Жекешелендіруді ұйымдастыру және оның жолдары



I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.
a) Жекешелендіруді ұйымдастыру және оның жолдары.
б) Акционерлік қоғамның мәні және мазмұны.
в) Ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы.

III. Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер
Бұрынғы КСРО-да 1985 жылы басталған қайта құру, әкімшілдік – әміршілдік жүйеден рыноктық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінің бастамасы болды. Осы кезең ішінде радикалды саяси және экономикалық реформалар жасалды, жаңа дүниетаным қалыптаса бастады. Экономика саласында негізгі мәселе меншікті мемлекет иелігінен алып жекешелендіру жұмыстары қолға алынды. Соның нәтижесінде, мемлекеттік кәсіпорындармен қатар, кооперативтік , жалгерлік, акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер, жекелеген кәсіпкерлер пайда бола бастады. Алайда өтпелі кезең көптеген күтпеген қиындықтарға әкеп тіреді. Соңғы 10 жыл ішінде дағдарыс одан әрі тереңдей түсуде. Дағдарыс экономика мен басқару, қоғамның саяси өміріне, ұлтаралық қатынастарға, мәдениет пен қоғамдық мораль, өмірдің барлық салалары мен жақтарына ықпал етіп отыр. Мұның бәрі еліміздің қиын кезеңді бастан кешіп жатқандығының көрінісі.[2.307]
1. Шеденов Ө.Қ «Жалпы экономикалық теория»
2. «Экономикалық теория негіздері» Алматы 1998 ж
3. Аубакиров Я. А «Экономикалық ілімдер тарихы» Алматы 1997ж
4. Крымова В «Экономикалық теория» Алматы 2003ж
5. Осиполва Г.М «Экономикалық теория негіздері» Алматы 2002 ж

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.

a) Жекешелендіруді ұйымдастыру және оның жолдары.

б) Акционерлік қоғамның мәні және мазмұны.

в) Ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы.

III. Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер.

Жекешелендіруді ұйымдастыру және оның жолдары

Бұрынғы КСРО-да 1985 жылы басталған қайта құру, әкімшілдік –
әміршілдік жүйеден рыноктық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінің
бастамасы болды. Осы кезең ішінде радикалды саяси және экономикалық
реформалар жасалды, жаңа дүниетаным қалыптаса бастады. Экономика
саласында негізгі мәселе меншікті мемлекет иелігінен алып
жекешелендіру жұмыстары қолға алынды. Соның нәтижесінде, мемлекеттік
кәсіпорындармен қатар, кооперативтік , жалгерлік, акционерлік қоғамдар
мен серіктестіктер, жекелеген кәсіпкерлер пайда бола бастады. Алайда
өтпелі кезең көптеген күтпеген қиындықтарға әкеп тіреді. Соңғы 10 жыл
ішінде дағдарыс одан әрі тереңдей түсуде. Дағдарыс экономика мен
басқару, қоғамның саяси өміріне, ұлтаралық қатынастарға, мәдениет пен
қоғамдық мораль, өмірдің барлық салалары мен жақтарына ықпал етіп
отыр. Мұның бәрі еліміздің қиын кезеңді бастан кешіп жатқандығының
көрінісі.[2.307]

Жекешелендіру – нарықтық қатынасқа өтудің түбірлі мәселесі. Ол
жеке меншік секторы мен акционерлік қоғамдардың және бірлескен
кәсіпорындардың алдыңғы позицияларды алуын көрсететін қозғалысты
анықтайды. Оның жүргізулі нарықтық қатынастың пәрменділігіне
байланысты болады. Жекешелендіру – меншіктің барлық түріне –
мемлекеттік, ұжымдық және жеке меншіктің теңдігі мен құқығына
қалыпты жағдай жасайды. Адамдарға меншікті қайтарумен байланысты
өндірушілерден бәсекелесуге жарамды өнім түрлерін өндіруге деген
ынтасының арта түсетініне сенім білдіруге болады.[2.310]

Жекешелендіруді кейде дүниежүзілік жаулап алып бара жатқан
бейбіт революция деп те бейнелеп атайды. Шынында да бұл процеске
даму дәрежесі әр түрлі деңгейдегі 50–ден астам мемлекет қатысады.
Бұл елдердегі мемлекеттік кәсіпорындар жекешелендіріп, ауыл
шаруашылығы ұйымдары мен өндіріс орындары тікелей мемлекет иелігінен
алынып, жалға берілуде. Бұл процестің ауқымы мен қарқыны, әсіресе
1991 жылдан бастап күшейді және қазір ол, нарыққа көшкен дамудың
әр қилы деңгейндегі мемлекеттерде жүріп жатыр. Жекешелендіру ТМД
елдерінде әр түрлі деңгейде жүргізіліп келеді, бұл бағытта шет
елдік тәжірибелер де ескерілуде, қателіктерге де жол берілуде, бірақ
уақыт басқа таңдаудың жоқтығын көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда
мемлекеттік кәсіпорындар пайданы қорландырумен үнемді, тиімді жұмыс
істей алмай, ұлттық байлықты ысырап етіп келеді деген көзқарас
қалыптасты. Осыдан келіп жеке меншік сектордың рөлін нығайту
қажеттігі туралы қорытынды шығарылды. Мемлекет алып өндіріс
орындарының сақталып қалуы монополияға жол беріп, кәсіпкерліктен
дамуына белгілі бір дәрежеде тежеу жасауы да сөзсіз. [2.311]

Жеке жобалау арқылы жекешелендіру – экономика түрін анықтайтын
және Қазақстанның ішкі рыногындағы монополия жайғасымын қорғайтын
ірі кәсіпорындарын жекешелендірудің ерекше тетігін қамтиды. Ол халық
шаруашылығының шешуші салалары базалық кәсіпорындарының оңтайлы
ұйымдық құрылымдарын жасау , оларды басқарудың жекеше және
мемлекеттің қатысуының арқасынан анықтау , жобаны әзірлеу сатысынан
бастап Отандық және шет ел инвесторларын қатыстыруға мүмкіндік
береді.

Жалпы жекешелендіру – мемлекеттің бекіткен тізіміне сәйкес
өндіріс орындарын алдын ала акционерлеуді қарастыру . Осымен қатарлас
шектік кітапшалар, жекешелендіру – инвестициялық купондар шығарылады,
олар Республиканың барлық азаматтарына беріледі. Жалпы жекешелендіру
Республика халқының кең ауқымды топтары үшін мүлік құқықтарын іске
асыру мүмкіндігін туғызады, құнды қағаздармен жұмыс істеу тәжірибесі
де қолға алына бастады. Акционерлеу және жалпы жекешелендіру
негізінен жеңіл, тамақ және құрылыс материалдары өнеркәсіптерінде
жүргізілді. Жалпы жекешелендірудің бірінші кезеңі 1995 жылдың
қыркүйек айының аяғында аяқталды.

Шағын жекешелендіру – меншіктелушілердің кең көлемдегі
топтарының пайда болуының негізін қалыптастырып, тұтыну рыногындағы
тауарлар және қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жол ашты. Кіші
жекешелендіру барысының артықшылығы – жаңадан мыңдаған жұмыс орындары
ашылды. Сонымен қатар, жаңа меншік иелерінің өздері жұмыс уақыттарын
ұзартып, көптеген жағдайларда тауарларды жеткізіп тұру, қоймаларды
кеңейтудің арзан көздерін табуға мүмкіндік берді.[3.25]

Республикамызда ұзақ жылдар бойы санамызға социалистік меншік
сіңіріліп, жеке меншік қанаушы қоғамға тән деп ұғындырылып келді. Ол
системада қоғамдық меншік пен жеке меншік ұғымы сыйыспайтын еді.
Өндірісті, шаруашылықты мемлекет меншігіне бағындырудың басымдылығына
орай жеке меншіктің даму болашағы жоқ деген ой
қалыптастырылды.[2.311]

Жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы үш жоспарлы стратегияны
қамтиды, атап айтқанда, мына элементтерді:

• Дүкендер, қоғамдық тамақтандыру пунктері сияқты майда кәсіпорындарды
аймақтық аукциондар немесе сауда шегінде қолма – қол есептеу немесе
пайдаланылмаған жекешелендіру чектері арқылы тез сату. Бәсекелестікке
жәрдемдесу мақсатында жекелеген аукциондар арқылы көтерме сауда
кәсіпорындарын және еліміздегі жүк автокөлік кәсіпорындарының бір
бөлігінің бөліктеу және саудалау;

• Номиналы нақтылы көрсетілмеген материалдық емес жекешелендіру
купондарын Қазақстан азаматтары салған 50-100 инвестициялық
қорларға аукцион арқылы бақылау пакетін сату есебінен шамамен 5000
орта-ірі кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру;

• Тиісті алдын –ала құрылымдық қайта құрудан және нормативтік жүйені
өзгертуден кейін жеке негізде аса ірі кәсіпорындарды жекешелендіру.

Қазақстанда жекешелендірудің қорытындысы:

• Купондық жекешелендіру нәтижесінде республикамызда жаңа меншік
иелерінің орташа тобы пайда болған жоқ.

• Жекешелендіру халықтың психологиясына көңіл қоймастан, бір сәттің
ішінде меншік иесі болып шыға келу мүмкін еместігін ескерместен,
тиісті дайындықсыз жүргізілді.

• Купондарды инвестициялық жекешелендіру қорлары сатып алды, бірақ көп
ұзамай олар қайтадан құжатталынды немесе өз акционерлеріне бір тиында
төлеместен құрдымға кетті.

• Еңбек ұжымдары меншік иелері бола алмады. [5.41 - 42]

Акционерлік қоғамның мәні және мазмұны.

Акционерлік қоғам дегеніміз қатысушылардың қоғамға деген міндеткерлік
құқықтарын куәландыратын, жарғылық капиталы белгілі бір акция санына
бөлінген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-дағы жекешелендіру кезендері және жетілдіру жолдары
Қазақстандағы мемлекеттік иелігінен алу мен жекешелендіру
Дамыған нарықтық экономикаға негізделген мемлекеттің араласуы
Жекешелендірудің мәні, түрлері және қазақстандағы жекешелендіру үлгісі
Жекешелендірудің жолдары және оны ұйымдастырудың проблемалары
Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік - экономикалық шарттары және заңдылықтары
ҚР жекешелендіру мәні, оны жүргізу әдістері мен кезеңдері
Қазақстандағы ауыл шаруашылықты жекешелендірудің ерекшеліктері
Меншік пен еңбек арасындағы байланыс
Мемлекеттік жекешелендіру – нарықтық қатынасқа өтудің түбірлі мәселесі
Пәндер