Кең көлемді халықаралық стандарттау



1 Кең көлемді халықаралық стандарттау
2 Мемлекетаралық стандарттау
3 ИСО сериялы стандарттар
4 ИСО құрылымы
Ұлттық стандарттарда елдің ғылыми техникалық даму деңгейіне байланысты өз ерекшеліктері қамтылады.Сондықтан біртүрлі материалдар мен бұйымдарға қарасты әр елдің стандарт талаптары бір бірінен жиі айырмашылықта болады.Бұл жағдай халықаралық сауданы дамытуға үлкен кедергі келтіреді.Сондықтан сауда қатынасын жасайтын елдердің стандарттарын бір бірімен сәйкестендіру қажеттілігі туындайды.Яғни ұлттық стандарттарды халықаралық,аймақтық,мемлекетаралық стандарттар шеңберінде өзара сәйкестендіру қажеттілігі пайда болады.Осы қызметті атқару үшін стандарттау саласында әртүрлі халықаралық ұйымдар мен мекемелер құрылды.

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1 Кең көлемді халықаралық стандарттау
2 Мемлекетаралық стандарттау
3 ИСО сериялы стандарттар
4 ИСО құрылымы

Кең көлемді халықаралық стандарттау

Ұлттық стандарттарда елдің ғылыми техникалық даму деңгейіне
байланысты өз ерекшеліктері қамтылады.Сондықтан біртүрлі материалдар мен
бұйымдарға қарасты әр елдің стандарт талаптары бір бірінен жиі
айырмашылықта болады.Бұл жағдай халықаралық сауданы дамытуға үлкен кедергі
келтіреді.Сондықтан сауда қатынасын жасайтын елдердің стандарттарын бір
бірімен сәйкестендіру қажеттілігі туындайды.Яғни ұлттық стандарттарды
халықаралық,аймақтық,мемлекетаралық стандарттар шеңберінде өзара
сәйкестендіру қажеттілігі пайда болады.Осы қызметті атқару үшін стандарттау
саласында әртүрлі халықаралық ұйымдар мен мекемелер құрылды.
Стандарттау жөнінідегі ұлттық ұйымдардың жұмысын үйлестіру ма0сатында
09рыл5ан халы0аралы0 мекемелерд34 ат0ару органдары және өз жарғылары
болады. Бұл жалықаралық ұйымдардың мүшелеріне осы халықаралық қызметті
жүргізуге елеулі роль атқарушы айырықша дамыған елдер қабылданады. Дүние
жүзінде тоуар саудасы мәселесімен айналысатын 4000төрт мыңдай ұйым бар.
Олардың 400дейі стандарттау мәселесімен айналысады.
Стандарттау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық 1921 жылдан
басталған.Сол жылы 7 елдің қатысуымен болған стандарттау жөніндегі
халықаралық Ұлттық қауымдастық федерациясы құрылды.
1946 жылы Біріккен ұлттар ұйымының шешемімен стандарттау жөнінідегі
халықаралық қауымдастық ИСОқұрылып, жарғысы қабылданды. Ұйымдастыру
әдістемесі мен құрылымы анықталады. ИСО-ның негізгі мақсаты халықаралық
саудаға жәрдем ету.
ИСО-ның басқару органдары: Бас Ассамблея, ИСО кеңесі, кеңес
комитеттері, техникалық комитеттер, орталық хатшылық. Бас Ассамблея
басқарудың жоғарғы ұйымы болып табылады. Ол жылына бір мәрте шақырылады.
Бас Ассамблея сессия аралығында ИСО-ның жұмысын оның кеңесі
басқарады.Кеңестің басшылық қызметін ИСО-ның президенті атқарады. ИСО
кеңесіне стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдардың өкілдері кіреді. Олар
стандарттау жөнінідегі ғылыми мекемелердің өкілдері. Президент пен кеңес
мүшелері үш жылдық мерзімге сайланады.ИСО комитеттер құрамында қызмет
салалары бойынша 52 техникалық комитеттер мен жұмыс топтары кіреді. Қазір
олардың жалпы саны 2,500 жетті.
Комитеттердің қызметтік бағыты стандарттау жөніндегі Ұлттық
өкілдіктердің техникалық комитеттерімен сәйкес келеді. Бұл комитеттер :
1стандарттың сапа жүйесі мен өнімнің сәйкестігін бағалау тәсілін
зерттейді;
2өнімді сынау, тексеру, сетификаттауды басқару жұмыстарын жүргізеді.
Сынақ зертханалары мен тексеру ұйымдарының жұмысыны бағалау жасайды;
3Ұлттық және халықаралық стандарттардың өзара ұйғарылуы, танылуына
жәрдемдеседі.
Техникалық комитеттер экономика салалары және ғылымизерттеу,
денсаулық, білім беру салалары бойынша құрылады.
Қазіргі кезде ИСО стандарттары жасалмаған қандай да бір сала жоқ деп
айтуға болады. Олардың саны 7500. Соның ішінде машина жасау 30%, металл
емес бұйымдар12 %, қазба байлықтар 9%, құрылыс 3%, көлік 2%, арнайы техника
4% және ИСО-ның негізін қалаушы стандарттары 3,5% т.б.
ИСО-ның техникалық комитетінің құрылымы ауқымды процестерді ескеру
арқылы жыл сайын жақсарып отыпрды. Мұнда негізгі нысана сапаны басқару және
сапа жүйесіне бағытталады. 1999 жылы сапаны басқару және сапа жүйесінің
техникалық комитеті ТК құрылды.
Бұл комитет ИСО негізгі басқару жүйысінің бірі болып саналады. Осы
комитет ИСО-ның 9000 стандарттар сериясын жасап шығарды.Оларды сапаны
басқарудың негізгі принциптері қамтылған. ИСО іс қызметі нарықтық экономика
принциптерін қатаң ұстанады. Яғни ИСО стандарттары нұсқаушылық міндеттер
атқарады. Әрбір елдің оны тұтастай немесе кейбір бөлімдерін қолдануына
болады немесе мүлде қабылдамауға да ерікті.
Алайда, әлдекім нарық бойынша тауар өндірушінің күшті бәсекелестігі
олардың бірлестік қабілетін арттыру үшін ИСО-ның стандарттарын қолдануға
мәжбүр етеді. Себебі ол стандарттар бизнесте озық жүрген әлемнің таңдаулы
компанияларының тәжірбиелеріне негізделген.
Халықаралық стандарттарды әзірлеу кезінде, стандарт талаптарын
даиындауда ИСО мүше өкілділіктері арасында өткір бәсеклестік туындайды.
Халықаралық стандарттау саласында ИСО – дан басқа мынадай ұйымдар
бар; Халықаралық электротехникалық комиссия (МЭК). Оның қызметі
электротехника, радиоэлектроника және байланыс саласы бойынша халықаралық
стандарттарды әзірлеу.
- заңнамалық метрологияның халықаралық ұйымы. Мұның қызмет бағыты:
- өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттарын, нормалаудың бірыңғай
әдістерін белгілеу, өлшеу құралдарын сәйкестендіру , метрологиялық
қызмет саласындағы ғылыми жұмыстарды үйлестіру, метрология
саласында бірыңғай принциптерді белгілеу, кадрларды дайындау,
ғылыми техникалық жәрдем көрсету.
- сапа жөніндегі Европалық ұйым (ЕОК). Жұмысбағыты – сапа мәселесі
жөнінен басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар, анықтамалар,
нұсқаулар әзірлейді.Ғылыми практикалық конференцияларды
ұйымдастырады.Негізгі тұрағы Лонданда. Жыл сайын конгрестер
өткізеді.
- сынақ зертханаларын тіркеу (аккредитациялау) жөніндегі халықаралық
конференция.Негізгі қызмет бағыты сынау, сертификаттау саласындағы
жұмыстарды үйлестіру. 1985 жылдан жасайды.
- стандарттау жөніндегі Еуропалық комитет. Негізгі қызмет бағыты
мен мақсаты: Еуропалық мүше елдердің стандарттарын өзара
үйлестіру,Еуропалық стандарттарды әзірлеу.Олар ИСО стандарттарының
негізі болып табылады. Орталығы Брюссельде.
Еуропаның 7 елі қатысқан Кодекс алиментариус комиссиясы,БҰҰ
азық – түлік комиссиясының бөлімдерінің бірі.Нью – Йорктегі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымы (ДДСҰ) комитетінің қызметін қосып
атқарады. Оның негізгі қызметі – адам денсаулығы үшін азық – түлік
өнімдерінің қауыпсіздігіне қойылатын талаптар жөнінде үкіметтік емес
ұйымдар тарапынан жүргізілетін стандарттау жұмысын үйлестіру.
Халықаралық 8500 стандарттар бар.
- Дүниежүзілік сауда Ұйымы (ДСҰ).Оның қызметтерінің бірі халықаралық
стандарттау саласындағы жұмыстарды үйлестіру. 1946 жылы тарифтер
сауда жөніндегі басты келісім негізінде құрылған.Қазіргі кезде ДСҰ
құрамында 144 ел бар.Бас кеңсесі Женевада. ТМД елдерінен бұл ұйымға
Қырғызстан мен Молдавия мүше.Қазақстан бұл Ұйымға 2005 – 2007
жылдары Ресеймен бірге кіруді жоспарлап отыр.

Мемлекетаралық стандарттау

Бұрыңғы Кеңестер Одағы құрамында болған мемлекеттердің стандарттау
саласында біріккен саясат жүргізу туралы келісімі 13-і наурыздың, 1992 ж.
мемлекетаралық стандарттау жүйесінің негізін қалады. Осы келісім бойынша
қолданыстағы мемлекеттік стандарттар ГОСТ мемлекетаралық стандарттар
ретінде танылды. Мұндағы ГОСТ атауы 1992 жылға дейін бұрынғы Кеңестер
Одағының мемлекеттік стандарттары ретінде дүниежүзіне танымал болғандықтан,
бұдан былай ТМД елдерінің мемлекетаралық стандарттары үшін сол күйінде
қалдыру ұйғарылды. Ал бұрынғы КСРО эталондық базасы ортақ жетістік болып
саналады. Үкіметаралық деңгейде стандарттау, метрология және сертификаттау
жөніндегі мемлекетаралық кеңес құрылды. Оның негізгі қызметі- стандарттау
саласында жаңа бағыттарды қалыптастыру, мемлекетаралық стандарт жобаларын
бекітуге ұсыну, стандарттау саласындағы жұмыстардың негізгі бағыттары мен
оған жұмсалатын шығын мөлшерін қарау, қабылдау. Кеңесте қабылданған
шешімдер, осы кеңеске өкілдікке енген мемлекеттер үшін міндетті болып
табылады. ТМД елдерінің 12 мемлекет стандарттау, метрология және
сертификаттау жөніндегі Ұлттық Ұйымдарының басшылары мемлекетаралық кеңес
МАК мүшелері болып саналады. МАК-тың негізгі жұмысшы Ұйымы-Минскідегі
стандарттау, метрология және сертификаттау бюросы болып табылады. МАК
жүргізген іс-шаралар нәтижесінде КСРО-ның нормативтік құжаттар фонды мен
эталондық базасы сол күйінде сақталып қалады. Мұнда 25 мың мемлекеттік, 40
мың салалық стандарт, 35 техникалық-экономикалық ақпарат жіктегіштері,
физикалық шама бірлігінің 140 метрологиялық эталоны сақталуда.
Қазіргі уақытта ТМД елдерінің бір-бірінің ұлттық сертификаттау
жүйесін өзара ұйғару үрдісі толығымен аяқталады. МАК-тың жұмыс органдары-
стандарттау жөніндегі мемлекетаралық техникалық комитеттер МАТК болып
табылады. Олар мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу және басқа стандарттау
жөніндегі мемлекетаралық
Жұмыстарды жүргізумен айналысады. Мемлекеттік стандарттарды ГОСТ әзірлеу
жөніндегі 200-ден астам МАКТ-дің қызметі жылдық жоспарларға сәйкес
жүргізіледі. Мемлекетаралық стандарттар және оларға енгізілген өзгерістер
жылына екі рет болатын МАК жиналысының шешімімен қабылданады.
Мемлекетаралық стандарттау саласы бойынша жүргізілетін жұмыстардың
жалпы ережесі- ГОСТ-1.0-92 белгіленген. Стандарттардың қабылдануына екіден
кем емес мемлекет дауыс берсе, ол стандарт бекітілген болып саналады.
Келісімге қатысушы елдердің ТМД қайсыбірі өз мемлекетінің лттық
мемлекеттік стандарттарын ГОСТ-ның жобасы ретінде ұсынуына болады.
Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым ИСО МАК-тың ТМД ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сертификаттаудың заңнамалық базасы туралы ақпарат
Қызмет сапасын басқару
Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін құруға қатысу. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясат
Өнімнің сапа менеджменті
Халықаралық стандарттау
Сертификаттаудың мақсаттары
Өнім сапасы түсінігі
Халықаралық қонақ үй ісін ұйымдастырудың теориялық – әдістемелік негізі
Әлемдегі, Қазақстандағы сертификаттаудың даму тарихы
Халықаралық маркетинг ортасы
Пәндер