ХХ ғасырдағы ауызша аударманың өркендеуі



Кіріспе: Жалпы аударма туралы

Негізгі бөлімі:
а)Аударманың түрлері
б)Ауызша аударма тарихынан
с)Ауызша аударманың ХХ ғасырдағы өркендеуі

Қорытынды:Ауызша аударманың ерекшелігі және аударма саласындағы атқаратын рөлі

Қолданылған әдебиеттер
Аударма - адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Халық арасындағы үзілмейтін үрдіс. Аударма көптеген халықтардың тілдерінің және әдебиеттерінің пайда болуында және дамуында маңызды рөл атқарады.
Аудармашы түпнұсқа тілін терең әрі жан-жақты біліп, сондай-ақ, сол халықтың тарихы мен мәдениетін көрсеткен жағдайда ғана аудармашы аударманың әлеуметтік жоспарын сәтті орындайды. Аударманың бірінші теоретиктері аудармашылардың өзі болды. Кез-келген теориялық концепциялар аударма процесінің қадағаланып отырған фактілерінің сипаттамасына сүйену керек, сонымен бірге осы фактілерді жалпылап, түсіндіру керек.
Аударма - бұл күрделі құбылыс. Оның жеке аспектілері түрлі ғылым салаларын зертеу пәні болуы мүмкін. Пәнге байланысты зертеуді бірнеше түрге бөлуге болады:психологиялық аударматану, әдебиет аударматану, этнографиялық аударматану, тарих аударматануы және т.б.
1) “Мастерство перевода” Сборник статей. М- 1959[7]

2) В.Н. Комиссаров “Теория перевода” М-1990 [98-108]

3) А.Қ. Жұмабекова, Г.А. Жұмашева “Аударма терминдерінің қысқаша орысша - қазақша түсіндірме сөздігі” А-2005[24;26;39]

4) А.П. Чужакин “Общая теория перевода и переводческая скоропись” М-2002[7-9;14;15]

5) Р.К: Миньяр-Белоручев “Общая теория перевода и устный перевод” М-1980[11;12]

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ауызша аударманың тарихы. ХХ ғасырдағы ауызша аударманың
өркендеуі

Жоспары:

Кіріспе: Жалпы аударма туралы

Негізгі бөлімі:
а)Аударманың түрлері
б)Ауызша аударма тарихынан
с)Ауызша аударманың ХХ ғасырдағы өркендеуі

Қорытынды:Ауызша аударманың ерекшелігі және аударма саласындағы атқаратын
рөлі

Жалпы аударма туралы түсінік
Аударма - адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Халық арасындағы
үзілмейтін үрдіс. Аударма көптеген халықтардың тілдерінің және
әдебиеттерінің пайда болуында және дамуында маңызды рөл атқарады.
Аудармашы түпнұсқа тілін терең әрі жан-жақты біліп, сондай-ақ, сол
халықтың тарихы мен мәдениетін көрсеткен жағдайда ғана аудармашы аударманың
әлеуметтік жоспарын сәтті орындайды. Аударманың бірінші теоретиктері
аудармашылардың өзі болды. Кез-келген теориялық концепциялар аударма
процесінің қадағаланып отырған фактілерінің сипаттамасына сүйену керек,
сонымен бірге осы фактілерді жалпылап, түсіндіру керек.
Аударма - бұл күрделі құбылыс. Оның жеке аспектілері түрлі ғылым
салаларын зертеу пәні болуы мүмкін. Пәнге байланысты зертеуді бірнеше түрге
бөлуге болады:психологиялық аударматану, әдебиет аударматану, этнографиялық
аударматану, тарих аударматануы және т.б.
Аудармашылық халық арасындағы мәдениеттің әдебиеттің, қатнастың
ортақ жылжу процесіндегі даму қабілеті.
Аударма сын - бұл, аударма өнерінің қандай дәрежеге жеткендігін
көрсететін бірден-бір көрсеткіш.
“Әр халықтың адамзатқа, өткен мәдениетке, көршілеріне деген өзіндік
ерекше қатысы бар. Әр халықтың аудармашылық іске байланысты өзінің
тарихы бар. Бірақ, ұлттық мәдениеттің дамуындағы халықтың шығармашылығы,
әдеби тілінің өзара байланысындағы аударманың рөлі белгіленген заңдарға
бағынышты” [7]

Олексий Кундзич

а)Аударма түрлері.
Аударманың жалпы екі түрі бар;
1) Жазбаша аударма
2) Ауызша аударма
Жазбаша аударма мен ауызша аударманың бір-бірінен айырмашылығы – бұл
осы аудармалардың әрқайсысын жүзеге асыру барысында, аудармашы түпнұсқаның
әртүрлі үзінділерімен жұмыс атқарады. Аудармашы жазбаша аударма кезінде
түпнұсқадағы айтылымды бірінен соң бірін аударады, бірақ түпнұсқаның
мәтіні түгелдей оның қолында болады, және де әр айтылым берілген мәтіннің
бірлігі болып есептеледі. Аудармашы бөлек айтылымды бүкіл мәтіннің
мазмұнымен қатыстыра аударады;ол мәтіннің алдыңғы және соңғы бөлімдерінен
аударма нұсқасын таңдауға қажетті қосымша ақпаратты іздей алады, ойдың
даму логикасын , бөлек айтылымдар арасындағы дұрыс байланысты бақылай
алады.
Ауызша аударма кезінде түпнұсқа мәтінін оратор сөйлегеннен кейін, орташа
сегментпен қабылдап, аударуы тиіс.Ол аударма барысында түпнұсқаны басқа
бөліктерін білуге мүмкіндігі жоқ.
Аудармашы ауызша аударма барысында коммуниканттармен тікелей қатынаста
болады. Аудармашы тіларалық қатынаста қатысушылармен кері байланыста болуға
мүмкіндігі болады. Ол ауызша айтылған сөйлемді, оның темпінің дұрыстығына
қарамастан қабылдауға, оратордың сөйлеу мәнерінің ерекшелігін қабылдауға,
және сөйлеушілер мен тыңдаушылар арасындағы түсінікті қамтамасыз етуге
тиісті. Оратормен кері байланыс болған кезде, айтылған ойды нақтылауға,
бөтен терминнің мағынасын айқындауға мүмкіндігі болады.[98-108]
Ауызша аударма - қосарласқан аударма, ілеспе аударма, және парақтан
аудару сияқты ауызша рәсімдеуді қажет ететін, аударма түрлерінің барлығын
біріктіретін ұғым. Тәржіма процесінде түпнұсқа мен оның аудармасы ауызша
жасалғандықтан, аударманың бұл түрінде аудармашы түпнұсқа бөліктерін бір-
ақ рет қабылдап, оны кейіннен салыстыруға немесе жасалған аударманы
түзетуге болмайтынын ескертеді.
Ілеспе аудармада қабылдау және аудару параллельді түрде жүзеге асады.
Аудармашы осы кезде уақыт тапшылығына байланысты айтылымның бөлек
сегменттерін аударып, осы аударылған сегменттерден аударма мәтініндегі ойы
аяқталған айтылымдармен бірге құрады.
Ауызша аударма өз ішінен үшке бөлінеді;
1)ілеспе аударма
2)қосарласқан аударма
3)парақтан аудару
1)Ілеспе аударма – бастапқы мәтінді қабылдай отырып, қатар жүзеге
асырылатын ауызша аударма.Кәсіби аудармалардың бір түрі.
2)Қосарласқан аударма – мәтін тыңдалып болғаннан кейін жасалатын аударма.
Қосарласқан аударманың жазбалары бар және абзацты – фразалы, сондай-ақ,
бір жақты және екі жақты сияқты түрлері болады. Көбінесе қосарласқан
аударма деп, жазбалары бар аудармашылық әрекеттің кәсіби түрін атайды.

3)Парақтан аудару – жазылған мәтінді алдын-ала оқымай, оны қабылдау
барысында ауызша аудару.[24;26;39]
Ауызша аударманың теориясы ауызша аударманың барлық түрлерінің мәселелерін
қамтиды. Теорияларға сәйкес қарастырылатын қосарласқан, ілеспе және
парақтан аударудың өзіндік мәселелері ауызша аударма теориясының
шеңберінен аспайтын сана механизмі, аударманың таңбалық тәсілінің
қызметіне жатады.[11;12]

б) Ауызша аударма тарихынан.
Бір жарым миллион жыл бұрын пайда болған homo habilis (лат. епті адам)
өзімен уақыт жағынан қатарлас жануарларға қарағанда өзгеше дамыды. Санасы
арқылы эволюцияның жаңа сатысына аяқ басты. Әлем халықтарының өсу
жылдымдығы әлемдегі халықтардың екі есесіне пропорционалды болып келді.
Адамзаттың квадраттық заңының өсуі, адамдардың ұжымдық өзара әрекеттесудің
ақпараттық табиғатымен байланысты.
Тіл пайда болғаннан бастап, адамзат қоғамы ақпаратты болды. Сондай-ақ,
ақпараттық алмасу экономикалық алмасудан ерекшеленді. Маисты ыдысқа
ауыстырсаң, ыдысыңнан айырыласың, бірақ ауқатқа ие боласың. Бір-бірінің
ойларымен алмасқан екі адам ештеңеден құр қалмайды; өздерінің білім
әлемдерін дамыта отырып,екі түрлі ойдың иелері болады.
Адамзат пен оның тіл рөлі өсуінің математикалық моделі
антропологияның, тарихтың, демография мен статистиканың мәліметтерімен
үйлеседі. Бұл, адамзат демографиялық маңыздылық сатысында-тарихтың
сынақтық аралығында болды. Бұл ресурстардың жоқшылығынан емес, ақпараттық
қауымның дамуын және сақталып қалуын, алдыңғы өсу темпін енді қолдай
аламыз. Ақпараттық қауым өз-өздігінен дами бастады; компьютерлерге ұқсас
машиналар шығарылып, бағдарламалар дамып, және де көптеген қызмет бағытында
және аумағында, оның ішінде аударма аясында адамның орнына жүрді.
Әлем елдерін қамтыған демографиялық төңкеріс уақыттың өте қысқа
периодын- бір жүз жылдықты ғана қамтыды. Бір жарым миллион жылмен
салыстырғанда бұл сәт қана, алайда ол мәдениеттің терең өзгерістерімен,
соның ішінде, ақпараттық кеңістіктің глобализациясымен ерекшеленді.
Алғашқы ақпараттық қауымның пайда болу мен даму болжамына сүйене келе,
әр түрлі адамдар топтарының арасындағы коммуникацияны жүзеге асыруға,
ұғатын және тез ойлай алатын, жақсы есте сақтау қабілеті бар, өз ойларын
айта алатын, сұхбаттасушыны түсініп, оның сөзін өз тіліне аудара алатын
адамдар болған деп айтуға болады. Осыған сәйкес ауызша аударма жазу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударма өнері және көркемдік түсініктері
Аударма түрлеріне жалпы түсінік және қалыптасу кезеңдері
Аударма сапасының бағалау мәселелері
Қазақ әдебиетінде аударманың қалыптасуы
Аударма түрлері. Мәтінді аудару барысында аударма түрлерін
Лингвистикалық аударма теориясы
Аударманың лексиколистикалық мәселелері
Шетелдік аударматану
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті және аударма саласының дамуы мен зерттелуі
Жалпы аударма теориясы
Пәндер