Мемлекеттік реттеу және мемлекеттік бюджет жүйесі: құрылымы, кіріс көздері мен шығындары


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға кіріспестен бүрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру қажет. Себебі білімнің кез келген саласы "оның тәжірибемен дәлелденген бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына айналады" . Біздің ойымызша, экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.

Адамзат тарихы мемлекеттердің пайда болуы мен даму барысы, сондай-ақ, олардың арақатынасы бейбіт іс-әрекеттермен қатар, күштеу жолымен де анықталатындығын айқын көрсетіп отыр. Соңғы жағдай, яғни күштеу іс-әрекеттері объективті түрде белгілі бір материалдық-техникалық және интеллектуалдық қорларды елдің қорғаныс кабілетін қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін бөлуіне мемлекетті мәжбүр етті. Оған қоғамның барлық мүшесі де мүдделі. Сондықтан олар мемлекет тарапынан шетелдік қол сұғушылықтан қорғау жөніндегі шараларға бірыңғай ие бола отырып, жоғарыда аталған қорларды жасауға (пайдалануға) арналған мажбүрлі салықты төлеуге түсіністікпен қарайды. Өйткені бұл қорларды түтыну, жекелеген сүраныс жиынтығын анықтау арқылы емес, ұжымдық түрде жүзеге асырылады, ал бұл нарықтық механизмді шектейді және қоғамдық тауар (қызмет) көрсеткіштерін қалыптастырады. Мұндай тауарлар қатарына мемлекетті басқару ісін, азаматтардың занды құқын қорғау мен қоғамдық тәртіпті сақтауды, күрделі ғылыми зерттеулер жүргізу мен нәтижелерін қолдануды ұйымдастыруды тұтастай энергетикалық жүйені құру мен пайдалануды, экономикалық жүйені құру мен пайдалануды, жалпы-мемлекеттік табиғатты қорғау шараларының әсерін, төтенше жағдайларды алдын ала ескертуді және т. б. жатқызуға болады.

1. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ

1. 1. Қаржы жүйесінің қызметі

Мемлекеттік қаржы жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджет тұрады. Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді.

Ел бюджетінің құрылымы сол елдің мемлекеттік құрылымымен байланысты, Унитарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі деңгейден - мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден тұрады. Федеративтік мемлекеттерде штаттардың, (АҚШ) жерлердің (ФРГ) өз бюджеттері болады, соған сәйкес әкімшілік ұйымдары қызмет етеді.

Мемлекет қызметтерінің ұлғаюы мемлекеттік шығындардың қаркынын ЖҰӨ өсуі карқынан едәуір асырып жібереді. Мысалы АҚШ-та XX ғасырда мемлекеттік шығындар 350 есе артты. Тек 1980-1989 жылдар арасында федералдық бюджет шығындары 2 еседен астам өсті (433, 5 млрд. долл. 872 млрд. долл. жетті)

Мемлекет шығындарының басты тармағына экономиканың өндірістік секторының қызмет істеуін қамтамасыз етуге байланысты шығындар жатады. Әлеуметтік инфрақұрылымдарға білім беру мен денсаулық сақтауға бөлінетін шығындардың да үлесі айтарлықтай.

Әскери шығындардың да үлесі қомақты. Әскери шығындарды айтқанда тек тікелей шығындарды ғана көрсетіп қоймай, жанама шығындарды да ескеру керек. Оларға әскери қарыздар бойынша пайыздық төлемдер, зейнетақы, соғыс мүгедектеріне, ардагерлерге және т. б. көмек түрлері жатады. Мемлекет бюджетінің басты құрамды бөлігі жергілікті бюджеттер. Олар арқылы ең алдымен коммуналдық меншік объектілері, жол, мектеп, байланыс құралдарын дамыту және тұрғын үй құрылысы қаржыландырылады. Жергілікті бюджетті жергілікті әкімшілік, полиция, сот пен прокуратура пайдаланады. Жергілікті бюджеттің үлкен бөлігі әлеуметтік-мәдени қажеттілікті өтеу, денсаулық объектілерін, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға кеткен шығындардан тұрады. /6/

Мемлекеттік бюджеттің кірістері біріншіден орталық және жергілікті органдар жинайтын салықтардан, мемлекеттік заемдардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады. Мұндай қорлардың құрылуы ірі қаржы ресурстарын нақты мақсаттарға, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мақсаттарға шоғырлаңдыру қызметінен туады. Бұлардың қатарына әлеуметтік қамсыздаңдыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс күшін даярлау, қайта даярлау және т. б. жатады. /17/

Мемлекеттік табыстың жалпы материалдық негізін ұлттық табыс құрайды, мүны бөлу және қайта бөлу негізінде бірқатар шаралар жүзеге асырылады. Мұндай қайта бөлу механизмінің негізгі және тұрақты буындары - салықтар, мемлекеттік заем, бюджеттен тыс қорлардан алынған төлемдер.

Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі - салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 процент. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарьша, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойьшша салық төлейді. Номиналдық табыстың ұлғаюына сәйкес табыс салығын есірудің базасы жасалады, салық телеушілердің саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған жалпы қаржы-қаражаттары көбейеді.

Салық салу тарихында жоғары пайдаға салық салу деген де бар. Ол пайданың белгілі мелшерден артық болуына байланысты салынады. Мұндай шара әдетте төтенше жагдайларда, соғыс, экономикалық күйзеліс кездерінде қолданылады. Табыс салығының қатарына мулік салығы және капиталды пайдаланумен байланысты аткарылған істер салығы да жатады. Бірінші жағдайда салық мүліктің құнына қарай (жер, құрылыс) әрбір адамнан және заңды тұлғалардан алынады. /15/

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджет: түсінігі, принциптері, құрылымы және кірістері мен шығындары
Қазақстандағы мемлекеттік бюджет шығындары мен реттеу механизмдерінің теориялық-әдістемелік негіздері
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылар: құрылымы, функциялары және бюджет шығындары
Мемлекеттік бюджет шығындары: құрылымы, резервтері және тапшылықты қаржыландыру
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі: мемлекеттік бюджет құрылымы, бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарызды басқару
Қаржы жүйесі: мәні мен құрылымы, мемлекеттік бюджет және салық саясаты, бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыз
Мемлекеттік қаржы жүйесі: бюджет, салықтар, бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз
Ұлыбританияның қаржы жүйесі және мемлекеттік бюджет құрылымы
Мемлекеттік бюджет пен бюджет жүйесі: құрылымы, функциялары және қағидаттары (Қазақстан тәжірибесі)
Мемлекеттік реттеу және қаржы жүйесі: бюджет, салық және әлеуметтік саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz