XXI ғасыр лингвистикасы



Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, оны зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бет б9рыс болған бұл жайт XIX ғасырдың алғашқы он жылдығында орын тебе бастады.
Жана әдістің қалыптасуы — ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. XVIII ғасырлық соңғы жартысы мен XIX ғасырдың алғашқы жылдарында лингвистиканың даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті.
Өткен ғасырдың бас кезінде әр елде салыстырмалы-тарихи әдіс негізінде жазылған бірнеше еңбек жарық көрді.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
XIX ҒАСЫР ЛИНГВИСТИКАСЫ
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді
дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, оны зерттеуге
салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында
үлкен бет б9рыс болған бұл жайт XIX ғасырдың алғашқы он жылдығында орын
тебе бастады.
Жана әдістің қалыптасуы — ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-
пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. XVIII ғасырлық соңғы жартысы мен XIX
ғасырдың алғашқы жылдарында лингвистиканың даму қарқыны, бағыты жаңа
зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті.
Өткен ғасырдың бас кезінде әр елде салыстырмалы-тарихи әдіс негізінде
жазылған бірнеше еңбек жарық көрді.
1816 жылы неміс ғалымы Франц Бопптың санскрит тіліндегі етістіктердің
жіктелу жүйесін грек, латын, парсы, греман тілдеріндегі етістіктердің
жіктелу жүйесімеи салыстыра зерттеген еңбегі шықты. Онда аталған тілдердің
туыстастығы дәлелденді. Ол бұл тілдерден жинаған материалдарын, иран,
славян, балтық бойы халықтары, армян тілдері фактілерімен толықтыра келіп,
1883—1849 жылдар арасында Үнді-европа тілдерінің салыстырма грамматикасын
жазды.
Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың екіншісі Дания ғалымы
Расмус Раск. Ол өзінің 1818 жылы басылып шыкқан Исланд тілінің шығу тарихы
жайлы еңбегінде тілдер туыстастығын білдіретін негізгі белгілер не
екендігін жан-жақты көрсетеді. Ол— тілдердің сөздік жағынан бір-біріне
ұқсастығы тіл туыстастығының кепілі бола алмайды, бір тілден екінші тілге
сөз ауыса береді, тіл туыстастығының белгісі — олардың грамматикалық
жағынан ұқсас болуы, грамматикалық формалар бір тілден екінші тілге
ауыспайды,— деп дұрыс қорытынды шығарды. Тілдер туыстастығының екінші бір
кепілі — дыбыстар алмасуындағы заңдылықтармен негізгі сөздік қордың
ұқсастығы — дегенді Раск бірінші болып көрсетті. Өзінің осы тұжырымына
сүйене отырып, Раск көптеген европалық тілдер фактілерін бір-біріне
салыстыра зерттеді, бірақ Раск Бопп сияқты салыстырып отырған тілдердің
түпкі төркінін, бастапқы күйін ашуды көздеген жоқ. Ол, негізінде,
скандинавия халықтары тілдерінің европалық тілдермен туыстастығын
айқындауды мақсат етті. Скандинавия филологиясының негізін салды. Ф.Бопп
еңбегінде жете ескерілмеген фонетика мәселелері, дыбыс құбылыстарының
заңдылықтары Раск еңбегңнде едәуір кең көлемде қойылды. Салыстырмалы-тарихи
тіл білімінің тағы бір көрнек-ті өкілі -неміс ғалымы Якоб Гримм. Бұл
ғалымның төрт томнан тұратын Неміс грамматикасы атты еңбегінің бірінші
кітабы 1819 жылы басылады. Мұнда автор неміс тілінің қалыптасу, даму
жолдарын оның құрамындағы әр түрлі диалектілерді бір-біріне салыстыру,
неміс тілін герман тіліне жататын басқа тілдермен қатар қоя қарау арқылы
айқындайды.
Гримм өзінің еңбектерінде тілдің, тілдік элементтердің даму тарихын
зерттеуге баса көңіл бөледі. Тіл тарихын зерттеуге талпыну XVII—XVIII
ғасырларда да болған, бірақ ол кезде тіл фактілері хронологиялық жолмен
салыстырылмай, бір-бірінен мейлінше алшақ жатқан дәуірлерге тән фактілер
қалай болса солай салыстырылса, тілдік құбылыстарды түсіндіруде, көбінесе,
ойдан шығарылған жорамалдарға сүйенсе, Гримм оның орнына тарихи
салыстырудың баспалдақты, хронологиялық жолын енгізіп, қалыптастырды.
Сөйтіп, тілдегі өзгеріс-құбылыстардың қай-қайсысы да оның бірте-бірте
дамуының табиғи нәтижесі екенін дәлелдеді. Тілдік құбылыстарды зерттейтін —
тіл тарихы ғылымының лингвистика құрамында болуы қажеттілігіне көз
жеткізді.
Салыстырмалы әдісті тіл білімінің зерттеу әдісіне аиналдыруда славян
тілдерінің маманы А. X. Востоковтың да еңбегі бар. Ол 1820 жылы жарияланған
Славян тілдері жөніндегі пікірлер дейтін кітабында славян тілі
фактілерін, әсіресе олардың дыбыстық жақтарын бір-біріне салыстыра зерттеу
арқылы олардың арасындағы үксастық, өзгешеліктерді көрсетти
Александр Христофорович Востоков (1781—1864) Петербург көркемөнер
академиясын бітірген. Жас кезінен фольклорлық шығармалар жинап бастырумен
шұғылданған. Лингвистикалық еңбектері ішіндегі ең көрнектілері: Славян
тілдері жөніндегі пікірлер (1820 ж), Орыс тілі грамматикасы (1831 ж);
ІІІіркеулік славян тілі сөздігі (1843 ж) дейтін еңбектері. Айтылғандардың
біріншісінде Востоков славян тілдерінің өзара жақындық дәрежесін ашуға
тырысады.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушылардың жолын ұстанған
басқа да ғалымдар болды. Олар салыстырмалы-тарихи әдіспен үнді-европа
семьясына жататын тілдерді жекелеп, топтап зерттей отырып, олардың
арасындағы бірлік пен өзгешеліктерді, бір-біріне жақындық дәрежелерін
айқындады. 1836—1845 жылдар ішінде Ф. Дицтың Роман тілдері грамматикасы,
1852 жылы Ф. Миклошичаның Славян тілдерінің салыстырма грамматикасы, 1853
жылы И. Цейстің Қельт грамматикасы, 1858 жылы Ф. И. Буслаевтің Литва
тілін зерттеуге жетекші атты еңбектері жарияланды. Бұл еңбектер
салыстырмалы-тарихи тіл білімінің өрісін кеңейте түсті. Осылардың
нәтижесінде Үнді-европалық тіл білімі немесе Үндіевропейстика деп
аталатын ғылым қалыптасты.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің жетістіктері марксизм классиктерінің
назарына ілікті. Олар тілдің әлеуметтік, философиялық жақтарымен қатар, тіл
зерттеу ғылымында салыстыру әдісінің өте тиімді екенін жақсы білді.
Тіл мәселелерімен, солардың ішінде салыстырмалы-тарихи әдіспен де Ф.
Энгельс көбірек айналысқан. К.Маркс Энгельсті салыстырмалы тіл білімінің
маманы деп санап, бұл салада одан консультация алып отырған Ф. Энгельс
салыстырмалы-тарихи әдістің тіл туралы ғылымның күшті қарқынмен дамуына
қолайлы болғандығын айта отырып, бұл саладағы Ф. Бопп, Я. Гримм, Ф. Диц
еңбектеріне жақсы баға берген. Ол Я. Гриммді герман тілдері салыстырма
грамматикасының негізін салушы данышпан ғалым деп бағалайды.
Сонымен, айтылғандарды жинақтай, нақтылай, толықтыра түссек
салыстырмалы-тарихи әдіс бойынша туыстас тілдер фактілері бір-біріне
салыстырыла зерттеледі. Мұндай салыстыруда екі түрлі мақсат көзделеді.
Олар: салыстырылып отырған тілдер фактілері дамуының жалпы заңдылығын,
олардың арасындағы туыстастықты ашу, тіл я тілдер тарихын айқындауға
қажетті мәліметтер табу. Зерттеу тәсілі — фактілерді салыстыру, көздейтін
мақсаты — олардың тарихын ашу болғандықтан әдіс — Салыстырмалы-тарихи тіл
білімі немесе латын тілінен алынған термин бойынша кампаративистика
(салыстыру) делінеді.
Дыбыс тілі жалпы адамдық құбылыс болғандықтан, онда бір-біріне ұқсастық
болмай қоймайды. Оның себептері көп. Ұқсастық бір тілдің екінші біреуіне
тигізген әсерінен, тілдік тұлғалардың, әсіресе сөздердің бір тілден
екіншісіне ауысуынан болуы мүмкін. Мысалы, орыс тілінде қолданылатын
колпак, алтын, баба, бак, бар, оба деген сөздер бірлі-жарым дыбыстық
өзгешеліктерімен көптеген түркі, солардың ішінде қазақ тілінде де
кездеседі. Бірақ соңғыларда басқа мағынада жұмсалады. Жоғарыда айтылған
кездейсоқ ұқсастық дейтіндеріміз— осылар. Мұндай тіларалық омонимдер
олардың туыстастығының көрсеткіші бола алмайды. Сондай-ақ, қазақ тіліне де
орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден ауысқан: база, телефон,
радио, демократия, студент, кафедра тәрізді сөздер бар. Бұлар — қазір бір-
бірімен ешқандай туыстық жақындықтары жоқ көптеген тілдерде кездесетін
ортақ сөздер. Жоғарыда айтылған, тілдер қарым-қатынасы арқылы пайда болатын
ұқсастық, бірлік дейтіндер, міне, осылар. Бұлар да тілдер туыстастығына
кепіл бола алмайды. Тілдер туыстастығының төркіндестігінің негізгі кепілі —
сөз туғызушы, сөз өзгертуші формалардың бірлігі, ұқсастығы және негізгі
сөздік қор мен дыбыс заңдарындағы жақындық. Сондықтан тілдер туыстастығын
айқындау үшін кездейсоқ ұқсастықты алмай, тілдердің фонологиялық,
морфологиялық, синтаксистік жүйелеріндегі ұқсастықтарды салыстырған жөн.
Тілдер туыстастығын тек осылардағы бірлік пен төркіндестік қана аша алады.
Бірақ, туыстас тілдер фактілерін салыстырғанда, олардың бір-бірімен
ешқандай жақындығы, бірлігі жоқ фактілерін немесе бір-бірінен ешқандай
өзгешелігі жоқ фактілерін салыстыруға болмайды. Мысалы, қазақ тіліндегі
сөйлем, үтір, нүкте деген сөздердің мағынасы ұйғыр тілінде жүмлә, пәш,
чекит деген сөздермен беріледі. Ал енді, қазақ тіліндегі пай, ат, зиян,
қызыл, қызғылт, қымыз, ақ деген сөздер башқұрт тілінде де дәл осы қазақ
тіліндегідей дыбыстық құрылымда айтылады.
Салыстыру үшін алынатын материалдар, фактілер тарихи жағынан салыстырып
отырған тілдерге ортақ, о баста бір негізден тарағанмен, кейін өзгерістерге
ұшыраған, дифференциацияланған болуы керек. Мысалы, қазақ тілінде тас, тұз,
баға, болат, балта, мүйіз, табан, жақсы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәтін анықтамалары
Орта ғасырлар лингвистикасы
Сөз таптарының орналасу ерекшеліктері
Ежелгі Кытай тіл білімі
Қазіргі таңдағы аудармашының алатын орны мен қызметі
Ежелгі дәуір және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы жөнінде
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
XVI-XVIII ғасыр лингвистикасы. в.ф.гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары
Салыстырмалы талдау
Мәтін лингвистикасының зерттеу объектісі
Пәндер