Атмосфераның құрылысы



1. Атмосфераның құрлысы

2. Газдық құрамы

3. Атмосфераның дүние жүзілік экологиялық мәселелері:
А) Жылу эффектісі
Ә) Озон қабатының жұқаруы
Б) Фототумша немесе смог
В) Қышқыл жауындар

4. Атмосфераның химиялық ластануы

5. Атмосфераның биологиялық ластануы

6. Атмосфераның радиациялық ластануы

7. Ауа райы және климат

8. Атмосферадағы желдер

9. Атмосфераны ластанудан қорғау шаралары

Пайдаланған әдебиеттер
АТМОСФЕРА деген атау гректің екі сөзінен аtmos-aya sphaira – шар, алынған. Атмосфера әр түрлі газ, су буы және ауа тозаңы бөлшектерінің қоспаларының тұратын жердің газ тәрізді қабықшасы. Ауа осы газды қабаттың жерге жақын орналасқан бөлігінде шоғырланады және бұл ең тығызды қабат болып саналады. Жоғарғы биіктікке көтерілген сайын атмосфералық қысым төмендеп отырады:
Биіктік (км) 0 1 2 3 4 5 20 50 100
Қысым (мм) 760 671 593 524 463 405 41,0 0,40 0,007
С кезіндегі биіктігі 760 мм сынап бағанасына тең ауа қысымы өлшем бірлігі болып саналады. Интернационалдық жүйе бойынша бір атм=101,325 к Па –ға тең. Атмосфераның жалпы массасы 5,51*10 тоннаға (500 триллион т) жуық, оның ішінде оттекке келетіні 105 триллион тонна, жыл сайын жұмсалатын оттектің мөлшері 0,01%. Планетадағы оттекті тірі заттектер 5200-5800 жылда толық жаңартады. Ал оның барлық массасы тірі организмдер арқылы шамамен 2000 жылда өтеді. Атмосфералық көмір қышқылының тірі организмдер арқылы өтуі 300-395 жыл аралығында.
Атмосфера жер бетіндегі өмірдің кепілі. Атмосфераның төменгі шекарасы – жер болып саналады. Бірақ бұл шекарада дәл емес. Өйткені ауа жердің ішкі қабаттарына да өте алады. Сонымен бірге ол мұхит және теңіз суларында да ерітінді түрінде кездеседі.
Шілдебаев Ж.Б «Экология және табиғатты тиімді пайдалану» Алматы 2004 ж.

Сәтімбеков Р. «Табиғатты қорғау» Алматы 1994 ж.

Турманов Н. «Экология және табиғатты қорғау» Алматы 1986 ж.

Акимова Т. Кузьмин А. «Экология» Москва 2001г.

Неклюкова Н. «Жалпы жертану» Алматы 1980 ж.

Шубаев П.К «Общее землеведение» Москва 1977 г.

Мукашева Ж.Н «Жалпы жертану» Алматы 1981ж.

Ақбасова А.Ж. Саинова Г. «Экология» Жоғарғы оқу орындарына арналған оқу құралы, - «Бастау»баспасы Алматы 2003 ж.

Ж О С П А Р Ы:

1. Атмосфераның құрлысы

2. Газдық құрамы

3. Атмосфераның дүние жүзілік экологиялық мәселелері:
А) Жылу эффектісі
Ә) Озон қабатының жұқаруы
Б) Фототумша немесе смог
В) Қышқыл жауындар

4. Атмосфераның химиялық ластануы

5. Атмосфераның биологиялық ластануы

6. Атмосфераның радиациялық ластануы

7. Ауа райы және климат

8. Атмосферадағы желдер

9. Атмосфераны ластанудан қорғау шаралары

М А Қ С А Т Ы

1.Қоршаған ортаны қорғаудың, табиғатты тиімді пайдаланудың,
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және оның тұрақты дамытудың
қазіргі заманғы талаптарын үйрету

2. Атмосфера тақырыбының мазмұнын ашып, адамзаттың табиғатқа ықпалын,
әсерін түсіндіру

3. Ауа қабатының құрылысы, құрамы экологиялық мәселелерді шешу
жолдарын, қоршаған ортаны қорғау шараларын жүргізуді мақсат ету

М І Н Д Е Т І

1. Атмосфераны қорғау шаралары бойынша түрлі іс-әрекеттер
ұйымдастыруды жолға қойып, оның жүзеге асып жатқандығын қадағалау
2. Келер ұрпаққа экологиялық тәрбие беруді мақсат етіп, қажетті
міндеттер арқылы жүзеге асыру, оқу – тәрбие жұмысында қолдану

Пайдаланылған әдебиеттер:

Шілдебаев Ж.Б Экология және табиғатты тиімді пайдалану Алматы 2004
ж.

Сәтімбеков Р. Табиғатты қорғау Алматы 1994 ж.

Турманов Н. Экология және табиғатты қорғау Алматы 1986 ж.

Акимова Т. Кузьмин А. Экология Москва 2001г.

Неклюкова Н. Жалпы жертану Алматы 1980 ж.

Шубаев П.К Общее землеведение Москва 1977 г.

Мукашева Ж.Н Жалпы жертану Алматы 1981ж.

Ақбасова А.Ж. Саинова Г. Экология Жоғарғы оқу орындарына арналған
оқу құралы, - Бастаубаспасы Алматы 2003 ж.

АТМОСФЕРА деген атау гректің екі сөзінен аtmos-aya sphaira –
шар, алынған. Атмосфера әр түрлі газ, су буы және ауа тозаңы
бөлшектерінің қоспаларының тұратын жердің газ тәрізді қабықшасы. Ауа
осы газды қабаттың жерге жақын орналасқан бөлігінде шоғырланады және
бұл ең тығызды қабат болып саналады. Жоғарғы биіктікке көтерілген
сайын атмосфералық қысым төмендеп отырады:
Биіктік (км) 0 1 2 3 4 5 20 50 100
Қысым (мм) 760 671 593 524 463 405 41,0 0,40 0,007
С кезіндегі биіктігі 760 мм сынап бағанасына тең ауа қысымы өлшем
бірлігі болып саналады. Интернационалдық жүйе бойынша бір атм=101,325
к Па –ға тең. Атмосфераның жалпы массасы 5,51*10 тоннаға (500 триллион
т) жуық, оның ішінде оттекке келетіні 105 триллион тонна, жыл сайын
жұмсалатын оттектің мөлшері 0,01%. Планетадағы оттекті тірі заттектер
5200-5800 жылда толық жаңартады. Ал оның барлық массасы тірі
организмдер арқылы шамамен 2000 жылда өтеді. Атмосфералық көмір
қышқылының тірі организмдер арқылы өтуі 300-395 жыл аралығында.
Атмосфера жер бетіндегі өмірдің кепілі. Атмосфераның төменгі
шекарасы – жер болып саналады. Бірақ бұл шекарада дәл емес. Өйткені
ауа жердің ішкі қабаттарына да өте алады. Сонымен бірге ол мұхит және
теңіз суларында да ерітінді түрінде кездеседі.
Атмосфера жерді және жер бетінде өмір сүретін органикалық
дүниені ультра күлгін сәулелердің зиянды әсерінің, сонымен бірге ірілі-
ұсақты метеориттердің бомбылауынан сақтайды. Атмосфераның өзі өте
маңызды геологиялық агент (әсер) болып саналады. Ол тау жыныстарының
үгілу процесінде ең басты рөль атқарады.
Атмосфера газдардың қоспасынан құралған. Сонымен қатар, оның
құрамында азда болса қосымша су буы мен шаң тозандарыда бірге
кездеседі.
Ауаны көп компоненттен тұратын газды ерітінді деп айтуға болады:
тұрақты, өзгеріп тұратын және қосалқы.
1. Оттек (21,0%), азот (78,1%) және инертті газдар шамамен 1% жатады.
Ауа сынамасын қай жерден алсақта оның яғни осы газдардың атмосферадағы
көлемі тұрақты болып келеді. Жалпы молекула массасы 28,98. Екінші
топқа көмірқышқыл газы 0,02-0,04% мен су буы 4% дейін жатады. Ал
қосалқы компонентердің табиғатын және мөлшері сынама алынған жердің
жағдайына байланысты келеді. Мысалы, оларға жер бетінен көтерілген
(жану процестері және вулкандар атылғанда түзілген заттар, топырақ
бөлшектері т.б.) космостан түсетін қатты бөлшектер сондай-ақ, әр түрлі
өсімдіктер, жәндіктер және микроорганизмдер. Жер бетінде тоқтаусыз
жүріп жатқан экзогендік геологиялық процестері үшін оттегі,
көмірқышқыл газы және су буы өте маңызды рөль атқарады. Оттегі әр
түрлі табиғи заттардың тотығуын және организмдердің ауамен дем алысын
(тынысын) қамтамасыз етеді. Ауаның құрамындағы азон атмосфера
қабатының 70 км биіктігіне дейін кездеседі. Әсіресе 20-30 км
биіктіктерде атмосфера құрамында азонның болуы, жерді ультра күлгін
және т.б. зиянды ғарыштық сәулелердің әсерінен сақтайды.
Атмосфераның аз болса да, өте маңызды бір бөлігі – су буы болып
саналады. Су буы бүкіл атмосфера көлемінің 3 % ғана алып жатады. Су
буының көпшілігі ауа қабатының 3000 метрден төменгі бөлігінде
кездеседі, ал 10-15 км жоғары қарай оның мөлшері жоқтың қасы деуге
болады.
Ауа қабатының кейбір бөлігінде су булары әдеттегіден көбірек
жиналған жағдайда конденсация процесстерге байланысты бұлттар
түзіледі. Кейінірек, олар су тамшыларының немесе мұз кристаллдарына
айналып жауын-шашын (жаңбыр, қар және бұршақ) түрінде жерге қайта
оралады.
Көмірқышқыл газы және су булары жер бетіндегі температура
шамасын реттеп отыратын регулятор рөлін атқарады. Көмірқышқыл газы
организмде ыдырауы және олардың демалысы кезінде, сонымен қатар
вулкандық атқылау процесстері кезінде де бөлініп шығады, ауа қабатына
қосылып отырады. Олардың көпшілігі өсімдіктердің дем алысына
жұмсалады.
Ауа масссасы әр уақытта да тоқталмас қозғалыс үстінде болады.
Өйткені, жер бетінің жеке аудандары, мөлшерде қызу әрекеттеріне ұшырап
отырады. Соның нәтижиесінде және Кариолис күшіне байланысты периодты
түрде қайталана соғып отыратын желдер (бриздер, муссондар, пассатар),
циклондар және антициклондар пайда болады. Ауа қабатының қозғалысы жер
бетін жеке аудандарының температуралық өзгерістеріне, басқаша
айтқанда, ауа райының қалыптасуына ерекше тікелейәсер етеді.
Атмосфера жер бетіне жоғары қарай шамамен 3000 км дейін
созылады. Жоғарлаған сайын атмосфераның химиялық құрамы мен физикалық
қасиеттері өзгереді. Температураның өзгеруіне байланысты атмосфера
бірнеше қабаттарға (сфералық) бөлінеді.
Жер бетіне ең жақын орналасқан қабатты тропосфера деп атайды.
Бұл қабат жер белдеулерінің 7-10 км (полярлық ендіктерде) 16-18 км
(экватор үстінде) биіктікке дейін созылады. Осы қабатта ауаның 80 %
мөлшері және су буының да 80 % жинақталады. Тропосферадағы ауа әртүрлі
бағытта, әртүрлі жылдамдықпен үнемі тәртіпсіз қозғалып өзгеріп
отырады. Қозғалыс нәтижиесінде құрғақ ауа ылғалды ауамен, жылы ауа
салқын ауамен алмасып тұрады. Негізгі бұлттардың түзілетін жеріде осы
қабат. Циклондар мен антициклондар осында өрбіп өшіп отрады. Осыған
орай жер бетіндегі ауа райы тропосфераға байланысты.
Атмосфералық ауа жер бетіндегі тіршілікті ашық космос әсерінен
сақтап отырады. Атап айтқанда, күн сәулесінің жерге түсетін мөлшерін
реттейді. Ол болмаса тәулік ішінде жер бетінің температурасы шамамен
2000С құбылып тұрған болар еді: күндіз қатты ысып, ал түнде аяз 1000
С. Осыдан да жоғары айырмашылық жаз бен қыс айларының арасында орын
алар еді. Атап айтқанда, атмосфераның арқасында жер беті орташа
температура 150С шамасында. Сонымен қатар, атмосфера болмаса, жердің
әр 1 км2 3-4 күнде метеорит түсіп отырған болар еді. Атмосферадағы
бөлшектер өздері таралған кеңістікте толассыз қозғалыста болғандықтан
көлемі мен пішіні сақтамайды. Сондықтан ауаның белгілі бір жерде
қысымы артса, қысымы аз жаққа қарай ауысып отырады. Ауаның осындай
қозғалысынан жел пайда болады.
Жер бетіне әрі шақырымға көтерілген сайын ауаның температурасы
6,5С төмендеп отырады, ал 18-20 км биіктіктен төмендеу тоқтатылып,
температура тұрақталады, шамамен -560С болады. Атмосфераның бұл
бөлігін тропопауза деп атайды.
Жер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам организміне жоғарлатылған және төмендетілген атмосфералық қысымның әсері
Атмосфераға антропогенді әсердің ықпалы
Ауа – экологиялық фактор
Атмосфера құрамы
Жер қабаттары (геосфералар)
Қоршаған ортаны қорғаудан экологиялық механизмдер
АТМОСФЕРАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ГАЗДЫҚ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ
Автоотмосферадағы оттегі эволюциясы және фотосинтез
Атмосфера су буы және оның қасиеттері
Атмосфера, биосфера, гидросфера
Пәндер