуі минималды резервтік
талаптардың көбеюіне әкелді, соның нәтижесінен сәйкесінше резервтік
активтер де өсті.Бүгінгі күні доллардың бағамы-127 теңгені құрайды.
Бағалы қағаздар нарығы. Басқа да қаржы құралдары секілді бағалы қағаздар
тұтастай қаржы нарығына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық ұғымдар
Құнды қағаздардың мәні
Бағалы қағаздар нарығы
Әлеуметтік-экономикалық қатынастардағы бағалы қағаздар нарығы
Қаржы нарығының құрылым
Қаржы нарығының қалыптасуы мен дамуы
Нарықтық экономикада бағалы қағаздардың алатын орны
Сақтандыру нарығының қалыптасуының негізгі ерекшеліктері
Бағалы қағаздардың негізгі түрлері
Бағалы қағаздар нарығының мәні, функциялары және қатысушылары
Пәндер