Мемлекеттің типологиясы



1.Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс.тәсілдері
2. Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлері
Қолданылған әдебиет тізімі
Мемлекеттерді жіктеу процестері олардың тарихи дамуын дұрыс түсіну үшін қажет. Типология – қоғамның тарихи дамуының негізгі мазмұны мен нышандарын түсіну үшін қолданатын әдістер мен тәсілдер. Мемлекеттің даму процесі бүкіл дүниежүзі дамуының бір бөлімі. Оны анықтап түсінгеніміз – бүкіл тарихты жақсы білгеніміз. Мемлекеттің дамуы үздіксіз объективтік процесс.
Бұл даму процесі мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси мазмұнымен және алдында тұрған мақсаттарымен байланысты. Мемлекеттің тарихи типін белгілейтін экономикалық жағдай, жеке меншіктің түрі, сонымен байланысты қоғамның дифференциациялау процестері жатады. Ал тарихи типтің дамуы мемлекет қай топтардың мүдесін қорғайды, халықтың қандай демократиялық құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, басқару процесінде қандай демократиялық әдістер мен тәсілдер қолданатынын көрсетуге тиіс.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі.
3. Бейсенова А., Біржанова К. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
4. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права Казахстана. Алматы, 1994.
5. Сапаргалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
6. Ибраева А.С. Заң терминдерінің қазақша-орысша және орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
7. Теория государства и права. /Под ред. Профессора М.Н.Марченко. МГУ, 1996.
8. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
9. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права. Учебное пособие. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
10. Спиридонов Л.И. Теория государства и права. М., 1995.
11. Общая теория и права./Под ред. А.С. Пиголкина. М., 1996.
12. Теория государства и права./Под ред. М.Н. Марченко М., 1998.
13. Теория государства и права в схемах и определениях. В.К. Бабаев, В.М. Баранов, В.А. Толстик М.,1998.
14. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет пен құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИПОЛОГИЯСЫ

Жоспары

1.Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс-тәсілдері
2. Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлері
Қолданылған әдебиет тізімі

1.Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс-тәсілдері

Мемлекеттерді жіктеу процестері олардың тарихи дамуын дұрыс түсіну үшін
қажет. Типология – қоғамның тарихи дамуының негізгі мазмұны мен нышандарын
түсіну үшін қолданатын әдістер мен тәсілдер. Мемлекеттің даму процесі бүкіл
дүниежүзі дамуының бір бөлімі. Оны анықтап түсінгеніміз – бүкіл тарихты
жақсы білгеніміз. Мемлекеттің дамуы үздіксіз объективтік процесс.
Бұл даму процесі мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси
мазмұнымен және алдында тұрған мақсаттарымен байланысты. Мемлекеттің тарихи
типін белгілейтін экономикалық жағдай, жеке меншіктің түрі, сонымен
байланысты қоғамның дифференциациялау процестері жатады. Ал тарихи типтің
дамуы мемлекет қай топтардың мүдесін қорғайды, халықтың қандай
демократиялық құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, басқару процесінде
қандай демократиялық әдістер мен тәсілдер қолданатынын көрсетуге тиіс.
Мемлекет және құқықтың тарихи типі қоғамның, экономиканың дамуымен
байланысты болса да, мемлекеттің ерекше даму заңдары бар. Мысалы, Рим
құқығы туралы айтатын болсақ, Корпус Юрис Цивилис деген ірі кодификациялық
заң қабылданған кезде мемлекет ыдырап, басқа халықпен жауланып, экономикасы
терең дағдарысқа ұшыраған еді. Батыс Рим империяны франктер басып,
өздерінің Франк империясын құрған кезде, Византияда император Юстиниан
жүйелеу жұмыстарын басқарып, құқықтық кодекстің жазуын басқарды. Бұл
кезеңде экономиканың, мемлекеттің және құқықтың дамуы бір біріне сәйкес
болған жоқ. Құқықтың дамуы мемлекеттен көп жоғары болды.
Мемлекетті типтерге бөлудің марксистік әдісі. Бұл пікір қоғамды
зерттеуде таптық мәселесімен байланысты. К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин
мемлекет үстемдік таптың мүддесін қорғайтын құрал деп түсіндіреді.
Марксистік тұрғыдан қарағанда тарихтағы мемлекеттер төрт түрге бөлінді: құл
иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттер. Бірінші
рулық қоғамда мемлекет әлі болған жоқ, ал соңғы коммунистік қоғамда
мемлекеттің орнына коммунистік өзін-өзі басқару жүйесі келуге тиіс. Бір
тарихи типтен екіншісіне революция арқылы өтеді. Мемлекеттің негізгі
мақсаты – бір таптың диктатурасын орнату. Таптық мінездеме экономикалық,
әлеуметтік жағдаймен байланысты. Марксизм мемлекетті – бір таптың екінші
тапты қанау аппараты деп анықтады. Типті осындай бөлудің прогрессивтік те,
негативтік те жақтары бар. Бір жағынан мемлекет таптың құрылуымен байланысы
анық көрінеді, топтар жөне таптар құрылмаған қоғамдарда мемлекет болмайды.
Негізінде мемлекеттің алдында мақсат екіге бөлінеді: бір жағынан бүкіл
қоғамның мүдделерін қорғап, жалпы қоғамдық мәселелерді шешу, ал екінші
жағынан – таптардың арасындағы қайшылықтарды бәсеңдету. Қоғамда таптар анық
құралмаған кезде де мемлекет пайда болған жағдайлар кездеседі. Мысалы,
шығыс мемлекеттерді марксизм құл иеленушілік мемлекеттерге жатқызады, ал
негізінде бұл мемлекеттерде құл иеленушілік қарым-қатынастар әлі
қалыптасқан жоқ еді, мемлекеттерді туғызған басқа жағдай – географиялық
жағдайлар мен қоғамның жалпы экономикалық функциялары мен қызметтері
(мысалы, Египет мемлекетінде – Ніл езенімен байланысты жер суару
жұмыстары). Сонымен, марксистік типологиясының негізін қалыптастыратын
қоғамның экономикалық базисі мен таптық құрылысы. Марксизм мемлекеттің
тарихи типтерін қоғамның даму құрылысымен және экономикалық формация деген
түсінікпенен байланыстырады. Экономикалық формация базис (бұл қоғамның
белгілі бір даму дәуіріндегі экономикалық құрылыс) пен қондырмадан (әрбір
базистің өзінің қондырмасы болады) тұрады. Базисті өндірістің тәсілі
белгілейді. Өндіріс өндірістік қатынастар мен өндіруші күштерден тұрады.
Осы формацияларға марксизм құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және
социалистік мемлекеттерді сәйкес келтіреді. Мемлекеттің тарихи типтері осы
экономикалық-қоғамдық формациямен тығыз байланыста дамуға тиісті.
Бұлардан басқа марксизмде өтпелі дәуірдің мемлекеті деген ұғым бар. Бұл
типтерге рулық қоғамнан құл иеленушілік қоғам арасындағы, құл иеленушілік
және феодалдық қоғам арасындағы, феодалдық және буржуазиялық типтің
арасындағы, буржуазиялық пен социалистік типтердің арасындағы өтпелі
мемлекеттер жатады. Қазіргі дәуірді алатын болсақ, бірнеше континенттердің
мемлекеттері осы өтпелі мемлекеттің типтеріне жатады. Латын Америкасының,
Азияның, Африканың XX ғасырда тәуелсіздігін алған мемлекеттер осы өтпелі
тарихи типке кірді. Олардың тарихи типтері социалистік те емес,
буржуазиялық та емес, олар тек қана социалистік немесе капиталистік бағытта
болуы анықталады.
1991 жылдан кейінгі социалистік мемлекеттерде социалистік жүйе ыдырап,
нарықтық – экономикалық елдерге айналып, демократиялық қоғам құру саясатына
көшті. Кейбір мемлекеттер социалистік жолынан тайған жоқ (Куба, Солтүстік
Корея, Қытай, Вьетнам).
Мемлекеттерді цивилизациялық, өркениеттік критериймен де бөлу қазір жиі
кездеседі. Цивилизациялық әдістің және формациялық бөлудің айырмашылықтары
көп. Формациялық критерий көбіне қоғамның таптық құрылысы мен өндірістік
тәсіліне көңіл аударады. Бұл типологияның сыңар жақ түсіндірілуі.
Мемлекеттердің ерекшеліктерін білу үшін қоғамның барлық салаларының
жағдайларына ықылас салу қажет. Мемлекеттің экономикалық базисін
зерттегенде оған қоса қоғамның мәдени, рухани деңгейін зерттеп, орнын
көрсету қажет және қанаушы таптан басқа қоғамды құрған барлық топтарды
зерттеп орындарын, рөлін, маңызын түсінген дұрыс. Қоғамның әдет-ғұрыптарын,
әр топтың саналары мен құқықтарының деңгейін білу өте қажет. Ал, зерттеудің
ең маңызды мақсаты – жеке адамның, бостандығы мен құқықтарын, әлеуметтік
жағдайын және еңбектегі қарым-қатынастарын жақсы білу – мемлекетке
мінездеме беру үшін өте керек нәрселер. Қоғам бірнеше топтарға бөлінетін
болса да, мемлекеттің алдында тұрған мақсат сол топтардың арасындағы
қайшылықтарды бәсеңдетіп бүкіл халықтың мүддесін қорғау. Осы әдісті біз
цивилизациялық әдіс деп атаймыз. Цивилизациялык әдіс мемлекет өзінің елінде
тұратын адамдар үшін қандай жақсылық істеді, экономикалық, саяси,
әлеуметтік, өнегелі қоғамның дамуы үшін қандай шара қолданды деген
сұрақтарға жауап береді. Цивилизациялық пікір бойынша мемлекеттің тарихи
типі өзгеру үшін экономикалық базисқа қосымша қоғамның мәдени және рухани
сана-сезімі жоғары деңгейде болуы қажет.

2. Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлері

Мемлекеттік типология әдісінің хронологиялық түрі. Бұл әдістің бірнеше
түрлері бар. Мысалы, иллюстрациямен істелген дүниежүзілік тарих кітабында
ағылшын тарихшысы Маргарет Олифант бүкіл тарихты былай бөледі: Ежелгі
цивилизациялар, Рим және ежелгі тарих, орта ғасырлар, ғылыми жаңалық ашу
кезеңдері (1555-1650), өзгеріс және дағдарыс кезеңдері (1650-1800), одан
кейін XIX ғасыр және қазіргі дәуір. Сонымен, мемлекеттің дамуын бұл тарихшы
сегіз кезеңге бөледі. Ал, кейбір шет елдердің ғалымдары мемлекеттің дамуын
келесі кезеңдерге бөлетіні жақсы мәлім:
1) Ежелгі мемлекеттердің тарихы, бұл кезең екіге бөлінеді: Шығыс
мемлекеттердің тарихы оған біздің дәуірге дейін төртінші мың жылдығында
пайда болған Египет мемлекетінен бастап, Вавилон, Қытай, Ассирия, Үндістан,
Персия және басқа шығыс мемлекеттері жатады. Бұл кезеңнің мемлекеттері
шығыс деспотияларға жатады. Бұдан кейін көне дәуірдегі антикалық
мемлекеттерінің кезеңдері басталады, бұл кезең біздің эраның 476 жылына
дейін созылады.
2) 476 жылдан басталған кезең орта ғасырларға жатады, бұл кезең шығыс
мемлекеттердің тарихында қараңғы ғасырлар деп аталады, ол ислам
цивилизациясымен байланысты, бұл араб халифаттың көлеңкесінде пайда болған
ислам мемлекеттерінің тарихы. Европа мемлекеттерінде бұл кезең феодалдық
мемлекеттердің тарихы, ол ағылшын буржуазиялық революциясына дейін
жалғасады.
3) Келесі кезең XX ғасырдың басына дейін жаңа ғасырларға жатады.
4) Ал қазіргі XX ғасыр қазіргі дәуір деп аталады.
Хронологиялық бөлудің басқа да түрлері бар: ежелгі ғасырлар, орта
ғасырлар, жаңа ғасырлар және қазіргі дәуір. Бұл хронологиялық бөлудің көп
прогрессивтік жақтары бар. Мемлекет қай таптың мүддесін қорғайды немесе
оның экономикалық жағдайының ерекшеліктері бар ма деген сұрақтарға жауап
бергеннен басқа, бұл даму кезеңінің, дәуірдің жалпы ерекшеліктері бар
екенін анықтайды.
Шығыс мемлекеттері. Оған біздің дәуірге дейінгі 4 мыңжылдықтың соңында
Египет мемлекеті, одан кейін 3 мыңжылдықта – Шумер, Ассирия мемлекеттері, 2
мыңжылдықта – Үндістан, Қытай, Хеттердің патшалығы пайда болғаны белгілі.
Марксизм бұл мемлекеттерді құл иеленушілік мемлекеттерге жатқызады, бірақ
бұлардың құл иеленушілік мемлекеттерден айырмашылығы өте көп. Олар шығыс
деспотия деген ерекше мемлекеттік типті құрады. Бұл мемлекеттерді
біріктіретін жалпы негізгі нышандары бар: экономикасында рулық қоғамның
қалдықтары көпке дейін сақталғаны белгілі. Сондықтан жеке меншікпен қатар
қоғамдық және мемлекеттік меншігі қалыптасты. Экономикалық жағдайға
климаттың ерекешеліктері өзінің әсерін тигізді. Қоғамның мүддесін қорғау
үшін жер суару және басқа жалпы жұмыстар жүргізілді. Осы мемлекеттер ұлы
өзендердің Хуанхе, Тигр, Евфрат, Ніл жағасында орналасты. Бұл елдердің
саяси жағдайларын дұрыс түсіну үшін осы ерекшеліктерді ескеру қажет. Құлдық
институтының ерекшеліктері болатын. Құлдар көбіне мемлекеттің, қауымның
және әрбір жанұяның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық қатынастардың классификациясы
Құқықтың заңды типологиясы және әлеуметтік нормалар
ҚҰҚЫҚТЫҢ ЗАҢДЫ ТИПОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР ТУРАЛЫ
Мемлекеттің типологиясы және формалары
ӘР ТҮРЛІ ХАЛЫҚТАРДА МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Саясат тарихы туралы ақпарат
Құқықтың пайда болуы
Нашар дамыған елдердің салыстырмалы сипаттамасы
Мемлекет типологиясы: ұғымы мен тәсілдері
Құқықтың маркстік теориясы
Пәндер