Жеке тұлғаны саяси әлеуметтендіру процесіне білім мен саяси құндылықтардың ықпалы



Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қоғам өмірінің барлық салаларында түбірлі өзгерістер жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай еліміздің білім беру жүйесінде де түбегейлі жаңарулар орын алуда. Демек, бүгінде Қазақстан КСРО кезіндегі бірыңғай және қатал мемлекеттік білім беру жүйесінен білім алудың плюралистік түріне өту үстінде. Яғни, елімізде білім беруді демократияландыру мен егемен мемлекеттің білім беру саясаты қалыптасуда.
Білім беру саласын дамыту еліміздің тәуелсіздігі мен дербес мемлекеттігін нығайту жолындағы басты басымдықтардың бірі болып саналады. Қазіргі білім беру саясатының ерекшеліктерінің қатарында төмендегі жайттарды атап өтуге болады: бүгінгі деңгейімізді сақтау және білім берудің ұлттық үлгісін одан әрі дамыту, білім беру саласының барлық деңгейлерінің мазмұны мен сапасын жаңарту, білім беру саласында информациялық және телекоммуникациялық технологияларды кең түрде енгізу.
1. Казахстан:1991-2002 годы. Информационно-аналитический сборник. А.:2002.- 574с.(124-125)
2. Кемел келешек көкжиегі. ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ҚР-сы Парламенті Мәжілісінің үшінші шақырылымының алғашқы сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі //Егемен Қазақстан, 2004. - 5-қараша.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. А.: Қазақстан, 2000. - 96б.- (13).
4. Баласағұн Ж. Құтты білік. А.: Жазушы,1986. -616 б. - (75, 76, 63).
5. Алтынсарин Ы. Өнер-білім бар жұрттар. А.: Жалын,1991.-240 б.- (13).
6. Бұл да сонда, (12).
7. Абай. Қара сөз, поэмалар. А.: Ел,1993. – ( 51).
8. Психологический словарь. Под ред. В.В.Давыдова. М.:Политиздат, 1979. – С.472.
9. Нұрмұратов С. Рухани құндылықтар әлемі:әлеуметтік-философиялық талдау. А.:2000. -180 б.-(15).
10. Шалабаева Г.К. Национальная культура и противоречия социальной модернизации//Саясат-Политика, 1997.- №2. –С.41-42.
11. Нысанбаев Ә. Адам және ашық қоғам. Человек и открытое общество.-А.:Қазақ энциклопедиясы бас редакциясы,1998. -272б.-(31-32).

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жеке тұлғаны саяси әлеуметтендіру процесіне білім мен
саяси құндылықтардың ықпалы

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қоғам өмірінің барлық
салаларында түбірлі өзгерістер жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай
еліміздің білім беру жүйесінде де түбегейлі жаңарулар орын алуда. Демек,
бүгінде Қазақстан КСРО кезіндегі бірыңғай және қатал мемлекеттік білім беру
жүйесінен білім алудың плюралистік түріне өту үстінде. Яғни, елімізде білім
беруді демократияландыру мен егемен мемлекеттің білім беру саясаты
қалыптасуда.
Білім беру саласын дамыту еліміздің тәуелсіздігі мен дербес
мемлекеттігін нығайту жолындағы басты басымдықтардың бірі болып саналады.
Қазіргі білім беру саясатының ерекшеліктерінің қатарында төмендегі
жайттарды атап өтуге болады: бүгінгі деңгейімізді сақтау және білім берудің
ұлттық үлгісін одан әрі дамыту, білім беру саласының барлық деңгейлерінің
мазмұны мен сапасын жаңарту, білім беру саласында информациялық және
телекоммуникациялық технологияларды кең түрде енгізу.
Қазақстан Республикасындағы 1991 жылдан бастап жүргізілген білім
беру жүйесін реформалау процесін шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөліп
қарастыруға болады:
-тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесінің заңдық негізін
қалыптастыру кезеңі (1991-1993 жж.). Бұл кезеңнің негізгі мақсаты ретінде
оқу-тәрбие процесін идеологиясыздандыру мен саясатсыздандыру, азаматтардың
білім алуына мемлекеттік кепілдеменің бекітілуі, білім беруді экономикалық
жағынан қамтамасыз ету арқылы жаңа әдістерді жүзеге асыруда құқықтық
негізді құру болып саналады. Бұл өзгерістердің нәтижесінде Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңы (1991ж.) және Қазақстан
Республикасының Жоғары ғылым туралы Заңы (1993ж.) қабылданды.
-Білім беру саласын тұжырымдамалық – бағдарламалық тұрғыда жаңарту
кезеңі (1993-1996жж.). Бұл кезде қабылданған заңдық құжаттардың негізінде
аталмыш саланы қайта құрудағы нақты жолдар мен бағыттарды анықтау іске
асырылды. Осы кезең аралығында бірнеше тұжырымдамалар, соның ішінде
Қазақстан Республикасында білім мазмұнының тұжырымдамасы, Қазақстан
Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы, Гуманитарлық білім
бағдарламасы, Болашақ республикалық бағдарламасы және Білім беру
саласындағы мемлекеттік саясат конвенциясы бекітілді.
-Білім беру саласын басқаруды орталықсыздандыру мен қаржыландыру
кезеңі (1996-1998 жж.). Бұл кезде білім берудің мазмұнына түзетулер
енгізілді, басқару мен қаржыландырудың ұстанымдары өзгертілді, жаңа
құқықтық база қалыптастырылды, білім берудің балама мекемелері мен
мемлекеттік оқу орындарына қолдау көрсететін жаңа мүмкіндік көздері пайда
болды.
- Білім беру жүйесін стратегиялық бағыттаудың ұлттық үлгісін
қалыптастыру мен әлемдік білім беру кеңістігіне енгізудің оңтайлы жолдарын
анықтау кезеңі (1991 жылдан қазірге дейін). 1999 ж. 7-ші маусымда Қазақстан
Республикасының Білім туралы жаңа Заңы қабылданды. Оны жүзеге асыру
мақсатымен Мемлекет басшысының Білім туралы мемлекеттік бағдарламасы
бекітілген 4-ші бұйрығы қабылданды (1).
Қазақстан Республикасындағы білім беру саласының басты стратегиялық
мақсаты - жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп
деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру мен әлемдік
білім беру кеңістігіне ену болып табылады. Ал, білім берудің негізгі
міндеттерінің қатарында: еліміздің біртұтас білім беру кеңістігін сақтау
мен дамыту, білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру, білім беруді
Қазақстанның тарихи, ұлттық, саяси, әлеуметтік, экономикалық ерекшеліктерін
ескере отырып дамыту, ТМД елдерінің ұлттық жүйелерімен кірігу
(интеграциялану), үздіксіз білім беру ұстанымдарын және халықаралық білім
беру Конвенциясын жүзеге асыру, сөйтіп, әлемдік білім беру кеңістігімен
ықпалдасу мәселелері қамтылған.
Қазақстан Республикасының 1999 ж. 7-ші маусымдағы Білім туралы
Заңының негізінде елімізде мынадай білім беру деңгейлері белгіленген:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; орта білім; жоғары білім және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім. Осымен байланысты Қазақстандағы білім беру жүйесінің
барлық деңгейі қазіргі кезеңде жеке тұлғалардың білімдік күш-қуатын
көтеруге бағытталған. Бұл ретте жалпы білім беретін мектептің бастауыш (1-4-
сыныптар), негізгі (5-9-сыныптар) және жоғары (10-12-сыныптар) деп аталатын
үш сатысы бекітілді. Сәйкесінше, 2008 жылдан бастап, еліміз әлемнің дамыған
елдеріндегі сияқты, балаларға он екі жылдық білім беруге көшеді (2).
Бүгінгі күні білімнің айрықша басымдық алуы қазіргі қоғамдық дамудың
заңдылықтарынан туындайды. Себебі жоғары саналы, білімдар жеке тұлғалар
мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік даму деңгейін анықтайды.
Міне, сондықтан да 1995 ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы
еліміздегі әрбір жеке тұлғаның білімге деген сұранысын қанағаттандыруға
кепілдік береді. Бұл жайт Конституцияның 30-бабында былайша тұжырымдалған:
Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына
кепілдік беріледі. Орта білім алуға міндетті (3).
Еліміздің Қазақстан – 2030 стратегиялық даму бағдарламасында білім
мен ғылым қазіргі қоғамның болашақ дамуының ең маңызды факторларының бірі
деп анықталған. Себебі білім мен ғылымсыз қоғамның алдында тұрған ешбір
мүдде-мұраттардың орындалуы мүмкін еместігі айқын. Сондықтан бүгінгі таңда
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің мақсаты – еліміздің саяси,
әлеуметтік және экономикалық мәселелерін тұжырымдап, іс жүзінде шеше
алатын, жоғары әрі толыққанды білімді, саяси әлеуметтенген жеке тұлғаларды
қалыптастыруға күш салу болып табылады. Сәйкесінше, 2000 жылы Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Білім атты Мемлекеттік
бағдарламаның нәтижесінде дарынды балаларды анықтау мен тәрбиелеуге
бағытталған мемлекеттік саясат жүзеге асырылуда. Осы бағдарламаның
негізінде білім беру жүйесін реформалау ісі қазіргі кездегі еліміздің
саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайына сәйкестендіріп жүргізілуде.
Ал, президенттік Болашақ бағдарламасының негізінде Қазақстандағы жоғары
оқу орындарының талантты студенттері шетелдік мемлекеттерде білімдерін
жалғастыруға мүмкіндік алды. Білім беру саласы бағдарламаларының орындалу
барысын бақылау ісін Үкімет, Білім және ғылым министрлігі және жергілікті
билік органдары жүзеге асырады. Ал, Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев дарынды
балалармен, студент жастармен, педагогтермен және аталған министрлік
өкілдерімен кездеседі. Кездесу барысында еліміздегі білім беру ісін
жетілдірудің міндеттері мен қабылданған бағдарламалардың орындалу барысы
талқыланады. Бұған қоса Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі
жарияланғаннан кейін елімізде мемлекеттік жоғары оқу орындарымен қатар,
мемлекеттік емес жеке меншік жоғары оқу орындары секторы пайда болды. Олар
бүгінде жалпы білім беру жүйесінде елеулі рөлге ие.
Сонымен, жеке тұлғалардың дүниетанымдық аясын кеңейтіп, саяси
әлеуметтендіруде білімнің алатын маңызы зор. Сондықтан жас ұрпақ
өкілдерінің бойына білім мен ғылымның негіздерін сіңіру мен мақсатты тәрбие
берудің орны ерекше екендігі даусыз мәселе.Осы тұрғыдан алғанда XI ғ.
әйгілі түрік ойшылы Жүсіп Баласағұнның Құтты білік (Бақыттылық жайлы
ілім) еңбегінде тұжырымдалған адамның қоғамдағы орны, адам өміріндегі
білімнің рөлі, ақылдың мәні және т.б. ой-пікірлері бүгінгі күнмен ұштасып,
маңызы арта түсуде. Ойшылдың:
Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын,
Білім-жарық, нұрын саған шашатын.
Ақыл қолдап, біліммен ер жетілер,
Екеуімен қадірі артып,бекінер.
Ақыл қайда болса, ұлылық толады,
Білім кімде болса, сол білікті болады (4),- деген бәйіттері
Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар деген мақалмен үндес.

Сәйкесінше, XIX ғ. II-ші жартысындағы қазақ ағартушысы, ұлы ұстаз -
Ыбырай Алтынсарин Өнер, білім-бәрі де, Оқуменен табылған (5),-деп қалың
бұқараның сауатын ашып, оларды білім алуға шақырды. Ол XIXғ. 70-80-ші
жылдарында қазақ жерінде мектептер ашып, өзі сол мектептерге Қырғыз
хрестоматиясы, Орыс тілін оқытудың алғашқы бастауы, Шариятұл ислам
атты оқу құралдарын, түрлі әңгіме, өлеңдер жазды. Ұлы ұстаз:

Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар (6),-деп жас ұрпақ өкілдерін білімге үндеп,
прогреске шақырды.
Осы тұрғыдан алғанда ұлы ойшыл А.Құнанбаевтың зерделі ой-пікірлерінің
маңызы зор. Ұлы ойшыл халықты сауаттандырудың амалын іздеп, оларды оқу-
білімді меңгеруге шақырды. Ол:Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер
де, ғылым да-бәрі орыста тұр. Залалынан қашық болуға, пайдасына ортақ
болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек (7),-деп орыс тілін үйренуге
үлкен мән берді. Сауатты, білімді болған кезде ғана ұлттық мәдениетпен
қатар, әлемдік өркениет қазыналарын игеруге мүмкіндік аласың дейді ойшыл.
Сондықтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында ұлтаралық жарасымды нығайтуға саяси әлеуметтену процесінің ықпалы
Саяси құндылықтық бағдарлары
Жастарының саяси құндылықтық бағдарлары
Мектеп оқушыларын адамгершілік құндылықтар негізінде әлеуметтендіру факторлары
Жастардың саяси құндылықтық бағдары қалыптасуының негізгі жолдары мен әдістері
Тұлға-қоғам мүшесі
Саяси мәдениет - әлеуметтік институт ретінде
Тұлғаның қалыптасуы туралы
Саяси білімді меңгеру Қазақстан жастарын саяси әлеуметтендіру факторы ретінде
Әлеуметтану ғылымындағы тұлғаның әлеуметтік мәселесі
Пәндер