Экология ғылымы, оның міндеттері туралы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Экология ғылымы, оның міндеттері. Экологиялық факторлар және олардың өзара ықпалы
Қазіргі кездегі кез келген аймақтарда таралған тірі ағзалар ұзақ уақыттарды қамтитын геологиялық дәуірлерде бірте-бірте қалыптасқан және олар өздері тіршілік ететін орта жағдайларына бейімделген. Тірі ағзалар өзара және айналадағы табиғи орта жағдайларымен үнемі қарым-қатынаста, әрі өзара тығыз байланыста болады. Оны ғылым тілінде экологиялық немесе табиғи тепе-теңдік құбылысы деп атайды.
Экология деген сөзді ғылымға алғаш рет енгізген көрнекті неміс ғалымы Эрнест Геккель (1834-1919) .
«Экология» сөзі гректің «ойкос» сөзінен алынып, «қоныс, мекен ететін жер», «тұратын үй» деген мағыналарды білдіреді. Геккельдің пікірі бойынша, экология ғылымы тірі ағзалардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасын және олардың айналадағы табиғи орта жағдайларымен байланысын зерттейді.
Тірі ағзалар белгілі бір табиғи орта жағдайларында ғана тіршілік етуге бейімделген және олардың арасында тығыз үйлесімділік, бір-біріне тәуелділік қалыптасқан. Сондықтан да тірі ағзаларды өздері тіршілік ететін орта жағдайларынан бөліп қарауға мүлде болмайды.
Экология ғылымының негізгі міндеттеріне ағзалар мен айналадағы орта арасында болатын өзара қарым-қатынастарды, тығыз байланыстарды зерттеу жатады. Сонымен қатар, оған тірі ағзалардың өз ішінде болатын байланыстарды да және айналадағы орта жағдайларының сол ағзалардың құрылысына, тіршілік әрекетіне, таралуына және мінез-қылығына тигізетін әсерін анықтау да қамтылады. Мысалы, Қазақстан жерінің 70%-ке жуығын шөлді және шөлейтті аймақтар алып жатыр, Ондағы өсетін өсімдіктер мен тіршілік ететін жануарлар арасында және оларды айналадағы жағдайларының арасында да өзара тығыз байланыстылықты көруге болады. Бұл аймақта өсетін сексеуіл, жүзгін, қоянсүйек, қияқ, құмаршық, изен, бүрген, т. б. өсімдіктер шөлді жердің табиғатына мейлінше бейімделген. Олардың жапырақтарының пішіні тікенекті - ине тәрізді немесе жапырағы ұсақ, ал тамырлары өте тереңге таралған. Ал бұл аймақтарда кездесетін көптеген жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер шөлді жерге бейімделгені өздеріңе жануартану пәнінен белгілі. Әрбір бірлестіктегі жеке түрлерге жататын даралардың өзара және олардың басқа түрлер популяцияларымен қарым-қатынасын, дамуы мен алмасуына айналадағы орта жағдайларының тигізетін әсерін зерттеу де - экологиялық міндеттердің бірі.
Әрбір бірлестік үнемі өзгеріп отыратын және өзін-өзі реттейтін жүйе болғандықтан, ондағы тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу бағыттары да үнемі өзгеріп отырады, мұны анықтау да экология міндеттеріне кіреді. Тірі ағзалардың өздері тіршілік ететін орта жағдайларына геологиялық дәуірлерде бірте-бірте бейімделгендігін эволюциялық тұрғыдан анықтау да - экологиялық міндеттерге тиесі мәселе.
Қазіргі таңда халық шаруашылығының кез келген салаларын дамыту үшін экологиялық білімнің қажеттілігі арта түсуде. Әсіресе ауыл шаруашылығын дамытуда, өнеркәсіпті өркендетуде және табиғат байлықтарын пайдалану мен табиғатты көркейту шараларының бәрінде де экология ғылымының көрсетер көмегі орасан зор. Сондықтан да экология халық шаруашылығының барлық салаларын дамытуда әрі ғылыми, әрі іс жүзінде негіз болып саналады.
Экологиялық факторлар. Тірі ағзалардың таралуы негізінен экологиялық жағдайларға тікелей тәуелді болады. Әрбір орта жағдайы түрлі ағзаларға түрліше әсер етеді. Сонымен қатар, тірі ағзалардың бір-біріне әсері және орта жағдайлары мен ағзаларға адамның іс-әрекетінің әсері де экологиялық жағдайларға жатады. Сондықтан да ағзаларға, популяцияларға, бірлестіктерге, экологиялық жүйелерге және биосфераға ықпалын тигізетін, табиғи ортаның әрбір жеке құрамды бөліктерінің жиынтығы экологиялық факторлар деп аталады.
Экологиялық факторлардың жеке дара ерекшеліктеріне байланысты олардың үш тобын ажыратады.
Бейбиотикалық факторларға айналадағы ортаны, яғни өлі табиғатты құрайтын жеке құрамды бөліктері жатады. Оған біріншіден, белгілі бір аймақта тіршілік ететін барлық ағзалар тобына әсер ететін климаттық факторларды (ауаның ылғалдылығы, жауын-шашынның мөлшері, ауаның температурасы, жарық мөлшері, күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері, ауа қысымы, ауаның құрамы) жатқызуға болады, екіншіден - құрлықта тіршілік ететін ағзаларға топырақтың әсері (химиялық құрамы, физикалық және механикалық ерекшелігі) жатады; үшіншіден суда тіршілік ететін ағзалар үшін гидрологиялық факторлар (судың тұнықтығы, күн сәулесінің түсуі, құрамы, қысымның түсуінің өзгеруі, ластануы, т. б. ) жатады; төртіншіден - жер бедерінің әсері (күн сәулесінің түсу ерекшелігі, беткейдің кеңістігі, т. б. ) да жатады.
Биотикалық факторларға ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері жатады. Оған ағзалардың өзара селбесу арқылы тіршілік етуі, арамтамақтық тіршілікке көшуі, жыртқыш пен жемтігі, т. б. жағдайлар жатады. Биотикалық факторлар бір популяция ішіндегі даралар арасында және жеке популяциялар арасында байқалады. Мысалы, бөкендердің жайылымдардағы өсімдіктерге әсері, бөкендердің тіршілік үшін бір-біріне өзара әсері немесе қасқырдың бөкенге шабуылы, т. б. әсерлерді атауға болады.
Антропогендік факторларды биотикалық факторлар қатарына жатқызып келген болатын. Бірақ соңғы кездегі адамның іс әрекетінің табиғатқа қарқынды, әрі жан-жақты ықпал етуіне байланысты ол жеке қарастырылады. Антропогендік факторлар тікелей ағзаларға және айналадағы жағдайларына да әсер ете алады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Оған мысал ретінде Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экологиялық апатты аймақтарға айналғандығына антропогендік факторлар негіз болғанын атап айтуға болады.
Әрбір ағзаға бір мезгілде осы айтылған факторлар жиынтығы да ықпалын тигізеді. Бұл жағдайлардың қалыпты жағдайдан ерекше ауытқуы сол ағзаның тарихи дәуірлерде қалыптасқан тіршілігіне әсерін тигізбей қоймайды, соның нәтижесінде табиғи тепе-теңдік бұзылады да, өз кезегінде сол бірлестіктегі басқа да ағзаларға нұқсан келтіреді.
Кез келген ағзаның тіршілік жағдайына өте қолайлы әсерлер жиынтығын қ олайлы немесе оптимум факторлар деп атайды.
Әр түр үшін белгілі бір факторлардың қолайлы мәні түрліше болады. Бір түрге қолайлы әсер, екінші бір түрге керісінше зиянды болуы мүмкін. Сондықтан да қазіргі кездегі жер бетіндегі және су айдындарындағы барлық ағзалар белгілі бір заңдылықтар бойынша экологиялық факторларға байланысты таралған.
Факторлардың ағзаға ықпалы. Шектеуші фактор. Кез келген ағзаларға ықпал ететін факторлар бір-біріне байланысты болады және оған ағза түрліше бейімделе алады. Ағзаға әсер ететін орта жағдайларының қолайлы әсері мен оның шегі басқа әсерлердің ықпал ету деңгейіне де тікелей байланысты болады. Мысалы, егер қолайлы температуралық жағдай болса, айналадағы ортаның ылғалдылығының қолайсыздығына және қорегінің жеткіліксіздігіне қарамастан, ағзаның орта жағдайына төзімділігі арта түседі. Екінші жағынан алып қарағанда, қоректің көп болуы сол ағзаның ауа райының түрліше өзгерістеріне төзімділігін арттыра түседі. Бірақ та мұндай бірін-бірі толықтыра түсудің де шегі болады, соның арасында ағзаның тіршілігі үшін қажетті бір фактордың орнын басқа фактор баса алмайды. Кейбір әсерлерді қолайлы деп айтуға мүлде болмайды. Мысалы, ағзаға әсер ететін радиация сәулелерінің қандай мөлшері болса да зиянды ықпал жасайды. Егер оның мөлшері артатын болса, ол соғұрлым қауіпті болып саналады.
Бір түрдің санының көбеюі және оның басқа түрлермен бәсекеге түсу қабілеті сол түрге тән қолайлы факторларды шамадан тыс ауытқытатын факторлар арқылы шектелетін болады. Егер де ағзаға ықпал ететін факторлардың біреуінің сандық мөлшері төзімділік шегінен артып кетсе, онда басқа жағдайлар қанша қолайлы болғанымен де түр тіршілік ете алмайды. Ағзаның тіршілігіне колайлы әсерлердің ең төменгі, әрі ең жоғары шегінен шығып кететін факторларды шектеуші факторлар деп атайды. Орта жағдайының шектеуші факторлары кез келген түрдің географиялық таралу аймағына тікелей әсер етеді. Мысалы, көптеген өсімдіктер мен жануарлардың таралуына жылудың жетіспеуі шектеуші фактор болса, керісінше сол түрлердің онтүстікке таралуына ылғалдылықтың жетіспеуі немесе өте жоғары температуралық факторлар шектеуші әсер болып саналады. Сонымен қатар, ағзаның таралу аймағының шектеуші факторларына биотикалық әсерлер де ықпал жасайды, яғни өзінен күшті қарсыластарының болуы (жануарлар үшін) немесе өсімдіктерді тозаңдандыратын жәндіктердін жетіспеуі, т. б. факторлар әсер етеді.
Күн сәулесі спектрінің әр түрлі үлескілерінің биологиялык әсері.
Экологиялық болжау және үлгілеу. Қазіргі кездегі ғылыми-техникалық прогрестің жан-жақты, әрі қарқынды түрде дамуы және оның табиғатқа әсері келешекте қандай жағдайларға әкеп соғатынын алдын ала болжау және оны үлгілеу шараларын жүргізуді талап етеді, Экологиялық жүйедегі (табиғи бірлестіктегі) өзара қарым-қатынасты зерттеп білу үшін әр түлі әдістер қолданылады: эксперимент, табиғатқа ұзақ мерзімді салыстырмалы бақылаулар жүргізу, әрбір популяциялардағы жеке даралар санын есепке алу, жануарлардың қоныс аударуларын анықтау, т. б. жатады. Табиғатта болып жатқан сан алуан өзгерістерді толық және жан-жақты танып білу үшін соңғы кезде үлгілеу әдісі де (жасанды экологиялық жүйе) кеңінен пайдаланылуда. Мұндай жағдайда зерттеу кезінде алынған деректерді математикалық әдіспен шешеді (математикалық үлгілеу) . Елімізде биосфераны мұндай математикалық үлгілеу жұмыстары 1972 жылдан басталды. Математикалық үлгілеу әдісі арқылы биосфераға адамның іс-әрекетінің қаншалықты ықпал ететінін, оның келешектегі әсері қалай болатынын және биосферадағы тіршілік жағдайларының қалай өзгеретінін алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Алынған деректерді математикалық ЭВМ арқылы есептейді.
Экологиялық факторлар
Кез келген тiрi организм өзiн айнала қоршаған табиғи орта мен тығыз байланысты ғана өмiр сүре алады. Олар - топырақ, су, минералды заттар, жер бедерi жәнә атмасфералық әр түрлi құбылыстар. Табиғи ортаның компаненттерi (iрi немесе ұсақ бөлiктерi) тiрi организмдерге оң немесе терiс әсер етуi мүмкiн.
Сондықтан әрбiр организмнiң өзiне ғана қолайлы ортаснем немесе мекенi болуы тиiс. Мәселен, көлбақа үшiн қалыпты өсiпкөбеюiне қолайлы орта ылғалы мол көл жағасы. Ал, қуаң дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз, өмір сүре алмайтын орта болп табылады. Бірақ та организм үшін таиғаттың барлық элементтері белгілім өлшерде қажет және жиынтық күйінде әсер етді. Oлардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем қажет емес зиянды болуы мүмкін. Cонымен орта дегенміз -организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуымен таралуына, тікелей жанма әсер ететін айнала қоршаған орта компоненттерің жиынтығы. Aл, организмге қажетті жағдайлар деп - тек сол организм үшін алмаструға келмейтін табиғи ортаның элменттерін айтамыз.
Экологиялық факторлар дегеніміз - организм үшін қажетті немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз табиғатта эќколгиялық факторлар жиынтық күйінде әсер етеді организмдер болса фактрлардың әсеріне әр түрлі реакция(жауап) береді. Мәселен, ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші роль атқаса, ал тұщы су оргнизмдері үшін қажеті шамалы.
Шөл - шөлейтті жерлердегі өсімдіктері үшін жоғары температура, ылғалдың аздығы қолайлы фаќторлар болса, ал орман өсімдіктеріне бұл қолайсыз ортаның факорлары болып табылады. Міне, осы жағдайлар мен факторлар оларға организмдердің бейімделуі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан тарихи дамудың жемісі деп білеміз нәтижесінде өсімдіктр мен жануарлардың түбегейлі қалыптасқан геогрфиялық белдемдері айқындалады.
Факторлар үш негізгі топқа жіктеледі абиотикалық, биотикалық және антропикалық.
Абиотикалық факторлар дегеніміз - организмдерге әсер ететін бейорганиҝалық ортаның җиынтығы. Олар химиялық(атмосфераның химиялық құрамы теңіз және тұщы сулар шөгінділер т. б. ) және физикалық (температура қысымы ылғал жел радиацият. б. ) деп бөлінеді. Сол сияқты жердің рельефі геологиялық және геоморфологиялық құрылымы ортаның сілтілік немесе қышқлдығы космостық сәулелер т. б. факторлар организм үшін әртүрлі деңгейде әсер етеді.
Биотикалық факторлар дегенміз - тірі организмдерің бір-біріне және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Бұл өте күрделі процестер жиынтығы. Өйткені, тірі организмдер бір-бірімен қоректену, бәсекеге, парзиттік, жыртқыштық, селбесіп тіршілік ету арқылы алуан түрлі қарым -қатнаста болады. Аталған қарым - қатнастар өсімдік жануар мен өсімдік немесе жануарлар мен жануар арасында болуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz