Нарық арқылы салымдарды кепілдеу


3. 3. Нарық арқылы салымдарды кепілдеу
Республикамызда банктік жүйедегі салымдардың көбеюінің бірден бір есебі депозиттерді сақтандыру қорының құрылуы болып табылады.
Қазақстанның жеке тұлғаларының салымдарына міндетті Ұжымдық кепілдік беруді 2000 жылы 15 қарашадақұрылған, коммерциялық емес ұйым болып табылатын «Қазақстандық жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру қоры»жүзеге асырады.
Мемлекеттік тіркеу әділет органдарына 2000 жылы 20 желтоқсанда жүзеге асырылды.
«Екінші деңгйлі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) Міндетті Ұжымдық Кепілдендіру Ережелері» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің Басқарма қаулысымен бекітілген және ол жеті тараудан тұрады:
- жалпы жағдайлар;
- қордың қалыптастыру тәртібі;
- қордың және оның басқармасының қызметтері, құқықтары мен міндеттері;
- банк қатысушының міндеттері;
- қатысушы куәлігін беру және қайтарып алу тәртібі;
- салымдар бойынша резервтерді құру тәртібі;
- салымдарды (депозиттерді) қайтаруды жүргізу тәртібі және жағдайлары.
Қордың қызмет ету мақсаты болып екінші деңгейдегі банктерге орналастырылған жеке тұлғалардың ақша қаражаттарының қайтарылуын қамтамасыз ету болып табылады, атап айтқанда, банк қатысушыны мәжбүрлеп тартқан жағдайда салымдар бойынша төлемді өтеу. Қор өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының екінші деңгейіндегі банктеріндегі жеке тұлғаларды салымдарына (депозиттеріне) міндетті Ұжымдық кепілдік беру ережелерін және Жарғыны басшылыққа алады.
Салымдарды (депозиттерді) міндетті Ұжымдық кепілдендірудің объектісі болып жеке тұлғалардың теңгемен, АҚШ долларымен немесе евромен мерзімді салымдарға орналастырылған, банктік салым келісімімен немесе салым құжаттарымен куәләндырылған ақша қаражаттары табылады. Мына салымдар объектісіне жатпайды:
- ұсынбалы салымдарға орналастырылған жеке тұлғалардың ақша қаражаттары;
- жеке тұлғалармен банкке сеніп басқаруға берілген ақша қаражаттары;
- заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың салымдарға орналастырылған ақша қаражаттары, егер осы салымдары (депозиттер) аталған қызметке байланысты ашылған болса;
- осы банктің дауыс беру құқығы бар 5 пайыздан астам акциясын иемденетін банктің акционерлері немесе басқарушы жұмысшыларының салымдарға орналастырылған ақша қаражаттары;
- келісім шарт бойынша олардың кепілдендіруі қарастырылмайтын жеке тұлғалардың мерзімді салымдарға орналастырылған ақша қаражаттары.
Қордың құрылтайшысы болып Ұлттық банк табылады. Қор акциялары Қазақстан Республикасы үкіметінің немесе қатысушы банктерімен сатып алынуы мүмкін.
Қордың жарғылық капиталы 1 млрд. теңгені құрайды. Қордың атқарушы органы Басқарма болып табылады, оның құрамына тоғыз адам кіреді. Қордың Басқармасының құрамына Ұлттық банктің үш өкілі, Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің бір өкілі, банк - қатысушыларды төрт өкілі және Қазақстанның Қаржы ассоциациясының бір өкілі кіреді. Қор басқармасының орынбасары Ұлттық банктің ұсынысы бойынша Басқарма мүшелері арасынан тағайындалады. Қордың банктікң шоттары тек Ұлттық Банкте ғана ашылады. Қордың ақша қаражаттарын-мемлекеттік бағалы қағаздарға 80 %-дан кем емес көлемде, Ұлттық Банктегі салымдарға (депозиттерге) орналастырылады.
Қор келесідей негізгі қызметтерді атқарады:
- банк қатысушының еріксіз тартылған жағдайында оның салымшыларына салымдары бойынша ақша қаражаттарын қайтаруды жүзеге асырды;
- активтермен басқарады;
- қатысушы куәліктерінің есебін жүргізеді;
- қор жарғысымен қарастырылған басқа да қызметтерді атқарады.
Өз қызметтерін жүзеге асыру барысында Қор келесі құқықтарға ие болады:
- Ұлттық банкпен ақпараттар туралы келісімге отыруға және соған сәйкес жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті ұжымдық кепілдендірудің объектісі болып табылатын салымдардың, банк-қатысушылардың қаржылық жағдайымен жалпы көлемі жағдайында банк құпиясын құрайтын мәліметтерден басқа мәліметтер алу;
- Ұлттық банкке банк-қатысушыларымен банктік заңдылықтардың талаптарын және Қор ережелерін бұзғандығы туралы мәліметтерді ескертуге;
- Салымдарды (депозиттерді) кепілдендіру (сақтандыру) жеке тұлғалардың салымдарын Ұжымдық кепілдендіру жүйесінен шығарып тастауға және қатысушы куәлігін қайтарып алуға;
- Салымдар бойынша төленген мөлшерінде еріксіз тартылатын банк - қатысушыға құқықтарды және талап қою ретін салымшыдан (депозитордан) алып иемденуге;
- Қор еріксіз тартылатын банк-қатысушыдан қордың осы банк салымшысына төленген өтем мөлшерінде сол салымшыдан өзіне ауысқан талаптарды қанағаттандыруын талап етеді;
- Банкпен басқару жұмыстарын жүргізетін уақытша әкімшілік құрамына өз өкілін кіргізуге;
- Банк-қатысушыны тарату комиссиясының құрамына өз өкілін енгізу туралы сот алдында шағымдануға,
- өз құзіреті шеңберінде басқа да құқықтарға иеленуге.
Өз қызметтерін атқару барысында Қор:
- Еріксіз тартылған банк-қатысушыға кері талап етуге;
- Ұлттық банкке өз қызметі жөнінде қаржылық есеп, соның ішінде Ұлттық банкпен анықталған тәртіпте және мерзімде аудиторлық мекемемен расталған жылдық есепті ұсынады:
Қордың қызмет етуші тұлғалары және жұмысшылары өз қызметтерін атқару барысында оларға банк қатысушылар жайында белгілі болған барлық мәліметтерді жария етпеуге және тек қызмет барысында ғана қолдануға міндеттенді.
Банк - қатысушының келесі міндеттері бар:
- қор ережелеріне сәйкес міндетті календарлы және басқа да төлемдерді уақытылы және толық көлемде өткізіп отыруға;
- қор ережелерінде қарастырылған мәліметтерді уақытылы және толық көлемде Қорға ұсынып отыруға;
- банк-қатысушы еріксіз тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен кейін тез арада қорды салымшы алдында міндеттерді орындау жайында хабардар теу;
- салымдарды міндетті ұжымдық кепілдендірудің объектісі болып табылатын банктік салымның келісім - шартына салымдар бойынша өтем ақы төлеу шарттарын, соның ішінде өтем жүргізілетін валюта жай қормен төленген өтем бойынша талап қою құқықтары салымшыдан қорға ауысатындығы және банк-қатысушының таратылған жағдайында ақпараттарды қорға ұсынуға құқылы екендігін енгізуге міндетті;
- клиенттерге салымдарды міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесіне өзінің қатысқандығы жөнінде банк-қатысушының куәлігінің номерін және берілген күнін көрсетіп ұсынуға, сонымен қатар салымдар бойынша өтемнің төлену жағдайлары туралы хабардар етуге;
- салымшылар алдындағы міндеттемелерді толықтай және уақытылы орындалуының мүмкін болмауын туғызатын жағдайдың пайда болғандығы пайда болғандығы туралы Қорға тез арада хабар беруге;
- еріксіз таратылған кезде банк-қатысушы жеке тұлғалардың ақша қаражаттарын Қор бақармасымен бекітілген түрде міндетті Ұжымдық кепілдендіру объектісі болып табылатын салымдарға қабылданғандығын растайтын мәліметтерді және банкпен куәләндырылған құжаттар көшірмесін Қорға ұсынуға.
Банкте жеке тұлғаларды міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінен шығарылып, оның қатысушы куәлігі қайтарылып алынған кезде банк-қатысушы реестірінен шығарылады. Ол туралы хабар банкке және Ұлттық банкке шешім қабылданғаннан бастап үш күн аралығында жіберіледі. Осыдан кейін банк қорға қатысушы куәлігін үш жұмыс күн аралығында қайтарып беруге тиіс.
Қор басқармасының банкке қатысушы куәлігін бергені немесе банк-қатысушының жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінен шығарып одан қатысушы куәлігін қайтарып алғандығы жөніндегі шешімі үш жұмыс күн аралығында республикалық газеттерде мемлекеттік және орыс тілдерінде басылып шығарылады.
Қор әр квартал сайын мемлекеттік басылымдарға банк-қатысушылардың реестірін және кварталда банк-қатысушылардың реестірінде болған өзгерістер жайында басып шығарады.
Міндетті календарлы ставкасы әр банк-қатысушыға жеке, оның қаржылық жағдайына байланысты, Ұлттық банкпен бекітілген әдістемеге сәйкес тағайындалады. Ол міндетті ұжымдық кепілдендіру объектісі болып табылатын салым 0, 125% - 0, 375%- ын құрайды.
Қор банк-қатысушылардың міндетті календарлы төлемдерінің ең үлкен сомалық мөлшерін белгілеуге міндетті. Ол жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру объектісі болатын банк-қатысушылардың депозиттерінің жиынтық сомасының пайыздық қатынасы ретінде анықталынады және сол сомаға жеткен уақытта міндетті календарлы төлемдердің аударылуы тоқтатылады.
Банк-қатысушылардың міндетті календарлық төлемдерінің сомалық мөлшері ең үлкен сомалық мөлшерінен төмен төмендетілсе банк қатысушымен аударылатын төлемдер қайта жаңғыртылуы тиіс.
Міндетті календарлы төлем сомалары банк-қатысушы өздігінше міндетті календарлы төлем ставкаларының абсолютті есепті кезеңдегі жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру объектісі болып табылатын салым сомаларының күнделікті орташа мәніне көбейту жолымен есептейді.
Банк-қатысушының әрбір салымщысына Қор келесі тәртіптегі салымдары бойынша өтем жүргізеді:
- 200 000 теңгеге дейінгі салымдар бойынша - 100 % сомасы қайтарылады;
- 200 мыңнан 400 мыңнан теңгеге дейінгі салымдар бойынша 200 мың теңге + 200 мыңнан асқан соманың 80 %;
- 400 мыңнан 600 мың теңгеге дейінгі салымдар бойынша 200 мың теңге + 200 мыңнан асқан соманың 80 % + 400 мың теңгеден асқан соманың 60 %;
- 600 мыңнан 800 мың теңгеге дейінгі салымдар бойынша 200 мың теңге + 200 мыңнан асқан соманың 80% + 400 мың теңгеден асқан соманың 60 % + 600 мың теңгеден асқан соманың 40%;
- 800 мыңнан 1 млн. теңгеге дейінгі салымдар бойынша 200 мың теңге + 200 мыңнан асқан соманың 80% + 400 мың теңгеден асқан соманың 60 % + 600 мың теңгеден асқан соманың 40 % + 800 мың теңгеден асатын соманың 20%;
- 1 млн теңгеден астам сома бойынша 80 % 200 мың теңгеден + 60% 200 мың теңгеден + 40 % 200 мың теңгеден + 800 мың теңгеден асатын соманың 20 %;
- 60 % 200 мың теңгеден + 40 % 200 мың + 20 % 200 мың теңгеден + 1 млн теңгеден соманың 10 % мөлшерінде;
Бір салымшының салымдарының барлығы қосылып бір салым ретінде қарастырылады. Өтем ақы теңгемен жүргізіледі. Шетел валютасындағы салым сомасы сол салым орналастырылған банк-қатысушының еріксіз таратылуы туралы шешімі күшіне енген күнгі кедендік және салықтық төлемдерді есептеу үшін және олардың мақсаттары үшін Ұлттық банкпен тағайындалатын шетел валютасының теңгеге қатысты курсы бойынша анықталады.
Банктерге орналастырылған уақытша бос ақша қаражаттары салымшы үшін екі рөл атқарады, яғни, бір жағынан ақша ретінде, ал екінші жағынан салымшыға табыс әкелетін капитал рөлін атқарады.
Банктермен тартылатын депозиттердің көлемі негізінен 4 факторға тәуелді болып келеді:
- халықтың ақшалай табыстарының көлемі;
- олардың банктік жүйеге деген сенімінің деңгейі;
- салымдар бойынша нақты пайыз мөлшерлемесі;
- елдегі банктік жүйенің даму деңгейі және ондағы қаржылық өнімдердің дамуы;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz