Қазақтың ұлттық киім түрлеріне сипаттама
Ұлттық киімдеріміз ата- бабамыздың жауынгер, жаугер, жаужүрек халық болғанын көрсетер еді. Өйткені, тірлігі үнемі аттың жалында, түйенің қомында жүрген, көбіне мамыра-жай, жайма- шуақ жүре алмаған. Аты ауыздықпен су ішіп, өзі етігімен мұз кешіп тіршілік үшін күрескен. “Тобылғыны жастанып, қу толағай бастанып” немесе ”Жайық үшін жандасып, Қиғаш үшін қырылып” өмір сүрген. Осынау ұлан-байтақ алып сахараны оған көз тіккендерден қорғап қалу бабаларымызға оңай түспеген. Сол үшін «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» да болды. Осындай замандарда күндіз киіп, түнде жамылып жата кететін шапаннан лайық киім болар ма. Ол өзі кигенде жеңіл, ал жатқанда жылы болуы үшін қандай материалдан жасалу керек ? Әрине жүннен. Өйткені, өмір бойы мал баққан халықтың қолындағы ең мол тұтыну шикізаты малдың терісі мен жүні болғаны анық. Онда да халқымыз шапанды түйенің жүнінен сырып жасаған. Осылайша өзі жеңіл, өзі жылы, осы ыңғайлы ұлттық киім үлгісі- ШАПАН дүниеге келгеніне ешкімнің дауы мен таласы болмас.
Қазақтың ұлттық киім түрлеріне сипаттама
Ұлттық киімдеріміз ата- бабамыздың жауынгер, жаугер, жаужүрек халық
болғанын көрсетер еді. Өйткені, тірлігі үнемі аттың жалында, түйенің
қомында жүрген, көбіне мамыра-жай, жайма- шуақ жүре алмаған. Аты ауыздықпен
су ішіп, өзі етігімен мұз кешіп тіршілік үшін күрескен. “Тобылғыны
жастанып, қу толағай бастанып” немесе ”Жайық үшін жандасып, Қиғаш үшін
қырылып” өмір сүрген. Осынау ұлан-байтақ алып сахараны оған көз
тіккендерден қорғап қалу бабаларымызға оңай түспеген. Сол үшін ақтабан
шұбырынды, алқакөл сұлама да болды. Осындай замандарда күндіз киіп, түнде
жамылып жата кететін шапаннан лайық киім болар ма. Ол өзі кигенде жеңіл,
ал жатқанда жылы болуы үшін қандай материалдан жасалу керек ? Әрине жүннен.
Өйткені, өмір бойы мал баққан халықтың қолындағы ең мол тұтыну шикізаты
малдың терісі мен жүні болғаны анық. Онда да халқымыз шапанды түйенің
жүнінен сырып жасаған. Осылайша өзі жеңіл, өзі жылы, осы ыңғайлы ұлттық
киім үлгісі- ШАПАН дүниеге келгеніне ешкімнің дауы мен таласы болмас.
ТОН – қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны қойдың, ешкінің және
құлынның терісінен тігеді. Тон тігетін теріні ең алдымен шел майынан
арылтады. Одан соң оны күбіге салып не ашық күйінде илейді.Терінің иі әбден
қанған кезде жүн жағын жуып тазартады да, тақыр бетіндегі идің қалдығын
қырып тастайды. Осыдан кейін оны уқалап жұмсартады. Қой мен ешкінің
терісінен тон тіккенде терінің жүні және тігісі ішіне қарайды. Оның тақыр
бетін бояумен, қарағайдың қабығы және рауғаштың ніліне бояйды. Бұл тонның
сыртының кірлемеуі үшін керек. Тонның қазақ даласында таралған негізгі екі
үлгісі болған. Оның бірі- тік тон, екіншісі-бүрме тон. Тік тонның екі өңірі
мен артқы бойы кеуде және етектері бөлек пішіледі. Оның кеудесі мен етегін
қусырады да, одан соң етегін кеудесіне бүгіп қондырады. Етегі кеудесіне
қарағанда кең етіп пішіледі. Тонның белінде бүрме шығатындықтан, оны “бүрме
тон” деп атаған. Бүрме тон тік тонға қарағанда сәнді болады. Тонға
елтіріден, сеңсеннен, кейде аң терісінен жаға салып,етегі мен өңірін,
жеңінің ұшын елтірімен жұрындайды. Тонды сәндеу үшін оның екі өңіріне,
етегіне, жеңіне жібек жіппен кесте тігіледі. Құлынның терісінен тігілетін
тонды “тайжақы” деп атайды. Тайжақының тігісі ішіне қарағанмен, терінің
жүні сыртына қарайды.Ол сәнді болу үшін. Құлынның жалын тонның арқасына екі
жеңінің үстіне келтіріп тігеді.
Бешпет
Ғасырлар бойына қалыптасқан ұлттық киімдерінің ортасында бешпеттің
жөні бөлек. Ол сонау мыңжылдықтардан осы заманға дейін ұлтымыздың басты
киімдерінің бірі болып, біздің бабаларымыздың бірге жасасып келді. Сонау
тастағы суреттердегі адамдардың киіміннен бешпеттің сұлбасын байқау қиын
емес. Күні кеше ортамызда жүрген ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың жырына
құлақ түрсек те бешпеттің орны бөлектігін байқаймыз. “Жүрегіміз жақыннан
бірге соқсын, ағытшы бешпетінің түймелерін” демей ме ақын. Бешпет –қазақ
үшін әмбебап киім. Оны еркектер де, әйелдер де кие алады. Жігіттерге де,
қыздарға да жараса кетеді. Оның үстіне бешпет жылдың маусымына да қолайлы.
Оны жазғы түннің салқынында, көктемнің сәл ызғарында, күздің қоңыржай
кезінде үстіден тастамай киеді.
Қазақ үшін ең жылы да жайлы материал-түйенің жүні бешпет үшін де
керек. Бешпетті түйенің жүнінен басып, соның жұқа матасынан тіккен. Ерге
қонғанда ыңғайлы, желең жамылғанда әсем мұндай бешпет түрлерін қазақ
сахарасының барлық бұрыштарынан кездестіреміз.
Осы заманғы сән үлгілерінің қатарынан орын алуы бешпеттің уақыт
көшінен қалмаған, ғасырлар тозаңында тұншықпаған киім екенін аңғартады.
Камзол
Қазақ әйелдерінің киімінде камзолдың орны ерекше болған. Ол да әрі
жылулық, әрі сәндік міндеттерді атқарған. Әйелдің сырт киімі болып
табылатын бұл камзолды тек қазақ қана емес, басқа да түркі халықтарының
тұрмысына кездестіуге болады.
Әйелдердің камзолы қысқа жеңді немесе жеңсіз болып тігіледі.
Өйткені, мұндай камзолдар жұмыс істеуге өте ыңғайлы, ешқандай кедергі
келтірмейді. Әйелдердің күні ұзақ үй шаруасымен айналысып, кіріп-шығып
жүретінін ескерсек, бұл камзолдар иесін суықтан қорғайды, оның үстіне оның
иіліп-бүгіліп жұмыс істеуіне өте қолайлы келеді.
Камзолдардың материалы көбіне түкті пүліш маталар болады.
Бархыттан, шұғадан да тігіледі. Ал, түсіне келсек, ол міндетті түрде бір
түсті матадан тігілген. Онда да шымқай қанық түстер таңдалады. Әйелдердің
жасына қарай камзол түрі де өзгеріп отырған. Қыздар мен жас келіншектер
көбінесе алқызыл түсті камзолдар киген. Мұның өзі жасыл дала, көгілдір ауа
астында көзге отттай басылып, алыстан мен-мұндалғандай болған. Ал, орта
және одан жоғары жастағы әйелдер негізінен көк, жасыл, сарғыш түсті
камзолдар киеді. Өйткені, алқызыл түс оларға енді жараспас еді.
Камзолдарда жең болмайтыны сияқты жаға да жасалмаған. Тек омырауға
дейін жететін ойықтар қалдырылған. Өйткені, камзол тек көйлектің сыртынан
киіледі. Қазақ әйелдері мойынға дейін жауып тұратын тұйық жағалы көйлек
кигенін ескерсек, оларға енді камзолға тұмшалаудың еш қажеті болмаған. Сол
себепті камзолдар омырауға дейін ашық қалдырылған. Осы мойын мен омырау
тұсын және камзолдың алдын тұтастай әдәптеу дәстүрде бар. Бұл ретте
камзолдың негізгі түрі мен оның өңіріне әдіптелетін матаның түрі бір-біріне
жақындау болғаны ләзім. Мәселен, қызыл камзол өңірі қызғылтым немесе
қоңырқай мауытымен әдәптелсе, бұрынғыдан да көз тартып тұратыны анық.
Қазақстанның көп бөлігінде камзолдың өңіріне, сондай-ақ етегінің
екі жағына түрлі жылтырақтардан ою немесе өрнек жүргізу әдеті бар. Қазіргі
шеберлер ондай өрнектерді сәнді жіптермен салуға да машықтанған.
Камзолдарға ою-өрнек түсірілмеген жағдайда оны түрлі жылтырақ
әшекейлермен, таналармен безендіруге болады. Осылай безендірілген камзолдар
өте салтанатты көрінеді. Оларды көбінесе, мереке кезінде, той – томалақта
және басқа салтанатты думандарда киетін болған.
Оның есесіне камзолдар түймеленбеген. Көп жағдайларда ұсталар
соққан әшекейлі күміс ілгешектер арқылы қаусырылатын болған. Мұның өзі
онсыз да дала гүліндей алаулап, көркімен көз тартар камзолға қосымша сәндік
береді.
Жас қыз-келіншектердің камзолының белі үнемі қыналып тігілген. Оны-
қазақтың ежелгі сән өнерінің жетістігі, моданы сезінуі деуге болады.
Омырауы мен етегіне қарағанда белдің тұсының анағұрлым тарылып тігілуі
қыздардың байқатып тұрған талшыбықтай немесе құмырсқадай бұралған немесе
үзілердей әрең тұрған деген теңеулер мен тіркестерді қазақ ақындары осы
қыздың белінің нәзіктігін байқататын камзолдарға тамсанып отырып айтқаны
анық.
Камзол тігу тәжірибелі шеберлерге еш қиындық тудырмаса керек. Ол
көбінесе тұтастай пішіледі. Кейде оны тура симметриялы екі бөлік етіп
пішіп, біріктіріп те тігуге болады.
Әр түрлі көйлектерге үстеме ретінде кейде жеке камзолдар алып
қоюға болады.
Олар сауық кештеріне, түрлі мәнді мерекелерге аяқ астынан киіп
баруға таптырмайды.
Камзолдың пішілу үлгісі классикалық денеге жыртылай қонып тұрады.
Алдыңғы өңірлерінің ойылулары да әр түрлі. Қаусырылып ұлттық тоғалармен
ілгектенеді.
Көйлек
Әйел - әдемілік деген ұйыммен егіз жаратылғаны анық. Әйел затын
әдемі ететін оны жан дүниесі ғана емес, көзге көрік, көңілге өрт құятын
киім екендігі даусыз. Неше түрлі қос етек көйлекті қыздар тобын қызықпай,
құмартпай көру бозбалалар мен жігіттерге мүмкін болмаған. Қырды өртейтін
қызғалдақтардай алаулап, көзге оттай басылатын мұндай көркем көйлектер
–қазақтың ұлттық киімдерінің басты бөлігі болып табылады. Халық әніндегі:
“Қос етек, бұраң бел, қуалай соғар қоңыр жел” деген сазды жолдарды елтімей
айту мүмкін емес. Шынында жеңіл де төгілген жібек, шәйі көйлектер кеудеге
самал соққандай сезімдер ұялатар еді.
Әйел көйлегін пішудің екі түрі болған: бірі-ұзыннан тұтастай пішу
де, екіншісі-мықынға дейін бөлек пішіп, кейін қосып тігу. Қазақтар әйел
көйлегінде міндетті түрде жең болуын ойластырған. Сол жеңнің өзіне бір
немесе екі қатар желбір жасау арқылы да көркемдік жағы қарастырылады.
Тұтастай тігіліп, мойнынан тобыққа дейін төгіліп тұратын көйлектер әдетте
ерекше мәнді жағдайларға арналады. Әсіресе, қалыңдықтардың немесе дәулетті
адамдардың қыздары мен келіндерінің көйлектері осылай тігіліп, бір қараған
адамның назарын өзіне аударуды мақсат етеді.
Көйлектерді сыртынан біз бұған дейін толық сипаттап кеткен
камзолдар толықтырып тұрады.
Ойын-сауыққа, той –думанға арналған бір киер көйлектер жібектің,
шұғаның, барқыттың және басқа құнды маталардың ең қымбат түрлерінен
тігілетін болған. Оның үстіне бұл көйлектерге қосымша әшекей бедерлері
жасалады. Көйлектердің көрініп тұратын кеуде тұсына атын жіптермен зер
жүргізіледі немесе басқадай кестелер төгіледі. Жиын-тойларда киілетін
көйлектердің ұзындықтары да ерекше болған. Олар тура жерге тиер-тиместей
етіп өте ұзын тігіледі. Оның есесіне, күнделікті киілетін әйел көйлегі сәл
қысқарақ болады. Соның өзінде жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдарына дейін
қазақ әйелдерінің көйлектері балтырды жабатын.
Ұлттық бас киімдер
БӨРІК – қазақтың ертеден қалыптасқан ұлттық бас киімі, оны бағалы
аң терісінен және жас төлдің елтірісінен тігеді. Оның жаздық және қыстық
түрлері болады. Терінің түріне қарай бөрік әр алуан аталады.
Құндыз бөрік, сусар бөрік, кәмшат бөрік, жанат бөрік, түлкі бөрік,
елтірі бөрік, тб деп аталады. Оны ерлер де, қыздар да киеді. Бөріктің
төбесі көбінесе алты сай ( қиық), төрт сай болып келеді. Оны тіккенде
алдымен өлшеп алып, жұқа киізден төрт не алты сай етіп пішеді. Әр сайдың
төбеде түйісетін ұштары үш бұрыш тәрізді, етек жақтары тік төрт бұрыш
болады. Осы қиындылардың бір бетіне шүберектен астар, екі арасына жұқа
матадан бидай шүберек салып, жиі етіп сыриды. Одан соң жеке-жеке сайларды
біріне-бірін өбістіріп ішінен де, сыртынан да жөрмеп тігеді. Оның сыртын
асыл матамен
(барқыт, пүліш, қамқа, тб) тыстайды. Бөріктің іші сай болса, оның
тысы да сонша сай болады. Бұдан кейін бөріктің төбесінің етегін жай матамен
астарлап тігеді де төменгі жағын төрт елідей терімен (қылшығын сыртына
қаратып) көмкереді.
Бөрікті қазақ халқы сияқты қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, татар,
ұйғыр тб халықтар да киеді.
АЙЫРҚАЛПАҚ – ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киім. Айырқалпақ
жұқа етіп басылған ақ киізден тігіледі. Ол негізгі екі бөліктен құралады.
Олар – қалпақтың төбесі және етегі ( кейде қайырмасы деп те айтады ).
Қалпақтың төбесі төрт сайдан (бөліктен) тұрады. Шебер пішілген төрт қиынды
киізді арасына қара барқыттан сыздық салып, қайып тігеді. Сонда қалпақтың
төбесі күмбез тәріздес болып шығады. Қалпақтың етегі жалпақтығы төрт елідей
етіп, дөңгелектеп қиып алынған ақ киізден жасалады да, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz