Нарықтық қатынастар, олардың мәні, қызметтері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Нарықтық қатынастар, олардың мәні,

қызметтері

5. 1. Нарықтық қатынастардың теориялық негіздері

Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден тұтынушыларға қозғалысын қамтиды: бір жақтан, өндірушілер, басқа жақтан, тұтынушылар арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады.

Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бұл бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір-бірінен оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты функционалдық қатынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуде экономикалық жекеленуіне, тәуелсіздігіне ұласады, сөйтіп нарық қатынастарының субъектерінің қалыптасуының экономикалық негізін құрайды. Екінші жағдай, тауарларды сатып алу-сату эквиваленттік негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде, жабайы өндірушінің нарық қатынастарының субъектіне айналуының экономикалық шарты материализацияланады, өндіріс тауарлық өндіріске айналады. Өндірушілер өнім өндіруді және оны өткізуді, шығындарды өтеуді, өндірісті кеңейтуді және жетілдіруді-барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар-ақша қатынасы жағдайында айырбас процестері нарықтық қатынастар формасын алады.

Нарықтың мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен бастау керек. Біріншіден, нарық (маркет) деген түсінік өзіндік мағынада өткізу деген түсінік, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады. Екіншіден, нарық-өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан формаларын, тауар-ақша байланыстарын, қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген, экономикалық іс-әрекеттердің күрделі механизімі.

Айналыспен қатар, нарық қатынастарына мыналар жатады:

  1. екі субъектің өзара байланыстары нарық негізінде болғанда, кәсіпорындарды және экономикалық басқа құрылымдарды жалға алумен байланысты қатынастар;
  2. еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдап пайдалану прцесі;
  3. шетел фирмалары мен бірлескен кәсіпорындардың айырбас процестері;
  4. белгілі процентке несие берудегі несие қатынастары;
  5. тауар, қор, валюта биржалары мен басқа құрылымдардан тұратын, нарықтық инфрақұрылымдардың іс-әрекет прцестері.

Нарық қызметтерінің белгілі шарттары болады. Ақырғы уақытқа дейін Қазақстанда нарық қатынастарының дамуын тежейтін шаруашылық болды. Бұның себептері: жалғыз мемлекеттік меншікті пайдалануға бағытталған көпсубъектілік шаруашылық жүйесі; макродәрежедегі өндірістік-экономикалық прцестердің тым қатал реттелуі; микродәрежедегі шаруашылық өмірде экономикалық бостандықтың шектелуі; барлық шаруашылық құрылымдарды материалмен бір орталықтан қамтамасыз ету.

Бүгін осы шектеулер жойылды-мыс болып отыр. Бірақ олардың орнына басқа шектеулер, кедергілер келді: шамадан тым асып кеткен салықтар көлемі, алып сатарлыққа жол ашу, криминалдық әрекеттердің жандануы-рэкет, мемлекеттік-коммерциялық құрылымдарда заңсыз келісімдердің көбейуі, т. б. Осылардың барлығы өндірістің дамуын тежейді, өндірістік-шаруашылық іс-қимылдарға негативтік ықпалын асыра түседі.

Осыған байланысты, өркениеттік нарық қатынастарының біздің экономикадан тез оын алуына жол ашатын шарттардың зәрулігі өте жоғарылап отыр. Бұндай шарттарды екі топқа бөлуге болады. Біріншісі нарықтық байланыстарды қамтамасыз ететін жалпы шаруашылық шарттарға жол ашумен байланысты:

  • меншіктің алуан түрлі формаларына(жеке меншікке, кооперативтік, акционерлік, мемлекеттік меншікке) жол ашу. Бұл шартқа бірте-бірте (құрылымдық өзгерістер экономикадағы сәйкестікті шұғыл бұзбайтын етіп) жол беру керек;
  • мемлекеттік реттеушілерді сақтай отырып, өндірісті демократияландыру. Бұнда есте болатын жағдай: нарық экономикасы өзін-өзі реттеп шексіз өркендеп тек жетіліп жандана беретін жүйе емес;
  • үш негізгі элементтерді біріктіретін: тауар мен қызметтер нарығын, өндіріс факторларының нарығын, қаржы нарығын біріктіретіннарықтық инфрақұрылым жасау.

Факторлардың екінші тобына құқықтық заңдарды жасаумен байланысты шаралар жүйесі және шаруашылық жүргізудің нарықтық әдісіне көшу туралы экономикалық тәртіптерді қабылдау жатады. Біріншіден, меншік пен шаруашылық жүргізудің көптүрлі формалары қалыптасу және оларға қожалық ету кезеңінде, талан-тараждыққа және орынсыз пайдалануға жол бермейтін, нақты шаралардың болуы қажет. Екіншіден, экономиканың жетекші салаларында құрылымдық өзгерістер жүргізіп тапшылықты жою керек. Үшіншіден, шетел капиталының қатысуымен және аралас кәсіпорындарды құру арқасында, экономиканы ашық жүйеге айналдыру қажет.

Нарықтың мәні оның функциялары арқылы толығырақ анықталады. Нарық мынадай маңызды функциялар атқарады:

  • тауар өндірісінің өзін-өзі реттеу қызметі. Бұл мына жағдай арқылы көрінеді: тауарға сұраныс өскенде өндірушілер өздерінің өндіріс көлемін көбейтіп бағаны жоғарылатады; нәтижесінде өндіріс қысқара бастайды;
  • ынталандыру қызметі. Баға төмендегенде өндірушілер өндіруді азайтады, осымен қатар, олар жаңа техника, технологиялар енгізу, еңбек ұйымдастыруды жетілдіру арқылы шығындарды азайту мүмкіндігін іздестіреді;
  • өндірілген өнім мен еңбек шығындарының қоғамдық маңыздылығын айқындау қызметі. Бірақ бұл қызмет тек тапшылық жоқ өндіріс жағдайында жүзеге аса алады: сатып алушылардың таңдауы бар болғанда, өндірісте монополия болмағанда, бірнеше өндірушілер болып олар өзара бәсекелес болғанда;
  • реттеу қызметі. Нарық арқылы экономикадағы, өндірістегі және айырбастағы негізгі микро- және макропропорциялар белгіленеді;
  • шаруашылық өмірді демократияландыру, өзін-өзі басқару принциптерін жүзеге асыру қызметі. Нарықтық құралдар әсерімен қоғамдық өндіріс экономикалық жағынан қолайсыз элементтерден арылып отырады, және осының арқасында тауар өндірушілер әркелкі түрге, буындарға бөлінеді, яғни дифференцияланады.

5. 2. Нарықтық экономиканың элементтері, қызмет ету принциптері. Нарықтық механизмнің қалыптасуы.

Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды.

Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі-өндірушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі прцесінде қалыптасады-біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірстік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адмдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады. Өндірістік тұтыну өндіріс прцесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме (толайым) нарықтық келісімдер формасында жүреді.

Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпаративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.

Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі-баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек мәселені ескертеміз. Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға өзгеріп (тербеліп) отырады. Екінші-осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.

Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны-екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.

Нарық механизімінің бесінші элементі-бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизімінің формасы болып табылады. А. Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің-бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т. б. мөлшерін анықтау болып табылады.

Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді.

Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделген:

  • маржиналдық (шекті) талдауға;
  • балама таңдау шығындарына;
  • экономикалық рационалдыққа.

Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық субъектілерінің іс-қимылы жүріп отырады. Олардың әрекеттеріне әсер ететін орташа емес, шекті шамалар болады. Осының нәтижесінде нарықты тауарлармен толық қамту, нарықтық бағаның өзгеруі, нарық экономикасының бір жағдайдан басқашаға ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаңа, шекті субъектінің пайда болуы нарық экономикасына, ондағы ұсыныс пен сұранысқа, мәнді әсер етпейді. Жетілген нарық жағдайында, яғни үлкен және үнемі болатын ұсыныс кезінде, шаруашылық жүргізушілер өте көп болғанда, олардың әрқайсысының нарықтағы жеке үлес салмағы шексіз аз шамада болады. Маржиналдық бағыт нарықтық ортаның үзілмей қызмет етуін қамтиды деуге болады; сұраныс пен ұсыныстың күрт тербелуіне жол бермейді; тауар өндірушілер мен тұтынушылар тепе-теңдік болмысын қамтамасыз етіп отырады.

Балама таңдау шығындарының принциптері. Балама таңдау шығындарына, тікелей шығындар және ресурстарды пайдаланудың, немесе, кәсіпкерлік әрекеттердің осыдан басқа, өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан түспеген, табыстың және тікелей шығындардың жиынтығы жатады. Нарық экономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішінен, ең ұнамсыз болса да, әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін варианты таңдап алынады. Балама таңдау шығындары принципі өндірушілерді, олардағы бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.

Экономикалық рационалдық принципі табыс пен шығындарды салыстырып отыруға негізделеді. Рационалдық таңдау өзгеріп тұратын варианттардан жасалады. Осы варианттардың ішінен, мүмкін болатын пайда ең аз көлемде болса да, күмәнсіз табысты қамтамасыз ететін вариант алынады. Рационалдықтың критериі-табыс төтенше құқықтың болуымен байланысты. Фирма неғұрлым өзінің пайдасын көбейтуді көздейді, ал тұтынушылар-капиталды шектеп пайдалана отырып, барынша өздерінің қал-ахуалын жақсартуды көздейді. Нарық экономикасын осы аталған принциптер негізінде құру, тепе-теңдік болмысына жетуді қамтамасыз етеді. Осы болмыс нарық механизмнің орталық проблемасы. Бұл жағдай екі қарама қарсы күштерді қолдануға негізделеді-бір жақтан, сұраныс пен ұсынысты, екінші жақтан, нарықтағы бағаны.

Сирек кездесу нарық экономикасының өте маңызды шарты болып табылады. «Сирекетік» деген түсінік экономистер үшін өте маңызды методологиялық құрал, әсіресе тауардың пайдалылығын дәлелдеуде қолданылатын. Демек, шекті пайдалылық теориясында «сиректік» деген түсінік негізгі және ешқандай түсіндірме тілемейтін, физикалық ақиқат болып табылады. Сиректік мәселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір игіліктердің тапшылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Классикалық мектептің өкілдері Д. Рикардо, А. Смит «сиректік» түсінігін құнмен байланыстырады. Олардың айтуы бойынша, сирекетік еңбектің санымен қатар, тауардың құнын белгілейтін маңызды факторларға жатады. Осы замандағы нарықтық қатынастар теориясында «сиректіктің» түсінігі белгілі трансформацияға ұшырап отыр. Егер бұрын сиректікті табиғи және әлеуметтік факторлармен байланыстырған болса, қазір сиректік нарықтың қызмет ету мерзімімен байланыстырылып отыр. Сұранысы мол жаңа игілік бір мезетте және толығымен қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмайды. Бұл үшін белгілі уақыт мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректігі мол болған сайын, осы игіліктің қажет санын өндіруге соншама мол уақыт керек.

5. 3. Нарықтың құрылымы, түрлері және сегментациясы

Нарықтың құрылымы өте күрделі болады және ол экономиканың барлық сферасында әсерін жүргізеді. Нарықтың экономикалық құрылымы мынадай жағдайлармен белгіленеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық, оның қызметтері және қызмет ету қағидалары
Тауар өндірушілер
Экономикалық жүйе және, оның экономикалық заңдылықтары
Нарықтық экономиканы реттеу әдістері
Экономикалық дамудағы қаржы
Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдіру үрдістері
Нарық оның механизмі мен қызметі
Қазақстандағы нарықтың даму тарихы
Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында нарық инфрақұрылымдарының қалыптасу мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz