Жапония мемлекеті туралы ақпарат



Ниппон, Нихон (Таң шапағы елі) – Шығыс Азия жағалауларында жақын маңыдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері; Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. Жер аумағы 372,2 мың км 2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астснасы – Токио қаласы, оның алып жатқан жер көлемі 11,9 млн км2. Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония – бір ұлтты ел. Халқының 99,4% -і жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі – жапон тілі. Негізгі діндері – синто және будда діндері болып табылады. Жапонияның – конституцияласы монархияны сақтаған ел. 1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император – «мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі». Ол, парламенттің ұсынысы бойынша премьер – министрді тағайындайды және премьер – министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекеттік істерге толығымен премьер – министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғары заң шығарушы орган парламент - екі палатадан (өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан (император Акихитонның туған күні. Ақша белгісі – иен.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жапония

Ниппон, Нихон (Таң шапағы елі) – Шығыс Азия жағалауларында жақын
маңыдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға
жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері; Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю,
т.б. Жер аумағы 372,2 мың км 2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астснасы –
Токио қаласы, оның алып жатқан жер көлемі 11,9 млн км2. Әкімшілік
жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония – бір ұлтты ел. Халқының
99,4% -і жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар
тұрады. Ресми тілі – жапон тілі. Негізгі діндері – синто және будда
діндері болып табылады. Жапонияның – конституцияласы монархияны
сақтаған ел. 1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша
император – мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі. Ол, парламенттің
ұсынысы бойынша премьер – министрді тағайындайды және премьер –
министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен
мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша,
мемлекеттік істерге толығымен премьер – министр басқаратын үкімет
жауап береді. Жоғары заң шығарушы орган парламент - екі палатадан
(өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады. Ұлттық мерекесі
23 желтоқсан (император Акихитонның туған күні. Ақша белгісі – иен.
Табиғаты. Жапония аралдарының жан – жағын Тынық мұхит пен
оған кіретін Жапон, Охот, Шығыс Қытай, теңіздері қоршаған. Жерінің көп
бөлігі таулы – қыратты болып келеді. Неғұрлым ірі таулары; Хидака,
Кисо, Аканси (Хонсю аралында) . Бұл тауларда сөнбеген жанартаулар әлі
де көп. Ең белгілі – Хонсю аралындағы 3776 м биіктікте орналасқан
Фудзияма жанартауы. Елде жиі – жиі жер сілкіністері болады және
мухит жағалауларында цунами желі үнемі соғады. Жазық жерлер аз, ірі
жазықтары Канто немесе Токио жазығы (Хонсю аралында), Исикари (Хоккайдо
аралында). Климаты муссонды. Территориясының басым бөлігі –
субтропикалық белдеуде, солтүстігі - қоңыржай, оңтүстігі – тропикалық
белдеуде орналасқан. Қаңтар айындағы орташа температурасы Хоккайдо
аралында – 5 С, оңтүстікте – 6 С, Рюкю топаралында 16 С, ал шілде
айында 22, 27, 28 С. Жылдық жауын – шашын мөлшері ел аумуғының
көпшілік бөлігінде 1700 – 2000 мм, оңтүстікте – 4000 мм –ге дейін.
Көбінесе жаздың аяғы мен күз айларында болатын тайфундар нөсер
жауын алып келеді. Өзендері шағын, бірақ суы мол, сондықтан электр
қуатын өндіру мен жер суғаруға қолданылады. Территориясының 68 % -ін
қолдан өсірілген ормандар мен бұта тоғайлары алып жатыр. Ұлттық
саябақтар (Бандай – Асахи, Никко, Сето – Найкай, т.б.) мен қорықтар көп.

Тарихы. Қазіргі Жапония аумағына адамдар неолит дәуірінде
қоныстана бастаған. Алғашқы тұрғындар Азия құрлығынан топ – топ болып
қоныс аударған деген жорамал бар. Олар жер өңдеумен , мал
шаруашылығымен айналысқан (Дземон және Яеи мәдениеттері). Б.з.б. 2
ғасырдан бастап тайпалар одағы қалыптасқан, ямато тайпалық одағы
негізінде ежелгі Жапон мемлекеті пайда болды. Орталық мемлекеттің
билігі күшейіп, ямато билеушілері Қытай императорына бірнеше елшілік
аттандырды және осы кезден бастап ел ішінде будда діні тарай
бастады. Ямато патшалары тэнно деп атады және бұл атау күні
бүгінге дейін император деген ұғымды білдіреді. 645 жылы болған Тайк
төңкерісінен кейін құл иелену жойылып, жалдамалы шаруалар мен ірі
жер иелері пайда болды. 710 жылы алғашқы тұрақты астана Нара
салынып, 784 жылы орталық Нагаоку, 794 жылы Хэйан қалаларына
көшірілді. 11-ғасырда ірі – ірі әскери топтар арасында билік үшін
күрес басталып, 1192 жылдан бастап үкімет билігі тек сөз жүзінде
ғана сақталды. Сегундер елді әскербасыларының көмегімен басқарды.
Бусилардың төменгі бөлігі ұсақ жер иелерінен тұрып, самурай деп
аталды. Қытай мен Кореяны басып алған Шыңғыс хан империясы 1274 және
1288 жылдары екі рет Жапонияға сәтсіз жорық жасады. Елде 13-
ғасырдан бастап сауда және қолөнер бірлестіктері көптеп құрыла
бастады. Қалалардың саны өсті. Кореямен арадағы сауда дамыды. Кен
орындары (алтын, күміс, мыс) пайда болды. Жапония жеріне алғаш рет
еуропалықтар (1542 жылы португалдар, 1584 жылы испандар), христиан
миссионерлері келе бастады. Иэясу Токугава (1542 – 1616) елдің
бірігуін аяқтап, 1603 жылы сегун болып жарияланды. Токугава әулетінің
билігі 1867 жылға дейін созылды. Аймақ билеушілері үлкен жасақ
ұстады. Оларға самурайлар қызмет етіп, еңбектері үшін күріш түрінде
жалақы алды. Даймелердің үстінен қатаң бақылау орнатылды. Халық төрт
әлеуметтік жікке; 1.самурайлар, 2.шаруалар, 3.қолөнершілер, 4.саудагерлер
болып бөлінді. Үкімет еуропалықтарға қарсы арнайы заңдар шығарып,
олардың елге келуіне және христиан дінін насихаттауына тиым салды.
1641 жылдан Қытай мен Голландия көпестері үшін Нагасаки (Дэсима)
порты ашылды. 18- ғасырдың аяқ кезінен бастап мануфактуралар (жібек
өңдеу, қағаз т.б.) пайда болып, нарықтық қатынастар дами бастады. 1850
– 60 жылдары Жапония, АҚШ және еуропалық мемлекеттердің қысымымен
шетелдіктер үшін жаңа порттар ашуға мәжбүр болды. 1867 – 68 жылғы
революйиядан кейін сегундердің билігі аяқталып, жоғары билік
императордың қолына өтті. Басқару жүйесі еуропалық үлгіге көшіріле
бастады. 1871 жылы князьдіктер жойылып, орнына префектуралар құрылды.
1872 – 73 жылдары үкіметке төлейтін бірыңғай салық енгізілді.
Нәтижесінде, 1868 --- 85 жылдары 1300 жаңа өндіріс орындары ашылды.
Кейбір кәсіпорындар арзан бағаға жеке меншікке, ең алдымен, аса ірі
Мицул, Мицубиси, т.б. компанияларға сатылды. Сөйтіп, ірі кәсіпкерлер
мен монархия арасында одақ қалыптасты. Бірте – бірте Жапон билеушілері
қорғаныстан сыртқы елдерге агрессиялық саясат жүргізуге көше
бастады. 1876 жылы Кореямен екі арада тең емес Каихвас келісімі
жасалынды. 1894- 95 жылдары Жапон – Қытай соғысы болып, нәтижесінде,
Жапонияның алғашқы отары Тайвань, Пэнхуледао аралдарын басып алды
және Қытай

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
№146 қазақ орта мектебі

Тақырыбы: Жапония мемлекеті

Орындаған: 9
А сынып оқушысы

Тертюбаева Жұлдызай

Тексерген: Үсенова Айжан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жапония — күн-шығыс елі
Қазақстан Республикасының Жапониямен экономикалық және географиялық қарым-қатынасы
Азия-тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі
Экологиялық мәдениет ұғымы
Жапония мемлекетінің саяси-экономикалық дамуы
Корея Республикасының тарихы
Жапонияның сыртқы саясатындағы территориялық (РФ, ҚХР, Оңтүстік Кореямен) мәселелердің орны мен маңызы
Мемлекет нысаны тарихи тәжірибе және қазіргі проблемалар
Оңтүстік Кореяның қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы жүйесі
Экологиялық таза өнім
Пәндер