Антик философиясы туралы ақпарат


Антик философиясы
«Антик философиясы» деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бой-ынша антик дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық шең-беріне келер болсақ, антик философиясы өзінің бастауын б. з. д. VII-VI ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б. з. 529 жылы импе-ратор Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыс-тырылады. А. С. Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңці айқындауға болады: антик философиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика (б. з. д. VII-V ғ. ) ; классикалық грек философиясы (б. з. д. IV ғ. ) ; эллиндік-римдік философия (б. з. д. III ғ. - б. з. V ғ. ) . Ал Дж. Реале мен Д. Антисе-ри антик философиясы дамуының төмендегідей жетілдірілген жүйесін ұсынады:
Б. з. д. VI және V ғасырлар аралығын қамтитын физис және
космос мәселелерімен айналысқан натуралистік кезең. Мүның
өкілдері қатарына иониялықтар, пифагоршылдар, элеаттар,
физик-плюралистер және физик-эклектиктер жатады.
Адам болмысының мәнін айқындаумен тұңғыш айналысқан гуманистік кезең. Бүл кезеңнің басты өкілдері - софистер
және әсіресе Сократ.
Сезімнен тыс әлемнің ашылуы және негізгі философиялық мәселелерді органикалық түрде қарастырған Платон мен
Аристотельдің үлкен синтезі кезеңі.
Александр Македонский жорықтары дәуіріндегі эллиндік
мектептер мен пүтқа табынушылық заманы соңына дейін - кинизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм және эклектицизм
бағыттары кезеңі.
Антиктік пұтқа табынушылық дүниетаным ойының діни
дәуірі - неоплатонизм және оның модификацияларының жан-
дану кезеңі.
Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философия-
сының категориялары түрғысында жаңа дін догмаларын рацио-
налды қалыптастыру кезеңі.
Ежелгі Грекия дүниетанымның жаңа формасы - философияны қалыптастырған негізгі үш мәдени орталықтың бірі болып табылады. Оның қалыптасуы да Ерте Үнді және Ежелгі Қытай жерлерінде байқалған заңдылықтарға сай жүзеге асты. Бірақ эллиндік ақыл-ойдың дүниеге келтірген жемісінің шығыстық философиямен салыстырғанда өзіндік түбірлі ерекшеліктері болды. Философияның қалыптасуына алғышарт болған грек өмірі формалары қатарына, тагы да басқа халықтардағы сияқты мифология, дін, ғылыми білімнің бастапқы түрлері, әдеттік сана және тіршілік даналығы жатады.
Грек философиясы «физис» философтары немесе натурфилософтар болған милет мектебі өкілдерінен (Фалес, Анакси-мандр және Анаксимен), Гераклиттен және Пифагордан басталады. Олар дүниедегі барлық заттардың түпнегізін іздеумен айналысты, нәтижесінде дүниетанымда төңкеріс басталып, философияның қалыптасуына әкеліп соқты.
Түпнегіз (архэ) - бұл барлық нәрселердің шығу тегін, олардың мәнділік ретінде өмір сүруін және неге айналатынын білдіретін бастапқы негіз. Фалес барлық нәрсенің түпнегізін су деп пайымдаса, Анаксимандр өзі апейрон деп атаған шексіздік пен белгісіздікті атайды. Архэ ретінде Анаксимен ауаны, Гераклит отты атаса, ал Пифагор - сандық қатынастарға аса мән береді. Бүлардың арасында Анаксимандр түпнегізді негұрлым философиялық және абстракциялық тұрғыда түсіндіруге тырысады. Алайда, су, ауа және отты физикалық-химиялық элементтердің немесе үдерістердің бір бөлігі ғана деген ой туындамауы тиіс, себебі олар ең алдымен құдіретті бастаумен байланыстырылады. Бұл шексіз бастаудың құдіреттілік қасиеті бар, өйткені ол мәңгі өмір сүреді және бұзылмайды. Сократқа дейінгі алғашқы философтар осы құдіретті түпнегізді әлемнен бөліп алмай, керісінше, әлемнің мәні ретінде түсіндіргендіктен «натуралистер» деп аталады. Сондықтан Гомер және антик дәстүрімен салыстырғанда бұл ұғым пантеистік типтегі түсінік болып табылады. Мысалы, Фалес «бәрі құдайға толы» деп айтқанда барлық нәрсенің өн бойын түпнегіз қамтиды дегенге меңзейді. Ал өмір бастапқы болғандықтан, бар тірі нәрсенің де жаны болады (гилозоизм) .
Алғашқы грек ойшылдары әлемдегі бір-біріне үстемдік етуге ұмтылған қарама-қарсылықтарды аңғара білді (суық пен ыс-тық, құрғақтық пен ылғалдық және т. б. ) . Анаксимен барлық өзгерістер мен трансформацияларды түсіндірудің негізі ретінде өзінің үнемі өзгермелі табиғатына орай универсалдық стихия түрінде ауаны түпнегіз етіп алғаны белгілі. Ол сонымен қатар, «тығыздалу» мен «сиректелу» үдерістеріне динамикалық себеп принципін енгізгендіктен, себептіліктің түпкі бастаумен жетілген үйлесімділігін түсіндіріп бергендіктен милеттік ақыл-ойдың қатаң және логикалық көрінісін айшықты түрде көрсетеді. Кейінірек, бүл парадигмаға, иониялық ақыл-ойдың үлгісіне айналып, әсіресе Гераклитте барлығын басқаратын логос түріндегі түпнегіз - от ретінде өзінің заңды жалғасын табады. Гераклит сонымен қатар, түпнегіздің универсалды динамизмі тақырыбын онан әрі дамытты. Оның «бәрі ағады, бәрі өзгереді» деген атақты тезисі осы ағын образынан туындайды. Осыған байланысты Гераклит мынадай терең де батыл түйіндерге тоқталады: бір қарама-қарсылықтан екіншісіне үнемі алмасу ретіндегі қалыптасу идеясы, олардың тұтастығы мен күресі идеясы, олардың үйлесімділікке бірігуі, ақиқат пен танымның көп қырлылығы. Гераклиттің дәл осы тұжырымдарын Гегель жоғары бағалап, өз еңбектерінде пайдаланды.
Философия дүниеге келісімен құдіреттілік (Ксенофан) пен ақиқатқа (элеаттар) қатысты ғасырлар бойы қалыптасқан наным-сенімдерді бұзып, өзінің жаңашылдық күш-қуатын байқатты. Элейден шыққан ойшылдардың жаңашылдығы былайша сипатталады: космологаяны онтологияға (болмыс теориясына) өзгерту, өзіндік философиялық категорияларды ойлап табу («болмыс», «болымсыздық», «ойлау»), диалектикалық тәсілді енгізу мен пайдалану арқылы (Зенонның атақты апорийлары) философияда дәлелдеудің қажеттілігі мен оның тәсілдерін қолдануды (абсурдқа әкелу принципі) мойындау. Зенонның дәйектері өзіндік заң-дылықтың күш-қуатын бекітетін тәжірибе деректеріне күмән келтіретін логос позициясын күшейтуге бағытталған.
Эллиндік-римдік философия сегіз ғасырға жуық уақытты қамтитын антик философиясы тарихындағы ең ұзақ кезең болып табылады. Эллиндік дәуір гректердің саяси өмірімен қатар рухани әлемін де ұлы өзгерістерге алып келген Александр Македонский жорықтарымен (б. з. д. 334-323) басталады. Эллиндену, А. С. Богомоловтың айтуынша, орасан зор аймақты мекендеген мәдениеті жоғары дамыған халықтардың эллиндік мәдениетті қабылдай отырып, грек және әр түрлі варвар халықтар мәдениеттері өзара байланысып, синтезделуі нәтижесінде өзіндік өркениетті қалыптастыруы болып табылады.
Саяси дербестікті жоғалту гректің полистік жүйтсінің дағдарысымен сипатталады. Эллиндік монархиялар жағдайындағы жаңа өмір тәртібі бұрынғы «құндылықтарды» қажет етпеді, мемлекет пен адам арасындағы ескі байланыс бұзылды. Эллиндік адам енді «азамат» емес, орасан зор империяның арасына сіңіп кеткен «бағыныштылар» еді. «Варварлармен» салыстырғанда өзін жоғары қоятын сананың орнын индивидуализмге негізделген космополиттік идеал алмастырды. Азамат пен мемлекет ара-сындағы тығыз тұтастықтың бұзылуы бұл кезеңде этиканың саясаттан бөлінуіне әкеліп соқты.
Классикалық грек мәдениетінің эллинизмге өзгеруі тереңдік пен тазалықтың жоғалуына әкелгенімен, шығыс мәдениетімен синтезделу нәтижесінде оның интенсивті дамуына жол ашылды. Жаңа мәдени орталықтар пайда болды. Пергам, Родос, Александрия, олардың даңқы белгілі дәрежеде Афиныдан асып түсті. Әсіресе, Александрияда жекелеген ғылымдардың гүлденуі ерекше көзге түседі: Кітапхананың жұмысымен байланысты филологияның қалыптасуы, математиканың (Евклид), механиканың (Архимед) дамуы, астрономияда гелиоцентристік төңкеріс жасауға талпыныс (Аристарх), эллиндік медицинаның жеткен шыңдары, анатомиядағы табыстар, географияның жүйеленуі (Эратосфен), сипаттамалы жаратылыстанудың, тарихтың, бейнелеу өнерінің, техниканың дамуы. Мұның бәрі - ерекшелігі мамандану болып табылатын көлемі жағынан да, сапасы жағынан да өзгеше жаңа феноменнің өмірге келгендігін дәлелдейді.
Эллиндік адамның әлемге көзқарасы антик философиясы дағдарысын, деградациясын білдіретін философиялау сипатын айқындайды. Философия бірте-бірте өзінің шығармашылық сипатынан арылып, философия бет-бейнесіндегі акцент те өзгере бастайды. Басты назарға этика алынып, адамгершілік мәселесінде мынадай сұрақ алдыңғы орынға шықты: әлемнің бұзылып жатқан тұсында қалай еркіндікті сақтап қалуға болады? Сондықтан да стоиктер философияны жеке бөліктерге бөле отырып (логика, физика және этика), оны бақшаға теңейді, онда бақтың қоршауы - логика, ағаштары - физика болса, ал оның жемістері мен ұмтылатын мақсаты этика болып табылады.
Эллиндік-римдік философияның жалпы дағдарыстық сипатына қарамастан оның мазмұнына күмән келтіруге болмайды, өйткені онда сол заманға тән қайшылықтардың барлығы да көрініс тапқан.
Эллинизм дәуірінде ең танымал сократтық мектептердің бі-рі - кинизм болды. Оның символы ретінде өзінің атақты «Адам іздеп жүрмін» (тобырлар ортасынан, тал түсте қолына шам ұстап) деген тезисімен белгілі және ешқандай өркениет пен комфортты мойындамай, өмірін бөшке ішінде өткізген Диоген Синопский кең танымал болды.
Кинизм байлық, атақ, даңқ, билік және тағы басқа да ба-қытсыздыққа әкелетін адамға тән иллюзияларды теріске шығара отырып, халық арасында үлкен табыстарға жетті. Бақытқа жеткізетін кемелдік пен даналықтың шарты болып табылатын - апатия және автаркия. Бұл ұстаным эллинизм дәуіріндегі өзге де философиялық бағыттарға тән^
Өзге философиялық ағымдармен салыстырғанда киниктердің дәуірі аз уақытты қамтыды. Олар дәстүрлі құндылықтарды теріске шығарғанымен, өздері ешқандай жаңа нәрсе ұсына алмады. Адамды айуандық бастауға әкеліп тіреу және осындай тұрпайы адамнан жоғары рухты талап ету ғылым мен мәдениеттің рөлін төмендетіп, рухани азғындыққа әкелері сөзсіз. Ертедегілер кинизмді «ізгілікке жетудің қысқа жолы» деп атағаны белгілі, алайда философияда да, өмірде де қысқа жолдың болмайтыны айдан анық. Б. з. д. III ғасырда өзге де сократтық мектептер (киренаиктер, мегариктер) өздерінің өмір сүрулерін тоқтатты.
Эллиндік философияның жарқын беттерінің бірі Эпикур шыгармашылығы және б. з. д. IV ғасырдың соңында ол негізін қалаған «Бақ» мектебі өкілдерінің философиясы болды. Эпикур және оның ізбасарларының философиясы грек философиясындағы түбірлі өзгерістердің айшықты көрінісін білдіреді. Оның ілімінде канониііа да (ақиқаттың өлшемі және таным ережелері туралы ілім), физика да (болмыстың қүрылысы ту-ралы ілім) бар, алайда олар этиканың функциясы арқылы ғана жүзеге асады. Яғни, бұл - адамның мақсаты туралы ілім, барлық философия негізінде дами отырып, табиғатпен қатар қоғамдық танымды да қамтитын энциклопедизм шекарасына ұласты.
Римде бұл бағыттың ең көрнекті өкілі атақты шешен және саясатшы Цицеронның шығармашылығы эклектизмнің принципсіз және бұлдыр, қайшылықты емес екендігін дәлелдейді. Онда, әсіресе, біртұтас синтетикалық дүниетанымға деген қажеттілік айқын көрінеді, ал бүл синтезге объективті түрде қол жеткізу мүмкін еместігі басқа әңгіме. Цицеронның мәдениет феномені ретіндегі баға жетпес маңызы грек мәдениетін рим өркениетімен, кейіннен жалпы батыспен байланыстыруында еді. Латын ғұламасының маңызы осы грек ақыл-ойының бүкіл әлемде триумфын жасауда, оның тірілтуші және қозғаушы күшінде.
Рим империясының алғашқы ғасырлары әр түрлі дүниетанымдық бағдарлардың бір-бірімен араласа дамуымен сипатталады. Эллиндік философияға монотеистік идеаларды ендірудегі шешуші қадамды Александриядан шыққан Филон жасады. Оның дүниетанымында грек философиясының иудейлік мифологиямен тоғыса бастауы байқалады.
Эллинизм дәуіріндегі пұтқа табынушылық даналықтың соңғы бағытының бірі б. з. III-IV ғасырларында дамыған неоплатоизм болып табылады. Оның Александриялық-Римдік (Аммо-ний Саккас, Плотин, Порфирий), Сириялық (Ямвлих) және Афинылық (Прокл) мектептері болды.
Неоплатонизм өз дәуіріне тән философиялық бағыт болғандықтан сол заманның қоғамы мен адамының әлеуметтік тәжірибесін дәл ұғынып, оны абстракциялық философиялық формулаларда шебер көрсете білді. Тіл жеткісіз Тұтастық пен оның алуан түрлілікпен байланысын іздеу, Тұтастықты абсолюттендіру және Тұтастық пен материалдық ғарыш, құдай мен адам арасындағы шексіз аралық сатыларды іздеу мифологиялық ойлауды философиялық тұрғыда жаңғыртуға әкелді. Тәнге қатысты барлық нәрселерге қарсы шығу, аскетизм мен экстаз туралы ілімге басымдылық беру тек ертехристиандық философияға ғана емес, бүкіл ортағасырлық теологиялық ой-лауға өзінің едәуір ықпалын тигізді. Филон Александрийскийдің Көне Өсиетті (Ветхий Завет) грек философиясымен алғаш син-тездеуге үмтылысы өзінің жалғасын таппады. Христиан дінінің жеңіске жетуі ертедегі гректердің ойлау тәсілін игере отырып, теріске шығару арқылы жүзеге асты. Бүл ортағасырлық өрке-ниетте бастапқыда антиктік-христиандықты, ал кейінірек еуропалық христиандықты даярлады.
Ортағасырлык, батысеуропалық философия
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz