Кiсен үзген көтерiлiс Бекболат батыр



1916 жылғы тарихи оқиғаға Оралдағы-10, Сырдариядағы-13, Cемейдегi-17, Ақмоладағы-27, Торғайдағы-60, Жетiсудағы-102 болыстың ер азаматтары қатысты. Жетiсуда тұратын қазақ, қырғыз, дұнғандардың ұлт-азаттық көтерiлiсi қазақ даласындағы қозғалыстың ең көлемi маңызды орталығына айналды. Олардың iрi ошақтары Асылдағы — Қызылбөрiк, Үшқоңырдағы — Жайылмыс, Қастек-Самсыдағы — Ботбай, Тайторы болыстарында болды.
Көтерiлiстi қазақ демократиялық интеллигенциясының өкiлi Тоқаш Бокин ұйымдастырды, дайындады. Жер-жердегi топтарды Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Нүке Сатыбеков, Доқожа Қашағанов, Әли Нұрғожаев, Сатай Көбегенов, Жақабай Құдайбергенов, Байхан Қазыбеков, Сатай Қарашаев, Боранбай Жантөлеев, Әлиасқар Сырабаев, Серғазы Күшiков, Сейдахмет Ысқақаов, Иса Сексенбаев сияқты халық ұлдары басқарды.

Ал, солардын iшiнде Бекболат Әшекеев айрықша көзге түстi, дараланды, ерлiк көрсеттi. Себебi, ол алдына қойған мақсатынан қайтпады, халқына берген уәдесiнен таймады, танбады.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Кiсен үзген көтерiлiс
Бекболат батыр

1916 жылғы тарихи оқиғаға Оралдағы-10, Сырдариядағы-13, Cемейдегi-17,
Ақмоладағы-27, Торғайдағы-60, Жетiсудағы-102 болыстың ер азаматтары
қатысты. Жетiсуда тұратын қазақ, қырғыз, дұнғандардың ұлт-азаттық
көтерiлiсi қазақ даласындағы қозғалыстың ең көлемi маңызды орталығына
айналды. Олардың iрi ошақтары Асылдағы — Қызылбөрiк, Үшқоңырдағы —
Жайылмыс, Қастек-Самсыдағы — Ботбай, Тайторы болыстарында болды.

Көтерiлiстi қазақ демократиялық интеллигенциясының өкiлi Тоқаш Бокин
ұйымдастырды, дайындады. Жер-жердегi топтарды Бекболат Әшекеев, Ұзақ
Саурықов, Нүке Сатыбеков, Доқожа Қашағанов, Әли Нұрғожаев, Сатай Көбегенов,
Жақабай Құдайбергенов, Байхан Қазыбеков, Сатай Қарашаев, Боранбай
Жантөлеев, Әлиасқар Сырабаев, Серғазы Күшiков, Сейдахмет Ысқақаов, Иса
Сексенбаев сияқты халық ұлдары басқарды.

Ал, солардын iшiнде Бекболат Әшекеев айрықша көзге түстi, дараланды,
ерлiк көрсеттi. Себебi, ол алдына қойған мақсатынан қайтпады, халқына
берген уәдесiнен таймады, танбады.

Рас, мен соғысуға шықпақ болдым,
Басыңды жер астына тықпақ болдым.
Рас десең, рас сөз мен айтайын,
Ақ патшаның тұқымын құртпақ болдым

деп кiмге қарсы шыққанын ашық, анық айтты топ алдында, көп алдында.
Сөйттi де өзiн-өзi өлiмге қиды. Жай емес, жарқын болашаққа сендi де, саналы
түрде, сабырлы түрде мойнын дар тұзағына ұсынды...

Бекболат 1843 жылы Қаскелең тауында туды. Жастайынан мал бақты.
Егiншiлiкпен шұғылданды. Ағаш шеберi атанды. Домбырамен күй шерттi, есейген
кезiнде ел арасындағы дау-жанжалды шешуге қатынасты. Әлiнiң келгенiнше,
әдiл төрешi болды. Осысы үшiн аз уақыт болыстықтың тәжiн де кидi.

7 шiлдеде Үшқоңырда Жайылмыс қазақтарының съезi болды. Отар приставы
Гилевтiң 1 тамыз күнi жазған хабарында Қарағанды, 8 шiлде күнi Қарғалы,
Бидайлы, Күртi, Ұзынағаш болыстарының мыңнан астам қазақтары Үлкен Саз
жайлауына жиналады. Мал санағын жүргiзуге келген шенеунiк Ивановқа қарсы
пiкiр айтады. Не iстесе де, балаларымызды солдатқа бермеймiз! деп жазба
түрде қарсылық бiлдiредi. оған Әмiрге Төлеубаев бастаған 45 кiсi қол қояды.
10 шiлде күнi тағы да сол Үлкен Сазда 5 мың адам қатынасқан жиын
өткiзiледi. Жиналғандар Патшаға солдат бермеймiз, бәрiмiз бiрiгiп соғыс
ашамыз! деп хабарлайды көпшiлiкке.

...Сол екi арада Алматыдан шыққан жазалаушы отрядта асуға жетiп
қалған. Отряд бастығы — қазақтың қас жауы, Верный уезiнiң подполковнигi
Базилевский екен. Отряд контингентi Верный гарнизонының құр сұлбасын сақтап
отырған Симбирск жаяу әскер полкының солдаттарынан табан астында iрiктелген
жұмысшылар. Олар қаланың атты полициясымен өрт сөндiргiштер дивизиондарының
мәстектерiне мiнгiзiлiп, кiшi Алматыдағы соғыс қоймасынан қылыш-сайман, оқ-
дәрi алысымен-ақ осылай жөнелтiлген. Жолшыбай, Қаскелеңде отрядқа жол
бастаушылыққа және тiлмаштыққа бiрқауым казак-орыстар қосылды.

Тамыздың 10 және 11 күндерi. Жазалау отряды анталап асуға шықты. Ел
шетiне жетуi-ақ мұң екен әлекедей жаланып, жеңiл сайран сала бастады. Қару-
жарақ асынған мұншама орысты жөндi көре алмай, жол жиегiнде көзiн
көлегейлеп қарай түскен, мал қайырған жайдақ атты қарияны көзi шалған
Базилевский: Сен анау шпионды шауып таста! деп бұйырды солдаттарының
бiрiне. Атын омыраулата түскен жаяу әскер киiмiндегi ебедейсiз кавалерист
ол қарияны ықай-шықайсыз шауып тастады. Қозы бағып жүрген бiр жасөспiрiмдi,
Базилевский және бiр солдатқа винтовканы көздетiп атқызды. Базилевский
өзiнiң бұл iсiн қылмысқа баламайды, қайта соғыс өнерiне машығы жоқ, мынадай
шопырды жауынгерлiкке үйреттi деп бiледi.

Тамыздың он үшi күнi. Жаяулатып сап түзеген солдаттар бiрi жатып, бiрi
тiзерлеп винтовкадан оқ жаудырды. Дара шығып, аш қойған сойылшылар арқан
бойыдан артық бармай, оққа ұшып жатты. Ат үстiнен үнсiз сырғып түсiп
жатқандар бар. Қарағым-ай, батыр емес пе едiң! дедi Қойшыбай ақсақал, ат
үстiнен ауып бара жатқан атақты көкпаршы суан Оспанды жанамалап сүйей
берiп. Солай ма едi, Қойшеке? деп еңсесiн бiр көтерген еңгезердей жiгiт:
Болмайды екен, Қойшеке, деп қайта құлап түстi.

Үлкен қантөгiс Герман майданының шебiнде емес, дәл осы ауылдың
ортасында болды.

— Оқтан қозыкөщ шегiнiңдер, жылқы келдi! - дедi. Бекболат, аттары
шоршып, шиыршық атқан сарбаздарға, арт жақты нұсқап. Жылқы дүбiрi Бұрған
жақтан да, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи жырлардың субъективтілігі
ХХ ғасырдың бас кезіндегі Жетісудағы саяси жағдай және 1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс
Ұлт азаттық көтерілісі жылдарындағы өлең, жырлар
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған өлең-жырлар
1916 жылғы қозғалыстың қолбасшылары және олардың қазақ ұлт - азаттық күресіндегі рөлі (А. Иманов, Т. Бокин, Б. Әшекеев, А. Жанбосынов және т. б)
Халық көтерілістерінің әдебиетте бейнеленуі
Торғайдағы көтеріліс басшылары
Банктік тіуекелдер және оларды бағалау әдістері
С. Датұлы және И. Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілістерінің салыстырмалы себебі, мәні және ерекшеліктері
Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодалдардың зорлық - зомбылығы
Пәндер