Сана туралы


Сана.
Сана- бомысты бейнелеудің ең жоғарғы сатысы. Сана арқылы адамның қоршаған әлеммен қарым- қатынасы мақсатты түрде реттеледі. Ол адамның сезу, түйсік, елестету, ықылас, сезім, ырық, ойлау іспетті психикалық іс- әрекетінен құралады. Сана адам миы қызметінің жемісі. Материяның әрбір қасиеті сияқты сана тек ақиқат заттар мен құбылыстардың өзара әрекетінен туады.
Адам мен жануарлар болмысты сезімдік түйсіктер арқылы бірдей таниды және бағалайды. Алайда адам жануарларға қарағанда ақиқат дүниені ақыл -оймен бейнелеу және дерексіз ойлау, тіл арқылы түсінеді.
Адам санасы ( саналы психика ) белгі жүйесі (әріп, сөз) арқылы атқарылады, логика заңдарын пайдаланады. Мұны сол жақ ми сыңары қамтамасыз етеді. Санаға дейінгі психика бейне, рәзім (символ) жүйесіне негізделген, оған оң жақ ми сыңары қатысады.
Тіл- сананың (ойдың) материалдық көрінісі, негізі. Тілсіз сана жоқ, ал санасыз адам жоқ. Сана жеке адамның өзіндік әсерленушілігі. Жалпы сана сезіну және сана сезімнен құралады. Сезіну дегеніміз ақиқат болмысты жинақталған біліммен салыстыру және адамның тәжірибесін молайту. Сана арқылы басқа адамға білім беріледі.
Адам өзіндік сана (сарасана) арқылы өзін-өзі сезініп, « МЕН» деген қасиетін ұғынады. Саналылық дегеніміз- адамның өзін - өзін және өзінің психикалық күйін түсінетін арнайы кісілік ерекшелігі.
Адамның сана-сезімі қашанда таптық, топтық, қоғамдық санамен тығыз байланысты. Сондықтан саналылық -адам өзін өзі түсінгеннен гөрі кең ұғым. Өйткені, өзін сезіну мен қоршаған болмысты сезінудің бірлігі арқылы, адамның кісілік қасиетіне тән өздігінен реттелудің жоғарғы түрі жүзеге асады. Сөйтіп әрбір сана қоршаған әлемнің нәрселерін сезіну мен адамның өзін өзі және өзінің ішкі дүниесін сзінуден тұрады.
Адам санасы әлеуметтік түрткілердің ықпалынан-еңбек іс-әрекеті мен қатынастан қалыптасады. Сана-сезім бір жағынан, танымдық екінші жағынан, әрекеттік рухани құбылыс. Өзін түсіну арқылы адам өзін-өзі жөнге салады, өзі ісіне баға береді, мінез-құлқын ретттейді, тәрбиелейді. Саналы істер психиканың 10% -ін құрайды.
Алайда адамның көптеген психикалық әсерленісі (90%) оның санасына жетпей атқарылады. Оларды П. В. Симонов екі топқа бөледі. Бірінші топ - шаласана. Оған санадан тыс шығарылған автоматты қимыл дағдылары, ішкі ағзалардың қызметі мен реттелуі, эмоция реңкі мен олардың сыртқы көрінісі, мотивациялық келіспеушілік жатады. Шаласана адамды артық энергия шығынынан сақтайды, оны ышқынудан қорғайды. Шаласана немесе бейсана бірінші деңгейі - адамның өз денесін, тіршілігін психикалық санасыздықпен бақылауы. Екінші деңгейі - адамның ұйықтамай жүрген кезеңіне ұқсайтын үрдістер. Оның үшінші деңгейі адам рухының жоғарғы сергектігінде жетілетін көркемдік ғылыми және басқа сезімталдық психикалық үрдістерден көрініс табады.
Екінші топ - асқынсана немесе интуиция . Ол сана бақыламайтын шығармашылық нұрлану, болжам, жорамал, аңғару, шамалау қасиеттерін қалыптастыратын тетіктерден тұрады.
Инсайт - адам өзі ұзақ уақыт табандылықпен нәтижесіз еңбек еткен немесе көп ойлаған ісінің шешімін кенеттен тауып аңғаруы ( мәселен Д. И. Менделеевтің химиялық заттардың кестесін түс көріп жасауы) .
Асқынсананың негізі-зерде іздерін өңдеп, жаңаша құрамыстар амалдар табу, жаңа уақытша байланыстар жасау, аналогтар құрастыру. Ол ғылыми жаңалықтар ашуға, көркем шығармалар жазуға, өнер туындыларын жасауға ықпалын тигізеді.
Сана мен таным үрдісінде эмоцияның мәні өте зор. Адам эмоция мен сезімі арқылы ақиқат болмысқа өзінің арнайы ыңғайын білдіреді. Сонымен бірге адам қоршаған болмысты жандандыруға саналы іс-әрекет жасайды. Сананың практикалық қимыл-әрекетке бағытталуы, оның маңызды бір саласы-адам ырқын құрайды.
Ырық дегеніміз-қиындықтарды жеңуге арналған саналы, мақсатты психикалық іс-әрекет. Ол адамның талап талаптарын, мақсат-мүдделерін, істерін жүзеге асырады.
Көп жылдар бойы сана үлкен ми сыңарлары қыртысты, ал шаласана орталық жүйке жүйесінің төменгі бөліктері арқылы атқарылады деген пікір болды. Алайда олар мидың барлық құрылымының бірлестірілген іс-әрекеті, яғни, ми қыртысы барлық рефлекістік әсерленістерге қатысады.
Мидың бірлестіру іс-әрекеті үш негізгі әрекеттік жүйенің өзара әсерлерінен құралады. Біріншісі-ақпарат қабылдайтын және өңдейтін сезім жүйесі(талдағыштар) . Екіншісі-жүйке жүйесін белсендіретін мидың түрлендіріс (модуляция) жүйесі (лимбия жүйесі, торлы құрылым) . Үшіншісі-мінез-құлықты бағдарлайтын, іске қосатын және бақылайтын - қимыл- әрекет жүйесі ( қозғалыс талдағышы ) .
Әрбір шартты рефлекстік әсерленіс, оның ішінде екінші сигналдық жүйеде шаласана деңгейінде іске қосылады. Кез келген ақпарат санаға жетпестен, мидың тиесі бөліктерінде талдаудан өтеді. Бұл адамдарда жоғарғы жүйке, психикалық іс- әрекетінің, саналы және шаласаналы, көріністеріне мидың тұтас қатысатындығын көрсетеді.
Адамның мұндай екі сатылы құрылымы организм мен ортаның үздіксіз қарым- қатынасын қамтамасыз етеді. Сана мен шаласана тудыратын нейрофизиологиялық құбылыстардың арасында жылжымалы (динамикалы) тепе-теңдік болады.
И. П. Павловтың айтуынша, шаласана деңгейінде пайда болатын ә»әлсіз тітіркенудің сергітетін ықпалы ми қыртысының қызметін, жұмыскерлігін күшейтеді. Жаңа, көп ақпарат мидың шала саналық сатысы сананың бүкіл пәрменін қосатын бағдарлама жасайды. Егер шала сананы ақпараттық талдау мен өңдеуден айырса, саналық әрекет болмай қалады. Сондықтан да психикалық ауытқулар немесе жағымсыз өзіндік әсерленушілер тууы мүмкін.
Дені сау адамда ішкі ағзалардың шартты рефлекстік реттелуі де шаласана деңгейінде атқарылады. Ішкі ағзалардың интерорецепторына әсер ететін үйреншікті тітіркендірулерден шығатын мәліметтер ми қыртысына жетіп талданады. Бұл шаралар организмнің мінез- құлығын өзгертетін шартты рефлекстердің негізі болуы ықтимал. Мұндай күйлер адамның өзіне түсініксіз болады (« күңгірт сезім ») . Осы тітіркендірістердің әсері күшейсе ақпараттар санаға жетіп, организмнің сәйкес аймақтарындағы жаман халды баяндайды. Ол науқастарда әртүрлі өзіндік сезімдер мен шағымдар туғызады.
Шаласана әсерленіс, мінез-құлықтық және психикалық іс-әрекеттің басқа түрлері сияқты, себеп пен салдар қатынасы заңдарына бағынады.
Сана психикасының ерекше сапалық формасы тіршілік эволюциясында өзінің ұзаққа созылған тарихына ие болғанымен, ол алғаш рет еңбек пен қоғамдық түскен адамда ғана пайда болады. Адамның саналы әрекетінің үш айрықша белгісі бар. Олар:
1) Адамның саналы іс- әрекеті биологиялық қажеттікке бой ұсынбай, оған қарсы шығады. Мысалы, ерлік пен жан пидалыққа бару;
2) Адамның саналы әрекеті жануарлардағыдай заттың сыртқы көрінісімен ғана қанағаттанбастан, оны тереңірек, жан-жақты тануға бағытталады. Адам нақты көрнекіліктен абстрактық бейнелеуге өтіп, объектердің астарлы байланыстарына үңіле көз жіберіп, тысқы бейне формасын ғана емес, тереңдегі заңдылықтарын тануға ұмтылады да, соларға орай өз әрекет қылығына бағыт таңдайды;
3) Жануар әрекет- қылықтары биологиялық байланыспен бірге туа беріліп отырса, адамның білектері мен ептіліктері қоғамдық - тарих желісінде топталған адамзаттық тәжірибені игеру, үйрену негізінде қалыптасып, олар оқу арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі. Яғни адам иелігіндегі әрекет - қылық тәсілдері оның өз тәжірибесінің өнуі емес, өткен әулеттің тарихи - қоғамдық іс - әрекетін игеруден. Адамдағы бұл құбылыс жануарлар болмысында тіпті де болуы мүмкін емес.
Жануар қылығынан мүлде өзгеше, адамның саналы әрекетін қалыптастыратын шарттар:
1) Тіршіліктің әлеуметтік -тарихи сипаты;
2) Өмірдің қоғамдық еңбекпен байланысы;
3) Еңбек құралдарын дайындап, пайдалана білу;
4) Тілдік қатынастың пайда болуы;
Сана-бұл қоғамдық болмыс.
Сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады:(А. В. Петровский) .
1) Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрылымына барша танымдық процестер енеді түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял.
2) Санада субьекті мен обьектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам-ақ тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика әрекетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті.
3) Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын- ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптастыру, себеп-салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс-әрекеттің орындалу жолын айқындау т. б.
4) Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі объектив ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды.
Сананың жоғарыда аталған бүкіл арнайы қасиеттерінің қалыптасуымен көрініс беруінің міндетті шарты- тіл, сөз. Тіл- бұл қоғамдық тарихи тәжірибе немесе қоғамдық сананы бекітетін ерекше объективтік жүйе. Нақты адам тарапынан қабылданған тіл сол адамның нақты санасының көрінісі.
Адамның өзіне, «меніне»қызығуы ежелден-ақ зерттеушілердің ерекше назарын тартқан. Кім біледі, психологияның ғылымдық сатыға көтерілуінің өзі де осы қызығудан болар. Адам жан дүниесі, оның өзіндік санасы әрдайым тек ғалым -философтардың ой толғауында ғана блоып қоймастан оны жазушылар мен суреткелер де өз шығармаларына арқау еткен.
Адамның өзіндік санасы -шексіз күрделі проблемалардан. Әрқандай тұлға сан қырлы өз «Менінің » көтеген бейнесіне ие:дәл осы мезетте адам өзін қандай деп біледі, болашақтағы өзінің идеялық «Мені» жөнінде не ойлайды, осы «Менді» басқалар қалайынша таниды. Таным субьекті болудан, адам өз санасы аясында зерттелуші обьект.
Сана және бейсана.
Адам өзінің ішкі дүниесін құрайтын көптеген білім-біліктерді қатынас толғаныстарды әрдайым сезе бермейді. Содан бейсана әрдайым сезе бермейді. Содан бейсана әр адамның психикалық болмысының ажырамас құрам бөлігі. Ежелден - ақ ғалымдар бейсананы қылық - әрекет, сырқат нәсілдік, көңіл - күй табиғаты, өнер, адам ара- қатынастар проблемаларын қарастыру мен топтауда ескерілуі қажет фактор екенін мойындаған. Бейсананың көп жағдайларды түсіндіруге қажет екенін білгенмен, оның ерекшеліктері мен заңдылықтарын танып білудің жолын ешкім ұсына алмады. Ғылымдағы бейсанаға орай бұл қалып З. Фрейд еңбектері арқасында өзгере бастады.
Бейсана проблемасының осы заманғы ғылыми түсінігі негізгі екі бағытқа бөлінеді психоанализ теориясы (З, Фрейд) және астарлы психикалық нұсқаулар теориясы . Психоанализ бойынша сана мен бейсана психикалық әрекеттің бір-біріне тікелей қарсы, өзара сиыспайтын элементтері. Ал нұсқаулар теориясы, керісінше, психиканың тұтастық идеясын дәріптеумен, адам қасиеттерінің бірліктігі туралы түсінікті арқау етеді.
Бейсана табиғаты жөніндегі бүгінгі ғылыми пайымдаулар келесідей:
Ашық сана аймағында сыртқы қоршаған орта мен организмнің ішкі әлемінен бір уақытта келіп түсетін сигналдардың кішкене бір көлемі ғана өз бейнесін табады. Осы айқын санаға білінген сигналдарды ғана адам өз әрекет-қылығын басқару үшін пайдаланады. Ал қалған ақпарат-сигналдар да организм тарапынан кейбір процестерді реттеу үшін қолданылады, бірақ оны адамның өзі әрдайым сезе біле бермейді, яғни ақпарат-сигналдар да организм тарапынан кейбір процестерді реттеу үшін қолданылады, бірақ оны адамның өзі әрдайым сезе біле бермейді, яғни ақпарат-сигналдар бейсанаға өткен. Бүгінгі ғылыми түсінікте сана мен бейсана үйлесімді бірлестік жағдайында қызмет жасайтыны қолдау табуда. Әрекет-қылық бағдарын таңдауға немесе жаңа шешім қабылдауға кедергі болатын жағдайлар туындағанда астардағы білім-біліктер мен іс тәсілдері айқын сана шеңберіне шығып, мәселе шешуге араласады.
Бейсана аймағына, зерттеушілердің пайымына жүгінсек, және басқа да құбылыстар жатады:ұйқы кезіндегі психикалық әрекет(түс, лунатик) ; тікелей байқалмаған тітіркендіргіштерге жауап әрекет(түшкіру, қалтырау) ; дағдыға айналған қозғалыс әрекеттер(домбыра тарту гимнастика әрекетті) ; саналы мақсатты болмаған кейбір әрекеттік ықпалдар(сәлемдесу әдеті, жақсвлық және жамандық ісіне кірісе кету) және т. б. Бейсананы психиканың төменгі сатысы ретінде тану дұрыстыққа келмейді, себебі бұл адамға ғана тән ерекше психикалық құбылыс болумен, ол адам санасының қоғамдық шарттарына орай себепті пайда болып, онымен үзілмес байланыста тұрады.
Сананың анықтылық критериі. Сананың сапа және тереңдігінің бұзылуы.
Диалектикалық материализм тұрғысынан сана - адамның айналадағы шындықты бейнелеудің ең жоғары түрі. Сана адамның қоғамдық еңбегінің арқасында пайда болып, адамдарды жануарлардан ажырататын белгі болып саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz