XVI-XVII ғасырлардағы қазақ хандығы туралы
XVI-XVII ғасырларда қазақ хандығы нығайып , оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып , неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі- Жәнібек ханның ұлы Қасым. Туған жылы 1445 ж. Қасым ханның тұсында /1551-1523 жж. Билік құрған / қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы жан-жақты нығая түсті.Ол феодал ақсүйектердің қарсылығына тойтарыс беріп, әскери күштерді нығайтты, өз билігіндегі жерлерді кеңейтті. Қасым хан билік құрған кезде қазақ халқы өзінің осы күнгі мекен тұрағының негізгі аймақтарын біріктірді. Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік-батыста Сырдың оң бойындағы бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік- шығыста оған Жетісудың көп бөлігі /Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері / қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия , Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалып, Орыс мемлекетімен қатынас қалыптасты.Қазақ хандығымен елшілік байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі- ұлы князь Василий /1505-1533 жж./ билік жүргізген кездегі Мәскеу мемлекеті еді.Осы тұста қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Батыс Еуропаға мәлім болды.
XVII-XVII ғасырлардағы қазақ хандығы
XVI-XVII ғасырларда қазақ хандығы нығайып , оның шекарасы едәуір
ұлғая түсті. Өз тұсында жерді біріктіру процесін жедел жүзеге
асырып , неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі- Жәнібек ханның
ұлы Қасым. Туған жылы 1445 ж. Қасым ханның тұсында 1551-1523 жж.
Билік құрған қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы жан-
жақты нығая түсті.Ол феодал ақсүйектердің қарсылығына тойтарыс
беріп, әскери күштерді нығайтты, өз билігіндегі жерлерді кеңейтті.
Қасым хан билік құрған кезде қазақ халқы өзінің осы күнгі мекен
тұрағының негізгі аймақтарын біріктірді. Хандықтың шекарасы батыста
Жайыққа, оңтүстік-батыста Сырдың оң бойындағы бірсыпыра қалалар
қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау
қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік- шығыста оған Жетісудың көп
бөлігі Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері қарады. Қасым ханның тұсында
Орта Азия , Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалып,
Орыс мемлекетімен қатынас қалыптасты.Қазақ хандығымен елшілік
байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі- ұлы князь Василий
1505-1533 жж. билік жүргізген кездегі Мәскеу мемлекеті еді.Осы
тұста қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Батыс Еуропаға
мәлім болды.
Қасым хан алғашқы қазақ заңы- Қасқа жолды жарыққа шығарады. Бұл заң
қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде
жасалады. Заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданып жүрген
ислам дінінің шариғат заңынан өзгеше , көшпелі қазақ өміріне
үйлесімді байырғы заң болды. Соның үшін ол Қасым ханның атымен
байланыстырылып Қасым ханның Қасқа жолы деп аталады.
Қасым хан тұсында Қазақ хандығының дәрежесі ұлғайғанына қарамастан,
ол бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Мұның өзі Қасым хан
өлгеннен кейін бірден байқалады, сұлтандар мен басқа да феодалдардың
өзара бақталасы, қырқысы күшейді. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып
тұрған кезде, өзара қырқысудың зиянды зардаптары хандықты әлсіретуге
әкеп соқты. Қазақ билеушілеріне қарсы моғол және өзбек хандарының
одағы қалыптасты.
Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы әрі мұрагері Мамаш қаза
тапты. Қасым ханның немере інісі Тахир (1523-1532 жж.) хан болды.
Бірақ оның айырықша елшілік және әскери қаблеті жоқ еді. Тахирдың
тұсында өзбектермен арадағы соғыс жалғастырылды, Маңғыт және Моғол
хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін
сәтті болған жоқ.Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы
жерінің бір бөлігінен айырылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып
қалды. Тахир ханның інісі Бұйдашаның (1533-1534 жж.) тұсында да
феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ.
XVI ғасырдың екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым
ханның баласы Ақназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай
Ордасындағы феодалдық топтардың күресін өз мүддесіне пайдаланған ол
ноғай мырзаларының көбін өз жағына тартып, Жайық өзенінің сол
жағасындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь- Шаньды
басып алуды көздеген Моғол ханы Абд-ар-Рашидке қарсы ұтымды күрес
жүргізілді. Өзара тартыстың бәсеңдеуі, ішкі саяси өмірдің нығаюы, мал
және егін шаруашылығының, сауда қатынастарының дамуына көмектесті.
Ресеймен саяси және экономикалық байланыстар барған сайын ұлғайды.
XVI ғасырдың 60-70 жылдарында қазақтардың Орта Азия халықтарымен
бейбіт сауда, экономикалық байланысы жанданды.Ақназар өзара тартыста
өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сырдария бойындағы бірсыпыра
қалаларды өзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан қорыққан
Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Ақназарды
у беріп өлтіреді.
Ақназардың мұрагері- Жәндіктің баласы және Жәнібек ханның немересі
қартайып қалған Шығай (1580-1582 жж.)болды. Ол өзінің баласы
Тәуекелмен (1586-1598 жылдары хан болған.)бірге Баба сұлтанға қарсы
күресінде, Бұқар ханы Абдоллаға келіп, онымен күш біріктірмекші
болды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz