Қоғам өміріндегі әлеуметтің ролі


Жоспар:
Кіріспе
І. Қоғам өміріндегі әлеуметтің ролі
1. 1. Әлеуметтанудың құрылымы мен пайда болуының алғашқы кезеңі
1. 2. «Әлеуметтік құрылым»
1. 3. Қоғамдық сана
1. 4. Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.
1. 5. Әлеуметтанудың атқаратын қызметі
1. 6. Әлеуметтанудың пайда болуының алғашқы кезеңі (XIX ғасырдың 40-жылдары)
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жоспарға сәйкес тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді, оның обьектісі мен пәнін бір-бірінен ажыратып, шатастырмауымыз керек. «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos -ілім, ұғым деген сөзінен шығады. Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттайтін ғылым. Әлеумметтану ұғымын ХХІ ғасырдың ортасында атақты француз әлеуметттанушысы Огюст Конт енгізілді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Тек қана кейіннен, әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде бірнеше рет ауысуына байланысты ол өзінің дұрыс, дәл атын тапты. Ендігі жерде біз әлеуметтанудың обьектісі мен пәнінің орындарын бір-бірімен алмастырып алудан сақ болуымыз керек. Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты болғанмен, олародың айырмашылығы бар.
Обьект дегеніміз-бізді қоршап тұрған обьективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеумеетік мекемелер, институттар, мемлекет, т. б. ), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т. б. Бұлар зерттелетін обьекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады. Осыдан әлеуметтану пәні шығады. Әрбір ғылымның пәні зерттеушінің қалауы мен таңдауының негізінде алынған кез келген қоғамдағы құбылыс. Процесс немесе көкейкесті мәселенің артықшылығын, қасиеттерін, сапасын логикалық тұрғыдан жан-жақты талдау негізінде адамдардың немесе әлеуметтік ұйымдардың бірігіп, ұйымдасып еңбек етуін, қызмет атқаруын, жұмыс істеуін, жалпы материалдық, рухани іс-әрекеттердің, олардың арасындағы алуан түрлі қатынастардың бір-біріне әрекетін, түрлерін жан-жақты тарең танып, білуді әлеуметтанудың пәні деп атайды. Бұл зерттеудің басты мақсаты-обьект, құбылыс, процесс және мәселелер арасындағы басты, қажетті, тұрақты, қайталанатын, мәнді, маңызды байланыс, қатынастарды логикалық тұрғыдан зерттеу. Бұл байланыс-қатынастардың сапалық жағынан өзгешелігін көрсету. Әлеуметтану пәнінің байланыс, қатынастар жиынтығы «әлеуметтік»қоғамның біртұтас жүйесін құрайтын нақтылы ұғымдарға кіреді. Олар әрбір обьектіде, құбылыста, процесте ерекше ұйымдастырылған белгілі бір әлеуметтік жүйе ретінде болады. Ал, әлеуметтану пәнінің қалыптасуы обьектінің қасиеті мен зерттеушінің алдына қойған мәселелерінің мақсаты мен сипатына, оның ғылыми білімінің деңгейіне және өз дүние-танымында қолданатын құрал-тәсілдеріне байланысты.
І. Қоғам өміріндегі әлеуметтің ролі
1. 1. Әлеуметтанудың құрылымы мен пайда болуының алғашқы кезеңі.
Зерттеу пәні әр уақытта зерттеу обьектісін қажет етеді, бірақ, оған кірмейді, онымен тең емес, өйткені бір ғана әлеуметтік юбьект өмірдің алуан түрлі мәселелерін шешу үшін зерттелуі мүмкін. Осыған орай әлеуметтанудың пәні зерттелетін обьектінің шекарасын белгілейді. Сондықтан әлеуметтану пәнінің басты міндеті-әлеуметтік жүйелерді типологизациялау(яғни, ортақ белгілеріне қарай жіктеу, топтау-А. И), әрбір әлеуметтік обьектінің байланысы мен қатынастарын заңдар деңгейінде зерттеу-бұл заңдылықтардың әрбір әлеуметтік жүйесін басқару, оның тәртібін реттеу, іс-әрекет, қызмет ету тетіктерін анықтау болып табылады. Сонымен, әлеуметтілік-әлеуметтік байланыс пен қатынастарды ұйымдастырудың негізгі бастамасы ретінде болса, ал, әлеуметтік заңдылықтар бұлардың мәні мен мазмұнын түсінудің негізі болып есептеледі.
«Әлеуметтік» деген ұғымға ғылыми терең анықтама, түсінік берген К. Маркс пен Ф. Энгельс болды. Олар қоғамды, ондағы үрдістер мен қатынастарды зерттегенде екі ұғымды қолданды. Бірі -«қоғамдық», екіншісі-«әлеуметтік», Маркс пен Энгельс қоғамның әр салаларының байланысы туралы әңгіме еткенде «қоғамдық», «қоғамдық қатынастар» ұғымдарын, ал, адамдардың бір-бірімен қатынастарының табиғатын, мазмұны мен мәні, олардың қоғамдағы жағдайын, ондағы оның алатын орнын, рөлін меңзегенде «әлеуметтік» ұғымын кең қолданып, осыған сәйкес «әлеуметтік қатынастар» ұғымы туралы айтқан.
Маркс пен Энгельс еңбектерінде кейде «әлеуметтік» ұғымы «азаматтық» ұғымымен алмастырылған. « Азаматтық» деген ұғымды олар қоғамдағы адамдардың белгілі бір байланыс пен қатынастарын зерттеуде қолданып отырған.
Батыс елдерінде Маркс пен Энгельс жолын ұстаушылар «қоғамдық», «әлеуметтік», «азаматтық» ұғымдарын одан әрі шатыстырды. Бұл жерде біз «әлеуметтік» ұғымының мазмұнын терең түсінуіміз керек.
«Әлеуметтік»-дегеніміз, нақтылы қоғамдағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Бұл қатынастардың жиынтығы жеке тұлғалар мен олардың белгілі бір тобының белгілі бір кеңістікте, уақытта іс-әрекеттерінде атқарған қызметтерінде байқалады.
Қандай да бір қоғамдық қатынастардың жүйесі (мысалы, экономикалық, саяси, т. б. ) әр уақытта адамдардың өзара қарым-қатынасынан және қоғамға қатынасынан көрінеді. Сондықтан әрбір қоғамдық жүйенің әлеуметтік жағы болады.
Қорыта айтқанда, әлеуметтік-әр түрлі жеке тұлғалардың бірігіп істеген қызметінің жемісі, нәтижесі. Бұл олардың бір-бірімен байланыс-қатынастарынан тікелей көрінеді. Ал, олардың қоғамдық құрылымындағы алатын орны, атқаратын рөлі және әр түрлі жағдайлары бір-бірінен өзгеше қоғамдық үрдістерге қатынасынан көрінеді.
Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әр уақытта оның категориялары арқылы жүзеге асырылады. Категориялар ( яғни, жалпы ұғымдар) өмірдің нақтылы шындығын, әлеуметтік құрлымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Олар осы қатынас, байланыстардың тұрақты, қайталанатын, маңызды түрлерін және құбылыстар мен процесстердің өзара іс-қимылын көрсетеді. Бұл категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) бір-бірімен тығыз байланыста,
қатынаста болады, олар ешуақытта бір-бірінен бөлек, оқшау тұрмайды.
Категориялардың негізінде әлеуметтанудың заңдары қалыптасады. Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады. Бұған адам қоғамына тән қасиеттердің бәрі кіреді; «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік байланыс», «әлеуметтік қатынас», «әлеуметтік процесс», «әлеуметтік тұлға», «әлеуметтік бірлік», «әлеуметтік құрылым», «әлеуметтік ұғым», «әлеуметтік институт», «әлеуметтік бақылау», «әлеуметтік басқару», «әлеуметтік ережелер» (бұған құқықтық ережелер оның жартылай бөлігі) «әлеуметтік стратификация», «әлеуметтік рөл», «статус», «әлеуметтік тәртіп, «әлеуметтік сана», «әлеуметтік талап-тілек», «әлеуметтік топ», «әлеуметтік мүлде», «әлеуметтік тұтұну», «әлеуметтік қауыпсіздік», «әлеуметтік қорғау», «әлеуметтік белсенділік» т. б. категориялардың көмегімен нақтылы өмірдің үлгілері мен әлеуметтік мәні жасалады.
Осыған орай кейбір категорияларға жеке тоқталайық.
Негізіне әлеуметтану екі үлкен категорияға басты назар аударады. Ол -қоғам және тұлға. Ал, қоғам туралы әлеуметтану мәселесі қозғалғанда төмендегі категориялар арқылы (жалпы ұғымдармен) зерттеу жүргізеді. Ол-«әлеуметтік бірлік». Бұл адамдардың арасындағы әр түрлі қарым-қатынастар. Осы қарым-қатынас, байланыстардың негізінде олардың күнделікті өмірі іс-әрекетінің мұң-мұқтажын, талап-тілектерінің бірлігі жатыр.
Әлеуметтік бірлестіктер қоғамды қайта құру, өзгерту субъектісі болып саналады және бұл -әлеуметтік субъектінің өзін-өзі ұйымдастыруының тұрақты түрі. Әлеуметтік бірлестіктің түрлеріне: отбасы, адамдардың әлеуметтік-таптық, топтық, әлеуметтік-демографиялық, ұлттық, территориялық, мемлекеттік және бүкіл адамзаттық қоғам бірліктері, қозғалыстары, т. б. жатады.
Әлеуметтік құрылым» .
Бұл өндірістегі қоғамдық еңбектің бөлінуінің реттелген жүйесі және осыған сәйкес меншікке, билікке, басқаруға, қоғамдағы адамдардың құқық және міндеттеріне қатынастарының жүйесі.
Қоғамдық сана» .
Бұл қоғамның рухани құрылымының жиынтығы. Қоғамдық сана әруақытта тікелей немесе күрделі болып, қоғамдық сипатта болады. Яғни, ол жалпы қоғамға тән қасиет. «Әлеуметтік топ» - адамдардың ортақ мүдде-талаптарына, құндылық-бағалықтары мен сана-ережелеріне қарай бірлесуі; «әлеуметтік жіктеу»-бұл қоғамның құрылымы, оның жікке бөлінуі, әлеуметтік теңсіздік; «тұлға»-бұл адамның әлеуметтік сапасы, оның мәні. Әлеуметтану тұлғаны талдап, зерттегенде әр түрлі ұғымдарды қолданады.
Әлеуметтік құндылық. Бұлар қоғамдық қатынастарды, мұң-мұқтажды, талап-тілектерді анықтайтын тұлғалық құнды нұсқаулар. Бұлар адамдардың тәртібінің іштей реттелуі, басқарылуы арқылы белгілінеді.
«Әлеуметтік нормалар» (ережелер) қоғамда қалыптасып, реттеліп отыратын ережелердің жиынтығы.
Тұлғалық ынта, көңіл, назар, ықылас, қалау, тілек т. б. -бұлар адамдардың әлеуметтік белсенділіктерінің қозғаушы күштерінің(стимулдері) ; «әлеуметтік рөл», яғни атқарылатын қызмет; «әлеуметтік статус»-адамның қоғамдағы орны мен жағдайы, т. б.
Айта кететін тағы бір жайт, әлеуметтанудың көптеген категортялары басқа ғылымдарда да кездеседі. Әсіресе мұны құқық ғылымында байқауға болады. Мысалы, әлеуметтік норма, әлеуметтік ұйым, әлеуметтік институт, әлеуметтік жауапкершілік, әлеуметтік бақылау, әлеуметтік белсенділік, т. б.
Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.
Бұл мәселе жөнінде әзірше әлеуметтанушылардың арасында белгілі бір ортақ пікір әлі қалыптаспаған.
Меніңше, әлеуметтанудың құрылымына, оның таным, білім деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен «құрылым», »деңгей» деген ұғымдарға анықтама берген жөн. Құрылым дегеніміз-біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процесстердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз.
Қандай да бір ғылым болмасын, оның белгілі бір құрылымы болады. Бұл құрылым сол ғылымның қоғамдар алдына қойған міндеті мен атқаратын қызметіне байланысты анықталды.
Әлеметтанудың теориялық және қолданбалы салаларының айырмашылығы олардың зерттейтін объектісі мен зерттеу әдісі арқылы емес, жалпы әлеуметтанудың алдына қойған мақсаты мен міндеті арқылы ғылыми немесе практикалық мәселелерді шешуіне байланысты ажыратылады.
Әлеуметтік білім - теория мен практиканың бірлігінде қалыптасады. Теориялық зерттеулер әлуметтік болмысты, өмірді жалпы және арнаулы бағытттардың деңгейінде түсіндіріп, оның дамуын және қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Оның одан әрі даму заңдарының бағытын, көрінісін белгілеп отырады. Ал, эмпирикалық (яғни, практикалық, тәжірбиелік) әлеуметтік зерттеулер - нақтылы құбылыстар мен процестер туралы жаңа мағлұмат, хабарларды алумен байланысты. Ал, бұл мағлұмат, хабарлар статистикалық талдау, нақты әлеуметтік әдістерді (яғни, сауалнама, сұрыптау, бақылау, құжаттарды талдау, сараптау, үлгілеу, тестілеу, т. б. ) қолдану арқылы іске асырылады. Ал, теориялық зерттеулер абстрактілі философиалық әдістерді(яғни, талдау мен синтез, логикалық пен тарихи, индукция және дидукция, абстрактыліден нақтылыққа шығу, т. б. ) арқылы іске асырылады.
Теориялық білім - жан-жақты, әмбебапты, ал, эмпирикалық - ақиқатты, шындықты, белгілеші білім. Теориялық білім эмпирикалық білімнің негізіне сүйенеді, ал, эмпирикалық ғылым теориялық білімнен біршама басым болғанымен, ғылымның жоғарғы даму деңгеін көрсете алмайды. Ғылымның дамуы әруақытта теориялық білім деңгейінің эмпирикалық білім деңгейінен басым болуын қажет етеді.
Әлеуметтанудың атқаратын қызметі
Әлеуметтанудың қоғам өмірінен тығыз, жан - жақты байланысты, қатынасы оның атқаратын қызметінен айқын көінеді.
Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады. Әлеуметтану қандайда бір деңгейде болмасын, ол әруақытта жаңа білімнің, көкжиегін кеңейтіп, оның деңгейі мен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын, болашағын ашып береді. Әрине, бұл бағытта іргелі және қолданбалы эмпириканың зерттеу теориялары, тұжырымдамалары оған барынша қызмет етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz