Жүйке жүйесі жайлы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жүйке жүйесі

Жүйке жүйесі (нервная система) - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron - жүйке, жүйке жасушасы; logos - ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.

Рефлекс - сыртқы, немесе ішкі орта әсерлеріне организмнің жауап қайтару реакциясы. Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары (топографиясына) мен құрылысына сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Жүйке жүйесінің орталық бөліміне ми және жұлын, ал шеткі бөліміне - мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері (ганглийлері) және жүйке талшықтарының ұштары жатады. Организмдегі қызметтеріне байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге бөледі. Олар: сомалық (денелік), парасимпатикалық (ішкі мүшелік), симпатикалық (тамырлық) .

Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі - дене, яғни тірек-қимыл аппараты және тері жабыны мүшедерінің, парасимпатикалық бөлімі - ішкі мүшелер мен бездердің, симпатикалық бөлімі - тамырлар жүйесі мүшелерінің қызметтерін реттейді. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерді біріктіріп, жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімі деп атайды

Жұлынның құрылысы мен қызметі

Жүйке жүйесін орталық және шеткі деп үлкен екі бөлімге бөледі. Орталық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жатады. Шеткі жүйке жүйесі ми мен жұлыннан таралатын жүйкелер мен жүйке түйіндерінен тұрады. Жүйке жүйесінің қаңқа бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін бөлім - сомалы (грекше - дене), ішкі мүшелердің жұмысын реттейтін бөлімін вегетативті (қоздырамын) жүйке жүйесі деп атайды. Жүйке жүйесінің тәндік бөлімі ағзаның сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырады, тітіркендіргіштерді қабылдайды. Адам еркіне байланысты козғалыстарды басқарады.

Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылын жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты (нейронның денесі мен қысқа өсінділерінің жиынтығы) бар. Сұр заттың сыртын ақ заты (нейронның ұзын өсіндісінің жиынтығы) қоршап жатады. Сонымен жұлын құрылысында ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады.

Жұлынның сұр затының алдыңғы, артқы бүйірінде екіден түбірлері (өсінді) болады. Алдыңғы түбір козғалтқыш жүйке талшықтарынан, артқы түбір сезгіш жүйке талшықтарынан түзіледі. Әр омыртқаның бүйір тұсынан жұлыннан екі жаққа 31 жұп жұлын жүйкелері таралады. Әрбір жұлын жүйкелері алдыңғы және артқы түбірлердің қосылуынан пайда болады. Түбірлер омыртқааралық тесіктерден шығып, бірімен-бірі қосылып аралас жұлын жүйкелерін түзеді. Аралас жүйке дейтін себебі: жүйке талшықтарының бір тобы қозуды орталық жүйке жүйесіне, екіншісі одан қозуды шеткі мүшелерге өткізеді. Жұлыннан тарайтын жүйкелердің құрамында әрі сезгіш, әрі қозғалтқыш жүйке талшықтары болады. Жұлын жүйкелері қолдың, тұлғаның және аяқтың қаңқа бұлшықеттеріне таралады. Орталық жүйке жүйесіне өтетін қозу жұлынның тек артқы түбірі арқылы өтеді. Ал одан келетін козу жұлынның тек алдыңғы түбірі арқылы жүреді. Егер екі түбірден шыққан жүйке талшықтарының бірімен-бірі қосылған жері жарақаттанса (кесілсе), жүйкелердің сезгіштігі де, қозғалтқыштық әрекеті де жойылады.

Жұлынның қызметі: жұлын екі түрлі қызмет атқарады: рефлекстік және өткізгіштік.

Рефлекстік қызметі: жұлынның әр жерінде жүйке орталығы бар. Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел бөлімінде; зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде; көз қарашығын үлкейтетін орталық арқа бөлімінде және т. б. орналасқан. Жұлынның жүйке орталықтары рецепторлар және мүшелермен тығыз байланысты. Қозғалтқыш нейрондары - дене, аяқ-қол бұлшықеттері, тыныс алу еттерінің жиырылуына әсер етеді. Жұлынның қатысуымен қозғалу рефлексі жүзеге асады. Жүрек, тыныс алу, ішкі мүшелер жұмысында өзгерістер болады.

Өткізгіштік қызметі орталыққа тебетін (өрлеу, қозуды миға жеткізу) және орталықтан тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш жолдардан тұрады. Орталыққа тебетін өткізгіш жолдармен қозу миға беріледі. Орталықтан тебетін өткізгіш жолдар арқылы қозу мидан жұлынның төменгі бөлімдеріне, одан мүшелерге өтеді. Жұлынның қызметі тікелей мидың бақылауында болады.

Жұлынның да, мидың да сыртын үш түрлі қабықша қаптап жатады. Сыртқысы - қатты, ортаңғысы - торлы, ішкісі - жұмсақ қабық-шалар деп аталады. Ми мен жұлын жұмсақ қабығының қабынуынан көбіне сәбилер немесе жас балалар менингит - делбе деп аталатын жұқпалы ауруға шалдығуы мүмкін. Аурудың жалпы белгілері: бас ауырады, құсады, есінен айырылады және т. б. [2]

Вегетативтік жүйке жүйесі

Вегетативтік немесе автономдық жүйке жүйесі (вегетативная, или автономная нервная система) ; (systema nervosum autonomicum; грек, systema - жүйе, бөліктерден құралған бүтін; лат. nervus - жүйке; грек, autos - өзім, өздігінен; nomos - заң) - барлық ішкі мүшелер жүйелері мүшелерінің (асқорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелер жүйелері), тамырлар мүшелері жүйелерінің (қанайналым, лимфаайналым, қан жасау мүшелер жүйелері), сыртқы және ішкі секреция бездерінің, бірыңғай салалы ет ұлпасының қызметтерін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі. Вегетативтық жүйке жүиесі де, жүйке жүйесінің басқа бөлімдері сияқты нейроциттерден және жүйкелік глиядан (нейроглиядан) құралған. Вегетативтік жүйке жүйесі - организмдегі орналасу орындары мен атқаратын қызметтеріне байланысты симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерге бөлінеді. Олар өз кезегінде жүйке орталықтарынан және шеткі бөлімдерден құралады. Вегетативтік жүйке жүйесінің жүйке орталықтары жұлын мен мида орналасқан: қыртыстық, қыртысасты және өзіндік жүйке орталықтарына бөлінеді.

Вегетативтік жүйке жүйесінің шеткі бөлімін: преганглионды (ганглионалды) миелинді (үлпекті) жүйке талшықтары, экстрамуральды (қабырғадан тыс) және интрамуральды (қабырғалық) жүйке ганглиондары (түйіндері), постганглионды (ганглионсоңы) миелинсіз (үлпексіз) жүйке талшықтары қүрайды.

Вегетативтік жүйке жүйесінің, жүйке жүйесінің сомалық бөлімінен морфологиялық ерекшелігі - оның шеткі бөлімі орталық жүйке жүйесімен екі нейроцит (өзіндік орталық нейроциттері және шеткі жүйке ганглиондарының нейроциттері) арқылы байланысады. Жүйке ганглиондары нейроциттерінің аксондарының эффекторлы ұштары орындаушы мүшелерде аяқталып, оларды жүйкелендіреді (парасимпатикалық жүйке жүйесінің ұштары ішкі мүшелер қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттарды және бездерді, ал симпатикалық жүйке жүйесінің ұштары - қан және лимфа тамырлары қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттарды жүйкелендіреді) . [1]

Өсімді (вегетативті) жүйке жүйесінің жұмысы адамның еркіне бағынбайды. Сондықтан оны ерте кезде автономды (грекше - өз алдына заң) жүйке жүйесі деп те атаған. «Вегетативті» деген сөз латынша - өсу, қаулап өсу дегенді білдіреді. Ол ағзаның өсуіне қоректенуіне қатысты, жүйке жүйесінің белсенді қозуына қатысты және жыныссыз көбеюді сипаттайды. Сондықтан қазақша «өсімді» деген термин қалыптасқан. Өсімді жүйке жүйесі ішкі мүшелердің қызметінің бірімен-бірінің үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Ағзадағы зат алмасуды, ішкі ортаның тұрақтылығын реттеп отырады. Ағзадағы түрлі бездердің, қантамырларының және лимфа тамырларының қызметтері де өсімді жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Сонымен бірге өсімді жүйке жүйесі қаңқа бұлшықеттерінің қызметін реттеуге де қатысады. Өсімді жүйке жүйесінде рефлекстік доға үш нейрондық (сезгіш, байланыстырғыш, қозғалтқыш) байланыстан тұрады. Өсімді жүйке жүйесінде қозу баяу жүреді, өйткені оның жүйке талшықтарында майлы қабығы болмайды. Өсімді жүйке жүйесінің қызметін ми қыртысының маңдай бөлігі реттеп отырады. Өсімді жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық деп 2 бөлікке бөлінеді. Симпатикалық (грекше - сезгіш, қабылдағыш), парасимпатикалық (грекше - жанында, қасында) . Өсімді жүйке жүйесі де орталық және шеткі бөлімдерге бөлінеді. Орталық бөлімдері ми мен жұлында болады. Шеткі бөлімдері ми мен жұлыннан тыс жерлердегі жүйке бағанасында, жүйке түйіндерінде, өрімдерінде орналасады.

Өсімді жүйке жүйесі: а) парасимпатикалық бөлігі; ә) симпатикалық бөлігі.

Симпатикалық түйіндер тізбегі. Симпатикалық бөліктің орталығы жұлынның арқа сегменттерінде жүйке жасушалары шоғырланып орналасады. Шеткі бөліктеріне омыртқа жотасының екі бүйірінде орналасқан бір жұп симпатикалық бағана жатады. Симпатикалық бағанада 20-25 жүйке түйіндері бар. Жүйке түйіндері жүйке жасушаларының шоғырынан тұрады. Олардан құрсақ және жамбас қуысында орналасқан мүшелерге, ірі симпатикалық өрімдерге жүйкелер тарайды. Құрсақ қуысындағы ең ірі өрімнің жүйке түйіндерінен құрсақ қуысындағы барлық мүшелерге жүйкелер таралады.

Парасимпатикалық бөліктің орталығы ортаңғы мида, сопақша мида және жұлынның сегізкөз сегменттерінде орналасқан. Шеткі бөлімі ішкі мүшелердің маңында не тікелей.

Орталық жүйке жүйесі

Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық ағзалар мен физиологиялық жүйелер қыметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен үрдістерді сытртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бағытта өтуін қамтамасыз етеді. Адамда жүйке жүйесінің ең жоғары бөлімі-ми. Ми сыңары қыртысының ерекше қызметі - ойлау, дүниетану, пікір тудыру дегеніміз - жүйке жасушасы. Ол - жүйке жүйесі құрамындығы жеке (дербес) бөлік, сол жүйенің морфоөрекеттік негізі. Нейтрондардың арасын нейроглия толтырады. Ол нейрондарды жан-жақты қоршайтын құрылым.

Нейрондар пішіні, келемі жағынан әртүрлі. Бірақ қай нейрон болса да, ол дене және өсінділерден (талшықтардан) тұрады. Нейрон талықтары ұзындығына қарай (1 микроннан-1, 5 метрге дейін) аксон, дендрит болып екіге бөлінеді. Аксон нейронның ұзын, ал дендрит қысқа талшығы. Әр нейронда бір аксон, бірнеше дендрит болады.

Нейтроглия деп нейрондар аралығын толтыратын жасушаларды (гли-опдарды) айтады. Глия грек сөзі - желім дегей мағынада. Глиаксоны екі түрлі - астроциттер және өзара түйіспелер құрайды.

Астроциттердің өсінді талшықтары көп болады. Олар жасуша де-несінен күннің сәулесі тәрізді жан-жақта таралады. Астроциттер көбінесе мидың қан тамырлары бойында орналасады да, нейрондарды олармен байланыстырады. Олигодендпоциттер нейронның аксонын қоршайды, тармақтары өте аз болады.

Бұл жүйенің аты латынның limbus - жиек деген сөзінен алынған. Өйткені бұл жүйеге жаңа ми қыртысының түп жағында ми бағанын айнала қоршағап құрылымдар жатады. Олардың көбі ми сыңарларының ішкі бетінде сүйелді дененің жан-жағында орңаласқан: белдеуші қатпар (gyrus hippocampi) миндаль (бадамша) тәрізді кешен (комплекс), күмбез (fornix), гиппокамп, мамиллярлық дене. Бұл құрылымдарды 1878 ж. лимбиялық қыртыс деп атаған. Ол қызмет жағынан таламустың алдыңғы ядролары мен гипоталамус және ортаңғы мидың торлы Құрылымымен тығыз байланысты. Осы аталған құрылымдардың қызмет бірлігін, оның аса күрделілігіп көрсету үшін 1952 ж. П. Д. Мак-Лин (америка ғалымы) оларды бір лимбиялық жүйеге біріктіреді (22-сурет) .

Лимбиялық жүйенің ең көрнекті қызметінің бірі ішкі ортаның тұрақтылығын және жануарлардың белгілі бір түрінің түр сақтаудағы арнамалы әсерленістерін сақтау. Лимбиялық жүйенің әрбір бөлігін жеке тітіркендірсе түрлі вегетативтік функциялар, ішкі ағзалардың қызметі өзгереді. Мысалы, бадам тәрізді кешенді тітіркендіргенде жүректің соғу жиілігі мен тыныс жиілігі және қан тамырлар тонусы өзгереді. Ас қорыту ағзаларының қызметі ішек қимылы, сілекей бөлінуі көбейін, шайнау, жұту қимылдары пайда болады. Мұнымен қатар, қуық жатыр жиырылады, пилоэрекция күшейееді. Мұндай өзгерістер лимбиялық жүйенің басқа бөліктерін тітіркендіргенде де пайда болады. Мұнымен қатар қуық, жатыр жиырылады, пилоэрекция күшейеді. Мұндай өзгерістер лимбиялыық жүйенің басқа бөліктерін тітіркендіргенде де пайда болады. Айтылған вегентативтік әсерленіс гипоталамусты жеке тітіркендіргенде кездесетін әсерленістерге ұқсас, дегенмен тұтас лимбиялық жүйенің қатысуымен вегетативтік әрекеттердің реттелуі гипоталламустан көп жоғары дәрежеде өтеді.

Лимбиялық қыртыс гипоталамуспен бірге ішкі ортаның мұқтаждығын қамтамасыз ететіп іс-әрексті мен эмоцияның калыпптасуына қатысады. Лимбиялық жүйенің кейбір жерін тітіркендіргенде жануарларда себепсіз ашу, ызалану, бой бермей шабуыл жасау немесе қорқыныш сезімдері пайда болады. Егер ол бөліктерді алып тастаса, мысалы, бұрын шабуыл жасауға әрқашан даяр маймыл жетекшісі жуас және сенгіш болып қалады. Мұнымен бірге оның ас іздеу әрекеті және жыныстық функциясы бұзылады. Мұның бәрі лимбиялық жүйе, гипоталамус секілді, вегетативтік және денелік, эндокриндік әрекеттерді үйлестіріп біріктіретінің көрсетеді.

Лимбиялық жүйе есте сақтау қызметіне қатысады. Адамның гап-покампын алып тастаса, жақын арада болғап барлық окиғалар естен шығып, ұмытылады. Ал операция кезінде бұл құрылым тітіркендірілсе, бірден тез өтетін оқиғалар еске түседі.

Гиппокамптың құрылым ерекшеліктері ондағы қозудын кейрондар тізбектері арқылы айналып жүруіне керекті жағдай туғызады. Осы мәселе, оның есте сақтау қызметінің негізін құрады. Есте сақтау бұл гиппокамп пен жаңа қыртыстың қызметі. Гиппокамп арқыпы лимбиялық жүйе жаңа ми қыртысының самай, мандай бөлімдерімен байланысады. Қорыта келгенде лимбиялық жүйе ескі құрылым болғанымен жаңа қыртыспен қызметі тығыз байланысты және онымен қосылып бүкіл вегетативтік және дене қызметтерін реттеу, үйлестіру жұмыстарына қатысады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабілет анықтамасы
Темперамент – психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың формальды – динамикалық қасиеттері
Темперамент жайлы ақпарат
Дифференциалды психология
Адам темпераменті
Вегетативті жүйке жүйесінің бөлімдері
Холерик темпераменті
Темпераменттің жалпы түсінігі
Индивидуалды айырмашылық психологиясы
Жекелік айырмашылықтар ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz