1929 – 1933 жж дүниежүзілік экономикалық дағдарыс туралы ақпарат


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

1929 - 1933 ЖЖ. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ДАҒДАРЫС

Дайындаған: Махаева Д.

Тексерген: Мухамеджанов Е. Е.

Алматы 2008 ж.

Жоспар

1. 1929- 1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері

2. Кейнсшілдік

3. Дағдарыстан шығу жолдары

4. Тоталитарлық режимдердің ерекшеліктері

5. Либералдық - демократиялық режимдер

6. Авторитарлық саяси режимдер

7. Коминтерннің тактикасы

8. Халық майданы

1929 - 1933 жж. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері.

Дағдарыс 1929 ж. Қазандағы Нью - Йорк фондылық биржасында миллиондаған акциялардың бағасының миллиардтаған долларға кеміп кетуіне байланысты үрейден басталды. Бұл бағалы қағаздар рыногігің апатқа ұшырауы еді. Акциялармен биржалық алып - сатушылық және олардың курсын 1928 - 1929 жж. Экономикалық серпіліс кеіндегідей жасанды түрде асыру осындай салдарға алып келетіні күмәнсіз еді. Бірақ биржа апаты терең экономикалық дағдарыстың тек сыртқы көрінісі ғана болды.

Экономикалық циклдің міндетті кезеңі болып табылатын экономикелық дағдарыстардың ең басты себептерінің бірі - өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе - теңдіктің бұзылуы болып табылады: шығарылған тауарлар рыногіндегі ұсыныс оларға деген төлем қабілеті - сұраныстан асып кетеді. Тауарлар жатып қалмасын деп өндірушілер әдетте дағдарыс кездерінде бағаны кемітеді, өндірісті азайтады, жұмысшыларды қысқартады, капитал салымын кемітеді. Өндірісті рыногтің тарылғын көлеміне дейін теңестіру циклдік дағдарыстан автоматты түрде шығудың алғашқы адымы болып табылады. Бұл бұрын болған экономикалық дағдарыстарға тән көрініс болатын. Бірақ 1929 - 1933 жж. экономикалық дағдарыс ерекше болды.

Дағдарыстан шығудың автоматтық механизмінің «істемей қалуы» көп жағдайда капиталистік шаруашылықтың құрылымының өзгерістерімен байланысты болды. Капитал мен өндірістің аса ірі бірлестіктерде шоғырлануы ірі бірлестіктерге олардың өндіріске монополиялықтарына байланысты бағаны төмендетпей, бір мезгілде өндірісті қысқатуға мүмкіндік берді. Дағдарыстың аса ұзаққа созылуы дағдарыстан автоматты түрде шығудың дәстүрлі рыноктің механизмнің бұл жағдайда істемейтіндігін, сол себепті мемлекеттік реттеу механизмінен толықтырылуы тиіс екендігін көрсетті. Халықаралық тауар алмасу процестеріне кедергі келтірген қолдаушылық саясаты да дағдарыстан шығуды қиындатты.

XX ғ бірінші үштігінде жасалған жаңа техника мен технологияның жаппай өндірісті қамтамасыз етуге мүмкіншіліктері бар болатын. АҚШ - та жаңа дәуірдің белгісі автомобиль шығару болды. Жаппай өндірісті бастау үшін жаппай сатып алушы, жаппай тұиынушы қажет. 1929 - 1933 жж. дағдарыста дәл осы өндіріс пен тұтынудың, ұсыныс пен сұранымның арасындағы сәйкессіздік көрініс тапты.

Ақырында, дағдарыс бұрын болып көрмеген мөлшерде тұрақты жаппай жұмыссыздық туғызды, миллиондаған адамдар үшін аштық, бүліктер мен көтерілістер қауіп төндірді, яғни әлеуметтік мәселелер шиеленісе түсті.

Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың аса маңызды ерекшелігі циклдік дағдарыстың ұзақ мерзімдік құрылымдық дағдарыспен тура келуінде болды. 30 жж. циклдік экономикалық дағдарыс әдетте әрбір 101 - 15 жылда бір рет келетін құрылымдық дағдарысқа тура келді. Орыс ғалымы Н. Д. Кондратьев 20 жж. өзінде - ақ экономикалық дамудағы «үлкен циклдкр» немесе «» теориясын тұжырымдаған болатын. XX ғ аса ірі экономикалық және саяси сілкіністері экономикадағы «ұзын толқындар» теориясының дұрыстығын дәлелдеп берді.

Экономикада «ұзын толқындар» деп ұзақтығы шамамен алғанда 48 - 55 жылға созылатын экономикалық белсенділіктің оқтын - оқтын ауытқып тұруын айтады. Мұндай жартығасырлық аралық келетін кезеңдерде индустриялық қоғамның техникалық және техноогиялық негізі жаңарып, бұл құбылыс капиталистік өркениеттің басты - басты экономикалық аймақтарының шаруашылықтарының барлық салаларын қамтиды. Мұндай циклдер XYIII ғ 80 ж мен 90 - шы жылдары басынан басталған болатын. Сол кезден бастап батыс елдері төрт «ұзын толқындарды» бастарынан өткізді, олардың әрқайсысының бірінші жартысында конъюнктураны арттыратын кезеңі болса, соңынан төмендетін кезеңі болады. Арттыратын және төмендететің кезеңдердің түйіскен жерінің үлесіне әлеуметтік сілкіністердің көп бөлігі ( соғыстар, революциялар, аса ірі саяси - әлеуметтік қақтығыстар) келеді. Бұл үлкен циклдердің шеңберлері шамамен мына төмендегідей: 1780ж соңы - 1840ж; 1840 - 1890; 1890 - 1940; 1940 - 1982 - 19, 85; сөйтіп, XX ғ екі толық «ұзын толқындар» орын алды, немесе кезең XXI ғ аяқталмақшы.

1914 - 1945 жж. аралық кезең конкъюнктураның төмендеу кезеңін қамтиды. Бұл уақыт ішінде екі дүниежүзілік соғыс, 30 жж дүниежүзілік экономикалық дағдарыс, Ресей мен кейбір еуропалық елдердегі революциялар, Еуропадағы тоталитарлық және автолитарлық режимдердің орнауы секілді оқиғалар орын алды. Бұл кезеңді дүниежүзі тарихында ең ірі омырылу, либералдық демократияның терең дағдарысы және еуропалық өркениеттің өзін - өзі жойып жіберу қаупі деп қарастырған жөн. Соғысаралық онжылдықтар мен екі дүниежүзілік соғыстың күйзелістерінен шығу жолдарының қиындығы мен қарама - қайшылығы, міне, осында болды.

Кейнсшілдік. Экономистер дағдарыстан байқау және қателіктер әдісі арқылы да, теория көмегімен де шығу жолдарын іздестірді. әр түрлі көзқарастар тоқырасты ( әлеуметтік рыноктік шаруашылықтың либералдық теорияларынан шаруашылықты және социалистік теорияларына дейін) . Бұл ізденістерде ең үлкен табыс ағылшын экономисі Дж. М. Кейнстің үлесіне тиді. Ол өзінің теориясының негізін «жұмыспен қамту, пайыз және ақша теориясы» (1936) кітабында баяндады.

Кейнссшілдік ең алдымен үкіметтер мен кәсіпкерлердің экономикалық стратегиясын өзгертуді көздеді. Кейнс жағдайды дұрыс бағалады: жаңа өндірушілік мүмкіншіліктер жаппай өндіріс өнімдерін тұтынуда қоғамның мүмкіншіліктерінің шектелгенігіне тап болды. Мұндай жаппай өндіріс үйлесімді және тұрақты даму үшін оған жаппай тұтыну мүмкіншілігі сай келуі керек. Халықтың қайыршылығы және еңбек ақыны төмендету жолымен «тер сығып алу» жағдайында, яғни сатып алушылық қабілетін төмендету жолмен тауарлардың салыстырмалы артықтығы тұйығынан шығу мүмкін емес еді. Бұл тұйықтан шығудың бір - ақ жолы болды, ол еңбек ақыны арттыру жолымен ( Кейнсше «тиімді сұраныс») еңбекшілердің сатыпалушылық қабілетін арттыру немесе қорлардың артығын қоғамдық тұтынуға, қоғамдық жұмыстар шығыны аясын, қызметтерге, ағарту ісіне ( мемлекеттік шығындар арқылы) аудару жолы еді. Екінші нұсқа милитарландыру болды. Кейнс тұтыну көлемін, жалпы сұранысты мемлекеттік шығындарды ұлғайту жолымен де жүргізу қажет деп санады. бұл өндірістің құлдырауына және тауарлардың жатып қалуына бөгет болып, бір мезгілде қаржыларды аса жоқшылық көріп отырғандардың пайдасына қайта бөлуге, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берер еді. Осы жолмен жұмыссыздықты азайту, тіпті толық жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін де шешуге мүмкін еді.

Кейнс экономиканы дағдарысқа қарсы реттеу жөнінде бірнеше нақтылы шаралар ұсынды. Ол мемлекеттік шығындарыазайту немесе арттыру, экономикалық конъюнктураға байланысты салықтар мен бану пайыздарын кеміту немесе көбейту арқылы экономиканы жалпы мемлекеттік реттеу механизмін жасады. Жағдарыс жағдайында «сұранысты қампиту», яғни өндірісті ынталандыру мақсатында мемлекеттік шығындарды арттыру, салық пен банк пайызын азайту, ал экономиканың «қызып кеткен» және инфляция жағдайында шығындарды азайту, салықтарды және банк пайызын көбейту ұсынылды. Мемлекеттік реттеудің бұл шаралары «тоқта - жүре бер» ұстанымы деген ат алды.

Дағдарыстан шығу жолдары. Тоталитаризм немесе демократия ? Мемелекет пен мемлекеттік реттеудің рөлі туралы мәселе экономикалық дағдарыс пен әлеуметтік күйзелістерден шығу жолдарына байланысты мәселелер шумағымен қоса өрілген болатын.

Сайып келгенде, барлық пікірталастардың ұшы ең басты мәселеге - мемлекет пен азаматтық қоғамның, мемлекеттік және жеке меншіктердің, мемлекеттік реттеу мен рыноктің рөліне келіп тіреледі. Тіпті дарашылдық пен дәстүрлі либерализм идеяларының тамырлары тереңге кеткен американ қоғамының өзінде де мемлекеттік реттеу мәселелері буржуазияшыл саясаткерлер мен экономистердің, кәсіпкерлердің назарын өзіне аудара бастады. Ал Еуропада өткен ғасырдың соңында - ақ марксистік емес саяси экономия мемлекеттік реттеу мен экономикаға араласудың маңызды рөл атқаратындығын дәлелдеген болатын.

Бұл мәселе сол кездің басты идеялық - саяси қайшылығы - мемлекет пен тұлға, мемлекет пен азқаматтық қоғам арсындағы қатынастар турасында принциптік түрде қарама - қарсы түсініктерді ұстанған тоталитаризм мен либералдық демократия арасындағы келіспеушілікке байланысты болды. Бұл өмірлік маңызы бар мәселелерден алыс жай ғана теориялық пікірталас емес еді. Бұл XX ғ саяси тарихының арқауын құрайтын тотаритализм мен демократия арасындағы күрестің мазмұны болды.

Тоталитарлық режимдердің ееркшеліктері. Екі дүниежүзілік соғыс арасында Еуропада саяси режимдердің негізгі екі түрі өмір сүрді: қоғамдық дамудың авторитарлық - тоталитарлық үлгісі мен либералдық - демократиялық үлгісі.

Тоталитарлық үлгінің толық логикалық шыңына жеткен көрінісі алдымен Италияда, кейінірек Германияда ( нацизм түрінде) және Испания мен Португалияда орнатылған фашистік режимдер болды.

Тоталитарлық режимдер белгілі бір мақсаттарды: күрделі саяси және экономикалық дағдарыстардан шығу, милитарландыр және соғысқа дайындалу, индустрияландыруды тездету, алдын - ала ойластырған идеологиялық құрылымға сәйкес қоғам мен одақтарды өзгерту үшін құрылды. «Тоталтарлық» ұғымы 20 - 30 жж. КСРО - да қалыптасқан әкімгершілдік - әміршілдік жүйе мен сталиндік диктатураға да тура келеді.

Тоталитарлық жүйелердегі азаматтық қоғамды мемлекеттің басып - жаншып, аяқ асты ету құбылысы тән. Б. Муссолини өзінің «Фашизм туралы ілім» деген кітабында былай деп жазды: «Фашизм үшін ең жоғары нәрсе мемлекет. Оның алдында жеке адамдар мен моптар түкте емес. Бұл салада жеке адамдар емес, тек мемлекеттің ғана пікірі шешуші рөлатқарады». Тоталитаризм - либерализмнің, демократияның, пікір әралуандығының, ой мен ұйым бостандығының қас жауы.

Тоталитаризм мемлекеттік реттеудің қоғамдық өмір мен жеке адамдардың іс - әрекеттерінің барлық салаларын қамтығанын жақтайды. Азаматтық қоғамды тоталитарлық мемлекеттің жұтып қоюының экономикалық негізі - ол рыноктық қатынастарды мемлекеттік - бюрократтық реттеу, жоспарлау және бөлумен алмастыру болып табылады. Бұл жағдайда жеке меншік ауқымының тарылатындығы сонша, тұлғаның бостандығы мен еркіндігінің экономикалық негізі жоғалады.

Саяси салада тоталитаризм либералдық - демократиялық режим мен оның институттарының жойылуын, мемлекеттік - партиялық диктатураның орнатылғандығын білдіреді.

Идеология саласында фашизм мен нацизм ұлтшылдық, шовинистік және социалистік идеялардың эклектикалық қосындысы ретінде демократияға, либерализмге, марсизмге қарсы бағыт ұстады. Бұл теріске шығару бір мезгілде зорлау мен қорқыту арқылы іске асырылып жатқан « жаңа тәртіптің» қиялдағы тұжырымы негізінде қөоғамды қайта құрудың утопиялық доктринасына сену идеологиясы еді.

Экономика саласында фашиз мен нацизм экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін құрып, оны милитарландыру мен алдағы соғысқа дайындалуға бағытталды. Фашизм тұсында тап күресін, еңбек пен капиталдың дәстүрлі қарама - қарсы тұруларын мелекеттік - партиялық аппарат аяусыз басып жаныштады. Кәсіподақтар қуып таратылды.

Басқа оңшыл радикалдық күштерден айырмасы фашизм өзіне көпшілік негіз таба білді. Қоғамның кейбір топтарына фашистік идеялар, нәсілшілдік теория, антисемитизм ұнады, олар материалдық пайда тапты, кейбіреулер фашистік қылмыстарға қатысып, қолдарын қанға бояды. Сонымен бірге фашистік режимдер белсенді әлеуметтік саясат жүргізді. Олар экономикалық дағдарыстарға тосқауыл қоя алды.

Либералдық - демократиялық режимдер. 30 жж. дағдарыс аппаттарынан демократиялық институттарды сақтай отырып шығудың жемократиялық жолы ежелден келе жатқан берік демократиялық дәстүрлері бар, саяси мәдениеті мен қоғамдық қозғалыстары жоғары дамыған елдерге тән болды. Мұндай елдердің қатарына Улыбритания, Франция, Скандинавия елдері, АҚШ, Канада, Мексика т. б. еледер жатты. Мемлекеттік реттеу құралдарын пайдаланып және еуропалық демократия мен дәстүрлі либерализмнің идеялық негіздерін сақтай отырып, бұл елдер әлеуметтік қызметтерін кеңейтті. Бұл ұстанымдар деп отырғанымыз экономикалық доктриналар мен экономикалық өмірге араласпау саясаты емес, заңды жалпыға бірдей және тең қолдануды, мемлекетпен салыстырғанда артықшылықпен пайдаланатын адамдардың негізгі және ажыратылмас құқықтарын, биліктердің бөліну принциптерін, сайлаушылық пен парламентаризмді танитын қоғамдық және саяси идеялар болып табылады. Мемлекет пен азаматтық қоғам, мемлекет пен жеке тұлға арақатынастарына байланысты тотарлитаризм мен демократияның арасындағы принципиалдық айырмашылықтар омында еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық дағдарыс және сипаттамалары
1929—1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс
1929-1933 жж Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жайлы ақпарат
Германия үкіметінің сыртқы саясаты
Соғыс қарсаңындағы әлемдік халықаралық дағдарыстың салдары
Дағдарыс қарсаңындағы бейбіт келісімдер желісі
Рузвельттің «жаңа бағыт» саясаты
ЕУРОПА ЖӘНЕ АМЕРИКА ЕЛДЕРIНIҢ ҚАЗIРГI ЗАМАН ТАРИХЫ (1918 - 1945 жж. )
Англияның әлемдiк экономикалық дағдарыс кезiндегi сыртқы саясаты
ИТАЛИЯ МЕН ГЕРМАНИЯДАҒЫ ФАШИЗМ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz