Гигиена ғылымының даму тарихы


С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Кафедра : Жалпы гигиена және Экология
СӨЖ
Тақырыбы: Гигиена ғылымының даму тарихы.
Орындаған: Жолдасова Еңлік
332 топ; емдеу ісі факультеті
Тексерген: Ибраимова А. А.
Алматы 2009ж.
Жоспар:
- Кіріспе.
- Негізгі Бөлім:
- Гигиенаның Көне Заманда дамуы.
- Капитализм кезіндегі гигиенаның дамуы.
- Ресейдегі гигиена.
- Кеңес Одағы кезіндегі гигиенаның дамуы.
3. Қорытынды.
Гигиена ғылымының даму тарихы.
1. Кіріспе.
Гигиена, көптеген басқа ғылымдар сияқты, ұзақ даму жолынан өтті. Ежелгі адамдардың өзінде гигиенаның алғы шарттарын көруге болады. Мысалы, қоныстарын соғу, тамақтарын дайындау, өлген адамдарды жерлеу рәсімі және т. б. Тарихи деректерге сүйенсек, ежелгі Үндістан, Қытай, Мысыр халықтары гигиеналық нормаларды сақтаған. Олар орталықтанған су құбырларын жүргізіп, дене күтімін жасаған және инфекциялық аурулардың алдын алу шараларын жүргізген.
2. Негізгі бөлім:
- Гигиенаның Көне Заманда дамуы.
Медицина жаңадан дамып келе жатқанда, көптеген дәрігерлер ауруды тек емдеп қана қоймай, с онымен қатар, әртүрлі ауруларды, әсіресе жұқпалы ауруларды алдын алу ерек екендігін түсінген. Кейбір халықтардың діни оқытуларында үйде өзін- өзі ұстау ережелері болған. Оны денсаулығын сақтау жәене діни қағида деп халыққа түсіндірген. Мысал, ежелгі арап жазуларында, егерде үй қабырғаларында қара дақтар пайда болса, бұл үйдегі адамдарды шығарып, үйді өртеу қажет деп жазылған. Бұл дегеніміз- қабырғаларға сыз кезінде шығатын қара зең саңырауқұлақтары болатын. Олар қазір адам денсаулығына өте зор зиян келтіретіндігі дәлелденген. Ал ежелгі Үнді, Қытай елдерінде жеке гигиена мен тамақтану гигиенасына көп көңіл аударған. Бұл аймақтарда күніне қанша рет және қандай тағам пайдалыну керектігі көп айтылған. Және күннің ыстығында денені суық сумен жиі жуу керектігі баяндалған екен.
Антикалық Грецияның гигиеналық білімнің дамуынаәсері өте көп болған. Медицина атасы Гиппократ өзінің “Ауа, су және қоршаған орта” трактатында, судың, топырақтың, ауаның адам ағзасына қандай әсер тигізетінін атап кеткен. Осы Гиппократтың көзқарасы кейінгі жүзжылдықта Греция мен Римде гигиенаның дамуына өте үлкен ықпал етті. Гигиеналық талаптардың адамға әсері туралы Аристотель, Асклепий, Галендер де көп жазған.
Ежелгі Римде су құбырлары мен канализация болғанымен, ол жерде санитарлық жұмыстар мүлдем өткізілмейтін. Сондықтан, эпидемия тарап, халықтың мыңдап қырылулары көп болатын. Бұл да санитарлық көрсеткіштердің төмен дәрежеде болғанын дәлелдейді. Осы себептерге байланысты ежелгі Римде өлім деңгейі жоғары болатын және орта жас деңгейі 25- тен аспайтын.
Орта Азияның ұлы ғалымы Абу Али ибн Сина өзінің “Канон медицинской науки” трактатыеда гигиена сұрақтарына көп көңіл бөлген. Әсіресе, дене тазалығына және тән тазалығына көп ой- толғаулар қалдырған.
Ортағасырлық христиан діні тәндік денсаулыққа көп көңіл аударған. Сол ғасырларда еуропа елдерінде көп әртүрлі эпидемиялар бой көтерген: оба, сүзек, тырысқаұ, шешек және т. б. 14- ші ғасырдың өзінде Еуропа елдерінің ¼ халқы обадан қырылып қалған. Бұл кезеңде медицина әлсіз болып, дұрыс ем жүргізілменген екен.
Қайта өрлеу дәуірінде мамандыққа байланысты пайда болатын ауруларды зерттеу басталды. Итальяндық дәрігер Рамацини кітабында бірінші рет шаң жерде жұмыс істейтін жұмысшыларда өкпе аурулары жиі дамитынын, өсімдік, гүлдермен көп жұмыс істейтін жұмысшыларда аллергиялық аурулар, Квинке ісінулері мен поллиноздар дамитынын дәлелдеген.
- Капитализм кезеңіндегі гигиенаның дамуы.
Феодалды кезеңнен капитализмге өткенде өнеркәсіп пен сауда жақсы дамып, қарқындана басталған кездер еді. Осы сауда- саттықпен қосарлана экономикасы жақсы дамыған елдерге экономикасы төмен елдерден көптеген эпидемиялық жұқпалы аурулар: оба, сүзек, тырысқақ біздің елдерге өте бастады. Бұлардың алдын алу үшін және елдерге өтпес үшін тауарларға әртүрлі санитарлық- гигиеналық шаралар қолданыла бастады. Инфекциялық аурулармен күресу туралы мәліметтер де көбее түсті. 1788 жылы П. Франктің “Полная система медицинской полиции” атты алғаш гигиенаның кітабы шықты.
19-шы ғасырда Маркс пен Энгельстің оқытулары кеңее түсті, сонымен қатар, бұлардың шәкірттері мен ізбасарлары да аса түскен еді. Бұл жұмысшылар арасында гигенаның дамуына зор ықпал етті. 19- шы ғасырдың аяғанда, 20- шы ғасырдың басында физикалық жүктемеге, балалар мен жасөспірімдер, еңбек, тамақтану гигиенасына қызығушылық тудырады.
- Ресейдегі гигиена.
Көне Русь экономикалық дамымаған мемлекеттердің бірі еді. 11- 12 ғасырда Русьте оба, шешек эпидемиялары бой көтерген екен. Бірақ сол кездердің өзінде славяндар карантиндік іс- шаралар жиі өткізіп тұрған: жұқпалы аурудан қайтыс болған науқастың киімін, төсек- орнын жандырып, үйдің ішін аластап, кейде тіпті үйді де өртеп жіберген. Славяндар қалалар мен ауылдардың үйлерін дұрыс соғу керек екендігі туралы гигиеналық мәселелерді өте жақсы біліп дамытқан еді. Орыс жазбаларында тұрғын үйлерді сайға, сазды жерлерге және өзен- көлдердің маңына салмау керектігі туралы деректер жиі кездесіп отырған. Оның адам денсаулығына зиян келтіретіні туралы жазылған екен.
Ежелгі Русьте тағамдардың санитарлық тәртібін дұрыс сақтау және қолдану туралы деректерде көп кездескен. Сонымен қатар, 18 ғасырда Мәскеуде арнайы “нанды пісіру мен сатуын қадағалау”гигиеналық алғы шарттар еңгізілген еді. Киев мектептерінде балаларды дұрыс тамақтандыру олардың өсіп келе жатқан ағзаларына зор ықпал ететіндігін біліп, мектептерде тамақтандыру тәртібін еңгізген екен. “Азбуковник” кітабында балалар гигиенасы туралы көп мәліметтер жазылған еді және бұл оқулық балалар мен жасөспірімдер гигиенасының алғашқы кітабы болатын.
Ресейде гигиеналық мәдениеттің дамуына Петр 1- нің еңбегі зор. Ол алғаш Медицина канцелярия ашып, басшылығына белгілі дәрігерді қойып, халықтың денсаулығын сақтау туралы бұйрық жариялвады. Шіркеулер мен туу үйлерінде туылғандар мен өлгендерді тіркеу журналдарын еңгізіп, халық санағын жүргізе бастады. Петр 1 әскери гигиенаға, медициналық дәрігерлерге, әскер сарбаздарын медициналық қадағалаулардан өткізу туралы санитарлы- гигиеналық жұмыстарды өткізуді бұйырған.
Жеке және жалпы гигиенаның дамуына аиақты М. В. Ломоносовта көп еңбегін сіңірген. Өзінің “Первые основания металлургии или рудных дел” атты кітабында шахталардың табиғи желдетілуі, еңбек және дем алу, аурулардан қалай қорғану қажет екендігі туралы көп ойлар қалдырған. “Рассуждение и сохранение российского народа” кітабында мектеп гигиенасына және әскери гигиенаға көп көңіл бөлген.
Осы М. В. Ломоносовтың еңбектері алғашқы медицина факультетінің профессоры С. Г. Зыбелиннің аурулардың профилактикасы және көптеген медициналық дисциплиналарынан дәріс оқуларына ықпал жасады.
Гигиенаның дамуында негізгі еңбек- профессор М. Я. Мудровтың шығараған кітабтары еді. 1808 жылдан бастап М. Я. Мудров “О гигиене и болезнях обыкновенных в действующих войсках, а также терапии болезней, в лагерях и госпиталях наиболее бывающих” атты сабақты еңгізіп, өзі осы пәеді жүргізіп, дәпістерін оқыған. М. Я. Мудров гигиенаны физиология, химия, физика пәндерімен тығыз байланыстырған.
Осы Мудровтың іс- әрекеттерінен кейін басшылық әскердегі емдеу және санитарлы жұмыстардың әлдеқайда жақсарғанын көрген. Петербургте 1813 жылы Энегльмнің “Карманная книга военной гигиены, или замечания о сохранении здоровья русских солдат” кітабы, кейіннен Клайдовичтің “О сохранение здоровья или краткие правилы гигиены” кітабыжарыққа шыққан. Ал Мудров Саратов пен Петербург қалаларына тырысқақпен күресуге кетер алдында “Наставление простому народу, как предохранить себя от холеры” кітабын жазып қалдырған болатын.
Отандық медицина негізін салушылар Н. И. Пирогов, С. П. Боткин, Г. А. Зарахин, А. А. Остраумовтар гигиенаны медицина саласының негізгі бір тармағы ретінде қараған.
19 ғасырдың екінші жартысында гигиенаны А. П. Доброславин мен Ф. Ф. Эрисман басқарған еді.
А. П. Доброславин Петербургтегі Медико- хирургиялық Академяда ашылған Гигиена кафедрасының бірінші профессоры болған. Сонымен қатар, ол Астраханьға сүзек пен обаға қарсы, ал Киевке бөртпелі сүзекпен күресуге аттанған жандардыфң қатарында болған еді. “Курс военной гигиены”, “Гигиена, курс общественного здравохронения” кітабтары гигиена пәнінен ең алғашқы оригинальді оқулықтар қатары жарық көрді.
Ф. Ф. Эрисман Швецарияда дүниеге келген. Цюрихтегі Медициналық Университетті бітірген соң, 1865 жылы Эрисман Ресейге келіп, офтальмология клиникасында жұмыс атқара бастаған. 1867 жылы ол “О токсических амбилопиях преиммущественно алкогольного и табачного происхождения” тақырыбына диссертациясын жазып, үздік бағаға қорғаған. 1869 жылы өзінің екінші жұмысы “Преступление и наказание с естественно- исторической, социальной точки зрения” шықты. Осы жылы ол Петербургке көшіп, жергілікті ауруханада дәрігер- окулист мамандығын атқара бастайды.
1879 жылдан бастап Мәскеудің маңындағы губернияда эпидемиолог- дәрігер болып жұмыс істей бастайды. 1884 жылы Ф. Ф. Эрисман Мәскеулік Университетінің Гигиена кафедрасына профессор болып жұмысқа орналасады. Өзінің бірінші лекциясында студенттерге жаңагигиена курсын жүргізетені туралы баяндайды. Эрисман кафедрада тағамдарды, суды, топырақты және ауаны өңдейтін санитарлы лабораториялар ашып, бар күшін осы лабораторияға береді.
Гигиенаның дамуына өз үлесін қосқан тағы бір атақты ғалым- Г. В. Хлопин еді. Ол Ф. Ф. Эрисманның шәкірті болатын және согигиенаға деген көз- қарасын ұстанған екен. Г. В. Хлопин коммуникативті гигиенаның дамуының негізін қалаған адам ретінде тарихта мәңгіге қалған жан.
- Кеңес Одағы кезіндегі гигиенаның даму тарихы.
Ұлы Қазан Революциясы гигиенаның дамуына кедергі келтірмеді. 1918 жылы шілде айында Бүкіл ресейлік съезд кеңесі Денсаулық сақтау комиссариатының басшылығына- Н. А. Семашконы қоюды шешті.
1919 жылдың наурыз айында 8 бүкілресейлік съезд өтті, бұл Денсаулық сақтау Министерлігінің ары қарай жұмыс атқаруына көп үлес қосты. Мемлекеттердің көп жерлерінде СЭС орталықтары соғыла бастап, 1939 жылы құрлыс орындары аяқталған еді.
Екінші Ұлы Отан Соғысы кезінде көптеп эпидемияларға қарсы шаралар жүргізілді. Халықтар миграциясына қарамастан, елімізде эпидемиялар болған жоқ. Бұның бірден- бір себебі, пенициллиннің ашылуы мен гигиенаның, жеке бас гигиенасының, әсіресе әскери гигиенаның кең тарауы болатын. Сонымен қатар әскери дәрігерлердің де сіңірген еңбектері зор болған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz