Халықтың тәрбиелік дәстүрлері


Халықтың тәрбиелік дәстүрлері.
Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі-қазақ халқы. Оның тәрбие-тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халықтың ғасырлар бойы жасаған зор еңбектерінжазып шығу үлкен еңбек, қыруар жұмыс. Оның бәрін қамти алмасақ та, сол жұмыстың бір тамшысы ретінде ұлттың тәрбие ісіндегі сәбилік кезден-ес біліп, ер жеткенге дейінгі салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері баланың өсу жолымен беріліп отыр.
Құрсақ тойы(дәстүр) . Жас келіншектің екі қабат болғаны белгілі болса, оның абысындары мен қайын сіңлілері сол үйге оңаша құрсақ тойын жасатып, аман-сау босануына тілек білдіреді. Қазақ ғұрпы бойынша бала біткен келіншекті «күмәнді», «аяғы ауыр», «ішінде көжесі бар» деп тұспалдап айтады.
Қазанжарыс -әйел босанар сәтте басқа әйелдер қазанға жеңіл-желпі тамақ істеп, оны босанатын әйелден бұрын пісірмек болып жарысады. Халық ұғымы бойынша туатын бала «қазан жарысқа қатысып» одан бұрын өмірге келуге тырысады деп түсінген.
Сүйінші . «Сүйінші келініңіз келеді деп, Әдеппен қол қусырып сәлем берді» ( «Наурызбай-Қаншайым») жырынан «») . Қуанышты хабар жеткізуші адам Сүйінші, сүйінші деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі қалағаныңды ал дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл шын қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың ешқандай ерсілігі жоқ.
Шілдехана. «Сәрсенбай зор қуанышты болып, шілдеханаға қанша қыз-бозбала жиып . . . баланың есімін Жамал қойып еді» (м. Дулатов) . -«Аманжол Атекем ауылына шілделікке кеткен» (С. Көбеев) . Кей жерлерде шілделік деп атайды. Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатаын ойын-сауық, жиын, той.
Мұнда «балаңыздың бауы берік болсын» дегендей құтты болсын айтылады, жастар жиналып, ән салып, домбыра тартып, өлең, жыр айтады. Шілдеханаға шақырусыз да бара береді. Шілдехана өмірге адам келгеннің және оған қуанудың бір белгісі.
Шашу . -қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр. Бала туғанда, келін түскенде, алыс сапардан көп күткен жолаушы келгенде, құда келгенде, тағы сол сияқты зор жақсылық, қуанышты күндерде әйелдер құрт-кәмпиттен, ақшалай шашу шашады. Шашылған шашуды тойға қатысушылар теріп алып, ылым қылып, балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады.
Қалжа. « Менің сорлы шешеме қалжа қайда? Қой сат деп әкем барды көрші байға». (С. Торайғыров) . Жас босанған әйелге арнаулы мал сойылып берілетін тамақ «қалжа» деп аталады. Жақын адамдар да қалжа әкеледі. Бұл әрі сыйластық, құрмет, әрі босанған әйел сауығып кетсін деген мақсатпен туған елдік дәстүр, ғұрып.
Тымаққа салу . Ел арасында «шала туып тымаққа салып өсірген екен» деген сөздер жиі естіледі. Халықта әдетте шала туған сәбиді осылай өсіретін ғұрып бар. Оның себебі шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымық жылы, әрі бөлеуге ыңғайлы болады. Және сәбидің неше күні кем болса, сонша күн керегенің әр басына ілініп қойылатындықтан күн кереге басы арқылы есептеледі. Мысалы:қырық күн кем болса керегенің қырқыншы басынан кейін бала тымақтан алынып, әдетте жаңа туған баланың рәсімі жасала бастайды. Айталық, ат қою, бесікке салу т. б. (Егер бала қыста туса онда үй қабырғасына бірнеше шеге қағылып ілінеді. ) .
Бесікке салу . «Әлди-әлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем» (Бесік жыры) . Бесік-қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Жаңа туған баланы ьесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен, елдегі тәрбиелі, өнегелі әжәлерге, әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап, тыштырма жасап алып, баланы бесікке бөлейді. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға бесікке салар яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады:
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырын жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтатын майысып.
Түрлі ою ойысып,
Шебер болар ма екенсің?
Таңдайларын тақылдап,
Сөзіңді жұрт мақұлдап,
Шешен болар ма екенсің? . . .
Тыштырма . Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт. Ірімшік, кәмпит, тәттілер өткізіп, «тышты», «тышты» деп ырым жасайды және оны тыштырма деп атайды . «Тыштырманы» әйелдер ырымдап бөлісіп алып, бала-шағаларына үлестіріп береді.
Иткөйлек. (ғұрып ) -ырымшыл халқымыздың баланы қырқынан «туғанына қырық күн толған күн» шығарғаннан кейін оның көйлегіне тәтті түйіп, оны иттің мойнына байлап жіберетін дәстүр бар. Итті балалар қуып жетіп, мойнындағы ит көйлекті шешіп алып тәттісін бөліп жейді. Көйлекті баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады. . »
Қырқынан шығыру. Қазақ халқының ғұмырында жеті, тоғыз, отыз, қырық бір сандары қасиетті деп есептеледі. Мысалы : «Жеті қазына», «бір тоғыз», «үш тоғыз», »қырықтың бірі -қыдыр» деген қағидалар осы сандық ұғымнан пайда болған. Сонын бірі баланы «қырқынан шығару « дәстүрі. Әдетте баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық бір қасық су құйып шомылдырады. Бұл ресми дәстүр. Оған үлкен әжелер қатысады, кәде беріледі, дастарқан жайылады. Сәбидің қарын шашы алынып, оны сәбидің өзінің киіміне матаға орап тігіп қояды.
Тұсаукесер. «Тұсауыңды кесейін, Күрмеуінді шешейін» («Тұсаукесер» жыры) . Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасаоатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушінің кәдесін береді. Тұсаукесердің арнаулы жыры бар. Мысалы:
«Қаз-қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Тағы, тағы баса ғой,
Тақымыңды жаз, балам.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!
Сүндет той -жалпы мұсылман дініндегі елдерде бар. Сүндеттеудің денсаулыққа, тазалыққа да пайдасы зор. Баланы сүндеттеу үлкен рәсім. Ол әр ата-ананың борыщы. Бұл рәсімнің сүндет тойы деген сияқты жөн-жоралары болады, қайырлы болсын айтылып шашылады. Сүндет міндеті бұрын қожа, молдаларға тғана тапсырылса, қазір оныдәрігерлер де жасай береді. Бұрынғы кезде ауқатты адамдар бала сүндеттегенде үлкен той жасаған. Оны сүндет тойы деп атайды.
Қалау. Біреудің жақсы малына, затына, мүлкіне көңілі кеткен адам сол үйге барып, қалау қалайды. Жас баласына лайықты бағалы тарту жасап, қалауын айтады. Оның тартуының бағасы өз қалаған затының бағасымен сәйкес келуі шарт емес. Дәстүр бойынша үй иесі қалаущы адамды қонақасы беріп, қалағанын орындап қайтаруға тиіс. Бұл жомарттық пен мәрттіктің, әрі сыйластықтың белгісі.
Тоқым қағар. «Ертең ұлы дүбірге мені аттандырып, тоқым қағарын сен жасарсың» - деді Мәкен (С. Талжанов) . Жас адам алғаш жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Мұнда арнаулы мал сойылып немесе сыйлы мүшелер салынып, ет асылып, кең дастарқан жасалады, ойын-сауық, өлең- жыр айтылады. Бұл сапарға шыққан жігіттің тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігі аман келсін деген жақсы тілек білдірудің белгісі.
Бата. Ақ тілеудің белгісі-бата. Ол кез келген жерде айтыоа бермейтін қасиетті рухани ұғым. Мұның бірнеше түрлері бар.
1. »Сырым батыр жас кезінде батасын алайын . . . деп Бөкен биге барыпты». Бұл ерлік, өнер, өмір жолына ұзақ сапарға аттанар алдында әдейі барып тілейтін бата. Қошқарұлы Жәнібек жас кезінде Қаракерей Соқыр Абыздан бата сұрай барғанда ол кісі былай депті:
Бедеуің беліңдегі байлаулы болсын,
Қазаның ошақтағы қайнаулы болсын,
Есігің ашық болсын,
Қабағын жазық болсын,
Сонда ағайынның кетпес қасыңнан,
Жақыныңа бұрмай төрені түзу бер,
Сонда қаумалаған халқың кетпес қасыңнан.
Мұндай баталар талапты, халықты сүйген, ер-азаматтарға ғана берілген.
2. «Дастарқаның мол болсын, Абыройын зор болсын» («Ақ бата») . Батаның екінші түрі дастарқанға ризашылықпен беріледі. Дұрыс мүшелі қонақасы берілмесе шешен, өткір тілді адамдар бата арасына сол үйдің сараңдығын да қосып айтып жіьеретіндер болған.
3. «Бақ берсін, бас берсін, өміріңе ұзақ жас берсін» («Ақ бата») . Үлкен кісілер немесе кез келген адам біреудің қайырымдылығы мен жақсылығы, ізгі қызметі үшін де бата береді. Батаның тәрбиелік мәні зор. «Батамен ер көгерер, жауынмен жер көгерер» деген сөз адамды ізгілікке, парасаттылыққа, мейірімділікке баулиды. Ендеше бата да сол ұлы қасиеттерге бастаушы, әрі тудырушы рухани мұра болып табылады. Бата көркем сөзбен, өлеңмен, тақпақпен, шешендік тілмен, әсермен қол жайып айтылады. Батаны елге құрметті, өте сыйлы адамдар береді.
4. Теріс бата. Бұл бата аталғаны болмаса қарғыстың қатты, жазаның ауыр түрі. «Құнанбай қос қолын созып, алақанын сырт қаратып тұр . . . Бұл теріс батаның, қарғыс батаның белгісі» (М. Әуезов) . Мұндай бата сенімді ақтамаған өзіне қолы, тілі тиген ьаласына әкенің қолын теріс жайып ьерген қарғыс батасы. Батаның бұл түрі ел ішінде өте сирек қолданылған және ол атадан балаға ұмтылмайтын бата болып қалған. Атаның теріс батасын алғандарды халық та жек көрген.
Базарлық -алыс сапарға, саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жарлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас ьалаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны базарлық деп аиайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.
Байғазы -балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, заттай сый. Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ. Жеңгелері, шешелері «байғазыға ьайдың қызы» деп те атайды.
Көгентүп (көгендік) -бір-біріне жақын туыс, ілік, жұрағат адамдардың баласына ескерткіш, сый ретінде берілетін мал(қозы, қой, бұзау, құлын, тай, бота, тайлақ, ат. ) Бұл бала үшін сый, қуаныш болса, оның ата-аналары үшін құрметтеудің белгісі десе де болады. Көгентүп беруді малды ауылдардың әлі де пайдаланып жүрген жақсы, жарасымды салттарының бірі.
Жеті ата. «Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер» (Мәтел) . Әр адам өзінің жеті атасын білуі-көргенділік пен білімділігін, ата көргендігін танытады. Білмесе «жеті атасын білмейтін жетесіз» деп сөккен. Жеті атаны үйрету әр ата-ананың басты борышы. Мысалы, өзі, әкесі, атасы, бабасы, және онан арғы ата-бабасының есімдерін білу жеті атаны білу деген сөз.
Жасау. «Көрсін деп жиылған жұрт тамашасын, жасауын таудай қылып үйгізді енді»! (Наурызбай-Қаншайым) . Ұзатылған қызға берілетін дүние мүлік жасау деп аталады. Халық қыздың жасауына аса зор көңіл бөліп, «жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді» деген. Небір жақсы бұйым, кілем, текемет, сәукеле, ыдыс-аяқ, төсек-орын, киім-кешек, әсем әшекйлі тағымдар қыздарға берілетін болған. Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан. Жасауды қыздың еншісі десе де болады.
Құда түсу . «Итбай Тұрлығұлға құда түсіп мал алуға даярлана бастады» (С. Көбеев) . Ертеден және қазір де жалғасып келе жатқан жақсы әрі жарасты дәстүрлердің бірі құда түсу. Жігіттің әкесі немесе оның жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі яғни бойжеткен қызын сұрайды. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп саналады. Қыз әкесі келісім берген соң құдалықтың жөн-жоралғыларын сұрайды. Оның түрі өте көп, мысалы:құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-бауыр тағы басқа ырымдары мен кәде, алымдары болады. Құдалықты басқарып барған адам Бас құда деп аталады. Тұрмыс құратын жігіт пен қалыңдықтың әкелері бір-біріне бауыздау құда деп аталады. Құда түсу қазақтың мәртебелі әлі жарасты салт-дәстүрлерінің бірі. Онда түрлі ойын-сауық, әзіл-қалжыңдар айтылады. Екі жақ та бірін-бірі сынап отырады.
Қыз танысу . «Күйеу келтір, қыз ұзат тойыңды қыл, қыз таныстыр-қызыққа жұрт ыржыңшыл» (Абай) . Ұзатылатын қыз өз босағасына аттанар бұрын туған-туыстарын аралап, көрінеді. Мұны дәстүр бойынша қыз танысу дейді. Қыздың барған үйі оған құрмет көрсетіп, жақсы тілектер тілеп, бағалыкиім, дүние мүлік, жақсы тағамдар беріп аттандырады. Бұл бұрын халық арасында өте жарасты дәстүр болып қалыптасқан. Оң жақтағы (ұзатылмаған) қызкіндемейді және мұндай сөз айтылмайды.
Шарғы . Ұзатылған қыз өзіне тетелес сіңлісіне басына тартатын орамалын береді. «Бұл-ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап» деген сөз. Мұндай дәстүр шарғыдеп аталады. Шарғы салынған қызға жеңгелері, замандастары бас қосып келіп, жақсы тілек білдіріп, шәй ішеді.
Қынаменде -« Қынаменде жар-жар мен беташар бар, өлеңсіз солар қызық бола ма гүл!» (Абай) . Бұл да ұлттық ғұрпымыздың салтанатты да, көңілді кешінің бірі. Құда түсіп, уәде пісіп, қалың мал төлеген соң күйеудің атастырған қалыңдығын алғаш рет көругекелген тойы қынаменде деп аталады, шығыс елдерінде қынаменде кеші қыз абыройының тазалығын білдіру үшін қалыңдықпен бірге болған күннің ертеңіне де өткізіледі. Ән, күй, би қатар жүргізілетіндіктен қынаменде жас жұбайлардың шаттық кешіне, жастардың махаббат мұратына жету символына айналған. Бұл да дәстүрге бай еліміздің тәрбиелік ережесінің бір саласы.
Тойбастар . Тойдың кешкі ойынын өлеңмен бастайды. Сонда айтылатын өлең тоцбастар деп айтылады. Тойдың сәні тойбастарды әнші жігіт не қыз бастайды. Той бастағаны үшін жігіт(не қызға) той иесі рақмет айтып, тойбастар яғни сый-сияпат ұсынып, құрмет көрсетеді. Тойбастарды бұрын елге белгілі ақындар мен әншәлер бастаған.
Жар-жар . Ұзатылатын қыз тойында қыз-жігіттер тобы-кететін қыздың көңілін аулау, бара жатқан жағында да осындай жақсы жайлар болатынын өлеңменен айтысады. Сонымен бірге олар қыздың бақытты, абыройлы, елге сыйлы болуына тілектестік білдіреді. Мұның бәрі өлеңмен айтылатындықтан Жар-жар қызықты болып естіледі. Мысалы: «Жар-жарды» жігіт былай бастайды:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz