Ұлт және ұлтаралық қатынастар социологиясы


ҰЛТ ЖӘНЕ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР СОЦИОЛОГИЯСЫ
1. Этнос, ұлт және олардың белгілері. Қазақстанның әлеуметтік -этностық ерекшелігі.
2. Ұлттардың өзін-өзі билеу құқығының бұзылуы.
3. Ұлт саясатының жаңа кезеңі.
1. Этносоциология-этнография мен социлогияның түйісуінен пайда болған жаңа ғылыми бағыт. ХХ-ғасырдың 60-жылдарының екінші жартысында Шығыс елдерінде этносоциология ілімінің дербес саласына айналды. Этносоциология термині екі сөзден тұрады:этнос(грекше қоғам жайлы ілім) . Этносоциология -әртүрді этностардың (тайпа, халық, ұлт) пайда болуын, мазмұнын және қызметін зерттейтін социологияның саласы.
Этнос белгілі бір сыртқы түр- келбеттің ортақ белгілері, сондай-ақ біршама қалыпты мәдинет және тіл белгілері, мінез-құлық, қоғам және басқа ұлттар мен нәсілдерге ұқсайтын адамдар тобының тарихи қалыптасқан бірлестігі, одағы. Этностың сипатын, қатынасын көрсетеін және басқа этностардан ажырататын белгілері: тіл, халықтық өнер, әдет-ғұрып, дәстүр, қалыптасқан тәртіп, дағды, яғни ұрпақтан ұрпаққа берілетін мәдениет компоненттері. Бұлар өзіндік ерекшеліктері бар этностық мәдениетті құрады. Этностың белгісі-мәдени құндылық.
Сонымен этностың негізгі белгілеріне тіл, өнер, әдет-ғұрып, мәдениет, т. б. бірлігі жатады. Олар жиынтығында белгілі этникалық мәдениетті құрады. Әдетте этнос территориялық және экономикалық бірлік негізінде құралады. Қазіргі ұлттар-дамыған капитализмнің жемісі. Ал тайпа, халықтық этностар қазіргі ұлттар қалыптасқанға дейін пайда болған.
Қазіргі заманғы ең негізгі этностық топ-ұлттық топтасу. Ұлт дегеніміз территория бірлігі, тіл бірлігі, мәдениет бірлігінен көрінетін психикалық кейіп бірлігі негізінде тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты қауымдастығы. Халықтық этнос құлиеленуші және феодалдық қоғамдарға тән қауымдастық еді. Оның негізгі белгілері территория, тіл және психикалық кейіп бірлігі болды, бірақ корольдік князьдік, хандық-сұлтандық сияқты толып жатқан ұсақ феодалдық қауымдастықтардың арасында тұрақты экономикалық қарым-қатынас, бірлік болмады, сондықтан бытыраңқы шаруашылық негізінде ұлттық қауымдастық қалыптаса алмады.
Тек капитализмнің тууы мен дамуы ғана ұлттың пайда болуына жағдай жасайды. Ұлт-капиталистік дамудың жемісі. Ұлт феодалдық ыдыраудың және капитализмнің қалыптасуы дәуірінде әртүрлі халықтардың бірігуі нәтижесінде пайда болды. Бұл жаңа қатынас терең еңбек бөлісін, кең ауқымды және мықты экономикалық байланысты, т. б. талап етеді. Ұлттың қалыптасуында мемлекет маңызды рөль атқарады.
Қазақстан Еуразияның екі аймғының - Орта Азия мен Сібірдің арасында ораналасқан ірі мемлекеттің бірі. Түркі әлеміндегі қазақ халқының қалыптасуына негіз болған этногенетикалық туыстықтың тамыры көне дәуірден басталады. Қазақ халқын құраған Қазақстан мен Орта Азия шегінде біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген сақ, үйсін, қаңлы, түркі, түргеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ, найман, арғын, керей, қоңырат, жалайыр, дулат т. б. көптеген ру-тайпалар еді. Қазақ халқының тамыры тереңде жатқан тарихи дамуының нәтижесінде ХҮ-ХҮII ғасырларда оның қазіргі ұлттық аймағы қалыптасты. Қандай қиыншылықтар мен шапқыншылықтар болса да, қазақтар өз тілін, туып-өскен жерін сақтап қалды, этностық компенттерді дамыта түсті.
ХҮII ғасырдың басынан бастап( үш жүз жылға жуық уақыттан бері қарай), қазақ халқының тарихы Ресей империясымен байланысты болды. Уақыт талабына қарай, қилы кезеңдерде бұл қарым-қатынас әртүрлі бағаланды.
Октябрь революциясының жеңісінен кейінгі кезеңдегі ұлт мәселесі КСРО-ның құрылуымен тікелей байланысты болды. Қазақстан алғашында автономиялық, ал1936жылдан бастап одақтас Республика болып жарияланды. КСРО-ның Қазақстанның, басқа да республикалардың Конституциялары қабылданды. Алдымен Орынбор, одан Қызылорда, 1929жылдан бастап астана Алматыға көшірілді, қазіргі орталық Астана қаласы. Қазақстанда 1913жылы 5597мың адам, оның 541 мыңы қалада, 5056мыңы селода тұрды.
Бүгінгі Қазақстан 14 облыстан, 166 ауданнан, 84 қаладан, 197 поселкадан, 2130 ауылдық (селолық ) округтен тұрады. 1989жылы өткен халық санағы бойынша, Қазақстанда 16464, 4мың тұрғын, соның ішінде қазақтар-6534616(39, 7%), орыстар-6227, 6(37, 8%), украиндықтар-896, 2 (5, 1%), татарлар-328, 0 (2, 0%), басқа ұлттар -150559мың(4, 4%) адам болған еді. 1998 жылдың басында бұл көрсеткіштер төмендегіше өзгерді:жалпы тұрғындар саны 15641, 9мың адамға, оның ішінде қазақтар-8129, 7мың (51, 82%), орыстар-4905, 0 мың (31, 4%), украиндықтар -684, 3 мың, татарлар-268, 2 мың, немістер-247, 2 мың( 4, 4%), басқа ұлттар-1406, 9 мың( 9%) адам болды.
Қазақ халқы 1989 жылы өткен халық санағымен салыстырғанда 1997 жылы 1595084 адамға өсті. Мұның өзі табиғи өсіммен қатар елімізден тысқары жүрген қандастардың көшіп келуі нәтижесі екендігін де айтып өтуі керек. Елімізде қазір қазақтар халықтың жалпы санының 51, 8 % құрап отыр.
2. Кеңес Одағы кезінде ұлт мәселесі шешілді, енді ұлттардың гүлденуі мен өзара жақындасу тенденциясы басталды деп уағыздалып келді. Алайда халықтардың теңдігі мен еркіндігі заң жүзінде жарияланғанымен, шын мәнісінде Ресей империясының билігінде қалды.
Әртүрлі кезеңдерде, әсіресе коллективтендіру, индустрияландыру, екінші дүниежүзілік соғыс, тың жерлерді игеру жылдарында Қазақстанға басқа ұлттардың өкілдері күштеп әкелінді. Мысалы, 1937жылы Қиыр Шығыстан 96 мың кәрістер отбасы көшіріліп әкелінді. 1940-1941 жылдары батыс шекардан 105 мың поляктар осында жер аударылды. Соғыс басталысымен Еділ бойында ғасырдан астам уақыттан бері қоныс теуіп отырған 1 миллионнан аса немістер шығысқа көшірілді. Олардың 400 мыңы Қазақстанға келді. 1943 жылы 2 мыңнан астам адам қалмақ, 30мың қарашай, 1944жылы 18мыңнан астам қырым татарлары мен балкарлар көшіріп әкелінді. Осы жылы 310мың шешен, 79мың ингуш кемпір-шалдарымен, шиеттей балаларымен қақаған қыс кезінде жүк таситын вагондарға тиеліп, (олардың мыңдағаны жолда үсіп өлді), Қазақстанға жер аударылды.
Оларға қоса гректер, курдтар, грузин-месхиттер, түріктер мың-мыңдап айдап әкелінді. Тіпті 1948-1956 жылдары бұрынғы “басмашылар” мен “власовшылар” да Қазақстанға жіберілді. Сонымен бас-аяғы бес-он жылда осылай болды. Республикамыздың зорлықпен көшіріліп әкелінген халық саны 974мыңға жетті. Оның үстіне соғыс кезінде жау қолында қалған жерлерден 1, 5мың адам жан сақтауға көшіп келді. Сөйтіп, соғыс кезінде басқа жақтардан 2, 5мың халық қазақ жеріне келіп қоныстанды. Осының бәріне ақкөңіл, қонақжай қазақ халқы көнді, шыдады. Басқа халықтардың бәрімен түсінісіп, тіл тауып, араласып кетті.
Басқа жақтардан адамдардың ағылып келуі соғыс біткен соң да толастамады. Өнеркәсіп ошақтарын саламыз деген желеумен мыңдаған жұмысшы -құрылысшылар келіп жатты. Сырт халықтың қазақ жеріне ең көп қаптап келгені -елуінші - алпысыншы жылдарда тың жерлерді игеру кезі болды. 1953-1965жылдары Қазақстанға 2млн. адам сырттан келіп қоныс тепті, жұмыс тапты. Олардың көбі негізінен орыстар мен украиндықтар еді.
Қазақстанда ұлт саясатының қалай “шешілгендігін” дәлейдейтін фактыларға тоқтала кетейік. Нәтижесінде, 1916-1945жылдар ішінде қазақтардың саны 3 миллион 150 мыңға кеміді. 1916жылы ұлт-азаттық көтеріліс, ақпан және қазан төңкерісі, азамат соғысы жылдарында шаруашылықтың күйзеліске, ашаршылыққа душар болуынан 950мың қазақ немесе елде тұратындардың 18-19проценті басқа елдерге қоныс аударды. Жасанды ұйымдастырылған ашықтықтың нәтижесінде голощекиндік зұлматтан Қазақстанда 2милллион 300 мың қазақ өлді. Аштықтан және зұлматтан аман қалу үшін 900 мың қазақ 18 процент шет аймаққа- шекаралас Ресейге, Орта Азияға, сондай-ақ Қытай, Монғолия, Ауғанстаннанға және Иранға қаша көшті. Өлгендерін және шет жерге көшкендерін қоса есептесек, қазіргі Қазақстан Республикасындағы жергілікті халық өзінің 70 процентіне жуығынан айрылған.
Бірінен соң бірі қайталанған үш демографиялық апаттың кезіндегі адам шығыны, нәтижесінде Қазақстан біржолата көшіп кеткендерін қоса санағанда, 4-5 млн. адам болды-республиакмыздың кең даласының көп жері қаңырап бос қалды.
Сталиннің тұсындағы жаппай жазалаулар жылдарындағы оспадарлықтар халықтың тоналуына, ашығуына, олардың бас бостандығынан айырылуына әкеліп соқты.
30-жылдарда елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады деп жарияланды. Фабрикалар мен зауыттар, колхоздар мен совхоздар, жер мемлекеттік меншікке айналды. Елде 1936 жылы КСРО-да сталиндік Конституциясы жарияланғаннан кейін бюрократиялық орталықтандыру принципі орнықты. Республикалар іс жүзінде толық егемендік алған жоқ. Республикалардың өзінше заң шығару инициативасы болмады, бұған одақтық халық комиссариаттары орталығының өктемдігі себепші болды. Сталинизм тоталитарлық казармалық сипат алды.
Сталиннің социализм жолымен ілгеріленген сайын тап күресі шиеленісе түседі деген “теориясы” жазалау органдары қызметінің кеңейіп, мемлекеттік өкімет органы ретінде Кеңестер қызметінің шектелуіне негіз болды. Жеке адам құқығы барған сайын аяққа басыла берді. Балама пікір айтқан адам халық жауы қатарына жатқызылды.
Орталық ішкі істер халық комиссариаты құрамында жазалау шараларын қолдану( жер аудару, еңбекпен түзеу лагерлеріне қамау, КСРО-дан тыс жерлерге қуу) үшін ерекше кеңес құрылды.
Жазалау тасқыны Қазақстанды да жайлап кетті. Соның салдарынан ең алдымен азамат соғысының аяғына қарай Кеңес өкіметі тұғырнамасына көшіп, кейінгі жылдарда оған шамасы келгенше қызмет ете бастаған қазақ шығармашылық зиялылыры зардапшекті . Ж. Аймауытов, Э. Ермеков, Ж. Досмұханбетов, Ә. Бөкейханов жазаға ұшырады.
1937-1938 жылдарда террор жапай сипат алды. Бұл жылдарда Кеңес өкіметін орнату мен нығайтуға қатысқандардың көбі:А. Асылбеков, Ә. Әйтиев, С. Арыншиев, С. Мендешев, Б. Алманов, Н. Төреқұлов, Т. Рысқұлов, Ж. Сәдуақасов, Н. Сырғабеков, С. Шәріпов, М. Жәнібеков халық жаулары деп жарияланды. Қазақстан партия ұйымының көрнекті қайраткерлері :О. Исаев, О. Жандосов, А. Досов, Т. Жүргенов, Ұ. Құлымбетов, С. Сегізбаев, М. Тәттімбетов және басқа да көптеген адамдар сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты.
Қазақ әдебиетінің негізін салушылар -С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, М. Жұмабаев, М. Дулатов жазаға ұшырап, өлтірілді. Атақты ғалымдар А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Д. Аспандияров, М. Төлепов және басқалар жазалау шараларының құрбаны болды.
Баламалы ой-пікірін айтқандар бұдан былайғы жылдарда да тоқтамады. Ол саясаттын құрбаны болған азаматтың бірі тарихшы ғалым Б. Бекмаханов еді. Ол 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылып, Гулагтың алыстағы лагерінің біріне айналды. 50 жылдардың басында осындай әділетсіз саяси айыптаулардың құрбаны болғандар қатарына республиканың белгілі қоғамтанушы ғалымдары А. Жұбанов, Қ. Жұмағалиев, Б. Сүлейменов, Е. Ысмайлов, С. Кеңесбаев т. б. қосылды.
Қазақстан табиғи байлығы мол ірі индустриялы ел бола тұра, оның экономикасы біржақты дамытылды:Кеңес Одағының шикізат базасына айналды, өндірілген өнімнің 93 процентін орталық билеп төседі. Орталық алуды білді, тасып әкетуді білді, бірақ жергілікті халықтың мұң-мұқтажын ескермеді. Республикалық бақылау органдарын есепке алмағанда, жергілікті жердегі басқарышы кадрлар да орталықтан жіберіліп отырды.
Ұлт саясатындағы өзекті проблема - тіл мәселесі. Шындығына келгенде республикада орыстандыру саясаты жүргізілді. Орыс тіліндегі бала - бақшалар, мектептер көбейе түсті. Орыс тілін нашар білетін жоғары білімді азаматтар басқару қызметіне жоғарылатылмады, себебі орыс тілі мемлекеттік тіл болды. Рас, қазақ тілі республикалық мемлекеттік тіл деп Конституцияда жарияланғанымен, бірақ төменнен жоғарыға дейінгі ұйымдарда іс қағаздары орыс тілінде жүргізілді. Жоғары оқу орындарында негізінен орыс бөлімдері ашылды, тіпті қайсыбір қазақ бөлімдерінде көптеген пәндер орыс тілінде өткізілді. Қазақ мектебін бітірген жастар қабылдау емтиханы кезінде орыс тілінде шығарма немесе мазмұндама жазатын болды. Сонын кесірінен олардың бірсыпырасы оқуға түсе алмады. Ғылыми еңбектер негізінен орыс тілінде дайындалды, диссертациялар да осы тілде қорғалды.
1980жылдан бастап орыс мектептерінде әрбір сыныптағы оқушылар орыс тілін екі топқа бөлініп оқыды, ал қазақ тілін қазақ мектебінде олай оқымады. Қазақша машинкалар бірен-саран болды. Кез келген жиналыс орыс тілінде өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен басқа пәндер бойынша қазақ тілінде оқулықтар шығаруға тиым салынды- тек Москвадан шыққан оқулықтарды аударып пайдалану қажеттігі атап көрсетілді.
Осылардың нәтижесінде қазақ тілінің мәртебесі өте төмен түсіп кетті. Қазақтар өзара орыс тілінде сөйлеуді қолайлы деп ұқты. Халықтың 40 проценттейі ана тілінен айрылып қалды.
Ұлтаралық қарым- қатынастың қайсібір жағымды жақтарын да атап айтқан жөн. Кеңес өкіметі тұсында Қазақстан көп ұлтты мемлекетке айналды. Республикадк 130 ұлт пен ұлыстардың өкілдері тұрды, қазірде солай. Ұлтына, нәсіліне, діни сеніміне қарамай, қазақтар мен басқа ұлт өкілдері Қазақстан халқын құрап отыр. Ол дүниежүзілік қоғамдастықтың ажырамас бір бөлігі бола отырып, қазақ мемлекетінің бұлжымастығының негізіне айналды.
Қандай бір қиыншылықтар мен қайшылықтар болмасын, Қазақстанды мекендеген халықтар өзара достықта өмір сүрді. Бір-бірімен қарым- қатынастары тығыз болды, өзара достық қалыптасты. Қазақ халқы республикаға келген басқа халықтарға кең пейілдік білдіріп, көмек көрсетті. Қазіргі азаматтық татулықтың негізі қаланды.
Ұлт саясатының жақсы нәтижесін берген бір саласы- халыққа білім беру саласы. Халықтың білімділігі жағынан біз бірқатар дамыған елдерден кем емеспіз. Сауатсыздық деген атымен жойылды. Жаппай жалпыға бірдей білім беруге көшкенбіз. Әрбір үш жарым адамның бірінің жоғары және орта арнаулы білімі болды. Жоғары потенциалды ғылымның берік негізі қаланды.
Халыққа қызмет ету салаларының да жетістігі аз болған жоқ. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің саны, олардың тәжірибеге қосқан үлесі жөнінен де, ол саланың материалдық базасын нығайтуда да үлкен жетістіктің негізі қаланды. Олардың қазіргі қиыншылықтарға төтеп беруінің негізі міне осында жатыр.
Ұлт саясатының нәтижесінде творчестволық интеллигенция қалыптасты. Жүздеген, мыңдаған ғалымдар, жазушылар, ақындар, дәрігерлер, инженерлер-біздің мақтанышымыз.
Қазақстандағы экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асырушы басты тұлға-адам. Біз құрып жатқан жаңа қоғамның ең жоғарғы құндылығы да - адам, бүкіл өзгерістің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін соның қолымен жасалып жатыр. Адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілділігі заң жүзінде қамтамасыз етілген. Ұлтаралық келісім, барлық ұлттар мен ұлыстардың теңдігі идеяларын негіздеу күрделі мәселенін бірі болып отыр.
Күйреген Кеңес Одағының Конституциясында да, социализм тұсында да, адам мен ең жоғары құндылықтың санатына жатқызылған. Бірақ олардың бәрі іске аспады, қағазда ғана жазылды, олар туралы жоғарыда айтылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz