Адамның сана сезімінің қалыптасуы



I. Кіріспе
Адамның сана сезімінің қалыптасуы
II. Негізгі бөлім:
а) Сана . психика дамуының жоғарғы сатысы
б) Адам санасының пайда болу тарихы

III. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Жер бетіндегі тіршілік эвалюциясының қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі- ойлай білетін адамның дүниеге келуі. Адамның еңбек етуі, еңбек құралдарын жасап, оны пайдалануы оның санасының дамуына зор ықпал жасады. Адамды жаратқан да осы өндіруші еңбек. Еңбек ету арқылы ол өзінің түрлі тіршілік қажеттерін қанағаттандырып қоймай, айналасындағы дүниені тани түсуге де мүмкіндік алды. Еңбек ету арқылы адам тек материалдық игіліктерді өндіріп қана қоймай, өзінің ой - санасын, психологиясын да қалыптастырады.
Ф.Энгельс «Маймылдан адамға айналу процесіндегі еңбектің рөлі» (1875) деп аталатын кітапшасында адамның дүниеге келуі жолын сөз етеді. Ағылшынның ұлы ғалымы Ч.Дарвин (1809-1889) біздің арғы тегіміз адам тектес маймылдардан пайда болғанын дәлелдегенімен, мұндағы еңбек процесінің шешуші ролін көрсете алмады. Энгельстің айтуынша, адамның дене және ойлау қабілеттерін жетілдіруге, оның миын дамытуда еңбек пен дыбысты тіл зор роль атқарған.
1) Жарықбаев «Психология оқулық құралы » Алматы 1993ж
2) Ж.Аймауытов « Психология » Алматы 1995 ж
3) Алдамұратов, Рақымбетов « Жалпы психология » Алматы 1996ж
4) В.В.Гогеловский « Психология оқу құралы » Алматы 1979ж
5) Темірбеков, Балаубаев « Психология » Алматы 1966ж
6) С.Мұханов « Ақыл- ой өрісі » Алматы 1980ж
7) Озғанбаев « Жалпы психология »
8) Алдамұратов « Қызықты психология »
9) Жарықпаев « Қазақстан психологиясының тарихы »
10)Ж.И. Намазбаева « Психология » Алматы 2005ж

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I. Кіріспе
Адамның сана сезімінің қалыптасуы
II. Негізгі бөлім:
а) Сана – психика дамуының жоғарғы сатысы
б) Адам санасының пайда болу тарихы

III. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Жер бетіндегі тіршілік эвалюциясының қолы жеткен ең жоғарғы
жетістігі- ойлай білетін адамның дүниеге келуі. Адамның еңбек етуі, еңбек
құралдарын жасап, оны пайдалануы оның санасының дамуына зор ықпал жасады.
Адамды жаратқан да осы өндіруші еңбек. Еңбек ету арқылы ол өзінің түрлі
тіршілік қажеттерін қанағаттандырып қоймай, айналасындағы дүниені тани
түсуге де мүмкіндік алды. Еңбек ету арқылы адам тек материалдық игіліктерді
өндіріп қана қоймай, өзінің ой - санасын, психологиясын да қалыптастырады.
Ф.Энгельс Маймылдан адамға айналу процесіндегі еңбектің рөлі
(1875) деп аталатын кітапшасында адамның дүниеге келуі жолын сөз етеді.
Ағылшынның ұлы ғалымы Ч.Дарвин (1809-1889) біздің арғы тегіміз адам тектес
маймылдардан пайда болғанын дәлелдегенімен, мұндағы еңбек процесінің
шешуші ролін көрсете алмады. Энгельстің айтуынша, адамның дене және ойлау
қабілеттерін жетілдіруге, оның миын дамытуда еңбек пен дыбысты тіл зор роль
атқарған. Маймылдың адамға айналу процесінің өзі де өте күрделі нәрсе
болған. Мәселен, олар алғашқыда ағаштың басында секіріп жүріп күн көруден
жер бетіне түсіп тіршілік етуге, төрт аяқтап жүрудің орнына екі аяқтап
жүруге мәжбүр болған. Мұның бәрі тіршілік талаптарынан туған әрекет еді.
Бұл жөнінде Ф.Энгельс былай деді:
Ең алдымен өздерінің бір нәрсеге өрмелеп шыққанда қолдың аяққа қарағанда
өзге міндеттер атқаруын керек ететін тіршілік қалпының әсерінен болуы
керек, бұл маймылдар жермен жүргенде қолдың көмегін ұмыта бастап, барған
сайын тік жүруді үйрене бастаған. Осы арқылы маймылдан адамға айналу үшін
шешуші қадам жасаған
Сөйтіп, күнделікті өмірдің жағдайларын адамның арғы тегін төрт –
аяқтап жжүруденекі аяқтапжүруге, алдыңғы екі аяғының бірте- бірте қолдың
қызметінатқаруына ,өз қолымен қарапайым құралдар жасауға алып келді.
Адамның арғы тегі осы құралдарды күн көру үшін пайдаланатын болды. Құрал
жасаумен бірге шын мәніндегі еңбек ету басталды. Қол еңбек операциясын
жасайтын арнаулы мүше ғана емес, сонымен бірге еңбектің нәтижесі. Алғашқы
адамдар топтасып өмір сүрді. Кейін келе еңбек құралдарын бірлесіп істеп,
оны бірлесіп пайдалана бастады. Еңбек адамзат қоғамының тууына, еңбектегі
ұжымдық байланыстың тууына жағдай жасады.
Еңбек құралдарын жасау, онымен пайдалану адам организмінің
анатомиялық құрлысына үлкен өзгерістер жасады. Мысалы, біртіндеп омыртқа
жотасы өзгеріске түсті, мойын омыртқалары ерекше жетілді, бас сүйегінің
формасы мен көлемінің өзгеруі, ми қабығы клеткаларының күрделенуіне
мүмкіншілік туғызды. Сондай – ақ олардың бет әлпеті ( иек, таңдай, көмекей,
тіс, ерін, т.б ) күрделі өзгеріске түсті. Сөйтіп адам еңбек ету
процесінде сыртқы ортамен белсенді қарым – қатынас жасай отырып, бірте –
бірте өз табиғатын да өзгертті, біртіндеп оның сана сезімі өсе бастады.
Еңбекпен айналысу психиканың материалық негізгі мидың, ми сыңарларының
дамуына ерекше ықпал жасады. Бұл өз тарапынан сезім мүшелерінің дамуына,
дыбысты тілдің пайда болуына ықпал етті, мұның өзі тішілік қажетіне
байланысты шықты. Сөйлеу әрекетінсіз адамдардың бірлесіп еңбек етуі мүмкін
болмас еді. Осы айтылғандардың нәтижесінде біртіндеп адамға тән психикалық
процестердің ( ойлау, ерік, қиял, т.б.) мазмұны кеңейіп қалыптаса бастады.
Адамның бес сезім мүшесінің пайда болуы, Маркс айтқандай бүкіл дүние
жүзінің жемісі болды. Қоғамдық -тарихи тәжірбие негізінде адамның
музыкашыл құлағы, табиғаттың көркемдігін көре білетін көздер, сезімтал
талғамы және бассқа сезім органдары дамып жетілді. Бұл жағдай адамның
өзіне, табиғат және өзін қоршаған басқа адамдарға қатынасын сезінуге,
алдына мақсат қоя білуіне мүмкіндік жасады. Осы факторлардың бәрі жиналып
келіп мидың онан сайын дамуына әсер ете берді. Еңбек процесінде дамып
қалыптасқан адам санасы жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның ( мидың )
ерекше қасиеті, яғни мидың жемісі болып шықты.
Ғылыми психология, сондай - ақ, сананың бақылауынан тысқары тұратын
психологиялық құбылыстар болатындығын жоққа шығармайды. Біз саналы
процестермен қатар санадан тыс құбылыстардың болатындығын, бұған түрлі
инстиктік амалдар, соқыр сезімдер, ырықсыз қозғалыстар (ұйқысырап сөйлеу,
ұйқы кезінде жүру, гипнозға илану, түс көру т.б.) жататындығын білеміз.
Санадан тыс құбылыстар жөнінде тәжірбиеге негізделген материалистік пікір
айтқан ғалымның бірі – И.М. Сеченов. Осындай кезде мидағы қозу, тежелу
процестерінің жұмысы баяу болып келетіндігін И.П. Павлов зерттеулері де
дәлелдеген. Осы құбылыстардың мәнісі ғылымда әлі де жете зерттелген жоқ. Ал
творчествалық іске әрдайым сананың қатысуы, оның айқын жұмысының қажет
екендігі даусыз.
Сана дегеніміз, - деп жазды К.Маркс, - ең таяу ортаны тану және
өзін түсіне бастаған индивидтен тыс басқа адамдармен және заттармен арадағы
шектеулі байланысты тану болып табылады . Сана жеке адамға тән дара
қасиет. Адамда жеке санамен қатар өмір сүрген ортасына байланысты
қалыптасқан қоғамдық сана да болады. Бұл екеуі бір - бірімен тығыз
байланысты. Жеке адам санасының мазмұнына қоғамдық сана ықпал жасап
отырады. Идеялық мазмұны жағынан жеке адамның санасы қоғамдық санасының
көрінісі болып табылады. Адам санасының осы екі түрін де қоғамдық болмыс
бейнелейді. Экономикалық қатынастардың өзгеруіне ілессе, адамның санасы да
өзгереді. Сананың дамуы сыртқы ортадан тәуелді болып отырады дейтін түсінік
ғылымда детерминистік принцип деп атайды. Детерминизм тек сана
құбылыстарының пайда болуы, даму жолдарын ғана түсіндірмейді, табиғаттағы
заттардың барлығының шығу тегі обьективті себептіліктің заңдылықтарына
бағынады деп үйретеді. Себептілік дүниенің заттары мен құбылыстарының өзара
байланыстарының шексіз тізбегін, жан - жақты өзара әрекетін сипаттайды.

Сана - психика дамуының жоғарғы сатысы

Сана – адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған
қасиет. Ол ең көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп
жетілген мидың қызметі, материялық дүниенің жетілген бейнесі. Ф. Энгелъстің
анықтауынша, адам жануарлар дүниесінен бөлініп шығуына әсер еткен шешуші
факторлар – дыбысты тіл мен еңбек.
Дүние тану теориясының даму жолдарын В.И.Ленин Философиялық
дәптерлерінде баланың есеюі, жануарлардың жетілуі, тілдің даму тарихы (
мұны айырықша ескеру керек дейді де ) бұл салалар бойынша психология мен
сезім мүшелерінің физиологиясын қоса зерттеу қажет деген міндеттерді қосу
белгісімен арнайы атап көрсетеді. Сондай- ақ, ол еңбегінде бұл салалардың
бүкіл білім саласын қамтып, оның таным теориясы мен дижалетикалық
қалыптасуына негіз болатындығын жазған.
Жоғарыда айтылған мазмұндармен келтірілген дәйектер психиканың дамуы
мен адам санасының қоғамдық тарихи сипатта болатынын түсініп, оның мәнін
жете игеруді қажет етеді. Бейнелеу теориясы негізінде адам дүние танымының
пайымдау мен сезіп білуден абстрактылы ойлауға, одан тәжірибеге көшіп
отыруы - ақиқатты, объективті шындықты танып білудің үнемі дамып,
күрделеніп отыратын диалектикалық жолы. Бір сөзбен айтқанда, бейнелеу
теориясы ғылыми психологияның гнесеологиялық негізі болып саналады.

Адам санасының пайда болу тарихы
Адам өте ертеде адам тектес маймылдан шыққан. Адамның дене
бітімінің қазіргі жоғары дамыған маймылдардың дене бітіміне ұқсауы
сондықтан. Алайда, адам маймылдардың қазіргі типінен тарады деу жансақтық
болар еді. Ғылым осыдан шамамен 50 миллион жыл бұрын жартылай маймылдар-
лемуарлар, одан кейінірке шамамен осыдан 30 миллион жыл бұрын төменгі
дәрежеде дамыған маймылдар – парапитектер – адам тәріздес маймылдардың арғы
аталарының пайда болғаннын дәлелдеп отыр. Соңғыларының өзі екі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзіндік сананың қалыптасуы мен құқықтық жауапкершілігі
Балалардың музыкалық қабілеттілігін дамыту
Оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімінің қалыптасуының педагогикалық-психологиялық негізі
Студенттерді кәсіби қызметке дайындау барысында өзіндік сана - сезімді дамыту
Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу үрдісі
Музыка арқылы адамның ерекше сезіну қабілетін арттыру
Топты тренинг заңдарымен таныстыру
Сабақта оқушылардың отансүйгіштік сезімін, түсінігін қалыптастыру
Тұлғаның өзіндік санасы
Белсенділік және оның түрлері, тұлға дамуындағы ролі
Пәндер