Интернетпен қатынас құру


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Колледжы.
Қаржы және есеп факультеті
Тақырыбы: Интернетпен қатынас құру
Орындаған: Муталиева Ә. А.
Тексерген: Сейтжанов Р. М.
Тобы: II - курс Қаржы - 06
Алматы - 2007.
Жоспар
1. Кіріспе
2. 1Интернетке қосылу
2. 2Интернетпен қатынас құру.
3. Қорытынды
Кіріспе.
Интернет деп бүкіләлемдік компьютерлік торапты айтады. Интернет сөзінің тікелей аудармасы - желілік желіаралық, яғни желілердің бірігуі деп түсіенміз. Соңғы жылдары Интернет ұғымының мағынасы кеңейіп, ол Бүкіл әлемдік компьютерлік желі дегенді білдіреді. Интернет өзара тікелей қосылған компьютерлердің жиынтығы емес, ол қандай да бір ақпараттық кеңістікті құрайды.
Интернетке қосылу дегеніміз - басқа жерлерде тұрған мыңдаған компьютерлік желілермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерден өкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлар көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және т. б. цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны ала аласыз.
Интернетпен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді Интернетке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:
- қосылып тұратын тікелей байланыстар(кіру жолдары)
- тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар(кіру жолдары)
- почталық байланыстар.
Интернетке қосылу.
Интернетке қосылу үшін мыналар қажет:
- компьютерді бүкіләлемдік желілерің бір торабына жалғау;
- IP-адресті алу(Интернетке қосылған адамның тораптық адресі)
- Таңдап алынған Интернет қызмет түрінің программа-клиентін орнату және баптау.
өз торабына қасып және жеке адрес тағайындап берумен айналысатын мекемелер Интернет қызметін қоюшылар(сервис провайдер) деп аталады. жоғарыда айтылған қызметті келісім-шарт бойынша провайдерлер атқарады. Интернетке қосылу екі түрге бөлінеді:ерекшеленген және комутаторлық. Ерекшеленген қосылу үшін жаңа байланыс тізбегі(кабелдік, радиоарналық, спутниктік) жүргізіледі. Үлкен көлемдегі мәліметтерді жіберу қажеттілігі туып отыратын мекемелер мен өндіріс орындары ерекшеленіп қосылуды пайдаланады. Ал коммутаторлық байланыс уақытша байланыс түрі. Аз көлемді ақпарат алу үшін коммутаторлық байланыс орнатса жеткілікті. Ол арнайы торапты қажет етпейді, байланыс кәдімгі телефон сымдары арқылы жүргізіледі.
Телефон сымдары тек дыбыс жиілігіндегі сигналдарды жіберуге арналған. Сондықтан олар арқылы сандық мәліметтер жіберу үшін компьютерге арнайы модем деп аталатын құрылғы орнату қажет. Компьютарден сандық мәліметтер модем арқылы түрленіп(модуляциаланып) торапқа түседі және керісінше.
Қосылу әдісі бойынша модемдер сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы модемдер жүйелік блоктың артқы қабырғасына қосылады. Ішкі модемдер аналық тақшаға орнатылады.
Басқа құрылғылар сияқты модемдер де программалық орнатуды қажет етеді. Windows 98 операциалық жүйесінде оны Іске қосу - Баптау - Басқару тақтасы - Жабдықтарды орнату(Пуск - Настройка - Панель управления - установка оборудования) құралының көмегімен орнатады.
Интернетпен қатынас құру
Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екені белгісіз болсын. Ол файл тегін берілетін программа, жұмысқа керекті ақпарат, сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.
Мұндай мақсат үшін файлды жеткізу хаттамасы деп аталатын жүйе қолданылады(File Transfer Protocol) . Практикада ҒТР немесе ftp термині жиі ұшырасады. Каталогта немесе почталық хабарда «Файлды алу үшін компьютерге ftp жеткізу» деген сөздер кездесуі мумкін. Осы файлды алу үшін FTP жүйесі қолданылатынын білдіреді. FTP арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер FTP- сервер деп аталады. Көптеген ҒТР-серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез-келген адам одан администратор рұхсатымен әр түрлі мәліметтер ала алады. Бұл тәсіл анонимдік ftp деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін ешкім өз атын айтпайды, белгісіз болып қала береді. Көбінесе пороль ретінде әркім өз почталық адресін енгізеді. Ал кей кезде мәліметті пайдалану үшін кіру атауын (named) және/немесе паролін (password) білу қажет болады. ҒТР-серверінің мәліметтермен қатынас құру үшін әркім стандартты кіру сұхбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай болуы ықтимал:
Open ftp. relcom. su named password -FTP-серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы:
оpen FTP-сервермен қатынас құру сұранысы;
ftp. relcom. rsu -FTP-серверінің қажетті информациямен толықтырылған аты;
nameid - пайдаланушының кіру аты немесе anonimus .
password - сұраушы адамның паролі немесе оның почталық адресі.
Паролді немесе өз атын дұрыс енгізбегенде, FTP -сервер тек шектеулі командалар жиынын орындай алады, атап айтқанда:
help - сервер командалары бойынша анықтама беру;
guit - сеансты аяқтау.
Пороль мен атау дұрыс болса, қатынас құру құқығына байланысты командалар жиынын орындауға болады. Олардың құрамына мыналар кіреді:
Cd каталог_ аты - каталогты ауыстыру;
cd. . - жоғарғы деңгейден каталогқа қайту;
get файл_аты -FTP-серверден файл алу;
binary - екілік файлдарды жіберу/алу режиміне ауысу(типтеріexe, com, arj, rar, tar, zip, және т. б. )
dir - ағымдағы каталог файлдары тізімін беру.
FTP-сервермен байланысу сеансында пайдалануға болатын командалар жиынтығын HELP командасы арқылы алуға болады.
FTP-серверден файлдар алу кезіндегі әдеттегі командалар жиынтығынан мысал келтірейік.
Cd rub/ - барлық FTP-серверін пайдаланушыларға ашық РАИ каталогін(дирокториін) пайдалану;
Dir - сол каталог файлдар тізімін беру;
get 03ndex. txt - FTP-серверден аты көрсетілген мәтіндік файлды алу,
binary - екілік файлдарды өңдеуге өту;
get far 140. zip - FTP-серверден екілік файл алу;
guit - FTP-серверденажырау(байланысты үзу) .
Осы мысалдан командалық интерфейстің қолайсыз екені көрініп тұр. Ал егер әр түрлі файлдар алу керек болса және олар шшкі деңгейлерде орналасса, олардың аттары да ұзақ 256 символға дейін созылса, бір сеанстағы жұмыс өнімділігінің онша болмайтындығына көз жеткіземіз.
Netscape Navigator және Internet Exporer тәрізді ыңғайлы графикалық интерфейсі бар браузерлердің шығуына байланысты әрбір адамның жұмысы керек кезінде «тышқан»
тетігінің батырмасын басуға ғана тірелгенін айтуға болады .
Мысал ретінде Microsoft Internet Explorer 3. 01 программасын пайдалану кезіндегі FTP-cервермен ftp://ftp. relcom. ru қатынас құру сеансын талқылап шығайық.
Браузерді іске қосу үшін жұмыс столынан немесе есептер тақтысынан Internet Exporer пиктограммасын табу қажет, соған курсорды алып барып, тышқанның негізгі батырмасын екі рет шерту керек .
Бұл мысал Internet Exporer жұмысынын Windows 98 ортасында көрсетеді, сондықтан оның іс әрекеттері осы операциялық жүйеге сәйкес баяндалады (Windows 3. х ортасында жүйенің хабарлары мен терезе бейнелері басқаша болады, бірақ негізгі жүмыс кезендері мен орындалатын әрекеттері бірдей ) .
Internet Exporer-ді Іске қосар алдында желімен алыстан қатынас кұру программасы іске кіріседі, ол провайдер серверімен сіздің компьютеріңізді байланыстырады .
Мұндайда үш терезеге мәліметтер енгізілуі тиіс. Сіздің желідегі аты жөніңіз және пароль (Бұлар сізге провайдер-компания арқылы Internet-ке қосылып тізімге тіркелген кезде бекітіледі), оған қоса провайдер серверімен байланыстыратын олардың телефон нөмері. Сіздің сеанс алдындағы ең соңғы әрекетіңіз «Байланыс орнату» (Устанавить связь) батырмасын басу болып табылады . Осы сәттерде сіздің экраныңызға алыстағы компьютермен катынас құрған программаның бірнеше терезелері шығады. Сеанс кезінде кез келген сәтте «Болдырмау» (Отмена) батырмасын басу арқылы байланысты үзуге болады .
Егер барлық әрекеттер дұрыс орындалса, экранға Internet Exporer терезесі шығады . Одан әрі жұмыс істеу барысында сізге аспаптар тақтасында бірнеше батырмалармен меню жолдарын пайдалану керек болады. Соларды қарастарып өтейік. Батырмалар астындағы жазулар олардың қызметін көрсетеді, бірақ қай кезде оларды басу
керектігі онша түсінікті бола бермейді . Ал, сеанс кезінде оқып үйрену оңай емес, өйткені желідегі байланыс орнатылған сәттен бастап, ол біткенше уақытқа ақы төленеді.
Алдымен «Адрес» өрісін қарастырайық, бұл өрісте FTP адресі былай теріледі: ftp://ftp. relcom. ru
Адрес терілген соң, Enter пернесі басылады. Осы сәттен бастап сеанс соңына дейін пернелер қажет болмайды, өйткені барлық әрекеттер тышқанмен орындалады.
Адрес енгізілген сәттен бастап, Internet терезесінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы жер шарының бейнесі көрсетілген сурет қозғалып айнала бастайды. Қозғалып тұрған сурет бейнесінің Internet Explorer формасына айналуы FTP - сервермен байланыстың толық орнатылып, тікелей қатынас басталғанын мәлімдейді.
Internet Explorer терезесінің жұмыс аймағындағы 1 цифрлы түрған орында FTP-серверге кіріп отырған адамға арналған мәтін көрсетіледі. Одан ары қарай орындалатын әрекеттер осы мәтін нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.
Құрал саймандар тақтасындағы «тоқта»(стоп) батырмасын кез-келген кезде басып қалып, FTP-сервермен өз компьютеріңіздің байланысын тоқтатуға болады. Егер сеанс кезінде бірнеше парақ мәтін алған болаңыз, «Алға» және «артқа» батырмаларын сол мәтін бойынша жылжу мүмкіндігін береді. «Таңдамалы»(Избранное) батырмасы ақылы қабылданған парақты өз бумаңызда сол күйінде сақтауға болады. Сонымен FTP-сервермен сеанс аяқталғаннан кейін ол мәтінді аспай-саспай қарап шығуға болады.
«Баспа» батырмасы экранда көрініп тұрған бетті баспаға шығаруға арналған. Егер сізге қаріп мөлшері ұнамаса, онда «Шрифт»батырмасы арқылы оны үлкейтуге немесе кішірейтуге мүмкіндік бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz