Орталық жүйке жүйесінің физиологиясы



1. Жұлын . орталық жүйке жүйесінің негізі

2. Орталық жүйке системасының жеке бөлімдеріні қызметі.
а) Артқы ми және ортаңғы миға сипаттама
б) Мишық қыртысының құрылысы
в) Төмпешік

3. Лимбиялық жүйе. Ескі және жаңа қыртыс
ОЖЖ-ның бөлімдеріне: жұлын, артқы ми, ораңғы ми, мишық, аралық ми, алдыңғы ми, жатады.Орталық жүйке системасы организмнің барлық системаларының қызметін біртұтас біріктіріп, сыртқы ортамен өзара қатынасын реттейді. Жүйке системасының біртұтастық қызметі үш түрге бөлінеді: сенсорлы, моторлы және вегетативті. Адамның сенсорлы және моторлы қызметі қосылып, соматикалық болып аталады.Соматикалық қызметті қамтитын бағыт барлық орталық жүйке системасына таралады-жұлыннан бастап ми сыңарларына дейін.
Жұлын. Жұлын омыртқа жотасының қуысында орналасқан. Жұлын рефлекторлық және өткізгішті қызмет атқарады.Афференттік талшыктар жұлынның арттқы түбірлеріне келіп жанасады да, эфференттік талшықтар оңың алдыңғы түбірінен шығып таралады. Адамда байқалатын көптеген рефлекстер жұлыннын кызметіне байланысты. Мысалы, тізе рефлексі. Бұл рефлексті санның төрт басты бұлшық етін тітіткендіріп байқауға болады. Тізе рефлексінің жасқа тәуелді айырмашылықтары болады. Бір жастан кейін жасқа әруақытта пайда болуы мүмкін, бірақ та айқын болмайды. 8-23 жас аралықтарында тізе рефліксін әруақытта байқауға болады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Жаратылыстану факультеті

Тақырыбы: Орталық жүйке жүйесінің физиологиясы

Орындаған: Сапақова А.
Курс : 1
Топ: ГТК-3
Қабылдаған: аға оқыт. Құлжанова Д. Қ.

Алматы - 2008

ЖОСПАР

1. Жұлын - орталық жүйке жүйесінің негізі

2. Орталық жүйке системасының жеке бөлімдеріні қызметі.
а) Артқы ми және ортаңғы миға сипаттама
б) Мишық қыртысының құрылысы
в) Төмпешік

3. Лимбиялық жүйе. Ескі және жаңа қыртыс

1. Жұлын - орталық жүйке жүйесінің негізі

ОЖЖ-ның бөлімдеріне: жұлын, артқы ми, ораңғы ми, мишық, аралық ми,
алдыңғы ми, жатады.Орталық жүйке системасы организмнің барлық
системаларының қызметін біртұтас біріктіріп, сыртқы ортамен өзара қатынасын
реттейді. Жүйке системасының біртұтастық қызметі үш түрге бөлінеді:
сенсорлы, моторлы және вегетативті. Адамның сенсорлы және моторлы қызметі
қосылып, соматикалық болып аталады.Соматикалық қызметті қамтитын бағыт
барлық орталық жүйке системасына таралады-жұлыннан бастап ми сыңарларына
дейін.
Жұлын. Жұлын омыртқа жотасының қуысында орналасқан. Жұлын
рефлекторлық және өткізгішті қызмет атқарады.Афференттік талшыктар жұлынның
арттқы түбірлеріне келіп жанасады да, эфференттік талшықтар оңың алдыңғы
түбірінен шығып таралады. Адамда байқалатын көптеген рефлекстер жұлыннын
кызметіне байланысты. Мысалы, тізе рефлексі. Бұл рефлексті санның төрт
басты бұлшық етін тітіткендіріп байқауға болады. Тізе рефлексінің жасқа
тәуелді айырмашылықтары болады. Бір жастан кейін жасқа әруақытта пайда
болуы мүмкін, бірақ та айқын болмайды. 8-23 жас аралықтарында тізе
рефліксін әруақытта байқауға болады.
Жұлын өткізгіштік қызмет атқарады, соның нәтижесінде ми мен барлық
органдардың арасындағы байланыс жүзеге асады. Қозу импулстерін өткізетін
екі түрлі жол болады: жоғары көтерілуі жолы және төмен түсу жолы. Жоғары
көтерілу жолы арқылы шеткі органдардан (теріден, бұлшық еттерден т.б.)
импульстер жұлынға және миға барады. Соның нәтижесінде ми қыртыстарында
және оның жеке аймақтарында әртүрлі сезім түйсіктері пайда болады: жылыны
сезу, суықты сезу, ауыртуды сезу т.б...
Төмен түсетін жол рқылы импульстер нейрондардың бойымен шеткі бөлімге-
органдарға барады. Осы импульстердің әсерінен әртүрлі органдардың қызметі
өзгереді: екелет еттері жиырылады, несеп бөлінеді және нәжіс шығады т.б.
Жұлын зақымдалса (ісік пайда болу, жарақаттану т.б.) оның өткізгіш жолдары
зақымдалса, дененің түрлі бөлімдерінің сезімталдығы жоғала бастайды, бұлшық
еттердің өздігінен жиырылуы бұзылады (сал болу) және басқа да өзгерістер
байқалады. Жұлынның жүйке орталықтары зақымдалса, рефлекстер пайда болмайды
немесе пайдп болған рефлекстер жойылып кетеді.
Жұлынның алдыңғы және артқы бетіндегі ұзыннан ұзақ созылып жатқан сай
болады, пішіні цилиндр тәрізді болып келеді. Бала төрт жасқа келгенде
алдыңғы және артқы диаметрі ересек адамдарға жақындау болады. Алты жастан
кейін жұлын көлденеңіне қарай көбірек өседі. Мойын және бел бөлімдері
жуандау болып бітеді. Он екі жаста жұлынның диаметрі екі есе өседі. Жұлын
жатқан омыртқа қуысының диаметрі 5-7 жасқа дейін едәуір үлкейеді. Омыртқа
қуысының бұл жаста өсуі жұлын көлемінің жоғарлауына байланысты.

2. Орталық жүйке системасының жеке бөлімдеріні қызметі.

а) Артқы ми және ортаңғы миға сипаттама.
Сопақша ми. Сопақша ми ми сауытында орналасқан. Төменгі жағы жұлынмен,
жоғары жағы ми көпіршесімен жалғасады. Онда жұйке клеткалары шоғырланып,
ядролар құрайды. Сопақша мидың атқаратын қызметі жұлынға ұқсас, ал бірақ
бұның реттеу қызметінің әсері күрделірек. Мұнда тіршілік әрекетіне өте
қажетті көптеген орталықтар бар. Мысалы, тыныс алу, қан айналу, ас қорыту
т.б. Тыныс алу орталығынан импульстер жұлынға барып, қабырға аралық еттер
мен диафрагманы (көк ет) қозғалтады. Соның нәтижесінде тыныс алу еттерінің
жұмысы бір қалыпты жүзеге асып, өкпе ырғақты тарылып, кеңейіп тұрады. Жүрек
рефлексі де ядромен байланысты. Бұл рефлекс жүректің жұмысын өзгертеді.
Сопақша мида еттің тонусын реттейтін орталықтар бар. Тонус рефлексі
балалар дүниеге келген күннен пайда болып, жас жоғарылаған сайын жетіле
түседі. Балаларда тері рефлексі де жасалады. Мысалы, санның ішкі жағынан
тітіркендірсе, аяқ бүгіледі. Тұжырымдап айтқанда, сопақша мида жоғарыда
айтылғаннан басқа да рефлекстер туғызатын жұйке орталықтары бар.
Ортаңғы ми. Ортаңғы ми көпіршенің алдыңғы жағында орналасқан. Ортаңғы
ми төрт төмпешіктен, қызыл ядродан және субстанциядан тұрады. Ортаңғы мидың
жақсы дамуы бала өмірінің жасөспірім кезеңінде (16 жаста) байқалады. Мидың
бұл бөлімі құрылысының күрделі болуына байланысты рефлекторлық қызметі де
күрделі болып келеді.
Төрт төмпешіктің екі жұп төмпешіктері болады. Төрт төмпешіктің алдыңғы
екі төбешігінде көрудің алғашқы рефлекторлық орталығы бар. Артқы жұп
төбешігі естудің алғашқы рефлекторлық орталығы болып есептеледі. Төрт
төмпешік зақымдалса, адамның көру және есту қабілеті бұзылады.
Қызыл ядро-сұр заттың жиынтығы. Бұның негізгі қызметі-еттің тонусын
тарату және қозғалту рефлокторлық реакцияның өзара бірлесуін жүзеге асыру.
Қызыл ядро статикалық жұмыстың, тұру жағдайдың, жүрудің және автоматтық
қозғалыстардың орындалуын реттейді. Осы ядро арқылы импульстер мишықтан
жұлынға және миға барады.
Қара субстанцияның қызметі бұлшық еттердің тонусын және әртүрлі нәзік
қозғалыстарды реттеп отырады. Мысалы, қол саусақтарының, шайнау және жүру
сияқты күрделі рефлокторлық әрекеттердің бірқалыпты байқалуын жүзеге асыру.
Ортаңғы мидың басқа ядроларына қарағанда, бұл баяу жетіледі, сондықтан
реттеу қызметіне біртіндеп қосылады. Оның баяу жетілуіне меланин
пигментінің жиналуы себеп болады. Жаңа туған баланың субстанциясында мұндай
пигмент болмайды. Алғашқы рет ол баланың 2-4 жасында пайда болады да, 15-16
жастарында толық байқалады.
Аралық ми. Аралық ми ортаңғы мидың алдыңғы жағында орналасқан. Ол көру
төмпешегінен (таламус) және төмпешік асты аймақтан (гипоталамус) тұрады.
Мидың бұл бөлімі, әсіресе, адамда жақсы жетілген.
Аралық мидың негізгі массасы-көру төмпешігі. Бұл қабаттала келіп,
бірнеше ядроға бөлінеді (алдыңғы, ішкі, сыртқы және артқы). Көру төмпешігі
арқылы ми қыртыстарына баратын афференттік импульстер өтеді.
Гипоталамус көру бөлімінен, емізік тәрізді денеден және меншікті
аймақтан тұрады. Көру бөліміне зат алмасу мен дене температурасын реттеуге
байланысты сұр төбешік жатады. Сұр төбешік клеткаларының дифференциялануы
және пісіп жетілуі ертерек басталып, 6 жаста аяқталады. Клеткалары мен
өткізгіш жолдары содан кейін де, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлар физиологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Орталық жүйке жүйесінің жеке физиологиясы
Нейронның құрылысы қызметі
ОЖЖ-нің жеке физиологиясы
Физиология ғылымы
Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінен дәрістер
Орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің функционалдық маңызы
Қан жүйесінің физиологиясы
Нервтер мен нерв талшықтары
Синапстың құрылымы және жіктелуі
Пәндер