Қазақстанда қалыптасқан экологиялық ахуалдар жөнінде жалпы түсінік


Жоспар:

Кіріспе.

1. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық ахуалдар жөнінде

жалпы түсінік

2. Қоршаған ортаның қазіргі заманғы нақты проблемалары

II. Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи орта күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отыр.

Осы қалдықтағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, сұға және топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам организіміне келіп түседі.

Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жері жоқ деп айтүға болады. Тіпті ешқандай өнеркәсіп жоқ Антрактиданы алайық. . Бұл жерде адамның кішігірім ғылыми станцияларда тұрып, ғылыми бақылаулар ғана жасайды. Ғалымдар осы заманға өнеркәсіптің әр түрлі улы заттарын осы Антрактидадан да тапқан. Олар бұл жерге басқа жерлерден ауа ағындарымен келіп түскен.

Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организіміне әсер ету уақытына қарай әр түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады. Осындай заттардың қысқа мерзімде болса да адамға әсері- адамның басын айналдырады, құсқысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді. Егер де адам организіміне осындай улы заттат көп мөлшерде әсер етсе, қатты уланып есінен танады, тіптен өліп кетуіде мүмкін. Осындай улы заттарға ірі өнеркәсіптік қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары мысал бола алады. Электр станциялары, түрлі-түсті металл өндіретін заттар, химиялық және мұнайды қайта өндейтін кәсіпорындар атмосфераға түтін шығаратын үлкен мұржалар арқылы түтін шығаратын үлкен мұржалар арқылы көптеген адам организіміне зиянды улы заттарды ауаға шығарады.

Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл заттар ауаны күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.

Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі күкірттің қос тотығы (SO2) коксхимия зауыттарымен, тау-кен өндіру және целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінің жұмысы нәтижесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына, терісіне әсер етеді және өсімдікте көп зардап шегеді. Ауадағы күкіртті сутек адам организімін улап қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың жүйке ауруларын туғызады.

Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық-түлектің құрамындағы фторлы сутек адамды, жануарларды құстырып өте жаман ауру туғызады.

Қоңыр көмірді жағудың нәтижесінде ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауыл шаруашылығы мен орман өсімдіктеріне әсер етеді. Әсіресе, көкөніс, жеміс-жидек өсімдіктеріне де зиянын тигізеді. Ластанған өсімдікпен қоректенген жануарлардың, адамдардың организдерінде физиологиялық өзгерістер болады.

Цемент зауыттарынан шықан цемент шаңдары топырақта калий, калций, магний элементтерінің көбеюіне себеп болады. Ал фосфор зауытына жақын жерлерде фосфордың мөлшері көбейеді. Құрамында мырыш пен қорғасын бар металургия зауытының қалдықтары да өте улы әсер етеді. Осындай улы заттар жиналған өсімдікпен адам не жануар қоректенгенде олардың денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.

Организмнің осы улы заттарға төзімділігі әр адамның өзінің жеке басының гигиенасына байланысты, ең алдымен денсаулығы, жасы мен жынысына байланысты болып келеді. Улы заттар адам организміне біртіндеп жүйелі түрде жинала берсе, онда созылмалы улануға ұшырайды. Оның басты белгілері-адамның тез шаршағыштығы немесе үнемі шаршап тұратыны, сезімі, ұйқы басуы немесе ұйқысының қашуы, бейжайлық, ұмытшақтық, көңіл-күйінің тез өзгеруі, зейінінің төмендеуі. Улы заттар адамдардың қан айналым мүшелеріне, жүйке-жүйесіне, бауырына әр түрлі әсер етеді. Улы химиялық қосылыстар адамның әрбір органдарының созылмалы қабынуына, жүйке-жүйесінің өзгеруіне, адам ұрығының дамуына, жас нәрестенің ауру болып тууына әкеліп соғады.

Дәрігерлер әр адамдардың әр түрлі аллергиялық аурулары, өкпе демікпесі, қатерлі ісік ауруларының болуы сол аймақтың экологиялық жағдайымен тығыз байланысты екені анықтапотыр.

Сонымен қатар хром, никель, бериллий, бензопирин, асбест, түрлі улы химикаттар сияқты тағы басқа өнеркәсіп қалдықтары-канцерогендік заттар болып табылады. Олардың адамдарда қатерлі ісік ауруларын туғызатындығы анықталды. Егер өткен ғасырда балалардың қатерлі ісік аурулары сирек болса, қазір балалардың арасында ол ауру өте жиі кездесіп отыр. Ал, химиялық заттармен ластану нәтижесінде бұрын кездеспеген жаңа аурулар пайда болуда.

Адам денсаулығына зиян келтіретін улы химиялық заттардың қатарына темекі мен есірткі заттары да жатады. Темекі түтінінің құрамына 4 мыңға жуық химиялыұ заттар кіреді, олардың көбі улы заттар. Олардың қырыққа жуығы қатерлі ісік ауруын туғызады. Темекінің уы сонымен қатар қолқаның созылмалы ауруын туғызады, сол себептенде темекі шегетіндер жиі жөтеледі. Темекі шегетін ата-аналардың жаңа туған нәрестелерінің организмінде улы газ сәби бойындағы қан құрамында бірнеше сағатқа дейін болады. Есірткі заттары да қолқа, өкпенің қатерлі ісік ауруларын туғызады. көптеген органикалық еріткіштер:авияциялық, бензин, желім, бензин, эфир еріткіштер мен аэрозольдер буланып ауаға көтеріледі. Егер осы заттардың буы көп мөлшерде организмге түссе жұйкені, миды, асқазанды және өкпенің ауруын туғызады. Кейде ол өлімге де әкеліп соғуы мүмкін.

Ендігі жерде біз қоршаған ортаның қазіргі заманғы нақты проблемаларына тоқтай аламыз.

Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа бөлеміз:

  • Физикалық ластану-радиактивті заттар, электрмагнитті толқындар, жылу, шулар және тербелістер.
  • Химиялық ластану-көміртегі өнімдері, күкірт, көмір сулар.
  • Биологиялық ластану-ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.
  1. Эстетикалық зиян-табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының бүлінуі т. б

Биосферадағы ластану процесін үш кезеңге бөлеміз :

-ластаушы заттардың таралуы;

-ластағыштардың биомассаға енуі;

-ластағыш заттардың биологиялық топтануы немесе қорлануы.

Адам баласының организмі жоғарыдағы ластаушы заттарды қабылдаған кезде белгілі бір деңгейге дейін ғана көтере алады. Ал зиянды заттардың одан әрі организмде көбейе түсуі денсаулықты бұзып, ауруға шалдықтырады.

Қоршағар ортаның химиялық ластануының кейбір түрлері қазіргі кезде глобальды экологиялық проблемаларды тудырып отыр.

Көміртегі оксиді және монооксид.

Жалпы отын жаққан кезде көміртегінің екі газы түзіледі. Екеуі де ластағыш заттар. Оның бірі көміртегі диоксиді-улы емес, ал монооксид улы болып келеді. Ол адамның қанындағы гомоглобинмен өте тез қосылып зиянды қоспа түзіп, ауру туғызады.

Соңғы жылдары атмосферадағы көміртегі оксидтері тез көбейіп өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесін жылдамдатуда. Нәтижесінде, көміртегі оксиді әрбір он жыл сайын 2%-ке өсіп, атмосферада жылу эффектісін туғызуда. Ал, жылу эффектісі өз кезегінде жер шары климатының орташа температурасын көтеріп, түрлі экологиялық апаттардың тууына себеп болып отыр. Аталған газдармен қатар метан, азот оксиді, озон газдар күн сәулесін жер бетіне кедергісіз жібергенімен, ал жер бетінен космос кеңістігіне кететін ұзын толқынды жылу сәулелерін өткізбей, көмір қышқылы газдарының қызып, жалпы атмосфера шегінде жылу процесін тездетуде. Мәселен, xix ғасырдың 20-шы жылдардың көмір қышқылы газының атмосферадағы мөлшері 0. 29 %-ке көбейіп отыр. Бұл көрсеткіш БҰҰ-ның зерттеулері бойынша 2000 жылдары 30 %-ке жетпек .

Мұхиттардың деңгейінің көтерілуі адамзат үшін қалыпты проблема. Міне, осының бәрі жылу эффектісінің әрекеті болғандықтан оның жүру механизмін бәріміздің де білгеніиіз жөн.

Озонның жұқаруы . XX ғасырдың аяғында атмосфера қабатында озонның кейбір жерлерде жұқаруы байқалған. Мәселен, 1987 жылы Антрактида тұсында байқалып озонның мөлшері күрт азайып, ол жеті млн км аумақты қамтыған. Ал осы жағдай 1992 жылы оңтүстік Америка тұсында байқалған.

Осыған байланысты БҰҰ жанынан ғлыми кеңес құрылып озонның жұқару себебін зерттеу басталды. Нәтижесінде, оның негізгі көзі-хлорфторкөміртектік қосылыстар екені анықталды. Осы химиялық қосылыс атмосфераға көтеріліп, фотохимиялық ыдырауларға ұшырап, хлор тотығын түзеді. Ол өз кезегіндегі озон малекуласын ыдыратып жойып отырады. Нәтижесінде озонның жұқару процесі басталып, Космостан келетін зиянды ультрокүлгін сәулелердің еркін өтуіне жол беріліп, бүкіл тіршлік атаулыға қауіп төндіреді.

Қышқыл жауындар -атмосфераға байланысты қазіргің кезеңдегі үлкен проблема. Оның негізгі көздері күкіртті ангридрид пен озот тотығы, және азот тетраоксиді.

Күкіртті ангридрид. Адам баласы жылу алу үшін көмір мен мазутты жағу кезінде күкірт ангридриді ауаға түседі. Мәселен, бір млн көмір жаққан кезде 25 мың тонна күкірт бөлінеді екен. Әрине күкірт жеке элемент күйінде емес, оның күкірт тотығы ретінде ауаға шығарылады.

Азот оксидтері. Азоттың қосылыстары атмосфераға көбінесе ормандағы өрттерден, ірі өнеркәсіпорындарынан бөлінетін заттар төңірегінде жинақталады.

Фотохимиялық тұман. Атмосфера қабатында азот оксидтері, көмір сулар, озон, күннің радиациясының фотохимиялық реакцияға ұшырау нәтижесінде пайда болатын улы түтін. Оның Лондондық тұманнан айырмашылығы автокөлік моторларынан шығатын газдары құрап күндізгі жағдайда улы түтін түзуге бейім келеді.

Қоршаған ортаның жағдайын тексеру үшін ауа сынамасын алады да, анализ жасайды. Ауаның, судың анализін алу үшін экспресс- әдістерді қолданады, мұнда сынама құрылғысы анализатормен бірге жасалған.

Анализдеді сонымен қатар лабораторияда өткізеді, онда сынамаларды арнайы ыдыстарда (резеңке камераларда, шыны ыдыстарды) жеткізеді. Анализ жүргізетін кең таралған ыдыстар: универсалды газ анализатор УГ-2, газоанализатор Атмосфера1 және атмосфера 2, шахталы интерферометр.

Шу- адам организміне, оның жұмысы мен демалуына зиян келтіретін дыбыстардың комплексі. Естілетін дыбыстардың диапазоны 140 дВ дейін болады, ал 140дВ жоғары болса, “болевой порог” басталады

Адамдардың шаруашылық жұмыс салдарынан зиянды заттармен, әртүрлі газдармен, шаңмен және органикалық және бейорганикалық заттармен ауа кеңістігі ластанады . Ауадағы улы заттар олардың концентрациясымен анықталады (м 3 ауаға мл мөлшерінде) . Адамдар мен жануарлар, өсімдіктерге өмір сүруге жағдай жасау үшін, ол ортаны бақылап отыру керек . Қазақстан Республикасында оны Министрлік, мемлекеттік комитеттер және ғимаратты салу және бұзу, қалдықтарды тазалау жөніндегі өкімет оындары қадағалайды. Тазалық жағдайын, қалдықтар мөлшерін және улы физикалық, биологиялық химиялық заттарды аз шығып отыруын бақылап отыру . бақылау жұмыстарының тиімдісі ауаны және суды ластайтын барлық қалдықтарды инвентаризациялау, ол қоршаған ортаны ластайтын объектілерде улы заттар саны мен мөлшері және бөліну режимдері негізінде жүргізіледі .

Ауа және суды ластайтын улы заттар, олардың мөлшерін, шуын және радиоциондық қауіпсіздігін бақылау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология және табиғи ресурстардың қоғамда пайдалануы
Қоршаған орта және адам қоғамының тұрақты дамуы
Төтенше жағдайлардағы ішкі істер органдары әрекеттерінің негіздері
Ұлттық нақыштағы мейрамхана ашу
Өндірістік қалдықтардың қоршаған ортаға әсері
Биоэтика принциптері
Экология пәнінен лекциялық сабақтар тезисі
Қаскелең өзені туралы түсінік
Қылмыстардың жекелеген түрлері мен топтарын тергеу
Сел қауіп-қатерінен сақтандырудың географиялық астарлары (Іле Алатауы мысалында)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz