Халықаралық табиғи ресурстар



Жоспар

1. Кіріспе бөлім

2. Негізгі бөлім
2.1. Әлемдегі жер ресурстарына жалпы сипаттама
2.2. Су ресурстарына жалпы сипаттама
2.2.1. Әлемнің сумен қамтамасыз етілуі
2.2.2. Су қоры
2.2.3. Су ресурстарын пайдалану

3. Қорытынды бөлім

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетті заттар және табиғатта кездесетін жаратылыс дүниелері – табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік, жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де тікелей не өңделген күйінде тұрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де табиғи ресурстарға жатады.
Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай - өндірістік, денсаулық сақтауға қажетті, ғылыми, эстетикалық деп бөлінеді. Жаратылыстың құрамында болуына қарап, олар – жер, су, кен қазбалары деп тағы бөлінеді. Сонымен қатар, мөлшеріне қарай сарқылатын және сарқылмайтын болып та топтасады. Таусылатын қорларды жаңғыратын, салыстырмалы жаңғыратын және жаңғырмайтын деп те жіктеледі.
Жаңғырмайтын ресурстарға, адамзаттың пайдалануы барысында қайта пайда болмайтын және қайта қалпына келуі өте ұзаққа созылатын жаратылыс заттары тән. Бұлардың қатарына пайдалы кен қазбаларын жатқызуға болады.
Салыстырмалы жаңғыратын қорларға - өзінің бастапқы күйін қайта қалпына келтіріп алатын жүйелер жатады. Мысалға, жер бетінің топырақты қыртысын келтіруге болады.
Жаңғыратын қорлар - өсімдіктер және жануарлар дүниесі, кейбір минералды кен көздері.
Сарқылмайтын ресурстарға – ғарыш, ауа райының әсері және су көздері жатады.
Ғарыш қорларына – күн сәулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады.
Климаттық қорға – атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.
Жерді пайдаланудың функциялық ерекшелігі оның табиғи ресурстардың арасындағы орнын анықтап береді. Ол қоғам мүшелерінің әл-ауқатының бастапқы материалдық негізі, адамдарды қоныстандырудың және өндірістік күштерді орналастырудың кеңестік базисі әрі барлық экономикалық өсім факторының – еңбек, материалдық-техникалық және табиғи ұдайы өндірістік процестердің қалыпты жүзеге асуының негізі болып табылады. Тарих В.Петти формуласының дұрыстығын көрсетті, оның ойынша: «еңбек – заттай байлықтың атасы, ал жер – анасы».
Құрал ретінде жер өндірісінің, әсіресе, өндірістің қолдан жасалған құралымен салыстырып қарағанда өзіндік ерекшелігі болады.
Біріншіден, жер –табиғаттың өнімі, сондықтан да бастапқы жағдайда оның құны болмайды, өйткені оны жасайтын адам еңбегіне жұмсалатын шығын жоқ. Өндірістің басқа құралдары адам еңбегімен жасалатындықтан, олардың құны болады.
Екіншіден, өндірістің қолдан жасалған құралы физикалық тозуына қарай ұдайы өндірілуі мүмкін. Жердің топырақ жамылғысы да жаңғыртылатын табиғи ресурс болып табылады, алайда оны табиғи жолмен қалпына келтіру үшін жүздеген жылдар қажет. 2,5см қалыңдықтағы топырақ қабатының қалпына келуі үшін 300-1000 жыл керек, ал 18 см егістік қабатының қалпына келуі үшін 2-7 мың жыл қажет болады екен.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Үпішев М. «Табиғатты пайдалану экономикасы»
Алматы, 2005 ж.
2. Молдахметов «Экология»
Қарағанды, 2002ж
3. А.Ж. Ақбасова «Экология»
Алматы, 2002 ж.
4. А.Г. Оспанова «Экология»
Қарағанды, 2002 ж.
5. Қаженбаев С., Махмутов С. «Табиғат қорғау»
Алматы, 1992 ж.
6. Баешов А., «Экология және су проблемалары»
Алматы, 2003 ж

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ

РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: Халықаралық табиғи ресурстар

Жоспар
1. Кіріспе бөлім
2. Негізгі бөлім
2.1. Әлемдегі жер ресурстарына жалпы сипаттама
2.2. Су ресурстарына жалпы сипаттама

2.2.1. Әлемнің сумен қамтамасыз етілуі

2.2.2. Су қоры

2.2.3. Су ресурстарын пайдалану

3. Қорытынды бөлім

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетті заттар
және табиғатта кездесетін жаратылыс дүниелері – табиғи ресурстар деп
аталады. Су, жер, өсімдік, жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге
де тікелей не өңделген күйінде тұрмысқа, өндіріске қажетті
дүниеліктердің бәрі де табиғи ресурстарға жатады.
Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай -
өндірістік, денсаулық сақтауға қажетті, ғылыми, эстетикалық деп
бөлінеді. Жаратылыстың құрамында болуына қарап, олар – жер, су, кен
қазбалары деп тағы бөлінеді. Сонымен қатар, мөлшеріне қарай сарқылатын
және сарқылмайтын болып та топтасады. Таусылатын қорларды жаңғыратын,
салыстырмалы жаңғыратын және жаңғырмайтын деп те жіктеледі.
Жаңғырмайтын ресурстарға, адамзаттың пайдалануы барысында
қайта пайда болмайтын және қайта қалпына келуі өте ұзаққа созылатын
жаратылыс заттары тән. Бұлардың қатарына пайдалы кен қазбаларын
жатқызуға болады.
Салыстырмалы жаңғыратын қорларға - өзінің бастапқы күйін
қайта қалпына келтіріп алатын жүйелер жатады. Мысалға, жер бетінің
топырақты қыртысын келтіруге болады.
Жаңғыратын қорлар - өсімдіктер және жануарлар дүниесі,
кейбір минералды кен көздері.
Сарқылмайтын ресурстарға – ғарыш, ауа райының әсері және
су көздері жатады.
Ғарыш қорларына – күн сәулесінің радиациясы, теңіздің
тартылуы мен тасуы жатады.
Климаттық қорға – атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-
шашын жатады.
Жерді пайдаланудың функциялық ерекшелігі оның табиғи
ресурстардың арасындағы орнын анықтап береді. Ол қоғам мүшелерінің әл-
ауқатының бастапқы материалдық негізі, адамдарды қоныстандырудың және
өндірістік күштерді орналастырудың кеңестік базисі әрі барлық
экономикалық өсім факторының – еңбек, материалдық-техникалық және табиғи
ұдайы өндірістік процестердің қалыпты жүзеге асуының негізі болып
табылады. Тарих В.Петти формуласының дұрыстығын көрсетті, оның ойынша:
еңбек – заттай байлықтың атасы, ал жер – анасы.
Құрал ретінде жер өндірісінің, әсіресе, өндірістің қолдан
жасалған құралымен салыстырып қарағанда өзіндік ерекшелігі болады.
Біріншіден, жер –табиғаттың өнімі, сондықтан да бастапқы жағдайда
оның құны болмайды, өйткені оны жасайтын адам еңбегіне жұмсалатын шығын
жоқ. Өндірістің басқа құралдары адам еңбегімен жасалатындықтан, олардың
құны болады.
Екіншіден, өндірістің қолдан жасалған құралы физикалық тозуына
қарай ұдайы өндірілуі мүмкін. Жердің топырақ жамылғысы да жаңғыртылатын
табиғи ресурс болып табылады, алайда оны табиғи жолмен қалпына келтіру
үшін жүздеген жылдар қажет. 2,5см қалыңдықтағы топырақ қабатының қалпына
келуі үшін 300-1000 жыл керек, ал 18 см егістік қабатының қалпына келуі
үшін 2-7 мың жыл қажет болады екен.

2.1. Әлемдегі жер ресурстарына жалпы сипаттама
Жер ресурстары. Біздің планетамыздың беті – 510 млн км² (51000 млн
га). Оның көп бөлігі – 361 млн км² (36100 млн га), яғни 71%-ін су алып
жатыр; құрлыққа тиесілісі – 149 млн км² (14900 млн га). Бұл
территорияның 4060 млн га (28 %-ін) орман алып жатыр, шалғын мен жайылым
– 2600 млн га (17%), өнделетін жер (егістік) – 1450 млн га (10%). Жер
категориясы бойынша жер ресурстарының бөлінуі диаграммада бейнеленген.
Бұрынғы КСРО территориясы – 22,3 млн км² (2230 млн га);
Қазақстанның территориясы – 2,72 млн км² (272 млн га).
Ауыл шаруашылығына жарамды жердің жалпы үлес салмағы
елдер бойынша: ТМД - 27% , АҚШ - 53%, Канада - 7%, Бразилия -28%,
Аргентина - 65%, Қытай -40%, Жапония -6%, Үндістан - 60%, ГФР - 50%,
Франция - 63%. Бұл айырмашылық олардың ( әр түрлі елдердің ) табиғи
климаттық жағдайларымен түсіндіріледі (суық немесе жылы климат, шөл,
таулы және т.б.).
Жер жағдайының нашарлауы ауыл шаруашылық жұмыстарының
қарқынын ұдайы арттыруға, жерге салынатын салмақты күрт өсіруге ықпал
етіп отыр.
Көптеген дамыған елдерде ауыл шаруашылығына жарамды
жердің көлемі тарылып барады. Мәселен, АҚШ-та пайдалы жердің көлемі 1960
жылы 540 млн га-дан 1990 жылы 492 га-ға дейін, ал Жапонияда 7-ден 5,6
млн га-ға дейін, Францияда 39-дан 35 млн га-ға дейін, ГФР-да 14-тен 12
млн га-ға дейін, Италияда 22-ден 20 млн га-ға дейін кеміген. Халық
санының өсімінде бұл өнеркәсіптердің, көліктің, қалалардың өсу есебінен
жердің орташа қамтамасыз етілу деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Бүгінгі
таңда халықтың жан басына орташа есеппен 0,28 га егістік жерден келеді
екен. Жекелеген елдер бойынша: жан басына шаққанда ТМД-да – 0,81, АҚШ-та
– 0,63, Қытайда – 0,16, ГФР-да – 0,15, Ұлыбританияда – 0,13, Жапонияда –
0,04 га-дан келеді екен.
Әлемде қосымша пайдалануға болатын алаңдар бар, бірақ
олардың сапасы төмен, өйткені ауыл шаруашылығына қажетті шұрайлы алаңдар
бос емес әрі бұл алаңдардың көлемін кеңейтудің мүмкіндіктері шектеулі.
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылық ғылымы мен техникасы
топырақтың құнарлығын қаз-қалпында сақтайтын, тіпті оны арттыратын
мүмкіндіктерге ие. ГФР, Франция елдерінің ауыл шаруашылық өндірісінің
жағдайына жоғары баға беруге болады: екі ел астық бойынша да, өндірістік
мүмкіндіктерді толық пайдаланады, бұл елдердегі топырақ құнарлығын
жоғалтпаған.
Дамыған елдерде ауыл шаруашылығын химияландыру,
минералдық тыңайтқыштардың барлық түрі, пестицидтер, гербицидтер кеңінен
қолданылады. 1 га егістікке Франция 300 кг-нан Нидерландияда 800 кг-ға
дейін, Жапонияда шамамен 400 кг-ға дейін, АҚШ-та 110 кг-ға дейін,
Канадада 56 кг-ға дейін тыңайтқыш қолданылады.
Ауыл шаруашылық өндірісінің көлемі бойынша АҚШ алдыңғы орында тұр.
Бұған елдің қолайлы табиғи жағдайы, ұлан-байтақ жазық даласы,
оңтүстіктен субтропикалыққа дейінгі біркелкі климаты, ылғалдың
жеткіліктілігі өз әсерін тигізеді.
Салмағы ауыр тракторлар топырақты жаншып (тығыздығын арттырады),
оның құнарлығын кемітеді. Су шайып кеттетіндіктен минералдық
тыңайтқыштардың бір бөлігі өсімдіктерге сіңбей қалады. Гербицидтер мен
пестицидтер суды ластап, ұсақ жәндіктердің қырылуына себепші болып отыр.

Жер ресурстарының өнімділігі мен ауданын (алаңын) климаттық
жағдайлар да көп шектеп, тарылтып отыр. ТМД-дағы 60-тен де көп ауыл
шаруашылығына пайдалы жер +5°С орташа жылдық температурадан төмен
аудандарда кездеседі, ал АҚШ-та 10% қана. Жылына 700 мм жауын-шашын
түсетін аймақтарға ТМД-ның 1% егістігі ғана кіреді, ал АҚШ-тың 60%
егістігі осы аймаққа жатады. Бұл факті былайша түсіндіріледі: жер
ресурстарының ауыл шаруашылығына пайдалы жердің және егістіктің үлес
салмағы бұрынғы КСРО территориясында орташа әлемдік деңгейден төмен
(33%).
Ауыл шаруашылық аудандарды қолайлы агрофонмен жерді пайдалану
экологииялық баланстың шегіне жетті. Орташа есеппен алғанда ТМД бойынша
егістік барлық территорияның 10 пайызын, ал жыртылатын жер ТМД, Украина,
Молдавия елдерінің еуропалық бөлігінің орталық аудандарында 50-80
пайызды құрайды. Еуропа мен АҚШ-та өңделетін топырақ барлық алаңның 30-
36 пайызынан аспайды.
Кеңес одағы планетадағы құрлықтың алтыдан бір бөлігін алғанына
қарамастан ауыл шаруашылығына пайдалы жері – 1990 жылы (статистикалық
басқарманың мәліметі бойынша) 600 млн га-дан сәл асып түсетін, яғни ел
территориясының 27,3 %-ін құрады, оның ішінде 228 млн га-ды, яғни 10,2%-
ін егістік құрады.
Жердің ең қарқынды жыртылған кезі (П.И. Полатаевтың мәліметі
бойынша) – 1940-1965 жылдар. Бұл кезеңдегі бүкіл әлемдегі өңделетін жер
830 млн га-дан 1,5 млн га-ға дейін артқан. Алғашқы онжылдықта бұл өсім 5
пайызды құраса, соңғы жылдары – 2 пайыз ғана.
Әлемдегі егістік жердің кемуіне адам ғана кінәлі емес, бұған
эрозияда себепші болып отыр. Тек соңғы 100 жылда эрозияға ұшыраудан 20
млн км2 топырақ жарамсыз болып қалған, бұл барлық егістік алабының 28 %-
ін құрайды.
Сонымен, ғылым мен техниканың осы заманғы даму кезеңінде тек жер
ғана, оның үстіңгі топырақ қабаты ғана негізгі тағам көзі болып
табылады.
2.2. Су ресурстарына жалпы сипаттама

Табиғи ресурстар таусылмайды дейтін көрінер көзге аңғал ұғымның
мәні қалмай барады. Күні кеше ғана таусылмайтындай көрінген, тегін
пайдаланылып келген табиғат байлығы тапшылыққа айналды. Мұны әлемдегі
тұщы судың азайып бара жатқанынан байқауға болады. Су планетамыздағы
табиғи ресурстардың ішінде айрықша орын алады. Белгілі болғандай, жердің
беткі қабатының 30 пайызынан азын құрлық алып жатыр, ал қалған бөлігі
әлемдік мұхитқа тиесілі.

Жердің су ресурстарының арақатынасы

Әлемдік мұхит, судың көлемі 97,2-97,5%
Мұздықтар (Антарктиданы қосқанда) 1,75-2,15%
Жерасты сулары 0,72%
Тұщы көлдер 0,009%
Ішкі теңіздер, ащы көлдер 0,008%
Өзендер 0,0001%

Жер шарында су мол болғанымен, ол Жердің аудандары мен елдер
бойынша біркелкі емес. Планетамыздағы жалпы су ресурстарының қатысы
бойынша Арктиканың, Гренландияның және Антарктиданың мұздықтарын қоса
алғанда тұщы судың қоры өте аз – шамамен 3%. Тұщы сусыз өмір сүрудің
мүмкін еместігі бәрімізге белгілі. Шындығына келсек, ғалымдардың
есептеуінше, планетадағы барлық өзендерде ағатын бір тәулік ішіндегі
ағынды су бүкіл адамзатқа кем дегенде жарты ғасырға жетеді екен.

Су тек шөл басу үшін ғана керек емес. Ол өндіріс үшін де қажет.
Қазіргі технологияның су сыйымдылығы өте жоғары: 1 тонна құрышты қорыту
үшін 250 м3 су қажет, 1 тонна қағаз өндірісіне 900 м3 су, 1 тонна
капронға – 5600 м3 су кетеді екен. Егер Жердің 1 тұрғынына кететін
барлық су шығынын есептесек, ол жылына 1,2 тоннадан да көп көрсеткішке
тең болады екен.

Су – біртұтас кешен ретінде болатын табиғи ресурс. Табиғи
ресурстың бұл түрі мыналарға арналған:

– Адамзаттың, хайуанаттар мен өсімдіктер әлемінің өмірлік қажеттіліктерін
өтеуге;

– өндірістік-шаруашылық қажеттіліктерге (жуу, материалдар мен құралдарды
суыту, өсімдіктерді суару);

– гидротасымалдау және кемелермен жүкті тасуға;

– өзіндік ерекшелігі бар технологиялық процестерді қамтамасыз етуге
(электр энергиясын өндіру).

Су биосфераның барлық қабатында болады; дәлірек айтқанда, ол тек
су қоймаларында ғана кездеспейді, сонымен қатар, оны ауадан да,
топырақтан да және бүкіл тірі жан йелерінің бойынан да ұшырастырамыз.
Адам тамақ ішпей 40 күн өмір сүре алады, ал шөлге бар-жоғы сегіз-ақ күн
шыдайды екен. Оттегінсіз тіршілігін жалғастыратын бактериялар бар. Ал,
сусыз өмір сүре алатын ешқандай тіршілік йесі жоқ.

2.2.1. Әлемнің сумен қамтамасыз етілуі

Соңғы 80 жылдағы байқау көрсеткендей, теңіздің деңгейі жыл сайын
1,2 мм-ге көтеріледі, бұл құрғақтағы судың қорын жылына 430 км3-ге
кемітеді. Бұл көрсеткіш Каспий теңізіне құятын барлық өзендерге де (оның
ішінде Еділ мен Жайық секілді аса ірі өзендерге) қатысты. Адамзат өз
қажеттілігіне пайдаланатын судың жыл сайынғы мөлшері теңізге тек
гидрографикалық желі бойынша құйылатын судың мөлшерін ескергенде 37,3
мың. км3-ді құрайды екен. Бұдан басқа 13 мың км3-ге тең болатын жерасты
суының бір бөлігін пайдалануға болады.

Әлемдегі су ресурстары (Калинин мен Быков бойынша)

Көлемі, мың км3 Жыл сайынғы Жаңғыртуды
-пен алғанда жаңаратын тудыратын
(жаңғыратын) процестер
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теңіз түбінің ресурстарын игерудің құқықтық режимі
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы экономикалық реттеу
Рекреациялық ресурстар жайлы түсінік
Туристік ресурстар тізімін дайындау
Рекреациялық ресурстар
Табиғи туристік рекреациялық ресурстар
Туристік ресурстарды игерудегі шетелдік тәжірибе
Негізгі бағыттарда туризм инфрақұрылым дамыту
Өнеркәсіптік өндіріс ресурстары
Туризмнің дамуы
Пәндер