Еңбекақы мен тариф жүйелері


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

  1. Еңбекақы мен тариф жүйелері
  2. Өнім өндіру есебі
  3. Өнім өндіру есебінің жүйелері
  4. Еңбекақы есебі

Еңбекақы мен тариф жүйелері

Еңбек есебінің маңызды элементі болып еңбектің күрделілігіне, жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып саналады. Жұмыстың күрделілігіне қарай еңбекақының мөлшері тарифтік жүйеде қаралады. Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар болып табылады:

  • тарифтік кесте;
  • тарифтік еңбекақы мөлшері;
  • тарифтік мамандық анықтамалары;

Осыларға негізделіп жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы мөлшерінің үлгілі кестесі жасалады. Тариф жүйесінің көмегімен жұмыстың барлық түрі күрделілігіне және көп еңбек сіңіруді қажет ететіндігіне қарай топтастырылады және жұмысшслар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қерай оларға тариф бойынша әр түрлі еңбекақы мөлшерін белгіленеді. Тарифте мамандықтар бойынша өндірістің қай саласында болмасын негізгі жұмыстың әрбір түріне, жұмыстың күрделігі мен қаншалықты еңбек етуіне керекті ұқыптылық пен жауапкершілікке қарай берілген разрядтар көрсетіледі. Сонымен қатар тарифте әрбір атқаратын жұмыстың нақты түрлеріне мінездеме беріледі жэне жұмысшылар мен қызметкерлердің өзіне берілген разрядқа ие болуына керекті еңбек дағдысы мен біліміне де мінездеме береді.

Тарифтік кестеде - жұмысшылар мен қызметкерлердің әрбір топтарының арасында төленуге тиісті еңбек мөлшерінің арақатынасы айқындалады. Тарифтік кестеде: тарифтік еңбекақы (сағаттық, күндік, айлық) осы ендіріс саласында ете қарапайым жэне жеңіл бірінші дэрежелі болып саналатын жұмысқа төленетін мөлшерде бекітіледі. Жоғары дэрежелі еңбекке төленетін еңбекақы бірінші дэрежелі еңбекке төленетін еңбекақы мөлшерімен осы қарастырып отырған дэрежелі еңбектің арақатынасьшың тарифтік коэффициентін, бірінші дэрежелі еңбекке төленетін еңбекақы мөлшеріне көбейту арқылы анықталады.

Тарифтік кестеде тарифтік еңбекақы жұмыстың түріне қарап кесімді жэне мерзімді еңбекақы болып екіге бөлінеді.

Тарифтік мерзімді еңбекақы мелшері бір сағатқа белгіленеді. Кесімді еңбек бағасы белгілі тарифтік баға бойынша бір сағатқа белгіленген немесе бір сагатқа тиісті еңбекақы мөлшерін сол сағатта өндірілген өнім көлеміне, орындалған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқьілы табылады немесе бір өнімге кеткен уақытқа көбейту арқылы табылады. Уақыт мөлшері мен өндірілетін өнім мөлшері, көлемі, барлық өндіріс саласында техникалық мөлшерлеу үдерісін (процесін) жүргізу кезінде анықталады.

Өнім өндіру есебі

Өнім өндіру есебі ең алдымен орындалған жұмыстың, операцияның, өндіріп шығарған өнімнің саны мен сапасына қарай кесімді еңбекақыны есептеу үшін жэне жұмысшылар мен қызметкерлердің жекелік жэне топтық еңбек өнімділігіне бақылау жүргізу үшін керек. Өнім өндіру есебі негізінде тек қана кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлерге ғана емес, сонымен қатар мерзімдік еңбекақы алатш жұмысшылар мен қызметкерлерге де сандық жэне сапалық керсетіштердің артығымен орындалуына қарай жекеленген сыйақы төленеді. Жекеленген жұмысшылар мен қызметкерлер кесімді еңбекақысына қосымша өнім өндіру негізінде мөлшерлі тапсырманы орындағаны үшін сыйақы алады.

Өнім өндіру есебі әрбір кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыруға жэне оларға есептеліп төленетін еңбекақы тұріне байланысты. Кәсіпорындардың еңбекгі үйымдастыру көбіне ғылыми-техникалық даму деңгейіне жэне оларды тиімді пайдалануға, тағы басқаларға байланысты больш келеді. Еңбекті жаңа техникамен жабдықгау, механикалаңцырылған, автомаггандырылған, өндірістің пайда болуына себебін тигізді. Ғылыми-техникалық прогрестің дамыған жағдайында қол еңбегін пайдалануды көп қажет ететін механикаландырылмаған өңціріс автоматгандырылған кешенді салаға айналады. Оларда қол еңбегі біртіндеп азайып, еңбектің ұйымдастырылуьша жаңа техника мен технология ез әсерін тигізеді. Бұл айтылғандардың іске асуы, яғни қолданылуы өнім өндіру есебін ұйымдастыруға өздерінің эсерін тигізеді.

Өнім өндіру есебінің жүйелері

Кәсіпорындарда өнімдердің өндіріп шығарылуы және жұмыстың орындалуы жайлы алғашқы құжаттарда мынадай мәліметгер мен ақпараттар болуы қажет:

  • орындалған жұмыстың аталуы;
  • оның қабылданған уақыты, яғни күні, айы, жылы;
  • өндірілген өнімнің саны мен көлемі;
  • өнімді өндіруге, жасап шығаруға жэне жұмысты орындауғакеткен уақыт;
  • орындаушы жұмысшылар мен қызметкерлердің табельдікнөмірі немесе бригаданың немірлері;
  • цех бөлімшесінің шифрлары жэне оларға есептелгенеңбекақы түрі.

Бұлар бойынша одан кейінгі уақьптарда жұмысшы және қыз-меткерлермен есеп-айырысу жүргізіліп, соньмен қатар өңціріліп шығарылатын өнімдер мен істелген жұмыстар бойынша төлем сомаларының мөлшері анықталады.

Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы ұйымдар-да өндіріс түрлеріне байланысты еңбек пен еңбекақы мөлшерінің есебін қолдануға сэйкес өнім өндіру есебінің эр түрлі жүйелері қолданылады. Олардың ішівде:

  • Жұмысшылар мен қызметкерлерге эрбір операциябойынша істелген жұмысы мен өндірген өнімнің саны менсапасына сэйкес жеке-жеке еңбекақы есептеп жэне онытелеу жүйесі. Бүл жүйе бойынша керекті мэліметтердіжеке жұмысшылар мен қызметкерлердің істеген жүмы-сына байланысты әр цех бөлімшелері толтырған алғашқықулсаттардан алуға болады.
  • Өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстың жалпы көлемінең соңғы операция орындалғаннан кейінгі анықтау жүйесі. Бул жүйе бойынша бөлімшелер мен цехтардағы барлықжүмысшылар мен қызметкерлердің атқарған қызметімен орындаған жұмысына бір жолды жэне жинақтаушықұжаттар толтырьшады.
  • Еңбек пен еңбекақыны өндірістің түріне қарай қолданудағытағы бір жүйе - түтіндеу жүйесі болып табылады. Бұлжүйе бойынша жүмысшылар мен қызметкерлердің жеке-жеке өндірген енімінің, істеген жүмыс көлемінің санынанықтау үшін әр операциялардан кейінгі өндірілмей, аяқталмай қалған ендіріс қалдықтарына түгендеу жұмысыжүргізіледі.

Операциялар бойынша қабылдау жүйесі жүмысшылар мен қызметкерлердің өндірген енімдерін әр операцияны орындаған-нан кейін ұйымның техникалық бақылау бөлімі қабылдап, санап алганнан кейін, ол туралы ақпаратгы мэліметтерді алғашқы құжаттарға жазуды қажет етеді. Бұл жүйе бойынша көбірек қолданылатын алғашқы қүжатгардың түрі «кесімді жұмыс» наряды болып табылады. Бүл құжат жұмыс орывдалмай, яғни басталмай тұрып толтырылады және жүмысшылар мен қызметкерлерге бері-леді. Тапсырма орындалғаннан кейін бүл нарядқа нақты өндірілген өнімдер мен орыңдалған жүмыстың саны, көлемі жазылып, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын есептеу үшін кәсіпорынның бухгалтериясьша тапсырылады.

Кәсіпорын бойынша өндірілген өнімге, істелген жү-мысқа күнделікті наряд жазу жүмысшылар мен қызметкерлерге еңбек-ақы есептеу жұмысын қиындатып жібереді. Оның үстіне нарядтар бойынша төленетін еңбекақы мөлшерін цехтардағы, бөлімшелердегі өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың көлемімен сай келуін бақылауға, салыстыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан да өнім өндіру есебінің жаңа прогрессивті еңбек сіңіруді жеңілдететін жүйесін енгізу қажет. Іс жүзінде жекеленген жұмыс нарядының орнына айлық немесе екі апталық жинақтаушы нарядтарды қолдану арқылы қркаттың санын азашуға болады. Кэсіпорындарда енім өндіру жайлы мэліметтер мен ақпараттар тек қана наряд арқылы жазылып қана қоймай, сонымен қатар өндірілген өнімнің жылжуын, яғни олардың қозғалысын бір операциядан келесі операцияға ауысуын бақылау үшін жэне олар үшін толтырылатын қүжатгың санын азайту мақсатында маршруттық карталар (карточкалар) тәжірибеде кеңінен қолданылады. Өнім өндіру есебінің бүл түрі сериялы өндірісті машина жасау зауыттарының цехтар мен бөлімшелерде кеңінен қолданылады. Бүл маршрупық карталарда (карточкада) біртектес материалдар-дан дайындалатын детальдар мен бөлшектердің барльщ технологиялық үдерістерден етіп қоймаға тапсырылғанға дейінгі қозғалысы жазылып отырады.

Кәсіпорынның бақылау бөлімі өндірісте өндірілген, жасалып шығарылған өнімнің сапасы мен санын тексеру мақсатымен қатар болған ақауларды анықтап отырады, және сонымен қатар бүл туралы мәліметтерді өнім өндіру жайлы құжаттарға жазып отырады. Өндіріс цехтары мен бөлімшелерінде өндірілген енімнің әрбір топтарына бөлек маршруттық карта жазылады. Бүл маршруттық картада өндірістің осы топтағы өндірген өнімінің саны көрсетіліп бақылау бөліміне жіберіледі. Ал бөлімнің бақылаушысы картаға топты, яғни өнімдерді тексеру барысында анықталған ақау немесе кемшілігі бар өнімнің санын жэне оны жіберген (өндірген) жұмысшының табелінің нөмірін көрсетіп қол қояды.

Өндірілген енімнің топтары бір бөлімшеден немесе цехган екінші бөлімшеге, цехқа берілгенде оларға қоса маршруттық карта-ны жіберіп отырады. Егер топтағы енімдер бөлініп кететін жағдайда жаңадан маршруттық карта жазуға тура келеді. Маршрутгық карта сонымен қатар өндірілген өнімдердегі кездесетін ақаулардың қай жршсшының кінэсінан болғаньш анықтап жазып отыруға және өндірілген өнім санының дұрыс жазылуындағы (қате болмауын) бақылау жұмыстарын жеңілдетуге арналған. Маршрутгық карталар жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеуде өз алдына дербес карта ретінде пайдаланылады.

Кәсіпорындарда кеп жағдайларда еңбекті ұйымдастырудың бригадалық түрі кеңінен қолданьшады. Шаруашылықта өндірістік бригадалық топ құру өндірген енімді есептеу жұмысын жеңілдетеді, сондай-ақ толтырылатын құжаттардың саны да азаяды. Бригада бойынша еңбекақы есептелетін жағдайда да өндіріліп шығарылған өнімнің, істелген жұмыстың ең соңғы нәтижесінің есебін алу жеткілікті болады. Өндірілген өнімнің, істелген жұмыстың ең соңғы нәтижесі бойынша кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу техникалық бақылау белімінің қызметінің ең соңғы тексеру операциясынан өтіп, қоймаға тапсырылған жэне басқа жаққа қоймаға алынбай таратылып жіберілген, яғни басқаларға берілген, сатылған, тиеліп жіберілген дайын өнімнің, істелген жүмыстың саны мен сапасына қарай есептеледі.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге жоғарыда айтылғандай еңбекақыны есептеу жэне төлеу үшін ұйымдарда жинақтаушы құжаттар мен бригаданың өнім өндіру тізімдемесін қолдануды қажет етеді.

Көпшілік өндіріс орындарында, әсіресе үздіксіз өндірістерде жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақыны өндіріліп шығарылатын өнімнің, істелген жұмыстың ең сонғы нэтижесі (операциясы) бойынша есептеу кеңінен қоданылады. Өнім өндіру есебінің бұл түрі кэсіпорында өндірісті дамыту, өнімділікті арттыру үшін, сондай-ақ өндірілген өнімдер мен орындалған жұмыстың көлеміне қосымша ақпараттар жазуға жол бермеу үшін қолданылады. Еңбекақының істелген жұмыс уақытына қарай, яғни мерзімді еңбекақы төлеу нысаны (формасы) жұмысшылар мен қызметкерлерді жұмыс істеуге белгіленген уақыт ішінде еңбек өнімділігін артгыруға айтарлықтай ынталандырмайды. Сондық-тан да көптеген өндіріс орындары, яғни ұйымдар еңбекақыны мелшерленіп белгіленген тапсырманың орындалуына қарай отырып төлейтін тұріне көшті. Бүл жұмысшылар мен қызмет-керлерге мерзімді еңбекақы төлеу жағдайывда да енім өндіруге мөлшерленген тапсырманың орындалуын қажет етеді. Сонымен қатар тапсырманы уақтылы орындағаны жэне еңбек өнімділігін арттырғаны ұшін жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйлықтар мен сыйақылар және тағы басқалар беріледі.

Үздіксіз еңбек үдерістері ұйымдастырылған көп сериялы өндіріс орындарында өнім ендіру есебінің инвентарының жүйесі қолданылады. Бұл жүйе бойынша жұмыстың, яғни сменаның соңында (аяғында) өндірілген өнімнің саны мен көлемін анықтау үшін эр операция бойынша өңцелмей қалған детальдардың қалдығына түгендеу жүргізіледі. Кэсіпорындарда жұмыс істейтін эрбір жұмысшьшың өндіріп шығарған өнімнің саны мен көлемін анықтау үшін смена кезінде өңцеу үшін алынған детальдар мен бұйымдардың санын қосып осы қосындыдан сменаны тапсырған уақыт барысында өңцелмей қалған бұйымдар мен детальдардың санын азашу керек. Осының негізінде өндіріліп шығарылатын өнімдердің санын тиісті құжаттарға жазып отырады. Ұйымдарда кейбір кездерде эр түрлі себептермен өндіріске керекті материалдық құлдылықтардың, жабдықтардың дер кезінде болмауына байланысты жріысты орындауға, өнімді өндіріп шығаруға қолайсыз, сапасы жағынан немесе физикалық, химиялық қасиетгермен талаптарға сай келмейтін материалдық қрщылықтарды пайдалануға тура келеді. Кейбір жағдайларда ондай материалдық құлдылықтарды пайдалану алдын ала өңдеуді қажет етеді. Сондықтан өндіріске басқа материалдар мен жабдықтарды қолдану істелетін жұмыстың белгіленген әдеттегі уақытында аяқталмауына эсерін тигізеді. Бүған белгіленген мөлшерде қосымша уақыт қажет болады. Сондықган да ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге қосымша еңбекақы есептеліп төленуі тиіс. Кәсіпорындағы жұмыстың бьшай ауытқуына қосым-ша төленетін еңбекақыға мастер, прораб немесе бригадир, яғни ұйымдағы наряд толтырушы адам қосымша еңбекақы төлемін төлеу қркаттарын толтырады. Бұл құжатқа негізгі еңбекақы есептеу үшін толтырылатьш нарядтар мен алғашқы құжаттардың нөмірі жазылады. Егер әдетге техникалық ауытқуы қосымша операцияны қажет ететін болса онда бұндай жріыстарға ерекше белгісі бар (қиғаш сызық тускен) нарядтар толтырылады. Қосым-ша төлеу қркатында жоспарлардан тыс өңдеу операциясына теле-нуге тиісті еңбекақымен қатар, қосымша төлем төлеудің себептері де жазылып көрсетілуі тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекақы жүйелері және тариф жүйесі
Еңбекақы формалары
Еңбектің және оның төлемақы есебенің принциптері туралы ақпарат
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруы
Қызметкерлердің құрамының есебі
Еңбек есебі
Еңбекақы мен тариф жүйелері туралы
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп
Өнеркәсіп кәсіпорындарында тарифтік жүйені қолдану
Жалақының түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz