Қоғам, құқық және жеке адам



1. Адам құқының даму эволюциясы
2. Жеке адамның құқықтық мәртебесі
3. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Адам құқының даму эволюциясы мемлекет және құқықтың пайда болуымен бірге дамып, сапалы құндылықтар деңгейіне көтерілді. Уақыт адам құқықтарының асқақтауына, тиімді қорғалуына өзінің ықпалын тигізуде. Олай дейтін себебіміз адамзат тарихы, оның прогрессивтік саяси-құқықтық идеялары адам құқықтары қай заманда болмасын қастерлеу қажеттілігін үлкен, маңызы зор проблема етіп ұсынады. Себебі адам жаратылыстың ең саналы, ең нәзік, ең күшті ажырамас бөлігі. Сондықтан адам құқықтарын қорғаудан, асқақтатудан, аяққа таптаудан адамзат өркениетінің қандай бағытта дамитынын болжауға болады.
Құл иеленуші мемлекеттерде адам құқықтары ашық, заң жүзінде теңсіздік аясында қалыптасып, құл иеленушілердің құлдар құқықтарын аяққа таптауға, басып-жаншуға тікелей жол ашты. Құлдар заң нормаларында құқықтың субъектісі емес, объектісі, яғни зат, мүлік ретінде танылды.
1. Ж Д. Бусурманов. Евразийская концепция прав человека. Алма¬ты, 2006.
2. Сәкен Өзбекұлы. Право кочевой цивилизации казахов. Алматы, 2002.
3. Международные акты о правах человека. М., 1998.
4. Права человека: итоги века, тенденции, перспективы. М., 2002.
5. П.С.Гуревич. Антропологический ренессанс.// Феномен чело¬века. Антология. М., 1993.
6. Жергілікті халықтар құқығы принциптерінің декларациясы. // Жұлдыз, 1991. № 5.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қоғам, құқық және жеке адам

Жоспар:

1. Адам құқының даму эволюциясы
2. Жеке адамның құқықтық мәртебесі
3. Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Адам құқының даму эволюциясы

Адам құқының даму эволюциясы мемлекет және құқықтың пайда болуымен
бірге дамып, сапалы құндылықтар деңгейіне көтерілді. Уақыт адам
құқықтарының асқақтауына, тиімді қорғалуына өзінің ықпалын тигізуде. Олай
дейтін себебіміз адамзат тарихы, оның прогрессивтік саяси-құқықтық идеялары
адам құқықтары қай заманда болмасын қастерлеу қажеттілігін үлкен, маңызы
зор проблема етіп ұсынады. Себебі адам жаратылыстың ең саналы, ең нәзік, ең
күшті ажырамас бөлігі. Сондықтан адам құқықтарын қорғаудан, асқақтатудан,
аяққа таптаудан адамзат өркениетінің қандай бағытта дамитынын болжауға
болады.
Құл иеленуші мемлекеттерде адам құқықтары ашық, заң жүзінде теңсіздік
аясында қалыптасып, құл иеленушілердің құлдар құқықтарын аяққа таптауға,
басып-жаншуға тікелей жол ашты. Құлдар заң нормаларында құқықтың субъектісі
емес, объектісі, яғни зат, мүлік ретінде танылды.
Рим заңгерлері Құл сөйлейтін құрал деген қағиданы өмірдің барлық
саласында қолданды. Теңсіздік, құл болу туа біткен қасиет ретінде танылды.
Феодалдық мемлекеттерде адам құқықтары басқаша көзқараспен бағаланды. Құл
иеленуші мемлекеттердегі адам құқықтарының жағдайларына қарағанда біршама
прогресс болғанымен феодалдардың шаруаларға деген үстемдігі олардың
құқықтарын аяққа таптаулары басқа сипатқа ұласты. Феодализм қалыптастырған
құқық жүйе король, дворян, герцог, князь сияқты аз ғана топтардың
құқықтарын асқақтатты, шаруалар тек сол феодалдардың қол астындағы адамдары
болып саналды. Феодалдық құқық жұдырық құқы, күштілердің ашық түрде
теңсіздікті мойындатуы.
Адам құқықтарының теңдіқ идеясына көтерілуі буржуазиялық қоғамның
қалыптасуымен тікелей байланысты. Буржуазия идеологтері абсолюттік
монархияда аяққа тапталған адам құқықтарын асқақтатып, теңдік, бостандық
идеясын адам құқықтарының іргетасы ретінде жариялады.
Буржуазиялық қатынастар дамып келе жатқан Англияда 1679 жылы Хабеас
корпус акт, Құқық туралы билль (1688) сияқты құқықтық құжаттарда адам
құқықтары теңдік мағанада мойындады. Кейінірек, АҚШ-тың (1787) және Ұлы
француз революциясының Адам және азамат құқықтары декларациясында (1789)
асқан даналықпен адам құқықтарын туа біткен, ен қастері құндылық ретінде
жариялады, адам және азамат ұғымдары енгізілді. Барлық адамдар
туғаннан еркін және тең құқылы. Қоғамдық айырмашылықтар жалпы пайда
негізінде болады, — деп атап көрсетілді декларацияда.
Ресей отарына айналған қазақ қоғамында адам құқықтары өрескел
бұрмаланды, орыс империясының енгізген заңдары қазақ ұлтын, оның құқықтарын
аяққа таптаумен қатар, ұлттық қасиеттерін, дәстүрлі әдет-ғұрыптарын жоюды
көздеді. Орыс әкімшілігі қазақ қоғамын өз тарапынан тиімді басқару үшін
және отарлық саясатты күшейту мақсатында империя құқық жүйесін енгізуді
негізгі саясаттың санатына жатқызды. Бұл мақсатты жүзеге асыру барысында
Қазақстанда әр мағанадағы құқық жүйелері бір-бірімен сапырылысып, өкімет
органдарында бассыздық пен заңсыздыққа кең көлемде жол берулеріне жағдайлар
туғызды. Өлкеде қазақ халқының санасына мүлдем жат, беймәлім, қабылдауға
әлі дайын емес құқықтық жүйені пайдалану әділсотты чиновниктер мен
қалталылардың қолына шоғырландырды. Осыған орай адам құқықтары туралы сөз
қозғаудың өзі Уақытша ереже бойынша сотсыз, тергеусіз, губернатордың
қалауымен айдалып жіберілді.
Тіпті орыс әкімшілігінің барлық сатыларындағы шенеуніктері, өз
тараптарынан ойына келген тәртіптерді орнатуды іс жүзіне асырып отырды.
Қазақ ұлтының құқымен санаспай, бүкіл халықтың ар-намысын аяққа таптайтын
әрекеттерді заңдастырып, ұлы державалық шовинизмді ашықтан-ашық асқақтатуды
саясаттың ең негізгі өзегі ретінде танып бақты. Мысалы, Жетісу облысының
кейбір уезд бастықтары қазақтар орыс офицерлері мен шенеуніктерін
кездестіргенде, міндетті түрде аттан түсіп, бас киімін шешіп, иілуге
міндетті деген нұсқаулар шығаруға дейін барған. Верный қаласының
мейрамханалары мен көпшілік орындарының есігінде, немесе маңдайында: Иттер
мен қазақтарға кіруге тыйым салынады деген жазуларды ілуді дәстүрге
айналдырған. Адам құқы деген сөзді қолдану орыс әкімшілігіне ерсі,
қажетсіз, тіпті қылмыс жасаумен пара-пар мағанада сезілді. XX ғасырдың
басында қалыптасып келе жаткан қазақ зиялылары мұндай жағдайлармен келіспей
батыл түрде үн көтерді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Б.Сыртанов,
Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин, Ж.Ақбаев, Р.Мәрсеков сияқты қайраткерлер қазақ
ұлтының құқықтарының өрескел бұрмалануына, аяққа тапталуына үзілді-кесілді
қарсылық білдірді. 1911 жылы ірі қоғам қайраткері Барлыбек Сыртанов Еуропа
өнегесінде, адам құқықтарын асқақтату қажеттілігін дәлелдеп Қазақ елінің
уставында былай деп жазды: Қазақ елінде адам баласының бәрі тең құқылы.
Дініне қанына, тегіне, нәсіліне қарап адамды қорлауға жол жоқ. Адам тек
закон һәм құдай алдында жауап береді. Кеңес мемлекеті адам құқықтарын тек
қана қағаз жүзінде ғана мойындайды. 70 жыл бойы коммунистік-тоталитарлық
режим адам құқықтарын басып жаншыды, еркіндік пен бостандық идеялары жоққа
шығарылды, репрессия, жазығы жоқ адамдарды қамау, ату кеңес мемлекетінің ең
негізгі саясатына айналды. Адам, индивид мемлекеттік машинаның тек ғана
тетігі ретінде танылды.
Тек тәуелсіздікке қолы жеткен Қазақстан біртіндеп адам құқықтары
конституциялық деңгейде, демократиялық талаптар негізінде жарияланды.

2. Жеке адамның құқықтық мәртебесі

Жеке адамның құқықтық мәртебесін меңгеру үшін адам құқы мәселесін жетік
түсіну қажет. Адам құқы табиғи құқықтан туындайды және ол барлық адам
баласына туа біткен қасиет ретінде танылады. Ол — өмір сүру, бостандық,
езгіге қарсы тұру, бақытты болуға ұмтылу. Бұл қасиеттер бүкіл адамзаттың
ажырамайтын құқықтары деп танылады.
Сонымен қатар азамат кұкы деген ұғым бар. Азамат сөзі адамның арнайы
бір мемлекетпен құқық пен міндет арқылы тікелей байланыста екенін
аңғартады. Адам және азамат құқықтары үнемі сәйкес келе бермейді. Кейбір
мемлекеттердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет жайында
Жеке тұлға құқықтары мен бостандықтары
Жеке тұлға, құқық және мемлекет
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Мемлекет пен құқық арасындағы қатынас
Құқық бұзушылықтың заңды құрамы
Құқық жасаушылық және азаматтық қоғам
Құқықтық мемлекет: түсінігі,түрлері және белгілері
Құқықбұзушылық және заңды жауапкершлік
Пәндер